Экономические науки/5.Экономика предприятия.

К.э.н. Елпанова М.А

Магистрант: Жақсылықова А.М.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан

 

Кәсіпорынның шығындарының жіктелу ерекшеліктері

 

Шығындарды талдау - бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып, негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да объектілері бойынша талдауға түседі [1].

Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және  функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі.

Кәсіпорында шығындарды талдау мақсатында бөлшектеу мазмұны кесте 1 көрсетілген.

Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:

1) Өндіріс үдерісіндегі экономикалық ролі бойынша: негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар); қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

2) Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша: тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығындар; жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін.

Кесте 1- Шығындарды талдау мақсатында бөлшектеу сыныптамасы

Сыныптау  белгілері

Шығындардың бөлшектенуі

 

Экономикалық  элементгер               

Шығындардың экономикалық элементтері

Өзіндік құнның статьялары

Өзіндік құнның калькуляция баптары

Технологиялық процестерге  қатыстылығы

Негізгі, қосымша

Құрамы

Бірэлементтік, кешенді

Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі

Тікелей, жанама

Өндірістік  үдерістегі рөлі

Өндірістік, өндірістен тыс

Мақсатқа сәйкес жұмсау

Өндірістік, өндірістік емес

Жоспарға қатысу мүмкіншілігі

Жоспарлы, жоспарсыз

Өнімнің көлеміне қатысы

Тұрақты, өзгермелі

Шығу мерзімділігі

Күнделікті, бір  жолғы

Дайын өнімге қатысы

Аяқталмаған өнімге жұмсалған шығындар, дайын өнімнің шығындары

Е с к е р т у  Дерек көзі [2] негізінде жасалынды.

 

3) Құрамы бойынша: бір элементтік - бір элементтен тұратын (еңбек ақы немесе материалдар шығындары); кешенді - бірнеше элементтен тұратын (құрамына еңбек ақы, материалдар, амортизация т.б. бір элементті шығыстар кіретін).

4) Өндіріс көлеміне байланысты: өзгермелі - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура пропорционалды  өзгеретін шығындар (еңбек ақы, отын энергия); тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, жалға алу, жарнама шығындары).

5) Пайда болу мерзімділігі бойынша: ағымдағы - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал); бір жолғы - еңбек демалысы, жөндеу жүргізу шығындары.

6) Басқару міндеттері бойыша: өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және өндірістің өзіндік  құнын құрайтын шығындар; әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы   шығыстарға байланысты; коммерциялық - өткізу бойынша шығындар.

7) Тиімділігі бойынша: өнімді - жоспарланатын; өндіргіш емес жоспарланбайтын.

8) Бақыланатын мүмкіндігі бойынша: реттелетін - егер атқарушы (еңбеккер) шығындар деңгейіне елеулі әсер ете алса; реттелмейтін - деңгейіне еңбеккер елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

9) Орташалау дәрежесі бойынша: жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне шаққандағы; орта - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты [3].

Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

– өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;

– басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;  

– жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.

 

Литература

 

1. Баскакова О.В. Экономика предприятия (организации) / О.В. Баскакова, Л.Ф. Сейко. – М.: Дашков и К0. 2013. – 372 б.

2. Комплексный анализ хозяйственной деятельности предприятия: учеб. пособие / В.И. Бариленко; под общ. ред. В.И. Бариленко. - М.: ФОРУМ, 2012. - 463 б.

3. Экономический анализ/Под ред. О.Н.Соколовой. – М.: ИНФРА-М, 2011. – 320 б.