Отбасына психологиялық кеңес жүргізудің негізгі тәсілдері

 

Жанибекова Сара Сериковна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Облыстық балалар оңалту орталығының жоғары санатты педагогы, Қызылорда қаласы

Ахметова Амина Аскаровна

 Гани Муратбаев атындағы № 171 орта мектебiнiң педагог-психологы,

Қызылорда қаласы

 

Отбасы – бұл өмірлік қиын ситуацияларда психологиялық көмектің әртүрлі бағыттарын қажет етуші күрделі әлеуметтік организм.

Отбасылық кеңес жүргізу отбасында рөлдік өзара әсер етуді өзгерту және тұлғалық өсу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін, кеңесші мен біріге отбасы мүшелерінің мұқтаж (проблемалар) талаптарын зерттеуді алдын мақсат етіп қояды. отбасылық қарым-қатынас заңдылықтармен дамуына байланысты, дамудың қандай да бір кезеңдеріне отбастарының көбінде  кездесетін өзіндік қиындықтар мен шешімдер тән, отбасылық кеңес жүргізудің жеке бөлігі ретінде төмендегілерді айтуға болады: некеге дейінгі кеңес жүргізу, некелік келістіруші, жас отбастарына, кемелденген және егде жастағы отбастарына кеңес жүргзіу. Егер кеңеске клиенттің жиірек жүгінетін отбасылық проблемаларына талдау жасасақ, онда төмендегілерді көрсетуге болады: қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар (әсіресе қарама-қарсы жыныстың адамдармен). Ерлі-зайыптылық проблемалар, ата-аналарының әртүрлі жастағы балаларымен өзара қарым-қатынаста, опасыздық болған сәттегі күйзеліс пен серігімен ажырасу.

Кеңес жүргізу процесінде негізгі назар отбасындағы ситуацияның талдауына, рөлдік өзара әрекет ерекшеліктеріне қойылады; кеңес жүргізудегі субъектінің тұлғалық ресурстарын ізденіске; ситуацияның шешімін талқылау амалдарына.

Қазіргі кезде отбасылық психологиялық кеңес жүрізуде бірнеше негізгі тәсілдерді қолданылады.

 

Психодинамикалық тәсіл

 

Отбасылық психотерапия мен кеңес жүргізудің тарихи алғашқы бағыты Батыстағылардың айтуларынша, «Кіші Ганс» оқиғасын талдауынан өскен психодинамикалық (психоаналитикалық) тәсіл болды. Аттан қорқу туралы жабысқақ ойдан арыла алмаған баласы жөнінде З. Фрейдтің шәкірті Ганстың әкесі баласына кеңес сұрай ұстазына келеді. Бірнеше кеңесте және жазған хаттарынан соң Фрейд оған баласымен қалай сөйлесу керектігі туралы кеңес береді. Мұндай жанама болжамдар мен әсерлендіру Ганстың аурудан толық жазылуына себін тигізеді.

Психодинамикалық тәсіл тұлғаға психологиялық ықпал ететіндігі түсіндіріледі. Маманның назары, тұлғаның дамуын және оның болашақта отбасылық фунциялануының сәттілігін анықтайтын бала-ата-аналық қарым-қатынасқа шоғырланады.

Клиенттер ерлі-зайыптылық қарым-қатынастарында өздерінің ата-аналарының қарым-қатнасының базалық үлгілерін санадан тыс қайталауға ұмтылатындықтары болжамдалды. Сондықтан да отбасылық кеңес жүргізудің талдау бірлігі ретінде клиент тұлғасының оның серігімен қарым-қатынасы болып келеді. Осы қарым-қатынастардың паттерны (үлгі, шаблон, жүйе, немесе стереотиптік мінез-құлық реакциялар жиыны немесе әрекеттер тізбегі) болып Эдип кешені және Электры кешені есептеледі.

Психологиялық жұмыстар отбасы мүшелерінің өткен өмірін, олардың санадан тыс тілектерінің және онтогенезінің ерте уақыттарындағы  бастан кешкен проблемаларының қайта құрылуына бағытталған. Кеңес жүргізудің мақсаты клиенттің инсайтқа (қырағылық, мәселенің мәніне жан тәнімен енушілік, шығармашылық нұрға бөлену, кенеттен тапқырлыққа ие болу) жетуінде жатыр - өткен шақтағы шешілмеген, сыртқа итермеленген проблемалар отбасының қазіргі жағдайына, өзара қарым-қатынасқа қалай әсер ететіндігін және қарым-қатнастың мәнмәтінінің (контекстің) бұзылуынан невротикалық симптомдары және отбасының кейбір мүшелерінде өмірге деген бейімделуінің сындарлы емес (неконструктивный) амалдары   пайда болады.

 

Бихевиоралді (мінез-құлықтық) тәсіл

 

Бихевиоральді (мінез-құлықтық) тәсіл тұлғаның отбасы мүшелерімен әртүрлі қарым-қатынастар мен өзара әрекеттерде қарастырылады. Акцент клиенттің коммуникация дағдыларын қалыптастыруда және проблемалы ситуацияларды шешуде ептілігіне қойылады. Мінез-құлықтық тәсіл рамкасында А. Бандураның әлеуметтік оқыту теориясын, Б.Ф. Скинердің оперантты себепші болу теориясын қарастыруға болады. Берілген тәсілдің рамкасында отбасы проблемаларының негізгі себептері шартты рефлекс механизмі бойынша туындаған мінез-құлықтың адекватты емес үлгісі мен отбасындағы әлеуметтік өзара әрекет үлгілері, тиімсіз бақылау мен бекітілу болып есептеледі. Психотерапияның мақсаты – отбасы функционалануының  ескілерінің өшуі мен жаңа, сындарлырақ амалдардың жасалынуы.

 

Феноменологиялық тәсіл

 

Феноменологиялық тәсіл тұлға отбасындағы қарым-қатынас жүйесінде қарастырылады. Негізгі «қазір және осы жерде» принципі отбасында осы сәтте болып жатқан, әсерленушілікке жету мақсатында оқиғаларға шоғырлауды талап етеді. Эмоциялы жүктелген коммуникативті актілер жүйесі ретінде нақты қатынас пен өзара әрекет психологиялық талдау мен психотерапевтік ықпалы мәнін құрастырады. Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі мазмұны – отбасы өміріне тұтасымен және оның әр мүшесінің коммуникациясына өзара ықпал жасау мен құрастыру ережелерін анықтау.

 

Жүйелі тәсіл

 

Жуық уақытқа дейін отбасылық кеңес жүргізудің перспективті бағыттарының ең тиімдірегі жүйелі тәсіл болып келді. Кеңесші (психотерапевт) үшін осы тәсіл бойынша клиент және ықпал етуші объектісі отбасының бөлек мүшесі емес, тұтас отбасы болып есептеледі. Отбасы туралы көрініс жүйе жөніндегі сияқты отбасы туралы  ғылымның дамуындағы шұғыл бұрылысты сәт болды. Жүйелі тәсіл, отбасында бәрі өзара байланысты, ол біртұтас – биологиялық және психологиялық бір организм екендігін білдіреді. Жүйе ретінде отбасының бірнеше белгілері болады: 1) оның бөліктерінің қосындысына қарағанда, отбасы одан да үлкенірек тұтас жүйе; 2) тұтас бір жүйені жанамалайтын бір нәрсе, жүйе ішіндегі әр жеке элементтерге әсерін тигізеді; 3) жүйенің бір бөлігінің өзгерістері мен бұзылысы жүйенің басқа да бөліктеріне және тұтастай жүйеде білінеді. Сондықтан да кез келген отбасына қатысты нақты мәселені қарастырған уақытта, бұл мәселе оның өмірінің басқа да жақтарына қалай байланысты болатындығын толық қамтып есепке алған жөн.

Отбасы – бұл мүшелері бір-бірімен және сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесетін ашық жүйе (білім алу мекемелері, өндіріс, мешіт, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекет және т.б.). Сыртқы және ішкі күштер отбасына жағымды жағымсыз да әсерлерін тигізіп отырады. Өз кезегінде отбасы, сондай күйде басқа да жүйелерге өз ықпалын жасайды.

Ішкі және сыртқы тұрақсыздық, жүйені қайта тұрақты орнына келтіруші реакциямен қоса беріліп отырады. Алайда, тұрақсыздық күшейген сәтте, отбасын функцияланудың жаңа деңгейіне ауыстыратын трансформация, дағдарысты күйге енуі мүмкін болады.

Сонымен, кез келген басқа да жүйелер сияқты отбасы жүйесі де екі заңдылыққа сәйкес функцияланады: гомеостаз және даму заңымен (гомеостаздан ауытқу). Гомеостаз заңына төмендегідей түрде анықтама беріледі: әр жүйе қандай болса да өзінің қалпын сақтап қалуға ұмтылады. Жүйе өзінің қалпын өзінен ауытқыған сәтін бекіту есебінен қолдай отырып, орнына келетіндей әрекет етеді. Жүйенің ауытқуын және орнына келтіру механизмін кері байланыс механизмі деп аталады. Кері байланыс механизмі отбасының әртүрлі салаларында әрекет етеді. Мысалы, жаңа, әдеттен тыс құбылыс болған жағдайда (бала кенеттен нашар оқи бастады, жұбайы жұмыстан кеш келуді шығарды), оған бірден көңіл аударамыз және сұрақтар туынайды: «Нендей жағдай болды, бәрін орнына келтіру үшін не істеу керек?». Кері байланыс механизмінің бұзылысы отбасының тұрақсыздығына алып келеді.

Жекелік сана деңгейінде гомеостаз заңыдылығы шамамен мынадай түрде естіледі: «Жүйе тұтасымен алғанда еш өзгеріссіз болуы керек».

Даму заңы бойынша әр отбасылық жүйе өзінің өмірлік циклінен өтуі тиіс. Отбасының өмірлік циклі, жоғарыда айтылғандай, - бұл отбасының көпшілігі өтетін оқиғалар мен кезеңдердің қандай да бір тізбегі. Адам дүниеге келіп өмірден өтетініндей, отбасылық жүйе де құрылуы керек те аяқталуы да қажет. Отбасына осы өмірлік циклмен өту мүмкіндігін беруге тікелей себепкер оқиғалар жүйесінің болуы үшін міндетті («даму дағдарыстары»), неке, баланың дүниеге келуі және т.б., сияқты, сонымен бірге адамдардың физикалық өзгерістері мен соған сәйкес олардың психикалық дамуы кезеңдерінің өзгерістері болып есептеледі. Атап айтқанда отбасы өзінің осы кезеңінде жаңа ситуацияларды байырғы амалдармен шешуге қабілетсіз болып қалады екен, сондықтан да олар қажеттіліктің алдында өзінің қалыптасқан реакцияларын күрделендіре түседі, яғни дамиды және жаңа сапаға, қасиетке өтеді.

Жүйе ретінде отбасының негізгі сипаттамаларына оның құрылымы, рөлдердің үлестірілуі, ішкі және сыртқы шекаралар, отбасы ережесі және т.б. бірнеше сипаттамалар жатады. Олар отбасының даму дағдарысын өз бойынан өткізу процесінде немесе нормативті стрестер кезінде қалыптасады, көрінеді және өзгереді.

Отбасына, содан соң оның бөлек қосалқы жүйелеріне  қосылған маман, отбасының функциялануының басқа да, күрделі деңгейіне өтуін ынтагерлікпен өзгерту мақсатында фрустрация ситуациясын құрады. Оның жұмысының мазмұны болып, «қазір және осы жерде» ситуациясына бәрі жиналып, отбасы мүшелерінің өзара әрекетіне талдау жасалынуы. Психотерапевт жұмысының мазмұны қосалқы жүйелер шекараларын бекітуге, өзінше функцияланған және реципрокті (түйіндес, айқасқан) байланысқан, осыған байланысты басқа қосалқы жүйелердің функционалуының әлсіреулерін күшейтуге мүмкіндік тудыру. Отбасы мүшелері өздерінің қосалқы жүйелерінің шекаралары мен олардың функцияналуының сапасын және шекараларын келісімсіз өтіп кетуде мотивтерін тануға үйренеді.

 

Әдебиеттер

1.Морено Я.Л. Социометрия: Экспериментальный метод и наука об обществе. М.: Академический Проект, 2001. 384 с.

2. Никольская И.М. Семейное психологическое консультирование//Эйдемиллер Э.Г., Добряков И.В., Никольская И.М. Семейный диагноз и семейная психотерапия: Учебное пособие для врачей и психологов. СПб.: Речь, 2003. С. 200-216.

3.Алешина Ю.Е. Индивидуальное и семейное консультирование. М.: Класс, 2000. 208 с.