ФИЗИКА ПӘНІНДЕ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Магауова К. - №17
Байқоңыр мектебінің мұғалімі, Ұлытау
ауданы, Қарағанды облысы
Еліміздегі білім беру жүйесі соңғы
жылдары ауқымды өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл
өзгерістер мемлекет, министрлік тарапынан орын алып, еліміздің
барлық білім беру мекемелерін қамтуда. Білім саласындағы
реформалардың барлығының да мақсаты – білім сапасын арттыру,
білім алушылардың білімін халықаралық стандарттарға
сәйкестендіру. Аталған реформалар негізінде 2017-2018 оқу
жылында 5-7 сыныптарда оқытудың жаңа бағдарламасы
бойынша білім беріле бастады. Ал бұл өзгерістердің бірі
оқушы білімін бағалау. Қазіргі таңда
бағалаудың түр-түрі айқындалып,
мұғалім сабақты жоспарлағанда бағалаудың
қай түрін пайдаланатынын анықтауы керек. Осындай
бағалау түрлерінің бірі – критериалды бағалау.
Критериалды бағалау — бұл білім
берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген
оқушының оқу-танымдық
құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала
белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі. Аталған бағалау
түрін енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі
оқытудың сапасын арттыру және білім алушылардың
білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып
отыр. Критериалды бағалаудың міндеттері:
ü Сабақтың
әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық
деңгейін анықтау;
ü Жеке оқушының
даму жетістігін бақылау;
ü Оқушының
білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын
айқындау;
ü Әр түрлі
жұмыс барысындағы алған өз бағасының
әділдігіне көзін жеткізу;
ü Оқу
бағдарламасының тиімділігін саралау;
ü Сабақ үдерісі
мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім
және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.
Орта мектептегі физика пәнінде
оқушыларға білім беру барысында осы критериалды бағалау тәсілін
тиімді қолданамыз. Мәселен, «Материялық нүкте.
Қозғалыс траекториясы» тақырыбына арналған сабақ
жоспарын қарастырайық.
Сабақ
мақсаты:
1.
Материялық нүкте, қозғалыс траекториясы., жол, орын
ауыстыру туралы түсінік алуға жетелеу.
2.
Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой
қорытындыларын жасауға жетелеу.
3.
Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.
Сабаққа
қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы
жасалған слайд, оқулық, түрлі суреттер.
Техникалық
қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі. мен сабағымды сыныпта
ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым.
Оқушылармен бірге шаттық шеңберін
құрдым. «Ақ тілек»- ойынымен сабақты бастадым. Мен
өзімнен бастап оң жақта тұрған оқушыма
тілегімді білдірдім, сонымен шеңбер жалғасып барлығы ақ
тілегін айтып шықты. Жүздерінде көңілділік, бір-біріне
деген мейірімділікті байқадым.
Сабақ барысы: Блум
таксономиясымен байланысты құрастырылды.
( білу, түсіну,
қолдану, талдау, жинақтау -қорытындылау)
Білу: Миға шабуыл.
Өткен сабақпен яғни өткен параграфқа шолу жасап
шықты. Бір оқушы үй жұмысы ретінде слайд жасап келді,
өткен тарауға саяхат жасадық және оқушылар
яғни сынып болып оған бас бармақ арқылы бағалау
жасадық, одан арғы әрекетіміз бір -біріне өткен тарау
бойынша төмендегідей сұрақтар
қойып үй тапсырмасын бекітіп алдық, барлық
оқушы сұрақ-қойып және жауап беріп қатысып
отырды:
1.
Коперниктің теориясы бойынша әлем қалай
құрылған?
2.
Коперник аспан денелерінің қозғалысын қалай
түсіндірді?
3.
Қазіргі кездегі әлем жүйесінен Коперник жүйесінің
айырмашылығы қандай?
4.
Коперник теориясын кімдер қолдады?
Жаңа тақырыпты
түсіндіруді ДЖИГСО әдісімен байланыстырдық. Оқулықпен
жұмыс, топтарға тарау бойынша бөлініп берілді, оқып топ
ішінде талқылап түсінген ой пікірлерін постерге түсірді.
Алғашқы болған топ шаңырақ жасап
белгі берді. Постер қорғауға әр топтан оқушылар
шықты. Мағынаны тану үшін топтарға жаңа тақырыпты
өздігінен оқып түсіну және жұбына
түсіндіру, ақпаратпен бөлісуді ұсындым. Ол үшін жаңа тақырыпқа
қатысты мынадай сұрақтар қойылды:
1. Материялық
нүкте деген не?
2. Қозғалыс
траекториясы дегеніміз не?
3. Траекторияның
пішіні санақ жүйесін таңдап алуға тәуелді бола
ма? Мысал келтіріңдер.
4. Сағат тілінің
қозғалыс траекториясы қандай?
5. Орын ауыстыру деп нені
айтады?
6. Жүрілген жол
дегеніміз не?
Әр топқа жұбымен
есептерді талдай отырып шығаруды тапсырдым. Бұл тапсырмада
топпен талдау және жұбына талдап түсіндіріп, есепті
тақтаға шығарып көшбасшылық танытуы тиіс болатын.
Тапсырмалар:
1. Мектеп пен
үйдің арасы 200 м. Оқушы мектепке барып, үйге
қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? Орын ауыстыруы
неге тең?
2. Жолаушылап
қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің
көрсетуінің 200 км артқанын көрді. Бұл нені
білдіреді: автомобильдің жүрген жолын ба, әлде орын
ауыстыруын ба?
3. Мына денелер: метро
экскалаторында адам, төмпешіктен секірген шаңғышы, тігін
машинасының инесі – жермен салыстырғанда түзу сызықпен
қозғала ма, әлде қисық сызықпен қозғала
ма?
Ең жақсы түсіндіре білген
топты және ең жақсы түсіндірген белсенді
оқушыларды смайликтер арқылы бағаланып ынталандырылды.
Оқушылар бірін-бірі тез арада бағалап үлгерді.
сабақта қолданылған жаңа технологияның тиімділігі
көрініп тұрды.
Жалпы, критериалды бағалау — бүгінгі
білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын
тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі.
Сабақ барысында жауапкершілікті сезінеді, бір-біріне баға беру
арқылы нәтижеге жетуге үлкен талпыныстары байқалады. Ал
талпыныс бар жерде мақсатқа қол жеткізу қиын емес.
Мақсатына жеткен сабақ – мұғалім үшін үлкен
жеңіс.