Султанбекова Ж.Х. , Бисембаева Ж.К.,  Нурова А.Х. педагогика магистрлері  

 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

«Дайындық тобындағы балалардың арифметикалық түсініктерін қалыптастыру»

 

Мектепке дейінгі балаларға есептеу және есеп  туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше. Топта есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке-жеке топтауға үйретуге балалардың ой-өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ-жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Мұратта 6 алма бар еді, ол Маратқа қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Мұратта қанша алма қалды? (4) Үстел үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді? (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады.

Мектепке дейінгі балаларға есептеу және есеп  туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шығару сабағында балаларға суретті пайдаланып есептерді шығаруға болады.

Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгеруді, «математикалық сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды. Осыдан қарапайым математиканы оқытудың мынандай мақсаттарға жетуді көздейтіндігі туындайды:

- бағдарлама талаптарына сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды  игеру;

- баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;

- меңгерген қарапайым математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру;

Математика сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды шешуге ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің мазмұнымен балалардың логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді.

Мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытуда балаларың ақыл-ой белсенділігін жан-жақты етіп көрсететін, шығармашылық қабілеттерін дамытып отыруда оларды қызықтыратындай тапсырмалардың алатын орны ерекше.

Қызықты тапсырмаларды орындауда мектепке дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру қазіргі кезде еліміздегі оқыту әдістерінің ең бір өзекті мәселелеріне  айналды.

а) бақылау арқылы әртүрлі белгілеріне (түсіне, пішініне, мөлшеріне) қарай ажырата алу білігі төмендегі: «бірдей», «пішіндері әртүрлі» сөз тіркестерін, сондай-ақ «ұзын-қысқа», «жуан-жіңішке», «кең-тар», «биік-аласа», «үлкен-кіші», «жоғары-төмен», «ең ұзын-ең қысқа», т.б. ұғымдарын игеру жүзеге асырылады және «Тез фигура құрастыр», «Не өзгерді?», «Екі бірдей фигураны тап», «Қандай?», «Геометриялық лото» сияқты балалар ойындарын қолдануға болады. Таратылатын материалмен (санау материалдары мен қағаз парақтары) жұмыс; жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;

ә) кеңістік түсініктерді қалыптастыру: жоғары, төмен, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында, жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б.

б) уақыт жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан соң, басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б. Циклдік уақыт ұғымдарын бекіту: тәулік өзгеру (кеше, алдыңғы күні, бүгін, ертең, бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ тәулік бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн). Уақыт түсініктерін бейнелейтін «Бауырсақ», «Үйшік», «Шалқан», ертегілерін және «сиқырлы терезе» ойынын қолдануға болады. Оқулықпен жұмыс: уақыт аралығы жайындағы түсінік қоршаған ортада болатын қандай да бір мысалды келтіру барысында қалыптастырылады. Мысалы, өсімдіктің тұқымын себу, оның көктеуі, өсуі, гүлдеуі, және жеміс беруі немесе оқушының күн тәртібі.

Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтаудың теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар.

Қазіргі ғылым мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе математика ғылымының дамуы барысында балаларды математика ұғымдарын оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарды дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызды айрықша екендігі белгілі. Сондықтан оқушыларды математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында қолдана алуға үйрету қажеттігі келіп туады.

Нумерацияны оқып үйренгенде балалар мыналарды оқып меңгеріп алулары керек:

-  біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан мен бірліктен қалай жасалатынын;

- екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін;

- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын;

- төртіншіден, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын.

Осыларды ұғынып біліп алу баланы сан ұғымын саналы түрде түсінуді жаңа сатыға көтереді, санды олар жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастырады, балалардың санның натурал қатары жөнінде түсінігі қалыптаса бастайды.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қыр-сырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауаттылықтың ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын еске отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.

Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым – біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі – түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетіндігі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым  түрлік ерекшелігі – тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.

Ұғым мазмұны – нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.

Ұғым көлемі – нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.

Осы таңда дүние танымдылықты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, математикалық модельдеу идеяларын сезінуде, математикалық сауаттылық жалпы әлемдік сауаттылық ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық балалардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальды талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнайы, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек.

Математикалық сауаттылықтың дамуы баланың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның балабақша балаларының бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.

Балалардың  математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, кез-келген баланың сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан, математикалық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын және ерекшеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде жұмыстар істеліп жатыр.

Сонымен, балаларды жаңа теориялық материалмен таныстырғанда (ұғымдарды енгізе отырып, қасиеттерді, байланыстарды айқындап аша отырып т.с.с.) мұғалім балаларды жаттығулар жүйесі арқылы жалпы тұжырым жасауға келтіреді. Жалпы қорытынды сөзбен айтылады: балалар тиісті қорытындыны тұжырымдап айтады, балалардың өздері қорытындыны тұжырымдап беруінің маңызы бар. Сонда мұғалім балалардың өздерінің бір тұжырымға келгендігін көреді. Онша жатық емес тұжырымдамалардан қорқудың керегі жоқ. Бірте-бірте тәрбиешініңнің басшылығымен келесі басқышта алған білімдерін қолдану процесінде тұжырымдамалар тиісті түрге келеді.

Қорыта келгенде, он көлемінде нөмірлеуді өткенде бұл жастағы балалардың ерекше көңіл қоярлық бір өзгешілігін ұмытпау керек. Бұл жастағы балалар ылғи іске қатысқысы келіп отырады, ұзақ уақыт «жұмыссыз» отыра алмайды және баланың назары тұрақты болмайды, көңілі бірден-бірге ауып ылғи жұмыстың түрлі-түрлі болып келуін тілеп отырады.

                                   

 Пайдаланылған әдебиеттер

     1. Леушина A.M. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру    әдістемесі. - Алматы 1987.

2.Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау   бағдарламасы. -Алматы, Шартарап, 2000 .

3. Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы.Астана-Алматы,1992 .

4. Адамтаева Г. «Білімді тиянақтау». Бастауыш мектеп 10-2004ж.
5. Асқарова Ж. «Интелектуалды ойын». Бастауыш мектеп 2-2002ж
6. Ақбаева Б «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж
7. Әбішева А. «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық
ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003ж.

 

Секция:

5.Современные методы преподавания