К.э.н. Бекхожаева А.К.
Магистрант Жумабай Т.
Кызылординский государственный университет имени Коркыт
Ата, Казахстан
Аймақтың инновациялық дамуының заманауи аспектілері
Мемлекетте инновациялық және қаржылық
инфрақұрылымның элементтері құрылып, инновациялық
сфераны реттейтін нормативтік-құқықтық база
тұжырымдалған. Қазақстанның ұлттық
инновациялық жүйесінің элементтері келесі кестеде
көрсетілген.
Сурет 1. Қазақстанның
ұлттық инновациялық жүйесі:
Ескерту: сурет автормен жасалған
Қазақстандағы
қаржылық инфрақұрылымды алдымен «Ұлттық
инновациялық қор» АҚ (ҰИҚ), отандық
және шетелдік венчурлік қоры, ғылым фонды
ұсынады.Қаржылық инфрақұрылымды құру
мен дамыту негізінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы №502
қаулысымен Ұлттық
инновациялық қоры құрылған. Оның негізгі
міндеті мемлекеттегі инновациялық белсенділікті көтеру, жоғарытехнологиялық
және ғылыми ауқымды өндірісті дамыту болып табылады.
Бүгінгі таңда «ҰИҚ» АҚ 563
жоба қарастырылды, соның ішінде: 176 инвестициялық жобалар,
383 ғылыми танымдық және тәжірибелі конструкторлы
зерттемелер, 4 үздік жоба NIF$50K жылдық сайыстың
жеңімпаздарына. 1шілде 2016 жылы 46 ғылыми танымдық
және тәжірибелі конструкторлық зерттемелер мен 5
инвестициялық жоба аяқталды. Инновациялық саясаттың
тиімді іске асуын қамтамасыз етуі үшін 2001 жылы инновациялық
дамудың процестері мен мемлекеттік қолдаудың бірегей
операторы – «Технологиялық реттеу жөніндегі ұлттық
агенттігі» (ТРЖҰА) АҚ ашылған болатын. Бүгінгі
таңда 4 ұлттық
9 аймақтық технопарктер қызмет атқарып тұр. 2016
жылы технопарктердегі инкубациялау қызметін көрсету үшін
экономиканың басымды әр
саласынан 36 жоба іріктеліп алынды, бүгінгі күні олар
шығарылуға дайындықта тұр.
Кәсiпорындардың
жаңа тауарды жылдам игеруге
жәрдемдесу мақсатында 3
мамандандырылған мұнайлы-газды, тау-кен-металлургиялық
және көлiк машинажасау
конструкторлық бюролары құрылды. Конструкторлық
бюролар машина жасау өнiмiне сұраныс пен ұсыныс нарығын
талдайды, ірі тұтынушылардың тапсырыстарын интеграциялайды, оларды
қазақстандық машин ажасау кәсіпорындарына
орналастырады, және қажеттi
бұйымдардың жаңа номенклатурасын жылдам игеру үшiн оларға
қаржылық және қаржылық емес көмек
көрсетеді. 2018 жылға дейiн ауыл шаруашылық, машина жасау
төңiрегiндегi тағы 2 конструкторлық бюроларын ашу
жоспарланып отыр.
Француз және
кәрiс ұлтының инвестициялары және алдынғы
технологиялар ғылымдарын тарту үшін Қазақстан
Республикасында Қазақстан - Француз
және Қазақстан - Кәрiс консорциум
түрiндегі технология трансферті орталығы ашылды.
Ғылыми зерттеу
институттары мен университеттер аясында инновациялық
қызметтің нәтижесін коммерциализациялау үшін
коммерциализация кеңсесін іріктеу байқауы өтті.
Технологиялық
жаңғырту және бизнес-процесс пен өндiрiстi оптимизациялау
үшiн 2010 жылы гранттық бағдарлама басталған.
Оның шеңберінде озық
технологияларды трансферттеу бойынша 38 жоба қолдауға
алынды. Отандық әзірлемелерді шетелде патенттеуге 1,7 млрд.
теңге бөлінген болатын.
Ұлттық
инновациялық жүйесінің инфрақұрылым
элементтерiнің көп түрі жасалып қойған болса да,
тиімділігі туралы айту ерте.
Ұлттық инновациялық жүйесінің қазіргі
жағдайы мен тиімділігін статистикалық көрсеткіштер
арқылы бақылауға болады. Қазақстан
Республикасының Статистика агенттiгінің мәлiметтеріне сәйкес 2016 жылы
ЖІӨ-нің тек 0, 86% инновациялық өнiм
құрады. Салыстырмалы түрде 2015 жылдан (0,66 %) 0,
20%-ға жоғары.
Осы көрсеткiштің максималды
мәні 2005 жылы (1, 58%) бақыланды. 2016 жылы инновациялық
өнiмдер үлесі өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiн
қоса есептегенде барлығы 1,
2 % құрады, бұл 2009
жылға қарағанда 0,
2%-ға жоғары. Осы көрсеткiштің максималды мәні
сәйкесiнше 2005 және 2006 жылдары 2,3% және 2,4%
болған. 2016 жылы кәсіпорындағы ғылыми-зерттеу және
жобалы-конструкторлық бөлімшелер саны 11191 адам жұмыс істейтін 723 бірлікті
құрады. 214 (29,6%) бірлік Алматы қаласында шоғырланды,
161 (22,3%) Қарағанды облысында, 105 (14,5%) Шығыс Қазақстан
облысында шоғырланды [1].
Инновация саласындағы
кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 2011 жылы 5,7%, 2016 жылы
4,3 % құрады, бұл 2008 (4,0%)
бен 2009 (4,0%) дағдарыс
жылдардан 0,3% -ға жоғары. Бұл көрсеткіш минималды
деңгейді 2003 (2,1%) жылы
көрсетті, бұл мемлекеттік саясаттың ҰИЖ
құру бастамасы болып табылады. Қазақстан
Республикасында инновациялық белсенді кәсіпорындар саны 2011 жылы
614 кәсіпорынды құрады, салыстырмалы түрде 2016 жылы
бұл көрсеткіш 467 болды. 2016 жылы біршама инновациялық
белсенділік деңгейі жоғары
кәсіпорындарға Жамбыл (7,8%) , инновацияның
әрекетсіздігі байқалған аудандарға Ақмола облысы (0,7%) , Алматы
облысы(0,9%), Маңғыстау облысы (1,1%) жатады. 2016 жылы жеке
меншiк түрлерi бойынша кәсiпорындардың инновациялық
белсендiлiгі былайша көрiнедi: Мемлекет меншігіндегі
кәсіпорындар-9,8%, жеке
меншік-4,8%, басқа мемлекеттердің
меншіктері, олардың заңды тұлғалары мен
азаматтары-3,6%.
2016
жылғы зерттеулердің жіберілген дайын нәтижелері мен
зерттемелерінің 12,8%
иемденгені, 66,1% -на
қарсылас келеді. 41,7 % жабдықтарды сатып алу 0,1 %
сатуға қарсылас келеді , 2007 жылы жаңа технология
құрылымында және программалық әдісте
диспропорцияның бар екендігі айқын көрініп тұр.[2]
2016
жылы мемлекет бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың
өндірісі көлемінде
инновациялық өнім
бөлігі 1,2 %-ды құрады. Осы көрсеткіштің
ең үлкен бөлігі, 10,2 %,Павлодар облысында
байқалған. Атырау, Батыс
Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау
облыстарында өнеркәсіптік кәсіпорындардың
өндірісі көлемінде инновациялық өнім бөлігі мүлдем жоқ деп
есептеуге болады. Қазақстанның астанасы, Астана
қаласында ірі индустрияның
болмауына байланысты бұл
көрсеткіште жоққа
жақын [3]
Осылай Қазақстанда инновациялық
сфераның дамуына белсенді түрде амалдар қолданылып
жатқанын айтуға болады. Бірақ ұлттық
инновациялық жүйе ойлаған мақсаттай жүзеге аса
қойған жоқ. Еңбек ақының төмен болуы
және зерттеу жұмысы мен инженерлік еңбектің жеткіліксіз
мәртебесініңболмауынан ғылыми зерттеу мен
тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) айналысатын
адамдар саны аз болу себебі осында.
ҒЗТКЖ қызметкерлері мен ғылыми-зерттеу ұйымдары
мемлекеттің тек бірнеше
инновациялық-белсенді аймақтарына көңіл бөлуі
ұлттық инновациялық жүйенің дамуына кедергі
болады. Мемлекетте ғылым мен өндірістің арасында
байланыстың ажырастығы, горизонтальдық байланыстың
шектілігі, іргелі зерттеу жұмыстарының нәтижесін
коммерциализациялаудың жетіспеушілігі байқалады. Экономиканың
технологиялық құрылымында ескірген үшінші тәртіп
басым болып келеді, негізгі құралдың тозу деңгейі сол
қалпы жоғары және едәуір модернизациялауды қажет
етеді, әсіресе бұл
өңдеу өнеркәсібіне қатысты. Мемлекетте зерттеу
орталықтары мен ірі шетел трансұлттық корпорациялардың
зерттемелері жеткіліксіз болып табылады.
«ҰИҚ» АҚ
жарғылық капиталы 217 млн. АҚШ долларын құрайды.
Оның жүз пайыз акциясы «Самрук-Казына» ұлттың
ауқаттылық фонды мен «Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлігі мен жекешелендіру
комитеті» МБтүрінде мемлекет меншігі болып табылады. «ҰИҚ»
АҚ сенімді басқармасымен Қазақстан Респубикасының
индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі айналысады. «ҰИҚ» АҚ инновациялық фондтардың
жарғылық капиталына қатыса алады, инновацияны табу мен
енгізуді компанияның жарғылық капиталының үлескерлік бақыланбайтын бөлігі
арқылы қаржыландыра алады.
Сонымен қатар инновациялық
инфрақұрылымның дамуы мен отандық инновацияның сыртқы
нарыққа шығуы, мемлекеттің инновациялық
белсенділігін жоғарылатуға бағытталған іс-шараларды
ұйымдастыру мен өткізу ҰИҚ құзыреттілігіне
кіреді. Инновациялық технологияларды өткізу, алмастыру, дамыту
мақсатында қор халықаралық қарым-қатынасты
нығайтады.
Инновациялық саясатты
жүзеге асырудағы нәтижелілікті қамсыздандыру үшін
2011 жылы «Технологиялық реттеу жөніндегі ұлттық
агенттігі » АҚ (ТРЖҰА) құрылған. Ол
инновациялық даму үдерісі координациясы мен мемлекеттік
қолдау көрсету шараларын ұсынудағы уәкілеттілігінің
бірыңғай операторы болып табылады.
ТРЖҰА-нің негізгі
функциясына жататындар: инновациялық даму үдерістерін
ақпаратты-аналитикалық алып жүру, технологиялық болжау
мен жоспарлау жұмыстарын өткізу, инновациялық қызметті
дәріптеу; қаржыландыруды
ұйымдастыру- операциялық алып жүру мен
өткізілген жобалар нәтижесіне мониторинг өткізу,
инновациялық жобалар мәліметі бойынша ақпараттық банк
құру және коммерциализациялау қызметін жүзеге
асыру, инновациялық инфрақұрылымын басқару,
инновациялық жобаларды тікелей жобалық және гранттық
қаржыландыру, ақпараттық, біліми және
қаржылық ресурстарды шақыру құралы ретінде халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастықта болу.
Өндірістік-технологиялық,
ақпараттық, эксперт-консалтингтік және инновациялық
қызметтің білім инфрақұрылымын дамытудағы
маңызды рөлді технопарктік
құрылымдар ойнайды. «Инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау» 23наурыз 2006 жылғы N135
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес:
«Технологиялық парк (Технопарк)- тиімді инновациялық ортаны
құру мен дамыту арқылы инновациялық қызметпен
айналысуға қолайлы жағдай туғызылатын заңды
тұлғаның жеке меншік құқығы бар
немесе басқа да заңды негізде бірегей
материалдық-техникалық комплексті территориясын айтамыз».
Қазақстанда технопарктік инфрақұрылым екі
деңгейде көрсетілген. Республикада 4 ұлттық, 10
аймақтық технологиялық парк жұмыс атқарады. [4]
Аймақтық
деңгейдегі технопарктер өнеркәсіптік кәсіпорындар
аймағында, ғылыми және академиялық ұйымдар
базасында құрылады. Аймақтық технопарктер
технологиялық деңгей мен жергілікті экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін дамытуға, шағын және орта
ғылыми ауқымды бизнесті жетілдіруіне жағдай жасауға бейімдендірілген. Осы күндері технопарктер
қызметінің маңызды
бағыттары анықталған, аймақтағы технопарктерді
жайғастыру шарасы өткізілген, аймақтық технопарктерді
дамыту концепциясы ойластырып жасалған, мұнда технологиялық
бизнес-инкубирлеу, рейтингтік жүйе, еркін баға саясаты,негізгі
нәтижелі көрсеткіштер арқылы технопарк қызметін
бағалау кіреді.
Қазақстан Республикасының аймақтық технопарктері
келесі кестеде көрсетілген:
Кесте 1
Қазақстан
Республикасының аймақтық технопарктері
№ |
Технопарк |
Мақсаты мен міндеттері |
Қызмет саласы: |
1 |
ТОО
«Кызылжар» «Солтүстік-Қазақстан аймақтық Технопаркі |
Аймақтың
инновациялық потенциалын анықтау мен дамыту,
интеллектуалдық потенциалды тиімді пайдаланып экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін дамыту, мемлекеттік-жеке серіктестік
механизмі арқылы аймақта жаңа білімді тарату мен
коммерциализациялау. |
Экологиялық таза технологиялар; жаңа
құрастырымдық материалдар; |
2 |
«Алгоритм» Технопаркі Уральск ТРЖҰА |
Мұнай-газ саласына машина жасау;
мұнайхимия ; аспап жасау(приборостроение); |
|
3 |
«UniScienTech»Техно паркі ТРЖҰА Карағанды,қ. |
Тау-кен металлургиясы саласы;
жаңа материалдарлы шығару; машина жасау (машиностроения); |
|
4 |
«Алтай» Технопаркі Өскемен,қ.ТРЖҰА |
Түсті металдарды өндіру
және қайта өндіру; ақпараттық технологиялар; |
|
5 |
К.И.Сатпаева атындағы КазНТУ Технопаркі ТРЖҰА |
Ауданы 2
090 кв.м. мұнай-газ өнеркәсібі; металлургия; машина жасау; |
|
6 |
Павлодар технопаркі |
- |
|
7 |
Алматы
аймақтық технопаркіТРЖҰА |
2958 кв.м. – құрылыс
технологиялары және құрылыс материалдарын өндіру; |
|
8 |
ТОО «Оңтүстік
Қазақстан облысының Технопаркі»ТРЖҰА |
Құрылыс
материалдарының химиялық технологиясы; |
|
9 |
ТОО«Актобе» Аймақтық индустриалды технопаркі» |
Тау-кен металлургиясы; ауыл
шаруашылығы; мұнай-газ; |
|
1 |
ТОО «Астана» Аймақтық технопаркі» ТРЖҰА |
Құрылыс саласындағы
технологиясын дамыту мен құрылыс материалдарын өндіру; |
Ақпарат
көзі: «Ұлттық
инновациялық қор» АҚ сайты // http:www.nif.kz
Ұлттық
технопарктер салық салу жеңілдіктері бар Арнайы экономикалық
зонасымен (АЭЗ) ұйымдастырылып, территориалды қосылған. Мұндай
технопарктер Қазақстанның болашақтағы
экономикалық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
мақсатындағы жаңа мықты салаларды даярлауға
бағытталған. Келесі кестеде Қазақстан
Республикасының ұлттық технопарктері көрсетілген:
Кесте 2
Қазақстан
Республикасының ұлттық технопарктері
№ |
Технопарк |
Мақсаты |
1 |
Арнайы экономикалық зонаАлатау
«Ақпараттық
технология паркі»ТРЖҰА |
Ақпараттық
технология саласын дамыту |
2 |
«Токамак» ядерлік технологиялар технопаркі, Курчатов, қ. |
Ядролық
қауіпсіздік технологиясын жасау мен дамыту |
3 |
Космостық мониторинг Технопаркі, Алматы,қ. |
Космостық
мониторинг технологиясын жасау мен дамыту |
4 |
Ұлттық индустриалды
мұнайхимиялық технопаркі, Атырау,
қ; |
Мұнай өнімдерін терең
қайта өндіруді дамыту . |
Ақпарат
көзі: «Ұлттық
инновациялық қор» АҚ сайты // http:www.nif.kz
Қазақстандағы
технопарктердің болашақта дамуы ғылым мен
өндірістің арасындағы байланысты нығайтуға,
жаңа технологияларды енгізу, өнеркәсіптегі еңбек
өнімділігін жоғарылату, жоғарытехнологиялық және
бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға байланысты
міндеттерді орындауға бейімделген.
Қазақстандық
технопарктердің жартысы өзіне бизнес-инкубатор қызметін
қосады. Инкубаторлар- пайда болу кезеңінде тұрған
жаңа инновациялық фирмаларға әртүрлі қызмет
көрсететін көпфункционалды
комплекс. Басқа сөзбен айтатын болсақ инкубаторлар
жаңа инновациялық кәсіпорындарға «аман қалу»
үшін қажет, оларға
дамуының ең ерте
кезеңдерінде ақпараттық, кеңестік, бөлме мен
жабдықтарды жалға беру және тағы да басқа
қызмет түрлерін көрсету арқылы көмек беру.
Қазақстандағы
жобалардың бизнес инкубаторы 24 ай ішінде өтелімділік бизнес
деңгейіне шығу керек, әйтпегенде келешегі жоқ жоба саналып, ары қарай қолдау
көрсетілмейді. 2016 жылы 209 өтініш жиналды. Инкубирлеуге жалпы
соммасы 306 млн.теңгені құрайтын 40 инновациялық жоба өтті. Бизнес
инкубирлеу шегінде бизнес-жоспар құру, заңгер мен
бухгалтерлік, инжинирингтік кеңес беру қызметтері ұсынылады.
Жоба резиденттеріне кеңселік бөлме, лаборатория мен оргтехника
беріледі. Бизнес инкубирлеу
жобаның үлгісін жасау, патенттеу және апробация мен сынаудан
өткізуде қолғабыс болады.
2018 жылға дейінгі
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық
стратегиясына сәйкес Қазақстанның ұлттық
инновациялық жүйесі ашық типке жатқызылады. Бұл
жүйе тек отандық жобалармен жұмысын шектеп қоймайды. Егер жақсы
жобалар мемлекеттен тыс болса да оған кіріседі. Жақсы зерттемелерді
қамтамасыз етуде бұл жүйе дүние жүзіндегі жетекші
технологиялық орталықтарын анықтауды ескереді, өйткені
онда көп жаңа және жақсы зерттемелер жиналады.
Әдебиеттер
1. Волкова А.С. Современные подходы к
определению понятия «Национальная инновационная система» //Сервис в России и за
рубежом. 2007. №2. С.58.
2.С.Ю. Глазьев, О. Сабден
/Интеллектуальная экономика - технологические вызовы XXI века/Алматы:
Эксклюзив, 2009
3. Н. Искичекова
Источник: http://exclusive.kz/articles/blic/7477
4. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өріс –Қазақстанның
жаңа мүмкіншіліктері –ҚР Президенті Н.А.
Назарбаевтің халыққа жолдауы