Сапарова М.Ә., Қосыбаева У.А., Сыздыкова Н.К.,
Смаилова А.С.
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ Қарағанды қ.,
Қазақстан Республикасы
Орта мектеп математикасын үш тілде оқыту
әдістемесіне талдау
Кілттік сөздер:
үштілділік, орта мектеп, бағдарлама, математика, әдістеме.
Ключевые слова: язык, трехъязычие, программа, средняя школа, методика.
Key words: trinity, high school, program, mathematics, technique.
Түйіндеме: Осы мақалада орта мектеп
математикасын үш тілде оқыту әдістемесіне талдау жасалады.
Орта мектеп математикасын үштілде оқытудың
артықшылықтар мен кемшіліктер айтылып, үштілді білім
берудің мақсаттарына зерттеу жасалды.
Резюме: В этой
статье анализируется методика обучение трехъязычие в средней школе. Обсуждается
приориеты и недостатки обучение трехъязычие математики средней школе и
исследуется цель обучение трехъязычий.
Resume: This
article analyzes the technique of teaching trilingualism in high school. The
priorities and shortcomings of the teaching of trilingual mathematics are
discussed, and the goal of teaching trilingualism is explored.
Әлемде
кең тараған тілдердің бірі ағылшын тілі. Ол тілдерді
білу көптік етпейтіні ақиқат. Себебі көптілді
меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан
көптілді білім берудің басты мақсаты әр білім
алушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды
қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Көптілді меңгерген,
өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге,
өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті
тұлға қалыптастыру. Бүгінде елімізде ағылшын
тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Ағылшын тілін
үйрететін топтар, үйірмелер ашылуда.
Оның жүзеге асырылуына
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш
тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр.
Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі
туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде
отандық мектептен маманның шығармашылық
өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің
қоғамдық өмірдің барлық саласында
қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық
келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы
ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік
белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми
ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде
енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап
етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде
талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып
отырғандығы қуантады. Қазіргі таңда
оқушыларға компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен
сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр [1].
Көптеген оқытушылар
техникалық құралдарды тиімді пайдалана отырып,
әдістемелік тұрғыдан саралай алуан түрлі
әдіс-тәсілдер қолдануда. Әрине ол оқытушыдан
үлкен сауаттылықты, ізденісті қажет етеді.
Қазіргі кезде
адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық
және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік
талаптар қойып отыр.
Көптілділік мәселесі –
Қазақстан Республикасы үшін ғана емес, бүкіл
әлемнің алдында тұрған көкейтесті
мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және
киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12
сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы
кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп,
Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара
бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға
айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді
меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің
бірі.
Біріншіден, үштілділікке
балабақшадан, бастауыш сыныптан бастап үйретуге
тоқталсақ. Еуропа экономикалық ынтымақтастық
және даму ұйымына (ЕЭДҰ) мүше 17 елде ағылшын
тілі шетел тілі болғанына қарамастан бастауыш сыныптан бастап
өткізілуде. Осы 17 елдегі бірнеше сабақ ағылшын тілінде
жүргізіледі.
Екіншіден, үштілділікке
көшу елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Дамыған елдердің үздік ондығындағы мемлекеттер екі
тілді қатар меңгерген. Олардың 8-і – ағылшын тілін білуі
бойынша ең жоғарғы «EF» деңгейінде.
Үшіншіден, үштілділік
қазақ тілінің де мерейін үстем етеді. Қазақ
баласына ағылшын тілін білуі қалай жүктелсе,
Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкіліне де
қазақ тілін білуі солай міндеттеледі. Бұл өз кезегінде
өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуіне
жол ашады.
Көріп отырғамыздай,
тілді пән ретінде оқытудан басқа, өзге де
пәндерді түрлі, яғни, орыс, ағылшын тілдерінде
оқыту арқылы тілдердің үштұғырлығына
қол жеткізу көзделген. Сонымен қатар, мектеп
кітапханасының үштілді ресурстармен қамтамасыз етуі
оқушыларға кез келген мәтінді, шығарманы
түпнұсқадан оқуға жағдай жасап, білімін
ұштауға мол мүмкіндік ашады әрі шетел жазушысының
шығармасы болса, терең эстетикалық ләззатті сезінуге
жол ашады [2].
Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш
тілді бірдей қолдану, іс-қағаздардың үш тілде жүргізілуі
тілді білуді әрі қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар
тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды және осы
жұмыстарды еліміздің барлық мектептеріне енгізу –
үштілділік бағдарламасын іске асырудың жолы болмақ.
Білім берудегі басты міндет- ұлттық
және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың
жаңа технологисыненгізу, білім беруді ақпараттандыру. Біз жас
мемлекетіміз өсіп, жетіліп, біздің балаларымыз онымен бірге ер
жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім
өрісі биік , денсаулықтары мықты өкілдері
болады.Қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйелерінде
қайта құру жүріп жатыр, білім берудің жаңа ұлттық
моделі құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатқан
жұмыстардың негізгілердің бірі орта мектепте математика
ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып
табылады. Осындай ізгі мақсаттарды іске асыруда Республикамызда білім
беру жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауда. Мемлекеттік
стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламасы жетілдіріп ,
жаңа мазмұңдағы оқулықтар шығарылып,
жаңа типтегі оқу орындары пайда болды. Сонымен қатар білім
сапасына да қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін
ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері,
оқытудың жаңа технологилары кең көлемде
практикалық қолданысқа ие болды.
Міне осындай маңызды
мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой
еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең,
жан- жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай
математикалық білім берудің басты шарты – математикалық
мәдениеттің деңгейін қөтеру болып табылады. Орта
мектеп математикасын ағылшын тілінде оқыту көптеген мүмкіндіктер
береді. Оқушылардың ғылыммен тереңірек айналысуына,
болашаққа үлкен жол ашады.
Математика сөзінің
өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай
болса ежелгі замандардан–ақ математикалық білімді
ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде
қабылдаған.
Математика – ғылым болмысынан
балама ұғымдар.Сондықтан да математика барлық
ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры ретінде
қарастырылады:
Математика ең алдымен
оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін
қалыптастырады,дамытады және шындай түседі.
Математикалық тілде тілдесу
қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының сөз
коммуникацисы, яғни сойлеу мәдениетін дамытады;
Математика әлемде болып
жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды
дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
Математика- болашақ
тұлғаның моральдық, эстетикалық және
этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.
Математиканың
жасөспірімдердің мүлтіксіз және заңдылықты
жүйемен ойлау қабілетін тәрбиелеудегі алар орны мен
рөлі белгілі дәрежеде жұртшылықтың
мойындағаны белгілі.Математиканың білім беруде оқушының
дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырып, оны дамыту барысында
атқаратын ең басты міндегі ретінде тәрбиеленушіге дәйекті
аргументацияның толыққандылығын уағындау,
ұғындыру және оның бойына сіңіру болып табылады.
Математиканы оқыту орта білім
берудің маңызды компоненті болып табылады, өйткені
ғылым-техникалық прогресс дәуірінде математика
жаратылыстанудың, техниканыңжәне өндірістің тілі
мен құралы ретінде пайданылады.Еліміздің ғылыми –техникалық
потенциалы мектеп математика курсын оқыту сапасына байланысты болады[3].
Математиканы кәсіби
меңгеруге даярлау мен қатар таңдап алған
мамандығына тәуелсіз барлық оқушыларға
математикалық дарлықтың кепілді деңгейін
қамтамасыз ету оқытудың маңызды мәселесі болып
табылады. Мектептегі математиклық білім беруді қайта
құрудың негізгі міндеті, оқытудың
әдістемелік жүйесінің дамуы және ақпараттық
атқару функциясы. Адам қызметінің түрлі облыстарын
математикалық компьютерлердің пайда болуын күшейтеді. Осының
бәрі математикадан шығатын нақты математикалық білімді,
белгілібір ойлау стильін қажет етеді.
Математиканың
практикалық пайдасы, оның адам тәрбиесіндегі күнделікті
менгерілген қарапайым түсініктерден бастап,ғылыми және
техникалық дамыту үшін қажетті күрделі нақты
әлемнің фундаментальды құрылымның кеңістік
формалары және сандық қатынастардың пән болып
келуінің шарттарынан шығады.
Қазақстанда бір ғана
тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген
мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру
үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген
шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып,
оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын
діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал
жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді
қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі
жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз.
Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын
түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты
ұстануға оң көзбен қарап, құптаса,
енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде. Әрине мен
бұған оң көзқарастамын [4].
Көптілді оқыту – жас
ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол
ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп,
өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі
күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы.
Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік
және кәсіптік анықтауға қабілетті,
мәдениетті тұлғаны дамыту және
қалыптастыру.
Әлемдік
ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып
танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді
байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып
тұрып ала бастаған Қазақстан үшін
қажеттілік.
Көптілді
меңгеру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын
дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және
мәдени қарым- қатынастардың аса маңызды
құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының
сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және
зияткерлік іс-әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу
қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа
мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта,
көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі
саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдалана алатын
адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару –
мемлекеттің міндеті[5]. Қазақстанның
тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі
көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру
жүйесінде оқытушыларға қойылатын талаптардың бірі
— өздерінің меңгерген мамандықтарын ағылшын
тілінде дұрыс игеру.
Сондықтан үштілділік білім
жүйесін жолға қояр алдында бұл жүйенің
бүкіл артықшылығы мен кемшілігі ескеріліп, әбден
пісіріп-жетілдірілуі қажет. Сонда ғана ол біздегі білім
жүйесін алға сүйрейді. Басқа тілді білу ана тілді
ақсатпайды. Одан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше,
көп тілді білу оқушының білімін ұштауына,
зердесінің молаюына көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Ақиқат.
2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
2. Америка ғалымының көзқарасы. Идея
триединства языков в Казахстане правильна и будет способствовать развитию
страны. // Казинформ. -15 мамыр.
- 2008жыл .
3. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына
жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана,
2007.
4. Хасанұлы Б.
Тілдік қатынас негіздері, 2008.
5. Әбдуәли
Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31.
2008.