э.ғ.д., профессор Есиркепова А.М.
магистрант Туреханов А.С.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Оңтүстік Қазақстан облысы
аграрлық өнеркәсіп кешенінің инвестициялық
әлеуеті
Аграрлық өнеркәсіп кешені – Оңтүстік
Қазақстан облысының негізгі саласы, ол халықты
маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді және
едәуір экспорттық әлеуеті бар.
Облыстың
мақта, темекі, бақша дақылдары және жүзім
өсіруге қолайлы климаттық жағдайы бар,
сондай-ақ жыл бойы жемдік база
ретінде қолданатын жайылымы бар,ол мал шаруашылығын дамытуға
ықпал етеді.
2011жылдан 2015
жылға дейінгі кезеңде ОҚО-да тамақ өнімдері
өндірісі өсімінің орташа өсу қарқыны 12,4 %
құрады. Тамақ өнімдері өндірісінің
көлемі 2011 жылы 102884 млн.теңгеден 2015 жылы 144443 млн.теңгеге
дейін немесе 40,4% артты (1 сурет) [1].
Сурет
1 - 2011-2015жж. ОҚО бойынша тамақ
өнімдерінің өндірісі
Облыстың
аграрлық өнеркәсіп кәсіпорындары ауылшаруашылық
кәсіпорындарының ауылшаруашылық шикізаттарын тікелей
өндіріс орындарында өңдеуге бағытталған.
Өсімдік шаруашылығының негізгі өнім
түрлерінің өндіріс көлемінің артуы оны
өңдеу көлемінің өсуіне ықпал етті.
АӨК әрекет
етіп жатқан ірі кәсіпорындары келесілер болады:
- өсімдік
майының өндірісі:«Шымкент май» ЖШС, «Кайнар май» ЖШС;
- ұн
және нан өнімдерінің өндірісі: «Алтын дан» ЖШС,
«Дани-Нан», ЖШС KasimhanGrainProducts, «Югпищепром» ЖШС, «АхметАстык и К» ЖШС,
«Ак-маржан-2030» ЖШС ЖШС «Ак маржан LTD», «Түлкібас мелькомбинаты»ЖШС;
- құс еті
және жұмыртқа өндірісі: ЖШС «Ордабасы
құс» (күрке тауық еті), ЖШС «Шымкент-Құс»,
ЖШС «Кызыл жар», ЖШС «Инфрастрой ЛТД»;
- балық
және балық өнімдері өндірісі: «Серманизов» ЖК
зауыты, ЖШС «Шардара-Балык», «Хамит» ӘКК;
- сүт
өндірісі: ЖШС «Компания ФудМастер», ЖШС «Шымкент - сүт», ЖШС
«Сайрам-сүт», ЖШС «Эм Нур», ЖШС «Балмұздақ», ЖШС «Азия-Холод»
(балмұздақ);
- макарон
бұйымдарының өндірісі: ЖШС «Макарон фабрикасы «Корона»,
ЖШС «Арай», ЖШС «Барыс-2007»;
- кондитерлік
бұйымдар өндірісі: ЖШС «Рахат-Шымкент», ЖШС «Мадлен-KZ», ЖШС
«Ладушки», Сауда үйі «Чародейка», ЖШС «Ердес-Наны», ЖШС «Айко және
К»;
- алкогольді ішімдіктер
және алкогольсіз сусындар өндірісі: ЖШС «Шымкентпиво», «ВИЗиТ»
АҚ, ЖШС «Рауан», ЖШС «ЮНИКС» (минералды су «Тассай»), ЖШС VinHous, ЖШС
«Алекс», ЖШС «Асем-Ай», ЖШС «Курорт - Барс-2030», ЖШС «АгровинкомпанияКапланбек»;
- шұжық
бұйымдары өндірісі: ЖШС «Акмал-LTD», ЖШС «Каркын 2030»,
«Туркестан» ӘКК.
Тамақ
өнеркәсібі өндірісі көлемінің өсіміне
қарамастан, құндық өрнекпен, натуралды
өрнекпен өндіріс көлемі оң серпінді көрсетіп
отырған жоқ. Тамақ өнімі түрлерінің
көпшілігі қысқарды, оның ішінде жеміс және
көкеніс өндірісі қысқарған. Ет және
оның өңделген өнімдері, сүт өнімдері,
ұн өнеркәсібі және
алкогольсіз сусындар өндірісі көлемінің артуы
байқалады [2].
Оңтүстік
Қазақстан облысы ауылшаруашылығының жалпы өнімі
2011жылы 207914,9млн.теңгеден 2015 жылы 426894,4 млн.теңгеге дейін
немесе екі есеге артты (2 сурет) [3]. Сонымен бірге жалпы өнімнің
физикалық көлемінің индексі 105,7% құрады.
![]()

Сурет 2 - ОҚО
ауылшаруашылығының жалпы өнімі, млн. теңге
Ауылшаруашылығының
жалпы өнімінің көлемі Оңтүстік
Қазақстан облысы жалпы аймақтық өнімінің
9,9% және республикалық ауылшаруашылық өнім
көлемінің 12,9% құрайды. Ауылшаруашылығы
өндіріс көлемі бойынша
Оңтүстік Қазақстан республикада Алматы облысанан
кейін екінші орынды алады, республикалық ауылшаруашылық
өнімінің үлесі 16,7% құрайды. Мұның
барлығы аймақтық АӨК жоғары әлеуетін
көрсетеді.
Ауылшаруашылық
кәсіпорындарының өнім өндірісіндегі үдесі
төмен 2011жылы 7,3% және 2015жылы 7,8% құрады. Шаруа
қожалығы мен феремерлік қожалықтың өндірген
өнімінің үлесі 2011жылы 39,1%-дан 2015 жылы 33,9%
дейінқысқарды. Неғұрлым үлкен үлес
халықтың өндірген өніміне тиесілі болып отыр. Бұл
санаттағы өнім 53,7%-дан 58,3%дейін өсіп отыр. Келтірілген
мәліметтер ОҚО-дағы ауылшаруашылық
өндірісінің майда тауарлық екендігінкөрсетіп отыр.
Мұндай сурет Қазақстанның басқа аймақтарына
да тән. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және
Қостанай облыстарына Ауылшаруашылық кәсіпорындарымен
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру басым сипатты көрсетеді
[4].
ОҚО-ның
қалалық әкімшілік және аудандар кесіндісінде
ауылшаруашылық өнім өндірісі 1 кестеде келтірілген.
1 кесте– ОҚО-ның
қалалық әкімшілік және аудандар кесіндісінде жалпы
ауылшаруашылық өнімі
|
|
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Облыс
бойынша барлығы |
207
914,9 |
259
203,6 |
296
993,7 |
322
824,0 |
426
894,4 |
|
Оның
ішінде |
|
|
|
|
|
|
Шымкент
қ.ә. |
1
812,2 |
3
983,1 |
4
866,0 |
11
811,3 |
20
755,8 |
|
Арыс
қ.ә. |
5
295,5 |
6
327,0 |
6
841,4 |
8
561,2 |
10
649,0 |
|
Кентау
қ.ә. |
791,5 |
1
042,2 |
1
164,5 |
1
427,1 |
2
740,5 |
|
Түркестан
қ.ә. |
17
892,9 |
21
260,7 |
23
524,9 |
25
231,8 |
37
013,1 |
|
Байдібек |
8
648,6 |
9
900,9 |
12
864,8 |
11
851,1 |
14
774,9 |
|
Қазығұрт |
13
588,6 |
16
455,4 |
18
959,3 |
21
290,8 |
28
145,0 |
|
Мақтаарал |
42
715,4 |
47
909,3 |
54
695,4 |
58
859,4 |
74
952,4 |
|
Ордабасы |
13
521,2 |
18
633,3 |
19
476,1 |
23
156,8 |
28
898,6 |
|
Отырар |
5
914,9 |
7
095,3 |
7
713,7 |
9
006,2 |
12
359,9 |
|
Сайрам |
25
626,8 |
35
678,8 |
40
632,4 |
35
919,0 |
44
625,8 |
|
Сарыағаш |
25
156,7 |
36
726,0 |
45
153,6 |
55
686,0 |
69
089,2 |
|
Созақ |
5
912,1 |
6
731,2 |
7
269,2 |
8
153,9 |
9
927,7 |
|
Төлеби |
14
244,4 |
17
765,9 |
19
983,9 |
18
822,8 |
26
517,6 |
|
Түлкібас |
12
439,5 |
15
230,9 |
17
185,5 |
17
591,1 |
25
300,0 |
|
Шардара |
14
354,6 |
14
463,6 |
16
663,0 |
15
455,5 |
21
144,9 |
1 кесте
мәліметтері көрсетіп отырғандай, ауылшаруашылық
өнімінің басым көпшілігі облыстың үш ауданында
өндіріледі: Мақтаарал, Сайрам және Сарыағаш. Бұл
аудандардың үлесіне облыстың ауылшаруашылық өнім
көлемінің сәйкесінше 17,6%, 10,5% және 16,2% сай
келеді.
Облыстың
экономикасы үшін өсімдік шаруашылығының мәні зор,
оның ауылшаруашылығының жалпы өндірісіндегі меншікті
үлесі 2011 жылы 52% -дан 2015жылы
55% дейін артты. Сонымен қатар мал шаруашылығының үлесі
сәйкесінше 47,5%-дан 44,7% дейін
төмендеді [5].
Өсімдік
шаруашылығындағы өндірістің өсімі бірінші кезекте
ауылшаруашылық жарамды жерлерінің оның ішінде егістік
жерлердің артуымен байланысты болып отыр. Негзгі ауылшаруашылық
дақылдарының егістік алаңы ОҚО-да 2011-2015 жылдары
42702 га немесе 5,8% артты.
Облыстың
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында және экспорттық әлеуетін дамыту үшін,
егістік алаңдарының оңтайлы құрылымын
қамтамасыз ету үшін, егу айналымын және аймақтық
мамандануды ендіру үшін ауылшаруашылық дақылдарының
егістік алаңын әртараптандыру жұмыстары жүргізілді.
Осыған байланысты майлй және техникалық
дақылдарға бөлінген егістік алаңның үлесі
қысқарды [6].
ОҚО статистика басқарманың мәліметтері
бойынша астықтың жалпы жиылымы өңдеуге дейінгі
салмақта 2015 жылы 581,1 мың тоннаны құрады, оның
ішінде бидай – 277,8 мың тонна ( 2 кесте).
2 кесте–ОҚО бойынша негізгі
ауылшаруашылық дақылдарының жалпы жиылымы, тонна
|
Көрсеткіштер |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Астық және астық
дақылдары |
357 015 |
282 553 |
471 431 |
421 296 |
581 138 |
|
Техникалық дақылдар |
410129 |
454487 |
492090 |
383280 |
343463 |
|
Картоп, көкеніс бақша
дақылдары |
1667840 |
2040739 |
2089972 |
2298903 |
2492294 |
|
Азықтық дақылдар |
945778 |
878673 |
1031041 |
1114961 |
1101467 |
|
Жеміс-жидек екпелер |
55891 |
81829 |
76976 |
80234 |
61645 |
|
Жүзімдік екпелер |
38 980 |
51 252 |
47 779 |
49 469 |
40 826 |
ОҚО астық және дәнді
бұршақты дақылдардың жалпы жиылымы 2011-2015 жылдары
357015 тоннадан 581138 тоннаға немес 62,8% дейін артты. Сонымен бірге
астық дақыларының негізгі жиылымы Ақмола,
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына сәйкес
келеді, ал Оңтүстік Қазақстан облысына
республикалық астық және дәнді бұршақты
дақылдардың жалпы жиылымынан 2,6% ғана сәйкес келеді
2015 жылы астық және дәнді
бұршақты дақылдардың үлкен бөлігі (жалпы
жиылымнан 20,0%) облыс бойынша Қазығұрт ауданы, Төлеби
(11,9%), Байдібек (11,8%) және Түлкібас (10,8%) аудандарына
тән. Дақылдардың 65,4% бидай өніміне тән.
Астық және дәнді бұршақты дақылдардың
жалпы жиылымының ауытқуы егістік алаңының
өзгерісімен ғана емес, сонымен қатар олардың
өнімділігінің өзгерістеріменде байланысты [7].
Астық
дақылдардың өнімділігінің
тұрақсыздығының негізгі себептерінің бірі
ауылшаруашылық өндірушілердің қаржылық
жағдайынан тәуелді және өндірісте қарқынды
фактордың болмауымен байланысты табиғи-климаттық шарттардан
жоғары тәуелділігі болып табылады.
Оңтүстік
Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының жүйелі мәселесі суармалы
судың жетіспеушілігі болып табылады. Бұл мәселені
шешудің бірден бір жолы – суару тиімділігін арттыру, су үнемдейтін
технологияны ендіру. Алдыңғы технология қолданылмайтын
шаруашылықтарда егістікті суаруға жұмсалатын су бір
гектарға 17 000 куб метрді құрайды. Сонымен қатар
мөлшерлеме 6000 куб. метрді құрайды. Ал алдыңғы
қатарлы технология ендірілген шаруашылықтарда - Арыс ауданында, Түркістан ауданында
–су шығыны тамшылатып суару есебінен
гектарына 3-3,5 мың куб метрге дейін азайды.
Төмен
өнімділіктің басқада себептері – ауылшаруашылық тауар
өндірушілердің техникалық қамтылуының төмен
болуы және агорхимиялық шараларды жүргізудің
жеткіліксіз деңгейі болып табылады.
2011-2015 жылдары майлы
дақылдардың жалпы 407888 тоннадан 341593 тоннаға дейін немесе
16,3% қысқарды, бұл бірінші кезекте майлы
дақылдардың егістік алаңының қысқаруымен
байланысты. 2015жылы жалпы жиылымның едәуір үлесі 80,2% мақта дақылына сәйкес
келді, 17,2% - сафлор, күнбағыс – 2,6%. Егер жалпы республика
бойынша өндіріс көлемімен салыстыратын болсақ, онда ОҚО
үлесі майлы дақылдарды өсіруде мақтаны
қоспағанда өте аз болып отыр және ресбуликалық
деңгейдің 2,5% құрайды. Күнбағыстың
үлкен жиылымы Шығыс-Қазақстан облысына сәйкес
келеді.
2015жылы майлы дақылдардың жалпы жиылымы
(облыс бойынша жалпы көлемнен 23,0%) мақтаны қоспағанда
Сарыағаш шаруашылығына сәйкес келіп отыр (32,0%), Ордабасы
(24,4%), Қазығұрт (12,3%) және Байдібек (11,6%)
аудандары.
ОҚО өсімдік
шаруашылығының дамуының негізгі мәселесі ретінде
келесілерді айтуға болады:
- егістікті
оңтайлы пайдаланбау;
- қазіргі
агротехнологиялармен әлсіз жабдықталу және жоғары
репродукция тұқымдарымен қамтамасыз етілмеу;
- минералды
тыңайтқыштарды және өсімдікті
қорғаудың химиялық құралдарын аз пайдалану,
әлсіз техникалық жабдықталу;
- ауылшаруашылық
қалыптасулардың техникалық паркінің моралді және
физикалық тозуы;
-
топырақтың құнарлығы жағдайын бақылаудың
болмауы;
- астықты
сақтау және өңдеу қуатның жеткіліксіз
болуы;
- тұқым
шаруашылығының дамымауы;
- астық
сақтайтын орынның жетіспеушілігі (элеваторлар).
Осылайша,
Оңтүстік Қазақстан облысында өсімдік
шаруашығын дамыту үшін әлеутке ие. Бірақ ауылшаруашылық
дақылдарының жоғары өнімділігін алу, өзіндік
құнды төмендету және осының есебінен
халықтың тамақ өнімдеріне физикалық және
экономикалық қол жетімділігін қамтамасыз етудің негізгі
шарттарының бірі агротехнологияны сақтау болып табылады.
Осыған байланысты аймақтың АӨК-дегі ескі
жабдықтарды жаңарту, тұқымшаруашылығын дамыту,
топырақтың құнарлығын арттыру, төтенше
жағдайлар үшін қаржылық және материалды
қорлардың сақтандыру қорларын құру
мақсатында қаржыны тарту үшін қолайлы
инвестициялық климатты құру қажет
(құрғақшылық, шегіртке және т.б.).
Оңтүстік
Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы
аймақтың экономикасында едәуір рөлді ойнайды. Бай
жайылымдық жарамды жерлер және қолайлы табиғи
климаттық шарттар саланың дамуы үшін жақсы жағдай
жасайды. ОҚО-да осы саладан ауылшаруашылығының жалпы
өнім көлемінің шамамен 45% алады. Елдің және аймақтың
халқының материалды әл-аухатын көтеру,
халықтың толыққанды тамақ өнімдерімен
қамтылуы шарттарын жақсарту едәуір деңгейде мал
шаруашылығының жағдайы мен оның дамуымен
анықталады.
Мал
шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2011 жылдан 2015 жыл
аралығында 98,9-дан 190,9млрд.теңгеге дейін немесе 2 есеге артты.
ОҚО-ның
үлесіне орташа есеппен мал шаруашылығы өнімінің
республикалық көлемінің
13% құрайды. ОҚО-да мал шаруашылығының
жалпы өнім көлемі бойынша Алматы
(16,8%) және Шығыс Қазақстан (14,2%)
облыстарынан кейін үшінші орында тұр.
Малшаруашылығының
негізгі өнім түрлерінің шығарылымы (3 сурет). Келесідей
серпінді көрсетеді: 2011-2015 жж. еттің өндіріс 20,3% артты (2015ж. 2014 жылмен
салыстырғанда өсімі 5,1% құрады); сүт
өндірісі 7,3% (2015ж. 2014 жылмен салыстырғанда өсімі 1,5%);
жұмыртқа өндірісі 11,2% артты (2015ж. 2014 жылмен
салыстырғанда өсімі 5,6% құрады).
Жұмыртқа,
млн.дана Сүт,
мың тонн Ет,
мың тонн
![]()
![]()

Сурет 3 - ОҚО бойынша мал шаруашылығының негізгі өнімдерінің серпіні
Оңтүстік
Қазақстан облысы бойынша ет өндірісі үшінші орынды
алады (ет өндірісінің жалпы республикалық
көлемінің 11,4%) Алматы (21,2%) және Шығыс
Қазақстан (15%) облыстарынан кейін. Мал еті мен құс
етінің өндірісі ОҚО-ның барлық аудандарында
көрсетілген бірақ, лидерлердің үштігіне Сарыағаш
(13,8% облыс бойынша ет өндірісінің көлемінен), Сайрам
(11,9%) және Ордабасы (11,1%) аудандары кіреді.
Сүт
өндірісі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы екінші
орынды алады (сүт өндірісінің жалпы республикалық
көлемінен 13,8%) Шығыс Қазақстан облысынан кейін
(15,4%). Сүт өндірісінің барлық түрлерін Сайрам
(облыс бойынша сүт өндірісінің көлемінен 19,5%) ауданы
өндіреді, Сарыағаш (12,6%) және Мақтаарал (12,4%)
аудандары да өндіреді.
Жұмыртқы
өнімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы
(жұмыртқа өндірісінің жалпы республикалық
көлемінен 7,1%) Алматы облысы (22,6%), Қарағанды (14,2%),
Ақмола (13,4%), Солтүстік Қазақстан (12,6%) және
Қостанай (11,7%) облыстарынан кейін алтыншы орынды алады.
Жүн
өндірісі 2011 жылы 7370 тоннадан
2015 жылы 7237 тоннаға дейін немесе 1,8% қысқарды. Жүн
өндірісі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы екінші
орынды алады (жүн өндірісінің жалпы республикалық
көлемінен 19,2%) Алматы облысанан (21,5%) кейін. Жүн өндірісі
көбінесе Сарыағаш ауданы,
Байдібек ауданы және Түркістан қ. өндіріледі – облыс
бойынша жүн өндірісінің көлемінен сәйкесінше
13,1%, 11,2% және10,5%
құрайды. Облыстың басқа аудандары бойынша жалпы
өндіріс көлеміндегі үлесі 10% аспайды.
ОҚО-ның
және Қазақстанның мал шаруашылығы
соңғы он жылдықта едәуір өзгерістерге
ұшырады және ол құрылымдық өзгерістермен
байланысты болды, бүгінгі күні 80% жуық мал шаруашылығы
өнімі халық шаруашылығымен өндіріледі. Сондай-ақ
мұндай жағдай мал әлеуетінің генетикалық әлеуетін
арттыру сұрақтарын шешуді күрделендіреді,
ветеринарлық-санитарлық бақылаудың қатаң
болуы, азық-түлік базасының нығаюы, сондай-ақ
саланың өңдеуші кәсіпорындары үшін шикізат
сұрақтарының шешімі[8].
Жалпы
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР сияқты
Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысының
рентабелділігінің 2013 жылға дейін төмендігі, сонан соң
оның өсімі
байқалады.
Сонымен қатар
ауылшаруашылық қалыптасулардың малшаруашылығымен
айналысатын рентабелділік деңгейі өсімдік шаруашылығымен
айналысатындарға қарағанда едәуір жоғары.
Облыс
бойынша жалпы инвестицияның көлемінің үлесі Тамақ
өнеркәсібі Ауыл
шаруашылығы
![]()

Сурет 4
- ОҚО АӨК инвестициялар серпіні
Қазақстандағы
ұйымдастырушылық-экономикалық қатынасты
реформалаудың қазіргі кезеңінде АӨК тұрақты
қызмет етуінің басым шарттарының бірі аймақ
экономикасын дамытудың барлық факторларын, инвестициялық
үдерісті қоса алғанда толығымен пайдалану болып
табылады. Инвестициялық үдерістің әлеуеті
Қазақстан аймағының қызмет етуінің
мәні бар шарттарының қатарына жатады. Республика
аймақтарында ауылшаруашылық қалыптасулардың
инвестициялық тартымдылығын арттыру тетігін дамытуға ерекше
рөл беріледі [9].
Белгіленген қаржылық тұрақтылық,
ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндіріс
АӨК, әсіресе ауылшаруашылығына инвестицияның келуіне
ықпал етті.АӨК негізгі капиталына инвестициялар үлесі
экономикаға келген инвестицияның жалпы көлемінен 3,52%-дан
(2011ж) 5,25% дейін (2015ж) артты (4 сурет).
Аймақтық АӨК-де болып жатқан оң
өзгерістер, оны инвесторлар үшін тартымды етті. Ауылшаруашылығына
инвестициялар 2014 жылы 5372 млн.теңгеден 2015 жылы 10833
млн.теңгеге дейін артты. 2015 жылы ауылшаруашылығына инвестициялар
көлемі 6617 млн.теңге болып, 2014 жылдың деңгейінен
38,9% төмен болды. Ал тамақ өнеркәсіпорындарында
керісінше 2014 жылы инвестициялар
қысқарды, ал 2015 жылы инвестиция салымы 4,5 есеге артты, бұл
2014 жылға қарағанда 4,5 есеге жоғары.
Аймақтың аудандарының кесіндісінде ауылшаруашылығына
инвестициялар 3 кестеде көрсетілген.
3 кесте – ОҚО бойынша
ауылшаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар, млн.теңге
|
|
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Барлығы
облыс бойынша |
5
372 |
5510 |
7
521 |
10
833 |
6
617 |
|
Оның
ішінде |
|
|
|
|
|
|
Шымкент
қ.ә. |
1
161 |
694 |
4 |
2
910 |
835 |
|
Арыс
қ.ә. |
- |
15 |
1
080 |
803 |
221 |
|
Кентау
қ.ә. |
- |
- |
11 |
- |
- |
|
Түркестан
қ.ә. |
8 |
- |
17 |
25 |
866 |
|
Байдібек |
1
880 |
1728 |
757 |
94 |
128 |
|
Қазығұрт |
48 |
40 |
318 |
529 |
623 |
|
Мақтаарал |
365 |
234 |
179 |
246 |
0,3 |
|
Ордабасы |
742 |
369 |
2
250 |
3
907 |
676 |
|
Отырар |
33 |
176 |
22 |
52 |
1
532 |
|
Сайрам |
351 |
420 |
1
994 |
1
208 |
624 |
|
Сарыағаш |
80 |
- |
363 |
842 |
191 |
|
Созақ |
1 |
- |
43 |
16 |
- |
|
Төлеби |
177 |
1348 |
280 |
104 |
597 |
|
Түлкібас |
525 |
486 |
147 |
33 |
287 |
|
Шардара |
1 |
- |
56 |
64 |
38 |
3 кестеден көріп
отырғандай, 2011 жылы ауылшаруашылығына инвестициялар Байдібек
ауданына, Шымкент қаласы және Ордабасы ауданына бағытталды.
2015 жылы ауылшаруашылығына инвестициялардың үлкен
көлемі Отырар ауданы, Түркестан қаласы, Шымкент қаласы,
Қазығұрт ауданы, Сайрам және Төлеби
бағытталды.
АӨК
инвестициялық үдерістің дамуын анықтайтын негізгі
факторларға кешеннің кәсіпорындарының
қаржылық-экономикалық жағдайын жатқызуға
болады, сонымен бірге кәсіпорындағы ұйымдастыру және
басқару, материалды техникалық база, шаруашылық субъектілер
арасындағы өндірістік өзара қатынас жүйесі,
кадрлық қамтамасыз ету және т.б. болып табылады. Сонымен
қатар, инвестициялық қызметке оң әсер ететін
келесідей белгілерді атап өтуге болады: мамандандырылған
нарықтың инфрақұрылым қызметін құру
және белсендіру; құнды қағаз бойынша
табыстың төмендеуіне мемелкеттік саясаты жүргізу, бұл
экономиканың өндірістік секторының пайдасына
қаржылық ұйымдармен салымдарды қайта
бағыттауға ықпал етеді.
АӨК
инвестициялық қызметінің аталған оң
тұстарына қарамастан, жалпы оны инвестициялаудың жеткіліксіз
екендігін атап өту қажет. АӨК төмен рентабелділігі
меншікті қордың тұрақты түрде
жетпеуі,сондай-ақ ликвидті кепілдендірілген мүліктің болмауы
бұл саланың күрделі салым үшін болашағын
төмен етеді [10].
Ауылшаруашылығы
өндіріснің материалды-техникалық базасының
жағдайы (негізгі қорлар) көбінесе өнім
өндірісінің экономикалық тиімділігін анықтайды.
Олардың жағдайы техниканы сатып алу, техникалық
жабдықтау, жаңа құрылыс түріндегі
жаңартуға бағытталған, инвестицияның шамасынан
тәуелді болады. Қазіргі уақытта бұрынғыдай,
ауылшаруашылық техникаларының тапшылығы, өндірістік
алаңның жетіспеушілігі, ауылшаруашылық негізгі капиалына
инвестициялар үлесінің аз болуы және т.б. тән болып
келеді.
Нарықтық
экономика өзінің ерекшеліктерімен сипатталады, сондықтан оны
бағалау қиын, ол шаруашылық пен меншік субъектілері
арасындағы өзара қатынасты реттейтін тетіктерді қажет
етеді.
Соңғы
жылдары мемлекеттік деңгейде
инвестициялық саясаттың едәуір өзгерістері
байқалады, атап айтқанда АӨК дамуының мүдделі
ұлттық жобасын жүзеге асырудан көрінеді, ол мал
шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын тікелей бюджеттік
қаржыландырудан, түрлі шаруашылық және меншік
формаларының субъектілерін жеңілдікпен несиелеуден тұрады.
Өндірістік ресурстық әлеуеттің құлдырауы
аясында қаржыландыру көлемінің жеткіліксіз болуына
қарамастан, аграрлық сфера мемлекеттік мүдде болып
табылатындығын сенімдікпен айтамыз, бұл өз кезегінде
АӨК-нің инвестициялық тартымдылығын арттыруға
ықпал етеді.
АӨК
инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ болашағы бар міндетті
қояды және қазіргі нано-биотехнологияның негізінде
арнайы бағытында және жалпы бағыттағы бәсекеге
қабілетті, экологиялық қауіпсіз тамақ өнімдерін
өндіру үшін ауылшаруашылық шикізаттарын сақтау мен
өңдеудің технологиялық жүйесін
құрумен байланысты болып табылады.
АӨК даму
мәселесін шешу қаржыландыру деңгейімен негізделеді,
көбінесе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және аулшаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың мүдделі бағыттарын шоғырландыру негізінде
стратегиялық жоспарлау қағидаларына қарай іске асатын
мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асады.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
2 Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ»//Қазақстан Республикасы Президентінің
ресми сайты. – Қол жеткізу тәртіптемесі, 17.01.2014 ж.
3 «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы
4
Бейсенбина А. Инвестиционный потенциал регионов Казахстана и эффективность его
использования. / В сб.: Рынок: проблемы становления и развития. – Алматы, 2013.
5
Нурланова Н.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана:
стратегия и механизм.- Алматы: Ғылым, 2005.
6 Экономика сельского хозяйства и перерабатывающей
промышленности. – М.: Под редакцией Колоховой, 2015. 13 Экономика отраслей АПК.
– М.: Под редакцией Минакова, 2014
7 Ахметов Р.Г Инновационная деятельность и
финансирование инвестиций в сельском хозяйстве/ Ахметов Р.Г., Шайкин В.В//
.-М.: Изд-во МСХА.-2012
8 Қазақстан цифрларда / Статистикалық
мәліметтер жинағы/ ҚР статистика агенттігі 2016 ж.
9 ОҚО Статистикалық агенттік жинағы,
2016.
10 Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл
шаруашылығы мәліметтері Шымкент 2016 ж.