Жайлауова А.Ш., Сарсенова Н.Ш.

«Мирас» Университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРАЛМАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАРИХИ ӨЛКЕГЕ БЕЙІМДЕЛУІ

 

Резюме

         Рассмотрены положения оралманов являющихся одним из важнейших проблем в Республики Казахстан. Обсуждены проблемы приезда расположения оралманов их социально-экономические  проблемы и взгляды местных жителей к оралманам.

Summary

          The positions considered of repatriates, which is one of the most important problems of  Republic Kazakhstan. The problems discussed of arrival, the locations of repatriates, their socio-economic problems and the views of local residents to repatriates.

 

Қазіргі таңда оралмандардың  Қазақстанға оралуынан  көптеген қиындықтар туындап отыр.  Еліміздің  тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды.  Содан бері  Қазақстан президенті  Н.Ә.Назарбаев «Алыстағы ағайынға ақ тілек» деген айдармен, төрткүл дүниенің  төрт бұрышына  тарыдай шашырап кеткен  қандастарымызды  Отанымыз Қазақстанға шақырды. Міне соның нәтижесінде  1990 жылдардан бастап  әлемнің түпкір-түкпірінен  тарихи тағдырмен  шет елдерге   ауа көшкен  қазақ диаспорасы  тарихи Отанына оралуда. Қазіргі таңда  да сол шеттен қоныс аударғысы  келетін  отандастардың  саны  көбеймесе азайып отырған жоқ.  1995 жылы алғаш рет "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.   Нәтижесінде ол заңдарға  оралмандардың тарихи отанына оралуына жағдай жасаған және интеграциялық процестерді жетілдірген   бірталай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-ІV Заңында  (2016.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)  көшіп келен қандастарымыздың  құқықтары мен міндеттері, келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы  қарастырылған.   

Тәуелсіздік жылдарында көші-қон мәселесінің жолға қойылуына байланысты  Қазақстан тағдыр тәлкегімен   шетелге шашырап кеткен  қандастарымызды  еліне оралтуға  жағдай жасап, мемлекетіміз бұл бағытта  саясатты жүзеге асырды.

Алғашқы шыққан заңдарда, атап айтсақ мынандай кемшіліктер болды. Біз елімізге келген оралмандар қиналмасын деп тез арада квотасын бердік, себебі Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін екі мемлекет арасында іс-құжаттарын тексеру үшін біраз уақыт қажет болды (6 айдай). Ал оралмандардың қолында келген мемлекетінің төл-құжаттары болып тұрды және квотаның ақшасын Өзбекстан мемлекетінің валютасына ауыстырғанда пайдалы болып шықты. Бір жағынан шекара жақын болып және одан өту оларға қиындық тумады. Осы мәсілесімен Өзбекстанан келген ағайындар валютаның айрмашылығын өз пайдасына көріп қайтып кетті. Біз олардың азаматтығы жоқ деп, бірақ квотасы (ақшасы) қолында болғандықтан оларға экономика әлеуметтік саласында іс-әрекеттер жасау үшін оралман мәртебесін бердік. Оралман деген мәртебе көп азаматтарға сыйлы болмады.

Мысалы ретінде алатын болсақ, Оңтүстік Қазақстан облысына келген оралмандар жақсы атақ алған жоқ. Себебі бірінші шыққан заңдарда шикілектер болды. Біз ол заңды шығарғанда, елге кайтып келген адам-азаматтардың шын жүрегімен оралды деп есептедік. Бірақ, нақты айтатын болсақ, Өзбекстаннан келген оралмандар заңнын пробелдарын пайдаланып, ақшасын алған соң келген жерлеріне қайтып кетті.

Мемлекетіміз бұл мәселелерді түсініп, заңға өзгерістер енгізді. Енді квотаға енгізу үшін оралмандардың азаматтығы шықты деген мәліметтерден кейін оларға квота берілсін деп шешім шығаратын болды.

Осы мерзімде, яғни оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығы келгенше оралмандар бос жүрмесін деп, мемлекет тарапынанын «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» ашылды.

Бұл орталық оралмандарға өте көп жәрдем беру үшін ашылды. Басқа елден келіп өз мамандығы бойынша жұмыс табылғанша, немесе білім туралы құжаттары нострификациядан өткенше және біздің мемлекетімізде қажетті сұраныс мамандықтар болса, оралмандар тез арада жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешілу мақсаттарымен ашылды.

Орталықта оралмандарға  барлық  жағдайлар жасалды. Оларға оқып жатқан мерзімде орталықта отбасымен бірге тегін жатып, барлық жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Сол мерзімде Қазақстан Республикасының азаматтығы  шығып және квотаға енгізіліп, оралмандар әрі қарай өз-өздерін алып кетеді деп мемлекет солай болуы тиіс деп олады. Бұл саладада кемшіліктер шықты. Себебі дәл осы мерзімде  Оңтүстік облысында жер мен пәтердің бағасы көтеріліп кетті.

Біздін мемлекетіміз бұл жақтан көмек көрсету жолдарын іздестірілді.  Елімізге қайтып келген оралмандар тек Оңтүстік облысында қоныс құрмай еліміздің басқада облыстарына баруын ұсынды. Қазақстанның басқа облысындындада оларға женілдіктер қарастырды. Бірақ Өзбекстаннан келген ағайындар ол жаққа барғысы келмей жүрді.

   Қазақстан мемлекеті де, қазақтар да алыстан келген аға­йындарға мұндай тік мінез көз­қарас танытып отырған жоқ. Ке­рісінше, қандастарымыздың елге келуін жеңілдетуде және оларды жаңа жағдайларға бейімдеуде мемлекет тарапынан белгілі бір шаралар да қабылданды.

   Мемлекет тарапынан Өзбекстаннан келген ағайындарға Оңтүстік облысында қалғысы келген азаматтарға «Асар» мөлтек ауданды елді мекен ашты. «Асар» мөлтек ауданда тұру үшін барлық инфра-құрылым қарастырылды. Атап атсақ мектептер, ауруханалар, су жүйелері, электр қуаттары тағыда басқа барлық жағдалар енгізілді. Өзбекстанан келген ораландар жерге ебі бар деп және Оңтүстік төңірегінде жеміс-жидектермен камтамасыз болу үшін «Асар» мөлтек ауданда әр үйдің алдында парниктер салынды.

Білім саласына келсек оралған қазақтарға Білім  және  ғылым  министрлігі бөлетін 2 пайыз грант аздық етеді. Жалпы қазақтардың 35 пайыз шетелде тұрады. Осы келіп жатқан оралмандардың дені жастар, яғни білім алу мақсатында келіп елімізге тұрақты тұруды мақсат етеді. Оларға отандық негізде білім беру және Қазақстан тарихын жақсылып оқыту маңызды. Осы үрдістерді шешу күн тәртібінде тұр.

         Бүгінде елге оралған қандастарымыз Қазақстан халқының  шамамен 10 пайызын құрап отыр. Бұл көрсеткіш  әрине еліміздің  қазіргі таңдағы  күрделі демографиялық  ахуалына да  өң әсерін тигізетіндігі  сөзсіз. 

Жалпы қорыта келгенде жоғарыдағы айтылған, оралмандардың мәселелерін рет ретімен шешуді қажет етеді. Сонымен қоса оралмандарды ғылыми тұрғыдан егжей-тегжей зерттеп, қоғам алдында нақты баға беруді керек етеді. Қорыта келе, оралман жалпы қазақтың мәселесі,  сондықтан жүйелі түрде әлеуметтік саяси үрдістерін қадағалап, оны іске асыру тек қазақ мәселесі болып табылады, сонымен қатар елге  оралған отандастарымызды бауырмалдылықпен қарсы алып, оларға ортамыздан орын тауып,  жағдай  жасауымыз қажет.

  

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық.//Дүниеүзі қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.-8 б.

2.Халықтың көші-қоны туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы

3.«Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1593 қаулысы

4. Азаматтық қорғау туралы  Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.