Ислам құндылықтары – рухани
жаңғырудың басты кепілі
Абдыкалыков
Ұ.Қ.
Халықаралық
ақпараттандыру академиясының академигі,
профессор
ШТКУ деканы
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
платформалық мақаласында еліміздегі дін мәселесіне
үлкен мән беріліп отыр. Біздің көпэтникалық
еліміздегі бейбітшілік пен келісім, мәдениеттер мен діндердің
үндесуі әлемдік үлгіде мойындалған.
Қазақстан жаһандық конфессияаралық
үнқатысу орталықтарының бірі болып табылады.
Қазіргі таңда дін қоғам
дамуындағы проблемаларды шешу барысында дұрыс жолды
бағыттайтын рухани күш ретінде қарастырылып отыр.
Адамзат тарихына көз
салсақ, ерте заманнан бері адамдардың дінсіз өмір
сүрмегені белгілі. Адам жеке тұлға ретінде,
қоғамдық тұрғыдан да дінге мұқтаж.
Өйткені, дінге деген сенім оның табиғаты мен жаратылысында
бар, туа біткен қасиет.
Дін феномені адамның болмысында
бар. Сондықтанда адамзат қоғамы ешқашан дінсіз
болмаған. Өйткені дінді қоғамда нақты
шындыққа айналдыру – құндылықтар
жүйесінің қалыптасуына қатысты, әрі сол
құндылықтарды жүйелендіру мен нақтыландыру
қызметі дінмен тығыз байланысты болса, адамнан тәңірге
тікелей бағытталған рухани байланыссыз дін
құбылысының болуы да мүмкін емес. Мәдениет
және дін тұрғысынан қарағанда дін
ұлттың ұлттығын қалыптастыратын екі негізгі
арнаның бірі: Дін – өркениеттің негізі, ал тіл –
ұлттық мәдениеттің өзің
құрайды.
Мұсылмандардың сенімінде
Ислам адамзатқа жіберілген соңғы илаһи дін. «Ислам»
сөзінің араб тіліндегі мағынасы лингвистикалық
тұрғыдан мойынсұну, бағыну, амандықта,
бейбітшілікте болу дегенді білдіреді.
Ғылым мен ақпарат ғасыры деп аталған
өткен жүз жылда дамыған мемлекеттер халқының
көп бөлігі исламды өз еріктерімен қабылдаған. Олар
Исламның хақ дін екеніне көз жеткізіп, оның
құндылықтарын мойындаған.
Құндылықтар
әрқашанда адамның қажеттілігімен, мүддесімен
айқындалады. Адам үшін құндылықтық
бағдарлар жүйесі маңызды болып табылады. Құндылықтық
бағдар адамның маңызды қажеттіліктерінің бірін
көрсетеді. Рухани құндылықтар адамның жан
дүниесін байытып, адамды кемелдікке қарай өрлетеді. Ислам
құндылықтары бұл мұсылман әлемі! мәдениетінің
өзегі және мұсылмандардың ар-ұжданының
айнасы.
Ислам діні – бұл мәдениет
пен өркениет жолы болып табылады. Ислам ұлтшылдыққа,
нәсілшілдікке, төзімділікке, кедей мен дәулетті деп
бөлуге қарсы.
Ғалым К.А. Бұрханов: «Қазақстан
және Орталық Азия мемлекеттері – дәстүрлі
исламның таралу аймағы. Қазақстанда исламның даму
мәселелері сұранысқа ие және тек теориялық,
дінтану жағынан ғана емес, сонымен бірге өмірлік
қолданбалы жағынан да қызығушылық тудырып отыр.
Бүгінгі Ислам – еліміздің дамуындағы негізгі
факторлардың бірі»,- деп Исламның қоғамдық
өмірдегі орнының маңызды екендігін атап көрсетеді.
Ислам діні біздің
ұлтымыздың бітім – болмысы мен мәдениетінде,
дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарында өзіндік
із қалдырған. Халқымыздың тұрмыс – тіршілігінде
сақталған діни дәстүрлер: сүндеттеу, неке
қию, Құрбан айт пен Ораза айт, садақа беру, пітір беру,
бата беру, тәуіптік емдеу әдісі, тасаттық жасау, т.б. діни
жоралғылардың өміршеңдігін көрсетеді.
Сондай-ақ мазарлар мен кесенелер, мешіттер мен медреселер
халқымыздың тарихында ұлт руханиятының асыл
қазынасы ретінде қызмет атқарады.
Қазақ
мәдениетінің рухани өзегінің бірі ретінде ислам
дінінің мәдени-рухани өміріміздегі ықпалын,
әлеуметтік үдерістердегі орнынын айқындау арқылы
діннің руханияттағы, ұлттық ділдегі маңызын
айқындаймыз. Елдің бірлігін және қоғамдық
келісімді нығайтуда діннің өзіндік рөл атқаратыны
белгілі. Ұлттық және әлемдік діндердің рухани
ұстанымдарын осы дінді ұстанатын халықтардың
ұлттық санасының оянуы мен кемелденуіне түрткі, түрлі
ұлыстарды мемлекетке біріктіруге қызмет ететініне адамзат тарихы
куә. Ұлттық ділдегі және дүниетанымдағы
ислам құндылықтарының біте қайнасып
жатқанын халқымыздың өмір салтынан байқауға
болады. Өмір салтымыздағы, рухани мұраларымыздағы
Исламға дейінгі нанымдар мен ырымдардың орнын жоққа
шығаруға болмайды. Ұлттық мәдениет пен ұлттық
діл халқымыздың дәстүрлі өмір салты мен
халықтың төлтума қасиетінен көрінеді.
Дін мемлекеттен бөлек
болғанымен, қоғамнан бөлек емес. Ислам дінінің
адамгершілік, өнегелілік негіздері мен құндылықтары
ұлтымызды және халықты біріктіретін негізгі қайнар
көздердің бірі. Көрнекті исламтанушы ғалым Халифа Алтай
былай дейді: «Дініміз Ислам. Бұған еш шәк –
шүбәміз жоқ. Әрине, бұған мақтаныш
етеміз. Мұсылман болғандығымыз үшін Аллаға шүкір
етсек аз». Қазақ халқына ғана тән ойлау
үрдісі мен дүниеге көзқарасын айқындайтын
қазақ пәлсапасы, киелілік, әулиелік,
тақуалық, дінаралық, имандық, тәубәшілдік,
сабыршылдық, төзімділік, қанағатшылдық,
кеңпейілділік және т.б. сынды имани – рухани құндылықтары
халқымыздың діни санасы мен ғұрыптық
дәстүрін бейнелейді.
Бүгінгі адамға ең
қажетті нәрсе – тәрбие. Әсіресе, бұл
қазіргі жастарға өмірдегі шынайы
құндылықтарды ұғынуы үшін, өмірде
өз орнын табуы мен жалпы тіршілік жөніндегі дүниетанымын
кеңейту үшін қажет. Тәрбиеге жеткілікті
көңіл бөлмеушілік, қоғам тарапынан жастар
тәрбиесіне салғырт және жеңіл қарау қазір
қоғамдағы кейбір шектен шыққан әдепсіздік
пен арсыздықтың көрініс беруіне алып келіп отырғаны
шықдық.
Жастардың ұлттық
тәрбиеге қырын қарауы бастыстық тұтыну
мәдениетіне еліктеушіліктен туып отыр. Сондықтан жастарға
имандылықты, ұлттық дәстүрлерді насихаттап,
сөзден іске көшу керек. Дініміздегі салт – санамыздағы
тәрбиелік мәні бар құндылықтарды жастар арасында
насихаттау үшін сөзбен ісіміздің арасында сәйкестілік
болуы да керек. Жастардың көкіргінде үлкенге
құрмет, кешегі ізет, кішіпейілдік қасиеттерін оятып,
олардың бойында сенімділік, төзімділік, өзара сыйластық
сезімін қалыптастыру имандылықтың үлкен бастауы болып
табылады. Әрине, ұлттық дәстүрден және
ата-баба дінінен хабары бар жас өзінің ұлттық болмысы
мен рухани дүниесінен, ата дәстүрі мен, ана сүті
арқылы сіңген тәлім-тәрбиені өмір бойы
ұстанады. Ата-баба өсиеттері адамды тәрбиелікке, тектілікке
шақырып, оны игі істерге жетелейтіні белгілі. Ұлттық
тәрбиенің бір негізгі діни мәдениетімізде жатыр. Ислам
Пайғамбары: «Мен жақсы істерді жалғастыру үшін келдім»,
- деген.
Ұлттың ділі, ислами
құндылықтар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Ислам құндылықтары халқымыздың
дүниетанымында әдет-ғұрпында, өмір тіршілігінде
үйлесімді орнығып, ұлттық дініміздің рухани
нәріне айналып, руханиятымыздың негіздерінің бірі болып отыр.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
айтқанындай, «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз
ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс».
Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды
толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналуы
тиіс. Ал, рухани жаңғыру, сананы, дүниетанымды
жаңғыртуда ислам құндылықтарының алатын
орны ерекше.
Қазіргі жаһандану заманында
түрлі мәдениеттер мен діни ағымдар ішінде
өзіміздің ұлттық бітім болмысымызды айқындайтын
рухани құндылықтарымыз бен мұраларымызды сақтау
және оны болашақ ұрпаққа
сабақтастықпен жеткізу ділдік және имани негіздерімізді
жан-жақты зерделеу, өткеніміз бен бүгінімізді екшелеп,
болашағымызды болжау үшін қажет.