Экономические науки/5.Экономика предприятия.

К.э.н. Елпанова М.А

Магистрант: Жақсылықова А.М.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан

 

Кәсіпорын шығындарының менеджменті

 

Мемлекет экономикасының нарыққа өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық жауапкершіліктері  артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын басқарудың маңыздылығы артады, шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады. Қатаң бәсекелестік жағдайы  кәсіпорындардың шығындарын басқару үдерісіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге  үлкен қызығушылық тудыруына әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару үдерісін ұйымдастыру, шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорындарда үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру міндеттері арта түседі. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін емес және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, соның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару (шығындар менеджменті) және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты - бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады [1,2].

Шығындарды басқару немесе шығындар менеджменті – бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс үдерісінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды. Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары экономикалық нәтижелерге қол жеткізеді.

Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю үдерісі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.

Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты – ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны  белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар – өндіріс көлемі – пайда.

Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:

– кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;

– шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;

– шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;

– өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу — өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;

– шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;

– бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;

– кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс үдерісінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;

– шығындарды нормалау әдісін таңдау;

– өндіріс үдерісін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды  жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу;

– өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;

– шығындарды  әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша,  көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша  бақылау және талдау;

– белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;

– кәсіпорынның өндіріс үдерісінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.

Шығындарды менеджментінің жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.

Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (мониторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады.  Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз,
яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік
ретінде қарастырамыз.

Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік ретінде  шығындарды басқару жүйесін сурет 1 көруге болады.

Сурет 1. Шығындардың жалпы сыныптамасы

Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару саласында  осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік беру қажет пе. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару үдерісі бойынша шығындардың жіктелуін кесте 1 көруге болады.

 

Кесте 1- Кәсіпорындағы басқару (менеджмент) мақсатын ескергендегі шығындардың жіктелуі

Басқару функциясына байланысты сыныптамалық белгілері

Шығындар түрлері

1.Басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісі

Нақты және баламалық, релеванттық және релеванттық емес; тиімді және тиімсіз

2. Болжау үдерісі

Қысқамерзімді және ұзақмерзімді

3. Жоспарлау үдерісі

Жоспарланатын және жоспарланбайтын

4. Нормалау үдерісі

Стандарттар, нормалар, нормативтер және олардан ауытқуы

5. Үйлестіру үдерісі

Орны мен пайда болу сферасына, қызмет функциялары мен жауапкершілік орталықтарына байланысты

6. Есептеу үдерісі

Бірэлементтік және кешенді; калькуляция баптары және экономикалық элементтері бойынша; тұрақты және өзгермелі; негізгі және үстеме; тікелей және жанама; ағымды және бірмезгілдік

7. Бақылау үдерісі

Бақыланатын және бақыланбайтын

8. Реттеу үдерісі

Реттелетін және реттелмейтін

9. Ынталандырма үдерісі

Міндетті және сыйақылық

10. Талдау үдерісі

Нақты, болжамды, жоспарлы, сметалық, стандартты, жалпы және құрылымдық, толық және бөлшектік.

Е с к е р т у  Дерек көзі [3] негізінде жасалынды.

 

Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады. Шығындарды басқару жүйесін ұйымдастыру кәсіпорынның
қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен оны басқаруға құрылымдық және үдерістік тәсілдерді аралас қолдануды талап етеді.

Сонымен, шығындар менеджментінің мақсаты - ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын ұстап тұру. Осы мақсатқа байланысты шығындарды тиімді басқарудың қағидаларын нақтылау үшін қолданылатын талдау әдістерін қарастыру қажет.

Литература

1. Савицкая Г.В. Теория анализа хозяйственной деятельности: учеб. пособие / Г.В.Савицкая. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2010. - 301 б.

2. Дүйсембаев  К.Ш. Анализ финансовый отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. - 366 б.

3. Вартанов А.С. Экономическая диагностика деятельности предприятия: организация и методология: Учеб. пособие / А.С. Вартанов. – М.: Финансы и статистика, 2014. – 326 б.