Экономические науки/5.Экономика предприятия.

К.э.н. Шайнуров А.С.

Магистрант: Апбоз С.Б.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан

 

Ауылшаруашылық кәсіпорын қызметіндегі тәуекел-менеджмент

 

Кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық жетістігі  басқарушылық шешімдердің сапасымен және тетіктің тиімділігі мен оларды өткізумен тікелей байланысты. Осыған сәйкес, бірінші деңгейде тәуекелді басқарудыдың маңыздылығы жоғары, және жұмыстың өндірістік және қаржылық нәтижесіне де әсер етеді [1].

Тәуекел-менеджмент басқару үдерісін және өндірушінің активіне немесе пайдасына қауіп төндіретін тәуекелдердің экономикалық бақылауы деп түсініледі. Тәуекелге қарсы іс-шараны қайта өңдеу, мысалы өсімдік шаруашылығы мына негізгі сұрақтарға жауап береді: қандай жұмысты орындау, қашан, оны кім орындайды және қандай техникалық құралдардың көмегімен орындайды.

  Ауылшаруашылық кәсіпорнының салалық бағытталуына карамастан, қаржы нәтижелеріне болжам жасауға болады: өнім өткізуден түскен табыс, кәсіпорынның күтілетін жылдық  өсімі, ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасының жылдық өсуін бағалау. Шешім қабылдау, қабылданған шешім тиімділігінің критерийін  анықтау үшін  аса  икемді  басқаруды қамтамасыз ететін  тәуекелді бағалау құралы салынуы тиіс.

Тәуекел-менеджментінің базалық әдістемесі - бұл тәуекелден бас тарту, төмендету, беру және қабылдау. Тәуекелдің алдын алу жай тәуекелмен байланысты  шараларды болдырмау деген түсінік береді. Бірақ тәуекелдің алдын алу дегеніміз  пайдадан бас тарту дегенмен тең.

Тәуекелді шегеру - кәсіпкерге және оның жауапкершілігіне тәуекелді беру.

Тәуекелді беру деген кәсіпкер тәуекелге деген жауапкершілікті басқа біреуге, мысалы сақтандыру компаниясына береді.

Тәуекел дәрежесінің түсуі - бұл жоғалтудың  көлемі мен  ықтималдығын қысқарту.

Тәуекел дәрежесінің түсуру үшін келесілер қабылданады: әртараптандыру, шектеу, өзін-өзі сақтандыру [2]. Берілген тәуекелді басқару әдістерінің  артықшылығы мен кемшіліктері болады, сондықтан кәсіпорын жетекшісі  әдетте белгіленген қиыстыруда қолданады (кесте 1).

 

Кесте  1 – Кәсіпкерлік тәуекелдерді  басқарудың жалпы сызбасы

Мүмкін болатын қауіптің мөлшері

Тәуекел болмау ықтималдығы

Жоғары

Төмен

Үлкен

Кіші

Болдырмау, төмендету

Ұстап қалу, төмендету

Беруақтандыру)

Ұстап қалу

      

Ауылшаруашылық кәсіпорынның өндірістік қызметінде әртүрлі тәуекелдермен кездеседі және әр тәуекел түрін төмендету үшін кәсіпорын  әртүрлі шаралар қолданады. Бірақ, өлшем жүйесі жеткілікті тиімді емес, сарапшылардың айтуынша, тәуекел бәрібір пайда болады.

Өсім  шаруашылығындағы өнімнің жоғалуы жазғы құрғақшылықтың салдарынан болады, сонымен қатар, шаруашылық қар тоқтату мен жер суаруды толық пайдаланбайды. Мал шаруашылығында кәсіпорын тек құрылған жем баланстарына жетекшілік етеді, ал сақтандыру қорын құрмайды. Егер кәсіпорында жем жетіспеушілігі болған жағдайда кәсіпорын жем сатып алу үшін қосымша шығын жұмсайды.

Ауылшаруашылық кәсіпорнында барлық тәуекел түрлері ықтималдық пен жоғалу деңгейімен бөлінген, және олар кесте 2 берілген.

Ең қауіпті болып келесі тәуекелдер табылады: жайылымдылық кезеңнің кеш басталуы мен ерте аяқталуы, қолайсыз ауа райы мен климаттық жағдайлар, өнім өндіруге қолданатын ауылшаруашылық техникасын бұзылуы, тыңайтқыштың жеткіліксіздігі.

Кесте 2 -  Ауылшаруашылық кәсіпорынның  өнімдерін өткізу мен өндіру үдерісіндегі тәуекел менеджменті және түрлері

Жоғалту деңгейі

Жоғалту мүмкіндігі

Жоғары

Төмен

Үлкен

Тәуекел менеджменті: болдырмау, төмендету

1.Қолайсыз табиғи және климаттық жаағдайлар, - (төмендету)

2. Кеш бастау және ерте аяқтау мал бағу кезеңі, - (төмендету)

3. Тыңайтқыштың жетіспеушілігі, - (болдырмау)

4. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі үшін ауылшаруашылық техникасының бұзылуы, - (болдырмау)

Теуекел менеджменті: беру

1. Жануарлардың ауруы мен өлуі, - (беру, төмендеу)

2. Дұрыс сақталмағандықтан жемнің бұзылуы, - (беру, төмендеу)

3. Сүттің уақытылы тасымалданбауының тәуекелі, - (беру)

4. Талап қою мерзімінің дебиторлық берешегі, - (беру)

Кіші

Тәуекел менеджменті: ұстау, төмендеу

1.Тұқым материалы мен дайын өнімді сақтаудың нашар шарттары , - (төмендеу)

2. Нарықта өсімдік  шаруашылығы өнімдерінің қажетсіздігі, - (ұстау)

3. Еңбек тәртібін сақтамау, - (ұстау, снижение)

4. Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі үшін ауылшаруашылық техникасының бұзылуы, - (төмендеу)

Тәуекел менеджменті: ұстау

1.Нарықта мал шаруашылығы өнімдерінің қажетсіздігі, - (ұстау)

2. Төлеуге қабілетсіз сатып алушылар, - (ұстау)

3. Электроэнергияның өшуі,

 -( ұстау)

4. Еңбек тәртібін сақтамау (ұстау)

Е с к е р т у – Автордың зерттеу нәтижелері бойынша өңдуі.

 

Экономикалық тиімділіктің дамуы  есебі келесі фактоларға байланысты: ғылыми-техникалық өнімнің түрі, қолдануы,  ғылыми-техникалық жұмыстың кезеңдері, жаңалық ашудағы шығынның деңгейі, нәтижелілік есебі және т.б. Жоспарланған тиімділік жоспар құруда, өндіріс және жаңа техниканы қолдануда есептелінеді. Қалыпты тиімділік іс-шараны өткізу көрсеткіштерімен есептелінеді. Ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын меңгерудің толық талдауы үшін пайда секілді өте маңызды,  әртүрлі бағыттағы  пайдалылық беретін  кәсіпорын қызметінің тиімділігін толығымен сипаттайтын рентабельдік көрсеткіштері қолданылады [3].

Артықшылықтарға жататыны: тәуекелдерді басқарудың үздіксіздігі, кәсіпорын қызметінің барлық түрін қамту, барлық тәуекелді қарастыруға және басқаруға жол табу мүмкіндігі, үдерісті жұмыстың  нәтижесі үшін жауапкершілікті алып жүретін бір басшының басшылық жасауы.

 

 

Литература

1. Уварин Н.Л. Экономические методы управления предприятием. –М.: Изд-во МГУ, 2002. –500 б.

2. Радионов В.В. Управленческие решения: технология, методы, инструменты: учебное пособие / В.В.Радионов, П.В.Шеметов, Л.Е.Чередникова, С.В.Петухова. – М.: Омега-Л, 2009. – 407 с.

3. Андерсен Бьёрн. Бизнес-процессы. Инструменты совершенствования. – М.: РИА «Стандарты и качество», 2011. – 272 б.