Экология / 6. Экологический мониторинг
Магистрант Сәдібек А.С., х.ғ.к.,
доцент Айтқұлова Р.Э.,
т.ғ.к., профессор Пернебеков С.С.
Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан
Республикасы
Мұнай өңдеу
өндірісінің ақаба суларының түзілу
көздері
Cоңғы кездері экология мен қоршаған ортаны
қорғау мәселелері кез-келген мемлекеттің барлық
саяси және экономикалық әл ауқатының барлық
салаларына әсер етуші стратегиялық салаға айналып отырғаны
белгілі. Қазақстан Республикасының орасан зор
мөлшердегі табиғи байлықтары мен олардың мол
көздері, тұрғындардың өмір сүру
деңгейінің сапасы, олардың денсаулығы мен өмір
сүруінің ұзақтығы, жалпы мемлекеттің
келешегі экологиялық жағдайларға тікелей байланысты екендігі
рас.
Мұнай және химия саласы кешенінің құрамына
кіретін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының қоршаған
ортасын, атап айтқанда соның ішінде су қоймалары мен
көздерін ірі ластаушылардың бірі болып табылады. Мұнай
өнімдерін өңдеу зауыттарының пайдаланылған
ақаба сулары олардың құрамындағы зиянды
және улы заттардың, соның ішінде мұнай өнімдері,
фенолдар, сульфидтердің алуан түрлілігімен, және
олардың кең көлемдегі концентрацияларының шамасымен ерекшеленеді
және олардың су қоймаларына түсуі салдарынан табиғи
орта мен сол ортада өмір сүруші адамдарға үлкен
мөлшердегі зияндылықтар мен қолайсыздықтар келтіреді,
тіпті олардың өмірінің әлеуметтік жағына да үлкен
әсер етеді. Мұнай өнімдері Қазақстан
Республикасының су-экологиялық жүйесі үшін аса ірі
мөлшердегі токсикологиялық тұрғыдағы
зияндылық пен қауіптілікке ие. Мұнай өнімдерінің
құрамы, олардың су нысандарындағы су бетімен жанасу
уақытының ұзақтығына байланысты олардың
суда еритін немесе коллоидтық құрамдары (олар негізінен 90
пайызға дейін қош иісті көмірсутегілерінен тұрады) су
қоймаларында 0,5-40 мг/л аралығындағы концентрацияларда
кездеседі.
Соңғы
кездері, қалыптасқан сұраныстарға байланысты,
әлемдегі алдыңғы қатарлы мұнай өндіруші
мемлекеттердегі сияқты Қазақстан мемлекетінде де мұнай
өңдеу зауыттарының саны арту үстінде. Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі үш
мұнай өңдеу зауыттары бар және олар Атырау, Павлодар
және Шымкент қалаларында орналасқан, бірақ олар елімізде
өндіріліп жатқан мұнай көлемінің бар
болғаны бір ширегін ғана өңдеуге қауқарлы
екендігі белгілі.
Осы заманғы мұнай
өңдеу зауыттары ауыз және техникалық суларды көп
мөлшерде пайдаланатын өнеркәсіп орындары қатарына жатқызылады,
олар өздерінің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты өндірістік
үдерістер үшін қажетті айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйелерінде
жыл сайын бірнеше жүздеген миллиондаған текше метр ауыз және
техникалық суларды өз қажеттіліктеріне пайдаланады. Сонымен
бірге сол мұнай өңдеу зауыттарының өртке
қарсы қауіпсіздік шаралары қажеттіліктеріне және
шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суларды қолдану қажеттіліктеріне
де белгілі бір мөлшердегі су қажет болады.
Мұнай
өңдеу зауыттары тарапынан пайдаланылатын су мөлшері мен
олардың сапасы, сонымен қатар мұнайды өңдеу
барысында түзілуі мүмкін ақабалық пайдаланылған сулардың
негізгі сипаттамалары сол зауыттарда өңделуші мұнай
өнімдері шикізаттарының бастапқы құрамына, оларды
өңдеу тереңдігі мен деңгейіне, сонымен қатар шығарылушы
дайын өнімдердің алуан түрлілігіне, пайдаланылатын сулардың
температурасына, оларды дайындау деңгейіне байланысты. Ауыз сулар
мұнай өңдеу зауыттарында негізінен мұнай өнімдері
мен қолданылатын құрал-жабдықтар мен техникалық
қондырғыларды суыту мақсатында, мұнайларды тұзсыздауға,
өндірілуші жанармайларды сілтілендіруден кейінгі жуу үшін, сілтілік
ерітінділерді дайындау және басқа да технологиялық бағыттағы
мақсаттарға жұмсалады.
Пайдаланылған
ақабалық суларды мұнай өнімдерімен ластаудың
негізгі көздері ретінде оларды өндірудің технологиялық
тізбегіндегі әртүрлі қосылу орындарындағы
қуыстықтар мен ағып кетулерді, атмосфералық
жауын-шашындарды және мұнайларды өңдеудің
технологиялық қондырғыларын атауға болады. Атап айтқанда, келесі технологиялық
жабдықтар мен қондырғылар мұнайды өңдеу барысында
ағынды суларды ластаудың негізгі көздері болып табылады: электрлік
тұзсыздау қондырғысы; мұнайды алғашқы
өңдеу бойынша пайдаланылатын қондырғылар; газдарды бөліп алу қондырғысы; гидравликалық
тазалау қондырғысы; риформингтік және крекингтік
қондырғылар және т.с.с.
Мұнай
өнімдерімен ластанған ақабалық суларды еріген
және колоидтық қоспалардан тазалау мақсатында негізінен
тұндыру, қалқыту тәсілдері мен биологиялық
әдістер кең көлемде пайдаланылады. Бірақ аталған
үдерістер пайдаланылған суларды белгіленген нормативтік
шамаларға дейін тазартуға мүмкіндік бермейді және суларды
тазалаудың жаңа технологиялары қолданылмайды. Ал олар,
өз кезегінде, мұнай өңдеу кәсіпорындарда суларды
пайдаланудың оңтайлы қағидаттарын іске асыруға
мүмкіндік бермейді. Суларды тазалау бойынша алдыңғы
қатарлы технологияларды қолдану, мұнай өңдеу
зауыттарының ағынды суларын әртүрлі сипаттағы
зиянды ластағыштардан тазалау тиімділігін арттыру өте өзекті
мәселе болып табылады.
Әдебиеттер:
1
Ластовкин
Г.А., Радченко Е.Д., Рудин М.Г. Справочник
нефтепереработчика. - Ленинград,: Химия, 1986. - 648 с.
2
Карелин Я.А., Попова И.А., Евсеева Л.А. Очистка сточных
вод нефтеперерабатывающих
заводов -М.: Стройиздат, 1982. - 184 с.
3
Рудин
М.Г., Сомов В.Е., Фомин А.С. Карманный справочник нефтепереработчика. -М.: ЦНИИТЭнефтехим, 2004. - 336 с.
4
Пономарев В.Г., Иоакимис Э.Г., Монгайт И.Л. Очистки
сточных вод нефтеперерабатывающих заводов. - М.: Химия, 1985. - 256 с.