Современные методы преподавания.
Мукалиева Б.Х., Султанбекова Ж.Х., Хасенова Ж.О.
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты,Қазақстан
Қазақстан
бейнелеу өнерінің алғашқы қадамдары
Ежелгі дәуірден 18 ғ.
дейінгі бейнелеу, сән және қолөнері Балхаш
өңіріндегі тастарға қашап салынған
мүйізтұмсық пен өгіздің, Орталық
Қазақстаннан табылған аюдың тас мүсіндері
Республика аумағындағы өнер ескерткіштерінің
алғашқы палеолит дәуірінде жасалғанын дәлелдейді.
Ертедегі ескерткіштер деректеріне
қарағанда көркем шығармашылық дамуының өзіндік бағыты болса керек.
Бірінші бағытқа - мифологиялық сипаттағы үлгілер
жатса, екінші бағытқа бейнелеу өнері жатады. Б.Э.Д. 3-4
ғасырларда Евразия далаларын мекен еткен әртүрлі мәдени
орталықтар арасында жан-жақты және тұрақты
байланыстар орнады. Осыдан келіп, қола дәуірінде
Қазақстан аумағында мал шарушылығын кәсіп еткен күшті
тайпалар, бірлестіктер пайда болды. Олардың бізге көркемдік
және стильдік тұтастығы бар Андронов мәдениеті
ескерткіштерінің үлгілері сақталып жетті. 18 -20 ғ.
басында мал шаруашылығына және табиғи шикізат көздерін
өңдеуге байланысты бейнелеу өнері дамыды. Қолөнері
заттарын өндіру үрдісі және олардың өзіндік
ерекшеліктері шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне қарай
бейімделді. Көркем өнер үй шаруашылығымен тығыз
байланысты болды. Әйелдер киім тікті, кесте тоқыды, киіз басты,
еркектер жағы теріні, сүйекті, ағашты, металлды өңдеумен
шұғылданды.
Қол өнер үлгілері халық шығармашығының
көп қырлылығын, әр түрлілігін, көркем
эстетикалық, әрі философиялық көз қарастарын
танытады. Қазақтың сән және қолөнері
үлгілері ұжымдық еңбектің жемісі
болды.Әрине жекеленген шеберлердің еңбегінде бейнелеу
өнері мол ұшырасады. Көркемдік шеберлік
ұрпақтан-ұрпаққа халықтың сан
ғасырлық дәстүрі ретінде беріліп отырады. Мұнымен
қоса, ол әрдайым жаңа идеялар мен жаңғыртылып
тұрды. Әр дәуір халықтың
өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық факторларға, мәдени
байланыстарға орай, қолөнердің дамуына өз
әсерін тигізді. Айталық, 18 -ғасырда көркем
өнердің басқа салаларымен қатар металл
өңдеу, әсіресе, қару-жарақ соғу, ат
әбзелдерін жасау, жауынгерлік киім үлгілері жоғары сатыда
дамыды. Себебі бұл кезеңде ішкі, сыртқы саяси жағдай
шиеленісіп тұрған еді. Сойыл, шоқпар, садақ, ай балта
т.б. әр түрлі оюмен, өрнектерімен нашықталды. Сол
секілді қамыт, сауыт, қалқан, жауынгер белдігі, ат
әбзелдері-ер тоқым, жүген т.б. қол өнер
бұйымдары көркем безендірілді. Зергерлік бүйымдардың
көркемдік деңгейі жоғары болды. Зергерлік өнер белгілі
бір кәсіптік бағдар ұстады. Шеберлік
ұстаздан-шәкіртке, ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп отырды. Табиғатынан дарынды зергерлер әр түрлі
тәсілмен сәндік белдіктердің доғасын, бас киімдер,
музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқтар, үй жиһаздарын,
былғары аяқ киімдер жасады. Шеберлердің қолынан
шыққан бұйымдардың ең бастысы тоқу
өнер, түстерді нәзік ажырата білумен дараланады.
Қазақстанда бейнелеу өнерінің бұқара
халыққа ортақ ең ежелгі түрі халықтың
қол өнері болып табылады. Кескіндеме, графика, мүсін
өнері дамыды, өйткені көпшелі тұрмыс салтымен
ғасырлар бойы билік құрған мұсылман діні тіршілік
иелерінің бейнесін жасауға тыйым салып, кәсіптік бейнелеу
өнерінің тууына кедергі болып келді.
Ұлттық
дәстүрлердің Қазақстанда бейнелеу
өнерінің қалыптасуы және даму жолы өте
күрделі болды. Қазақстанда бейнелеу өнерінің
студиясы тек 1920 жылы ғана ұйымдастырылып, онда Хлудов, Н. Антонов
және мүсінші А.С.Пономарев сабақ берді. 20-30 жылдары
Қазақстан бейнелеу өнері алғашқы қадамдарын
жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік
шеберлігін меңгерді. Олар өздерінің қарапайым
мазмұны құралған алғашқы еңбектерінде
елімізде болып жатқан жаңа өзекті өзгерістерді
бейнелеуге ұмтылды. Олар Н.И.Крутильников, Ә.Қастеев,
Ә. Смаилов, И.И. Савельев, Б. Сәрсенбаев, Қ.
Қожықов т.б. 1928 жылы Семейде ұйымдастырылған
алғашқы бейнелеу өнері шығармаларының
көрмесі кейін басқа жерлерде көрсетілді. 30-шы жылдары
Қазақстан суретшілерінің қатарына арнаулы білімі бар бір
топ дарынды шеберлер келіп қосылып, 1933 жылы Республика суретшілері
одағының ұйымдастыру қабілетін құруға
мүмкіндік туды. 1934 жылы Мәскеудегі шығыс
мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ
суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып,
бір жыл өткен соң, Алматыда қазақтың Т.Г.Шевченко
атындағы мемлекеттік көркемсурет галлереясы ашылды.
Әлеуметтік - экономикалық және мәдени
өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт
талаптары, шығармаларға тың тақырып болды.
Ә. Қастеевтің
өзіндік ұлттық шығармашылығы осы кезде
жарқырап көрінді. Қазақстан бейнелеу
өнерінің қалыптасуына және өркендеу жолы
оның шығармашылығымен тығыз байланысты.
Ә.Қастеевтың алғашқы еңбектерінен-ақ
оның шығармашылығының өзіне тән
ерекшеліктері, асықпай бабымен баяндау, тұрмыстық
көріністер мен туған жер табиғатын поэтикалық
үнмен бейнелеу үлгілері айқын байқалады. Суретші
шығармалары мейлінше әр түрлі. Оның
қазақтардың революцияға дейінге тұрмысы мен
жаңа өмірді бейнелейтін тарихи және жаңалық (көріктемелер) картиналары «Көне және жаңа тұрмыс»- деп
аталған топтамасына (1932 ж.) біріктірілген.
Қазақстандық шеберлердің шығармалары тек бір
ұлтқа тән қазына емес, жалпы дүниежүзілік
зор рухани үлес болып саналады. Әйелдің әшекейлері
(сырға, алқа, білезік, жүзік) олар күмістен жасалып,
көбінесе бағалы тастардың, болмаса әдемілеп
өнделген тастардан көз орнатылады.
Күнделікті тұрмысқа керекті заттар,
түймелер, қапсырмалар, қамзолдың ілмешектері т.б.
күмістен соғылады. Қазақ халқының
әшекейлі бұйымдарына тән нәрсе оның алуан
түрлі сипатта болуы еді, зергерлік бұйымдардың орындалу
тәсіліне, нақышына және көркемдік техника
деңгейіне қарап, оның қай аймаққа жататынын
анықтауға болады. Айталық, осы кезеңде Батыс
Қазақстандық зергерлердің қолынан
шыққан бұйымдар өрнектерінің сипатымен және
пішінінің үлгілілігімен ерекшеленеді. 18-20 ғасырдың
басында сән және қолөнердің барынша кең
тараған түрі киіз басу болды.
Шырақ етіп басылған ақ,
қоңыр түсті киізбен, киіз үйдің сырты жабылды
және үй ішіне төсеніш ретінде пайдаланылды. Айрықша
басылған ақ киізден қаптамалар, үй тұрмысы
заттарын салуға арналған дорбалар, төсеніштер, шәй дастархандары
жасалды. Жұқа киізден ерлердің сыртқы киімі және
бас киімі тігілді. Текемет пен сырмақ төсеніш ретінде, кез-келген
киіз үйден кездесті. Текеметтердің ою-өрнегі
жатықтығымен түстерінің үйлесімділігі,
бояуларының қанықтылығымен дараланады. Киізден
жасалған төсеніштерге көбінесе қошқармүйіз
өрнегі салынады. Сонымен қатар олар сырып тігілумен, кестелеумен
мақпал, барқыт, сәтеннен қиып салған
құрама өрнектермен, шұға жіптермен безендірілді.
Шығу тегі мыс дәуіріне сиятын тоқыма өнері дамыды.
Кілемдер, шаруашылық заттарын салуға арналған дорбалар,
қаптар, бау, сырт киімге арналған маталар тоқу арқылы
жасалды. Олардың әр қайсысының жасалу
ыңғайына қарай тоқудың да түрлерін
өзгертіп отырады. Бұл кезеңдегі матадан жасалған
бұйымдардың өрнектері геометриялық сипатта, бояулары
қанық ара жігі айқын ажыратылған болып келеді. Кесте,
күміс, жүн, жібек, зерлі жіптермен тоқылды және
інжу-маржан т.б. асыл тастармен әшекейлеңіп отырды. Кесте тоқудың
дәстүрлі түрлері тығыз кестелеу, ілмелеп тігу т.б.
арнайы жасаған біз арқылы жүзеге асады. Көршілес орыс
халқымен қатынасымыз жақсарғаннан кейін кесте
тігудің тармақты түрі, шілтер тоқу кең таралды.
Кесте тоқу технологиясының қарапайымдылығы - онымен
айналысуға қандай болуды, түрді тандап алуына толық
мүмкіндік береді. Тоқылған кестелер де көкөніс,
өрнектік геометриялық пішіндердің толқынды түрде
орналасуы мол ұшырасады. Қазақ кестесінің өзіне
тән ерекшелігі -композициялық шешімдегі
тұрақтылық
және үйлесімділік
үндестігі.
Пайдаланған әдебиеттер
1.
Айдарова З., Дирксен Л. Бейнелеу өнері.
Оқу құралы. –Астана: Фолиант, 2010. -216 бет.
2.
Ә.Сағымбаев «Бейнелеу
өнерінің оқыту әдістемесі» 2016 ж.
3.
Ералин Қ. Займоглу Ө. Бастауыш
сыныпта бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Оқу
құралы. Түркістан. Тұран. 2009.-194 бет
4.
Ө. Жәнібеков.,
Қазақ қол өнерінің мәдениеті.,
Алматы., Өнер, 1982 ж.