Жусупова Мирамкул Муратхановна
№63 мектеп-гимназия
Астана қаласы
«МӘҢГІЛІК ЕЛ»
ИДЕЯСЫН НАСИХАТТАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫҒА ПАТРИОТТЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУ
Өз ұлтын
сүймеген адам да ұлттық намыс та болмайды. Халқымызда «Ерді намыс өлтіреді, қоянды
қамыс өлтіреді» деген мақал бар. Намыссыз адам ез келеді, оған
жаман сөз ереді. Ұлттық намысымыздың күштілігі - бүкіл
өткен тарихымыздың айғағы. Өткен тарихымызды білу - келешек
ұрпақтың қолында. Тарихты зерделеу арқылы біз
ұрпағымызға Отанымыз бен халқымызға шексіз
берілгендіктің, қаһармандықтың шынайы
үлгісін көрсете аламыз.
Бүгінгі күндері
оқу - ағарту саласы алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - жас
ұрпақты отансүйгіштікке,
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Жас
жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу - бүгінгі
әлемнің күрделі тынысында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Отаншылдық – сонау
ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.
Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани
саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана
емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей
ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің
әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып,
дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын
алуға мүмкіндік беретін бірден - бір күш.
Қазақстандықтарға
ХХІ ғасырға лайықты және жетекші ел болудың
жоғарғы мақсаты жолында бүкіл қоғамды берік
біріктіретін идеялық күш қажет болды. Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан халқына арнап «Қазақстан жолы – 2050: бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тарихи Жолдауын жазды. Жолдауда отандастары үшін өте маңызды екі идея
ұсынды. Оның біріншісі – «Мәңгілік ел», екіншісі –
«Қазақ елі». Қазақстанды мекен еткен барлық
ұлт өкілдері арасында қолдау тапқан қос идея
бірауыздан қабылданатындығына кәміл сенемін.
«Мәңгілік ел» -
халқымыздың болашаққа бағыт берер шамшырағы.
«Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің
бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да
жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.
Қазақстанның шыққан шыңы мен
бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік,
берекесі» дейді Елбасымыз
Қазақстан Халқына Жолдауында.
Елбасының «Қазақстан - 2050
стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауында білім
сапасына жаңа серпін бере отырып, оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беруде
аянбай еңбек ету қажеттілігіне басымдық берілді.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры
болғандықтан, бүгінгі заман талабына сай зерделі, саналы, жан-жақты
тұлғаны қалыптастыру үшін ұстаздар
қауымына үлкен жауапкершілік жүктелді.
Тәрбиенің басты нысаны - елдік
сананы қалыптастырып, отансүйгіштікті негіздеу. Бұл
тұрғыда Елбасы жастарға үлкен сенім артып отыр. «Біздің кейінгі
ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел
бірлігі болу керек. Осынау жалпы ұлттық
құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре
беруге тиіспіз» деген Елбасы сөзі жастарды қанаттандыруда.
Татулығы мен ынтымағы жарасқан елдің болашағы да
табысты, ертеңі берекелі болады. Бұл – тәуелсіз елдің басты
бағыты, бекем байламы.
Мектеп - білімге бастар құт
мекен. Білім - адамзаттың
жарқын болашағының кепілі, - дейтін болсақ, осы
бүлдіршіндерді ең алғаш білім әлеміне қадам
басқызып, білім нәрімен
сусындататын – алғашқы ұстаздары. «Ұстазы жақсының – ұстамы
жақсы» дегендей, баланың оқуға ынтасын
қалыптастырып, баланың құлшынысын ояту
ұстаздарға, сынып жетекшісіне байланысты. Оқушыға
дұрыс тәрбие беріп, оқушы бойында патриоттық рухты
қалыптастыра алсақ, сауабын аламыз. Ал дұрыс жолға бағыттай
алмасақ, мойнында сол шәкірттің обалы тұрғанын сезінген әрбір мұғалім өз
ісіне жауапкершілікпен қарары сөзсіз.
Астана қаласы №63
мектеп-гимназиясының 11«Б» сыныбында «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау
мақсатында көптеген сыныптан тыс сынып сағаттары, тәрбие
жұмыстары өткізіліп келеді. «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру үшін сынып жетекшісі ретінде төмендегі
құндылықтарды оқушы бойына сіңіре білуім керек:
Бірінші,
ата-анасын қадірлейтін, Отанын сүйетін шәкірт
тәрбиелеу;
Екінші, қазақ тілін, тарихын,
мәдениетін, салт-дәстүрін білетін, оны дамытатын
ұрпақ тәрбиелеу;
Үшінші, халықтар
достығын қадірлейтін, ел бірлігін сақтайтын
ұл-қыз өсіру.
Қазіргі кезеңде
ұлттық патриотизмнің басты көрінісі –
қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас жеткіншектерге
ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым,
мейірім сезімдерін дамыту. Өз халқын сүйіп, оның
болашағын ойлаған адам басқа халыққа да солай
қарайды.
Жас жеткіншектерді осындай
құдіретті сезімге, отансүйгіштікке тәрбиелеу
мақсатында «Менің Отаным - Қазақстан», «Ешкім де,
ештеңе де ұмытылмайды», «Қазақтың батыр
қыздары», «Мен елімнің ертеңімін» т.б. тәрбие
сағаттары өткізілді. Әр сынып сағатында жас
жеткіншектердің бойына ұлттық тәрбиені сіңіру
мақсатымен суреттер көрмесі, шығармалар байқауын
өткізіп отырдым. Сонымен қатар, «Баланың бас ұстазы
ата-ана» тақырыбында ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, өскелең
ұрпаққа ұлтжандылық тәрбие беруге
қолайлы орта жасау мақсатымен тренингтер өткізілді.
Шынайы отаншылдық ұлттық
намыспен өзектес құбылыс. Өзін ұлтының перзентімін
деп білмеген, оны сүймеген адам шын мәнінде отаншыл бола алмайды.
Ұлы Абай: «Әкесінің
баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың», дегенде
ата-ананың ғана баласы болып, от басы, ошақ қасында қалып
қоймай, бүкіл ұлтыңды бауыр тұтып отаншыл бол
дегені еді. Ал кемеңгер Шоқан «...бүкіл ұлттың
мүддесі қатал әділеттікке жүгінгенде жеке
қауымның пайдасынан жоғары болу керек»,-деп нағыз отаншылдық қасиетін
көрсетіп еді.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымын мен
«қазақ елі» деген ұғыммен салыстыра отырып, «сол елді сүйемін» деген мәні бар
сөз екендігін шәкірттеріме айтып отырамын. Себебі біздің
еліміз әрқилы тарихи себептермен, тағдырдың айдауымен
келіп орын тепкен түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің
отанына айналды.
Оқу
жылының басында мектебімізде
мемлекеттік мерекелер аталып өтеді . Айтулы күндерге орай міндетті
түрде сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. Осы
жұмыстардың басты мақсаты: өз Отанын құрметтеуге, мақтан
тұтуға, бірлікке бағытталады. Мектебіміздің психологы Қарлыға
Еділқызы мектеп пен отбасы
ынтымақтастығын нығайту мақсатында сынып
жетекшісімен бірлесе отырып, әр түрлі сауалнамалар, тренингтер
жүргізді. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын
қалыптастыру» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мен
оқушыларымның кітапқа
деген қызығушылығы артқанын байқадым. Біз
оқушыларға тәрбие барысында
шығармашылық қабілеттерінің
қалыптасуы мен дамуына, олардың өнегелі болып өсуіне, патриоттық
сезімді бойларына сіңіруге ерекше
мән береміз.
Қорыта айтқанда,
өз жұмысыма жоспар жасай отырып, өткенге үңілу,
болашаққа ұмтылу, жетістікке жету жолында біздің алар
асуымыз алда дегім келеді. Әрбір ата-ана, мұғалім «Ұлт
боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты
сөзді естен шығармауымыз керек. Қазақстанның
жарқын келешегінің
бұдан да мазмұнды болуы келер ұрпақты тәрбиелеп
отырған ұстаздар мен ата-аналарға тікелей байланысты. Ұстаздық
еңбектің қыр-сыры жайлы ұлы Абай атамыздың:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» - дегеніндей, еңбегіміздің
нәтижесін көріп те жүрміз және көреміз дегім
келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Ш.Уәлиханов.Таңдамалы.2 -
басылуы.Алматы,1985ж.129-бет
3. Абай Құнанбайұлы өлеңдер жинағы