Кошенова Л.Ш., Оразбаева Н.С., Оспанова Э.К.

№38 орта мектебі, Казахстан

Мектеп тынысы

 

 «Тәрбие басы - тал бесік», - дейді халқымыз. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндетінің шешілуі үздіксіз білім берудің, тәрбиенің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы орынды.

Мектепке алғаш келгенде біздің балаларымыздың көпшілігі дұрыс сөйлей алмай, өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын, өзіне деген сенімі жоқ, ата-анасының көмегінсіз ештеңе жасай алмайтын болып келеді.

Қазіргі таңда жаңа техноголия заманы, сондықтан да, мектептерде де, бала бақшаларда да жаңа бағытта, инавациялық технологияны қолдану арқылы балалардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағыттармен біздің мектебімізде «LESSON STUDY» бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бағдарламаны меңгеру және оны өз жұмысында қолдана алу үшін мұғалімдерден топтар құрылып ол топтың жетекшілері (осы бағдарламаны оқып келген мұғалімдер) сайланған және осы топтық жұмыстардың қалай өткізіліп отыратындығы жөнінде директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л. Көшенова қадағалап отырды. Біздің осындай топ жетекшіміз Нұрила Оразбаева.

Нұрила Сайлаубекқызы бізге осы бағдарламамен оқу іс-әрекет барысында қалай жұмыс жасауға және оны қалай қолдануға болатындығы жайында түсінік беріп отырады. Сабақты қалай жүргізу керектігін, жоспарды қалай құру керектігіндігін барлығын топ жетекшіміз Нұрила Сайлаубекқызынан сұрап отырдық.

Топ жетекшіміз әр мұғалімнің сабағына кіріп қатысуымызды қадағалап, ондағы балалардың деңгейін анықтауды барлығымызға тапсырмалар беру арқылы анықтап, оның қалай орындалуын қадағалап, бағыт беріп отырады.

Мектепалды даярлық сыныбының балаларының жас ерекшелігіне қарамай менде осы бағдарламаны өз жұмысымда қолданып көргім келді.

Қазіргі заман талабы үштілділікті өз жұмысымда қолдануды ұйғардым. Мен осы бағдарламаны түсіну үшін өз сыныбыммен үш түрлі тақырыпта, сөйлеуді дамыту пәні бойынша іс-әрекетті зерттеу жүргізуді ұйғардым.

Бірінші тақырып «Құстардың қысқы тіршілігі». «Құстap қaлaй қыcтaйды?» дeгeн epтeгiнi oқыдым, балалар қыстан қорықпайтын құстарды атап, ертегіні мәнерлеп айтып берді. Балалармен жұмыс жүргізу барысында, топтық жұмыс жасағанда, балалар қалай жұмыс жасау керектігін дұрыс түсінбей, келген қонақтардан да балалар бір түрлі жатырқап отырды. Содан соң, оларға бағыттаушы сұрақтар беріп, оларға қалай жұмыс жүргізу керектігін түсіндірдім. Ары қарай, балалар өздері бір-біріне көмектесіп, таласа отырып, тапсырмаларды орындады. Тақырыбыма байланысты шаттық шеңберін, сергіту сәттерін алдым. Ағылшын және орыс тілі балаларға жеке пән ретінде жүргізілетіндіктен, олардың осы пәндерге деген қызығушылығын және дыбыстарды дұрыс айта алатындығын байқадым. Балаларды топтарға бөліп әр топқа жеке тапсырмалар бердім. Tipeк cөздepді қолданып, «Құстapғa көмeк» тaқыpыбындa әңгiмe құрacтыpyы керек. «Қaйcыcы apтық» дидaктикaлық oйыны. Шapты: Тaқтaғa құстapдың cypeтiн iліп, оның ішіндегі қайсысы артық екендігін табулары қажет.

Оқу іс-әрекетінің соңына қарай олардың да қызығушылығы оянып, балалармен бірігіп жұмыс жасауға кірісті. Балалар тақырыпты түсінген немесе түсінбегендерін жесть арқылы көрсетті. Түсінбеген балаға сұрақтар беру арқылы тақырыпты пысықтадым. Бұл әдіс-тәсілді барлық оқу іс-әрекетімде қолдандым.

Келесі оқу іс-әрекетімнің тақырыбы «Көшедегі көліктер». Алдыңғы оқу іс-әрекетінен де, бұл оқу іс-әрекеті өте қызықты болды. Шаттық шеңберін және сергіту сәттерін барлығы дауыстап бір кісідей, қимыл-қозғалыспен орындады. Балалардың қызығушылығы бұрынғыдан да артып, оқу іс-әрекетіне олардың барлығы қатысып отырды. Бағыттаушы сұрақтарға таласып, қол көтеріп жауап беріп отырды. Сөздерді үш тілде де еркін әрі дұрыс айтты.

«Cypeттi жинa» дидaктикaлық oйыны, көліктepдiң cypeттepi caлынғaн пapaқ бipнeшe бөліккe бөлінiп, xaтқaлтaлардың iшiндe бoлaды. Әp тoп бaлaлapы геометриялық пішіндердегі қaғaз қиықтapын бipiктipiп, көлік түрін құрacтыpaды дa, coл көліккe бaйлaныcты жұмбақ oйлacтыpaды. Жұмбaқты кeлeci тoптың бaлaлapы шeшуi керек. Біреуі-біреуіне ұқсамайтын жүк көлігін, камаз және басқа түрдегі камаз көлігін, жеңіл көлікті құрастырды.

Жұмыс барысында балалар қонақтарға да көңіл аудармай, ұйымдасқан түрде, бірігіп, ақылдаса отырып, бірін-бірі тыңдап жұмыс жасады. Балалардың бір-біріне деген құрметтері артып, ұжыммен жұмыс жасауға және өз ойларын ортаға салып айта білуге үйренді.

Балалардың білім деңгейі қандай дәрежеде болса да, жұмыс жасауға болатындығын және топпен жұмыс жасаудың тиімділігін байқадым. Балалардың бір-біріне деген жылы сезімдерінің оянатындығын, бірін-бірі бағалай білетіндігін, бір-біріне үйрететіндігін және үйренетіндігін байқадым.

 «LESSON STUDY» тәсілін әрбір мұғалім әрбір сабақта балалардың жас ерекшелігіне қарамай қолданып отырса, біздің балаларымыздың бойында басқарушылық, өзін-өзі бағалау, өзгенің жұмысымен санасуды үйренетіндігіне сенімім мол.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. «Оқу құралы» 2013ж Алматы. Асхат Әлімов.

2. Қатысымдық құзіреттілі қалыптастыруға арналған тапсырмалар. «Дәуір-Кітап» Алматы 2013ж. Абуханова Р.Н.

3. Дарынды балалармен жұмыс. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы 2011ж. Ж.А.Сейсенбаева, Л.Ж. Орманбекова