Экономические науки/5.Экономика предприятия.
К.э.н. Елпанова М.А.
Магистрант: Әбдазиев Ә.Б.
Кызылординский
государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Құрылыс нарығының дамуының ерекшеліктері
Құрылыс - материалдық
өндірістің қуатты индустриалдық саласы болып табылады.
Күрделі құрылыстың көлемі мен деңгейінен
материалдық өндірістің барлық салаларының дамуы,
экономикалық әлуеттің және мемлекеттің
ұлттық табысының өсуін қамтамасыз ету
маңызды деңгейде тәуелді болады.
Нарықта құрылыс, өндірістік сфераның
барлық салаларындай капиталдың еркін динамикасы және
әрбір меншік нысанының қызмет еркіндігімен байланысты
жаңа экономикалық маңызға ие болады.
Әкімшілік-жоспарлық экономикаға тән сатылас
салалық байланыстар орнына инвесторлардың деңгейлес салалық
байланыстары келеді, сондықтан экономикалық үдеріс ретіндегі
құрылыс ғимараттар немесе құрылыстардың
өмірлік циклы жобалау қызметін қарастырады. Құрылыс
нарығының қарқынды дамуы сонғы жылдары
халық шаруашылығының осы салаға қаржы
салуға дайын мемлекет және көптеген
бизнес-құрылымдар назарына ие. Құрылыс саласына
салынған капитал тиімділігін бағалау маңызды атрибут болып
саналады.
Құрылыс сферасы әлеуметтік-экономикалық
тұрақсыздыққа аз көлемде бейімделген; нормативті
және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа
жағдайлары мен талаптарға сәйкессіз; құрылыс
қызметін реттеудің және басқарудың
экономикалық әдістері дамымаған; келісімдік қатынастар
жүйесінің дамымағандығы; жаңа шарттарға
және талаптарға құрылысты қаржыландыру
қызметін ұйымдастыру реттелмеген; реттеу және
орталықтандырылған басқарудың маңызды
функциялардың жойылуы немесе орындалмауы.
Құрылыс экономикасының
өсуі құрылыс қызметінің белсенділігімен
байланысты. Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің
құрылыс саласының алдында тұрған негізгі
мақсаты жобалау саясат жүйелерінің барынша қайта
қаралуын талап етеді. Бірақ, өз кезегінде құрылысты
жобалау қызметі, ұдайы өндірістегі қаржылық
және материалдық активтер дәрежесі оның белсенділігін анықтайтын факторы негізінде
еліміздің экономикалық жағдайына байланысты болып
келеді, яғни бұл кәсіпорынның даму стратегиясын
дайындауды есепке алу факторы болып табылады.
«Құрылыс» кешені туралы айтқанда нарықтық
экономистер, инвестициялық процестердің қалған
қатысушыларымен капитал иелерінің қатынастарының
біркелкілігін түсінеді, яғни құрылыспен байланысты
инвестициялық кешен [1, б .45].
Адамның қажеттілігін
қанағаттандыру барысында құрылысқа ерекше қамтамасыз етуші ролі тән.
Аймақ немесе ел сияқты үлкен шаруашылық
жүйелердің аумағында бұл мақсат кезеңмен
жүзеге асады. Бұл кезеңдер қажеттіліктердің даму
деңгейімен байланысты, себебі:
- құрылыс адамның тұрғын-үйге деген
қажеттілігін қанағаттандыруға негізделген, бұл
ең жоғары деңгейдің құрылыс өнімі;
- басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруда мысалы,
өндірістерге, азық-түлік өнімдерін сақтау
және өткізуге, тұтыну құралдары мен қызметтерге арналған
ғимараттармен қамтамасыз етуде құрылыс ықпал ету
функциясын орындайы;
- тұтыну құралдарын және қызмет көрсету
үшін өндіріс құралдарын өндіруге қатысатын
құрылыс өнімі;
- құрылыс өнімінің деңгейі жоғарыда
көрсетілген өндіріс құралдарын өндірумен
байланысты;
- басқа құрылыс өнімін өндіруге
қолданылатын құрылыс өнімі. Бұл
құрылыс материалдары, бұйымдары және т.б.
өндіретін кәсіпорындар.
Құрылыс нарығы жүйе ретінде құрылыс
нарығы субъектілерін; нарықтық қатынастар объектілерін;
құрылыс кешені нарығының инфрақұрылымын;
нарықтық механизмді; мемлекеттік бақылауды; нарықты
реттеуді қарастырады. Құрылыс нарығының
субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер,
жобалық-ғылыми ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттар,
құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары
өнеркәсібі кәсіпорындары, құрылыс және жол
машина жасау кәсіпорындары, технологиялық, энергетикалық
және басқа да жабдықтарды
әзірлеушілер-кәсіпорындар табылады.
Құрылыс нарығының объектілеріне құрылыс
өнімдері (ғимараттар, салулар, объектілер, олардың кешендері
және т.б.), құрылыс машиналар, транспорттық
құралдар, материалдар, бұйымдар, конструкциялар, капитал,
жұмыс күші, ақпарат және т.б. жатады.
Құрылыс кешенінің инфрақұрылымына банкілер -
ұлттық (мемлекеттік), биржалар - тауарлы - шикізаттық,
еңбек ресурстары, қор (құнды
қағаздардың), жылжымайтын мүлік, делдалдық
кеңселер және фирмалар, институционалды инвесторлар -
зейнетақы қорлар, сақтандыру компаниялары, ашық
және жабық түрдегі инвестициялық қоғамдар
мен фирмалар, шетел инвесторлары, агенттік, делдалдық, жарнамалық,
ақпараттық қызметтер және фирмалар, инженерлік-кеңестік
орталықтар, аудиторлық фирмалар, құрылыс кешендегі
тәуекелдік кәсіпорындар, кәсіпкерлікті қолдау
бағдарламалары және қорлар, арбитраж, сот және т.б.
жатады [2, б .55].
Құрылыс кешенінің нарығы оған қызмет
етуші заманауи ақпараттық жүйе болған жағдайда
ғана тұрақты жұмыс атқарады. Құрылыс
кешені нарығының ақпараттық жүйелерінің
негізгі мақсаттары: мүмкін болатын тапсырыс берушілердің
(инвесторлардың) құрылыс өніміне қажеттіліктерін
білу; нақты мәліметтер банкін құру;
құрылыс-монтаж ұйымдарының ағымдағы
мүмкіншіліктері, шығарылатын құрылыс
материалдарының номенклатурасы, сапасы, бағалары,
коммерциялық дербестікке ие инвестициялық жобалар туралы
ақпараттың болуы, жылжымайтын мүлік нарығымен
өзара байланыс; аймақта және орталықта жобалар,
қаржылық (инвестициялық) ресурстар, құрылыс
материалдар, машиналар, механизмдер, құрылыс өнімдері бойынша
тендерлер өткізуге жағдай жасау; министрліктермен, сонымен
қатар жергілікті әкімшілік органдармен өзара байланыста болу.
Құрылыс саласы ұлттық экономиканың
нақты секторының негізгі саласы болып табылады. Құрылыс
ұйымдарының шаруашылық қызметі бәсекелестік
және инвестициялық-құрылыс саласындағы
бизнес-жағдайдың белгісіздік жағдайында жүзеге асады.
Сондықтан, ұйымдар алдында қызмет етудің
мәселесінің басқа шешімін табу мақсаты қойылады,
тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау мүмкіндігін
беретін механизмдер құру.
Күрделі құрылыс ұлттық экономиканың
негізгі саласы, мұнда елдің
өндірістік потенциалының материалдық базасын
реформалаудың және өндірістік емес сала дамуының
маңызды мәселелері шешіледі [3]. Құрылыс
Қазақстан Республикасының ең белсенді дамып келе
жатқан салаларының бірі болып табылады. Дағдарысқа
байланысты қазіргі жағдайда құрылыс кешені
өзгермелі болуда, ұлттық экономиканың
тұрақсыз секторы болып келеді, ол сыртқы факторлар
әсерінің күшеюі жағдайында қызмет етудің
тұрақсыздығымен, белгісіздігімен сипатталады. Оның
тұрақты дамуы құрылыс қызметін жандандыруынан,
экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларына
капитал салымдарының кеңеюіне тәуелді болады.
Литература
1. Акимов В.В., Макарова Т.Н. Экономика отрасли
строительство. М: НИМБ, 2005. – 305 б.
2. Амалиев
Т.О Многомерности подходов и
оценке состояния строительного комплекса. // Экономика строительства, 2000, №2.
3. Дияров С.К. Экономика недвижимости: учебное
пособие. – Алматы, 2005. – 242 б.