Экономические науки/5.Экономика предприятия.
К.э.н. Шайнуров А.С.
Магистрант: Апбоз С.Б.
Кызылординский
государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Ауылшаруашылық
кәсіпорындарының экономикалық үдерістеріндегі инновациялық
тәсілдер
Ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған
жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды
жаңғырту қажет. Әлемдік азық-түлік
нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы
өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет: егістік
алаңын ұлғайту; егістік түсімін, ең алдымен
жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет;
әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын
құру үшін үлкен әлеуетке иеміз;
экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық
бәсекеге қабілетті брендтер кұруға тиіспіз. Сонымен жер
өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа
ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді
ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді
жаңғыртуымыз қажет; аса ірі экспорттық нарықты
меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай
өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек [1].
Ауыл шаруашылық кәсіпорнында үдерістік тәсілді іске еңгізудің
маңызды кезеңдері болып келісілер болады:
1. Іс жүзіндегі экономикалық үдерістерді анықтау
және сипаттау және кәсіпорындағы үдерістер жалпы
желісіндегі өзара байланысын ретке келтіру.
2. Кәсіпорынның экономикалық үдерістерінің
бүкіл желісін әр сегмент бойынша жетекшілердің жауакершілігін
бөліп беру.
3. Жүйе жұмысын реттеуші регламенттерді өңдеу
және бекіту.
4. Оларды өлшеудің көрсеткіштер тиімділігі мен
әдістемесін анықтау
5. Ресурстар мен
регламенттерді басқару.
Кәсіпорында экономикалық үдерістерді талдау алдында оны
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын
қарастырып, осы құрылымға байланыстыру қажет
(сурет 1).

Е с к е р т у - Дерек көзі [2].
Сурет 1 - Ауыл шаруашылық кәсіпорның басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымы
Өндіріске экономикалық үдерісті енгізуде кез-келген
кәсіпорын белгілі бір өндірістік қиындықтармен
кездеседі. Сол қиындықтарды жеңу үшін әр
кәсіпорын әрқилы саясат қолданады. Ұлттық
экономикада әзірше өндірістік инновация қызметін толық
жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері аз. Бұған
инновациялық идеяларға, оны жүзеге асыруға мемлекеттік
қамқорлықтың аз көлемде болуы себеп.
Сондықтан экономиканың жалпы жағдайы, қаржы
тапшылығы, болашаққа сенімнің әлсіздігі
өндірістік инновацияның дамуына кедергі болып отыр.
Жаңалықты еңгізу – бұл кез-келген ұйымға қиын
және ауыр үдеріс. Барлық жағдайда шешім қабылдау
үшін әр субьектімен баламалытехнологиялар алдағы
реципиенттермен қабылданған шешімдермен салыстырылады. Бірақ
бұл нарықта фирмалардың бәсекелестік жағдайына
байланысты болғандықтан мұндай ақпарат алу қиын.
Әр фирма барлық көптеген реципиенттерден аз фирмалардың тәжірибесімен
таныс болуы мүмкін. Бұл нарықтық экономикада
жаңалықтың диффузиясы мен шешім қабылдау үдерістерінің
белгісіздігін түсіндіреді. Белгісіздіктің басқа бір себебі
жаңалықтың өзімен байланысты. Диффузияның
әуелгі стадияларында олардың әлеуетті табыстылығы
белгісіз. Жаңалықты еңгізу және қолдану
тәжірибесінің жинақталуымен белгісіздік жойылуы мүмкін. Жаңалықты қолданудың
тәуекелі мен белгісіздігінің төмендеуі оның
нарыққа ену әлеуеті жойылып, табыстылығы
төмендейді. Кез-келген жаңалықты пайдаланудан қосымша
табыс алу мүмкіндігі уақытша және оның таралу
шегінің жақындауына қарай төмендейді.
Сонымен қатар жаңалықтың диффузиясы имитаторлар
стратегиясы тәрізді пионерлік реципиенттер санына байланысты.
Кәсіпкерлер жаңа технологиялық мүмкіндіктер алады,
бірақ олардың жүзеге асуы
имитатордың таңдауына байланысты. Нарықта
қалыптасу ықтималдығы
көбіне пионерлік ұйымдар қолданатын технологиялар үшін
болады. Әрине, технологиялар бәсекесінің нәтижесі
нарықтағы барлық агенттер таңдауымен анықталады,
бірақ кейінгілерге қарағанда әуелгі
реципиенттердің әсері күштірек болады.
Егер де радикалды жаңалық туралы сөз болатын болса,
жаңалықтардың қатысты артықшылықтарын
олардың диффузияларының әуелгі фазаларында бағалау
қиын. Мұндай жағдайда болашақ технологиялық даму
ісінде маңызды рөлді ізбасаралардың таңдауы алады. Әрбір таңдау
технологияға сәйкес бәсеке қабілеттілігін
жоғарылатуға мүмкіндік береді және жалғастырушы шаруашылық
субьектілерінің есепке алатын бұрынғы жасалған
таңдауларды қабылдау оның мүмкіндігін өсіреді.
Көптеген шаруашылық субьектілерімен тиімді технологиялар игеріліп
және оларға қатысты артықшылықтар белгілі болып,
жеткілікті тәжірибе жинақталғаннан кейін,
жалғастырушы реципиенттер тиімді
технологиялардың күтілетін табыстылығына негізделе отырып
шешім қабылдайды. Нәтижесінде нарықтың жаңа
тиімді технологиялармен соңғы бөлінуі имитаторлар
стратегиясымен анықталады.
Аймақтық инновациялық жүйесінің
инфрақұрылымын ауыл шаруашылық ғылыми мамандар
анағұрлым шоғырланған аудандарда құру зор
маңызға ие болуда. Бұл әр түрлі
ғылыми-техникалық зерттеу ұйымдарын, сонымен бірге ауыл
шаруашылығын ғылыми негізде жүргізу әдістері мен
тәсілдерін меңгеретін әкімшілік аумақтық
ұйымдарды құруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылық өнім өндірісін
тұрақтандыру мен дамуының маңызды шарты
ғылыми-техникалық үрдістің рөлін көтеру, ал
ғылыми-техникалық үрдістің қозғаушы
күші инновациялық үрдіс. Инновациялық
үрдістің нәтижесінде,
оған сәйкес инновациялық саясатты жүзеге асырумен,
агроөнеркәсіп өндірісінде тікелей ғылыми салада
алынған ғылыми жетістіктер ендіру оның өндірісін елеулі
жаңғыртады.
Жоғары өндiрiстiк-экономикалық көрсеткiштерге ие
шаруашылықтардың қызметтерiнiң тәжiрибесi,
олардың сол деңгейге төмендегi шарттарды орындау арқылы
iс-жүзiнде асыруға қол
жеткiзгендiгiн дәлелдейдi: кәсiпорындардың
жұмысшылары мен жетекшiлерiнiң инновациялық белсендiлiгiнiң жоғары
деңгейде болуы;
шаруашылықтардың нақты әлеуетiнiң
негiзiнде инновациялық
қызметiнiң басымдылық бағыттарын анықтап,
оны iс-жүзiне асыру арқылы; ғылым мен техника
жетiстiктерiнiң негiзiнде кәсiпорынның экономикасын сауықтыру
бағдарламалары мен шараларын әзiрлеп және оларды iске асыру
арқылы.
Ауыл шаруашылық өндiрiсін озық техникамен, технологиямен
қамтамасыз ету үшiн жаңа экономикалық механизм мен
инновациалық даму нәтижелерiн әрбiр ішкі салада пайдалану
қарастырылуда. Ол өз кезеңiнде өндiрiстiң
техникалық, технологиялық деңгейiнiң негiзiн
көтеру, жаңа технологиялық үрдістердi енгiзу,
қалыптастыру, еңбектi ұйымдастыру мәдениетiнiң
өркендеуi сондай-ақ өнiмнiң сапасын жақсарту,
оның әлемдiк нарықтағы бәсекелестiк
дәрежесiн арттыруға алып келедi.
Литература
1.
Программа по развитию агропромышленного комплекса в
Республике Казахстан на 2013-2020 годы «Агробизнес-2020» Утверждена постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2013 года
№ 151.
2. Внедрение сбалансированной системы
показателей: пер. с нем / Horvath&Partners; Акад. контроллинга. – М.:
Альпина Бизнес Букс, 2005. – 447б.