Филологические
науки/7. Язык, речь, речевая
коммуникация
Калмаханбетова Н.А., Тулегенова
З.Д., аға оқытушы
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті,Қазақстан Республикасы
Ерліктің
нәр алатын қайнар бұлақ көзі –
Отанға деген сүйіспеншілік,
патриоттық сезім, халық арасындағы достық
Бауыржан Момышұлының
Ұлы Отан Соғысы тақырыбына арналған әңгімелері мен повестерінің басты
тақырыптарының бірі -
халық достығы, әртүрлі ұлт өкілдерінің батылдығы,
Отан үшін, туған жер, ел
үшін өз өмірлерін құрбан етуге дайын сезімдері болып табылады. Олар: «Бір түннің
оқиғасы», «Мәскеу үшін шайқас», «Ұстаз»,
«Офицер жазбалары», «Артымызда Мәскеу», «Генерал Панфилов» және
т.б.
Осы батырлардың арасында бөрік кимесе де Чапаевтан айнымайтын капитан Лысенко, бейбітшілік кезінде педагог қызметін
атқарған, бастапқы кезде
әскери киімді қалай киетінін білмейтін, адамға қатты сөйлей
алмайтын татар жігіті Қайым
Гарипов, Ресей байтақ ел, шегінетін жер қалған
жоқ, артымызда Мәскеу
деген сөздері қазіргі таңға дейін жүрегімізде сақталған сөздердің авторы политрук Василий
Клочков. Өзі аюға ұқсас, алайда ақкөңіл адам артиллерия
капитаны Толстунов, сондай-ақ Исламқұлов,
Угрюмов, Рахимов, Қапаров, Бозжанов, Курганов – осы
қарапайым, бірақ жау шапқанда
өз өмірлерін ойламай, Отанға деген сүйіспеншілікті танытып, туған елін, жерін қорғаған, әр ұлттан шығып, ұлы бір
мақсатқа достасқан
ардақты кеңес адамдары, - Бауыржан
Момышұлының шығармаларының жарқын бейнелері.
Осындай жауынгерлерді, Бауыржан
Момышұлының
өзін де, Кеңес
құрылысы, туған елі тәрбиелеген. Сол себептен, қандай да бір қиындықтар болса да, ауыр дәуірге қарамастан, осы кеңес халқының
өкілдері ерліктің ғажап
үлгісін көрсеткен.
Осы ерліктің нәр алатын
қайнар бұлақ көзі – Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық
сезім, халақ арасындағы достық болып табылады.
Кеңес
жауынгерлерінің патриоттық
сезімдерін ешқандай жат
күш жоққа шығара алмайды. Бүкіл Кеңес
Әскері шегініп келе жатқан
уақытта жекеленген бөлімшелер қоршауда қалған, кейбір батальондар,
роталар тұтасымен апатқа ұшыраған
жағдайда, тіпті осындай сұрапыл кезеңінде
соғыстағы жауынгерлер жеңіске шексіз сенетін.
Халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлының
шығармаларында халық
жауынгерлерінің осы бір айрықша қасиеттері керемет бейнеленген. Осы қасиеттерді әрбір кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің бойынан табуға болады. Олар нанымды
деректерлермен алынып, бір тарабынан
типтік дәрежеге көтерілген, ал екінші тарабынан әр адамның мінезіне
сыйымды дараланып бейнеленген.
Жазушы Бауыржан Момышұлының
бір белгілі ерекшелігі деп – жеке алынған адамның дара
ерлігін ғана емес, жалпы осы дәуірдегі сарбаздардың жаппай батылдылығын да жақсы сипаттау алуында, ерліктің қайнар
көзі – өз Отанын, туған жерін, елін сүю, ел тағдыры
үшін өз өмірін құрбан етуге дайындық, жеңіске шексіз
сену сезімін айқындап
білуінде. Бауыржан
Момышұлының шығармаларының үлкен тәрбиелік мәні де
осында. Кеңес әскеріне тән жаппай батылдық туралы
жазушының өзі былай айтқан:
қаһармандардың
барлығын бірдей байқай алмаймыз. Аты танымалы
қаһармандардан аты белгісіз қаһармандар да ылғи
көп кездеседі. «Алдыңғы айтылғандар
соңғыларға көптен-көп қарыздар, өйткені қарапайым
адамдардың жанқиярлық ерлік қимылдары болмаса да, устав
тілімен айтқанда, өз борыштарына берік берілген қатардағы
көп жауынгерлердің
ешбір атышулы
даңққа таласы
жоқ жаппай ерлігі болмаса,
аты әйгілі геройлардың ісі
мен есімінің қаншалықты құны болар еді» [1].
Жазушы Бауыржан Момышұлы
ұлттық әдебиетімізде аса ерекше
орын алатынына көзіміз
жетеді. Ең алдымен, ол қазақ әдебиетінде әскер
әдебиетінің негізін
қалаушы болып табылады. Оның
шығармаларында халықтар
достығы тақырыбының
орны айрықша. Ол
қазақ, орыс, татар,
украин, ұйғыр халықтарының қаһармандарын тамаша бейнелеп, олардың
бойындағы Отанға деген
сүйіспеншілікті, нағыз
батылдық, адамгершілік қасиеттерін
сипаттай білген. Қарапайым
адамдар, бейбітшілік өмірде
байсалды, өз кәсіптерінде
дарынды, болашаққа
ұмтылған азаматтар,
Отан үшін сұрапыл уақыт туындаған
жағдайда, өз отбасынан, туған жерлерінен алшақтап, Отанын
қорғауға шыққан,
фашистермен шайқасу барысында
нағыз ерлік, патриоттық сезімдерін көрсетіп,
көбісі Отан үшін өмірлерін
құрбан еткен.
Бауыржан Момышұлының
екінші ерекшелігі, ол тек қана қаламгер емес, сонымен бірге
жауынгер, командир
болғандықтан,
қарапайым солдаттардың
психолгиясын шынайы суреттеген. Осы Ұлы жеңіске жету үшін
әрбір жауынгер өз үлесін
қосқандығын
сипаттаған.
Бауыржан Момышұлы өз шығармаларын екі тілде бірдей
шебер жазған. Сонымен бірге
орыс тілінде жазса да, өзінің ұлттық ойлау, сезіну,
сөйлеу еркшелігін көрсете алды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Момышұлы
Б. Ерлігіміз – ұрпаққа өнеге. – Алматы: Жазушы, 1999
2.
Қабдолов
З. Сөз өнері. - Алматы: Жазушы, 1987
3. Мырзахметов М. Бауыржан батыр. – Алматы: Жазушы, 2000
4. Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ
әдебиеті. Алматы: Жазушы, 2002
5. Майтанов
Б. Сөз сыны. – Алматы:Алматы: Жазушы, 1991