Экономические науки/10.Экономика
предприятия
э.ғ.к.,
доцент Мухамбетова З.С.
магистрант Иманбаева Ж.Е.
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
Қазақстан Республикасында франчайзингтік
бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері
Қазақстанның еңбекке жарамды
тұрғындарын кәсіпкерлік саласына
тартудың барынша пәрменді
құралдарының бірі франчайзинг бола алады.
Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер мен оператор-компанияның арасында шарттық қарым –қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы
франчайзердің сауда белгісін,
технологиясын, маркетингілік
мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін
және басқа да бейматериалдық активтерін
пайдала отырып,
оның стандарттар бойынша істі
ұйымдастырып, жүргізеді. Франчайзингтің салалық
құрылымы әдетте тұтынушылық сұранысқа
сай келеді: жылдам тамақтану тораптары,
мейрамханалар, қонақүйлер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету
бекеттері, парфюмерлік желілер, сұлулық салондар,
іскерлік қызметтер көрсету және
нарықтың басқа да бөліктері.
Алайда бизнесті
ұйымдастырудың франчайзингілік
жүйесі дағдарыстық құбылыстардың
ықпалына ұшырау дәрежесі барынша
төмен. Сонымен қатар франчайзинг экономиканы дағдарысқа қарсы
дамытудың пәрменді құралы болып
табылады. Бөлшек сауда
айналымының төмендегеніне қарамастан,
жұмыссыздықтың өсуі франшизалардың сатылымын жандандырады.
Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік
жүйесін Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі сатысында
ерекше тартымды ететін бірнеше ерекшеліктер бар:
Табысты бизнесті
көбейіп тарату. Кәсіпкер
өзінің бизнесін «нөлден» емес, бастапқыдағы «байқап көру мен
қате жіберу әдісі бойынша» даму сатысынан өтіп кетіп, сыннан өткен салаларда
бастауға мүмкіндік алады. Франчайзи дайын
тұрған «қорапшадағы» бизнес-шешімді
сатып алады, оған
жолға қойылған әрі тиімді
бизнес технологиялар, кепілді
жеткізілім жүйесі, дайын
маркетингілік тұжырымдама және
қызметкерлерді бастапқы оқыту дәрістері кіреді.
Бизнес-тәуекелдерді пәрменді түрде азайту.
Франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың
ең сенімді жүйелерінің бірі болып табылады,
бұл жүйедегі банкроттық нормасына
едәуір төмен. АҚШ Сауда-Өнеркәсіп
Палатасының статистикасына сәйкес
соңғы бес жыл ішінде ашылған франчайзингілік кәсіпорындардың 97%-ы одан әрі қарай да табысты
жұмысын жалғастырған, ал франчайзингілік
емес кәсіпорындардың 62%- ы осы кезең ішінде жабылып
қалған.
«Біліктілік» шегінің аса жоғары болмауы. Франшизаның болуы тіпті бизнестің тиісті саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі болмаса
да, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы
шағын бизнестің де ең басты
проблемасы-кәсіпкерлердің қажетті экономикалық
және құқықтық білімі
болмауының мәселесі шешіледі.
«Кіру билетінің» қолайлы
бағасы. Тұтынушылық сұранысты
қанағаттандыруға бағытталған салалардағы
франшизаның құны 50$ мың кем болуы
және 300$ мың дейін жетуі
мүмкін.
Бұл орайда франчайзингті
дамыту экономиканы дағдарыстан шығарып,
оны сауықтыру бойынша міндеттердің кең ауқымын шешеді:
· Елге іс
жүзінде қазіргі заманғы озық технологиялар
және бизнес жүргізудің әлемдегі ең үздік
тәжірибесі әкелінеді.
· Шағын бизнестің инновациялық және технологиялы кәсіпорындарын одан
әрі дамыту үшін алғышарттар жасалып,
бизнес-орта қалыптастырылады.
· Шағын және ірі бизнестің тиімді түрде өзара әрекеттесуі мен
ынтымақтасуы үшін алғышарттар жасалады.
· Шағын бизнестің айқындығы арта
түседі.
· Аймақтық тұрғыдан қамту кеңейеді.
· Халықты жұмыспен қамту мәселесі ішінара
шешіледі.
· Халықтың және бизнестің қолы жете алатын тауарлар мен
қызметтердің сапасы жақсарады.
Қазіргі кезде франчайзингілік
қатынастар Қазақстанда мүлде дерлік
ынталандырылмай, көбінесе фрагментарлық сипат алып отыр.
Халық қоныстануының жеткіліксіз
тығыздығы және сатып өткізу
нарықтарының шектеулігі, сондай-ақ
дағдарыстың себебінен
тұтынушылық сұраныстың кемуі
франчайзингтің белсенді дамуын
қиындатады.
Қазақстанда франчайзингті
дамытудың негізгі қиындықтарына
төмендегілерді жатқызуға болады:
· Ірі бизнес пен шағын бизнес
кәсіпкерліктің арасында байланыстың
болмауы. Ірі компаниялар франчайзингі
жүйесін емес, аймақтық
дамудың филиалдық түрін артық көреді.
· Бизнесті ұйымдастырудың осы схемасының
артықшылықтары туралы шағын бизнестің
хабардарлығының жеткіліксіздігі.
· Шағын бизнестің айқын еместігі,
ал франчайзингтің негізінде
қаржылық есептілік пен роялтиді есептеу ережелерінің айқындығы жатады.
Мемлекеттік жеңілдіктердің, банктік
несиелердің және басқа да қаржыландыру
көздерінің болмауы.
Маңызды мұндай шаралар франчайзингтік жүйемен дамитын
кәсіпкерлер санын көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір
адам немесе кәсіпорын иесі
жаңа кәсіпкерлік ашқысы келсе немесе кәсіпкерлігін ұлғайтқысы келсе, мұндай жағдайда франчайзингтік жүйені пайдалану өте тиімді. Франчайзингтің
Қазақстандағы болашағы – үлкен жетістіктерге жетелейді.
Жоғарыда атап
көрсетілген менің
ұсыныстарым Қазақстандағы франчайзингті
кең дамуына өз үлесін қоса алады.
Елімізде франчайзингтің
дамып,кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:
· инвестицияның ішкі және сыртқы
ағымын күшейтеді;
· жаңа технологиялардың, құралдардың,
бағалы ноу-хаулардың пайда болуына септігін тигізеді;
· жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді;
· шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі
мен бекітілуіне тұыр болады;
· елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге толтыруға жылдамдатады;
· қазақстандық өнімді жаңа
нарықтарға өткізуге мүмкіндік тудырады;
Осындай маңызды шаралар
франчайзингтік жүйемен дамитын
кәсіпкерлер санын көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір
адам немесе кәсіпорын иесі
жаңа кәсіпкерлік ашқысы келсе немесе кәсіпкерлігін ұлғайтқысы келсе, мұндай жағдайда франчайзингтік жүйені пайдалану өте тиімді. Франчайзингтің
Қазақстандағы болашағы – үлкен жетістіктерге жетелейді.
Әдебиеттер:
1. Кәсіпорынның франчайзингтік механизмі/
КазЭУ хабаршысы, 2017 ж., № 3
2. Қазақстандағы франчайзингтік
қатынастарды реттеу бойынша іс-шаралар/ Қаржы-қаражат, 2017
ж., № 5
3. Формирование и развитие франчайзинговых отношений
в Казахстане / «Реформа» международный ежеквартальный научный экономический
журнал, г. Бишкек, 2017 ж., № 3