ЖАҢҒЫРУДЫҢ
НЕГІЗІ – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДА
Абдыкалыков
Ұ.Қ.
ХАА
академигі, профессор
ШТКУ деканы
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
платформалы мақаласы күллі Қазақстандықтарды
елең еткізді. Бұл бағдарламалық мақала – барша
халықтың рухани әлемін жаңаша дамытып, сапалық
тұрғыдан жаңғыртуға бағыт берген, еліне
деген нағыз патриоттық сезімін еселеген, стратегиялық
маңызы зор құжат екені айқын. Онда өмір
сүру үшін өзгені білудің, жаңа
дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру
керектігін, оған көнбегендердің көш соңында
қалатындығы айтылған. Ел Президентінің
көзқарасы шындығында бұқаралық сананы
өзгертуге ықпал ететіні сөзсіз. Онда ХХІ
ғасырдағы ұлттық сана мен оның мәселелерін
және таяу жылдардағы еліміздің алдындағы міндеттерді
айқындап берді. Мақалада бәсекеге қабілеттілік,
прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің
салтанат құруы, Қазақстанның революциялық
емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сияқты
мәселелерді күн тәртібіне қойып, оның нақты
мәні мен мағынасына үңіле отырып талдау жасайды. Ол «мақсатқа
жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни
одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және
экономикалық жаңғыруды толықтырып қана
қоймай, олардың өзегіне айналады», деп атап көрсетті.
Рухани жаңғырудың негізгі сипаты өткен мен
болашақты үйлестіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Президент Н.Ә. Назарбаев «Цифрлы
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және
діни конфессияаралық келісім» атты бағдарламалардың халқымызды
жаңа ғасыр талаптарына сай даярлаудың сенім мен
қадамдары екендігіне көрегенділікпен болжам жасап, оған
өзі мән бере дәлелдеп отыр.
Бәсекеге қабілетті болу
үшін қазақстандықтар үшін білім шыңын
бағындыру ең басты алғышарт болып табылады. Осы орайда Елбасы
бұл бағдарламалық мақаласында еліміздегі білім беру
жүйесі, яғни жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары
оқу орындарының рөліне ерекше тоқталды. Мәселен,
мақаладағы «Білімнің салтанат құруы» деп аталатын
бөлімінде Ұлт көшбасшысы «Білімді, көзі ашық,
көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар
қасиет. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең – ақ ескіге
айналатын, жүрегі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл
жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіп,
өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа
жетеді» деп, жаңа да сапалы, әрі озық, бүгінгі
күн талабына сай ғылымды меңгерген елдің ғана
болашағы баянды болатындығына үлкен мән берді.
Қазір жалпы білім беретін
мекемелер, колледждер мен жоғарғы оқу орындары –
бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі елдің болашағын
әлеуметтік ортаға алғашқы болып бейімдейтін, олардың
қоғамдық белсенділігін, сонымен қатар жастарды
қоғамның толыққанды мүшесіне айналдыратын
бірден-бір негізгі мемлекеттік құрылымдар.
Себебі, аталған білім беру
мекемелері (мемлекеттік болсын, жеке меншік болсын) тек білім беруімен
ғана шектелмейді, олар ұлтты тәрбиелеуші
құрылымдар болып табылады.
Елбасының «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласын іске асыруда Шет тілдер және іскерлік карьера
университеті де шет қалмай өз үлесін қосуда.
Университет ректоры, доктор, профессор
Сабри Хизметли мырза әрқашанда Елбасымыздың Жолдаулары мен
Үндеулерін шабытпен қолдап, оларды іске асыруда үлкен
белсенділік танытады. Сонымен қатар игі іс-шараларды ұйымдастырып,
оған басшылық етеді.
«Мәңгілік елдің»
басты құндылығының бірі ортақ тарих,
мәдениет және тіл» екендігін ескере отырып, ұлт
көшбасшысының «Үш тілде білім беру» бағдарламасын
басшылыққа алған университет Ғылыми Кеңесі
жаңа оқу жылында тіл білімі моделін жасап іске асыра бастады.
Мәселен, барлық мамандықтардың оқу
бағдарламаларына қосымша шет тілі пәнін қосу,
кәсіби пәндерді шет шілдерінде оқыту, көптілді
(политілдік) топтар санын көбейту мектептерге «информатика» пәнінен
ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер даярлау
және т.б. іс-шаралар.
Сонымен қатар университетте
бірнеше шет тілдерін оқып-үйренуге үлкен мүмкіндік
жасалған. Университетте студенттерге тегін тіл үйрету курстары
жұмыс жасайды. Отандық ғалымдармен қатар, шетелдік
ғалымдар дәріс береді және жыл сайын 200 дей студент шетелде І
семестр (Түркия, Қытай және т.б. елдер) оқып келеді.
Елбасының мақаласында латын
әліпбиіне көшудің логикасы алға тарта отырып, бұл
қазіргі заманғы технологиялық ортаның,
коммуникацияның сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылым мен
білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты болып отырғанына
көңіл аударады.
Латын әліпбиіне көшу –
Қазақстан халқының алға ұмтылуына,
жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне
болашаққа еліміздің жан-жақты дамуына үлкен
үлес қосып жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Латын
әліпбиіне көшу біз үшін аса маңызды. Сол себепті,
жақында университетте «Латын тіліне көшу заман талабы» атты
дөңгелек үстел өтіп, оқытушылар мен студенттер
еліміздің тарихындағы елеулі шешім – латын әліпбиіне
көшуді толығымен қолдайтынын білдірді.
Елбасының
бағдарламалық мақаласында ғылымды, ғылыми
жобаларды дамытуға үлкен көңіл бөлінген. Осы
салада университетте ғылыми жобалар бектіліп, үлкен жұмыстар
жасалуда.
Қазіргі алмағайып заманда
әртүрлі діндердің көбеюіне байланысты, діни түрлі
ағымдар, діни экстремистік топтардың белең алуы
қоғамға үлкен кері әсерін тигізіп,
жастарымызға теріс ықпал етуде.
Осы орайда «Дінтану» мамандығы
бойынша мемлекеттік және ішкі гранттар негізінде мамандар даярлайтын
бірден бір алдынғы қатары оқу орны осы университет. Қай
заманда да оқу-білім мәртебесі биік болған. Мұны
қазақ ұлылары зерделей білген.
Қорыта келгенде, Президент
мақаласындағы білімнің салтанат құруы
жөніндегі тұжырымдары біліммен ғылым жолында жүрген
азаматтардың ерік-жігерін қайрап құлшындыра
түсті. Бұл мақаланы ұлттық – рухани
өсіп-өркендеуімен кемелденуіміздің бағдарламасы деп
қабылдаған жөн.