Право/9.Гражданское право.
Қаржасова Г.Б., PhD
докторы, доцент
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық универсиеті, Қазақстан
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ
ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ: АРАҚАТЫНАСЫ
ЖӘНЕ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Азаматтық қоғам - бұл
өзін-өзі дамытатын және өзін-өзі басқаратын
жүйе. Жеке тұлғалар әртүрлі ұйымдарға
бірігіп, өзара сан-алуан қатынастарды қалыптастыра отырып,
өздерінің кейде тіпті қарама-қайшы мүдделерін
жүзеге асырып, саяси билік күші ретінде мемлекеттің
араласуынсыз қоғамның үйлесімді әрі нысаналы
түрде дамуын қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғам
өзін өзі дамытудың мемлекеттен тәуелсіз өзіндік
ішкі қайнар көзіне ие болады. Сонымен қатар, осының
арқасында ол мемлекеттің билеуші қызметін шектеуге
қабілетті. Қоғамның өсуінің маңызды
сипаттамаларының бірі қоғам мүддесі үшін
түсінілген және белсенді қызмет ретінде бастама болады.
Азаматтық парыз, азаматтық ар-ұят сияқты адамгершілік
санаттарымен үйлесімді турде ол азаматтық қоғамның
одан әрі дамуының сенімді тәсілі болып табылады.
Азаматтық
қоғам – бұл құқықтық,
демократиялық қоғам, мұнда адам және
азаматтың табиғи және қабылданған
құқықтары мойындалады, қамтамасыз етіледі
және қорғалады. Азаматтық қоғамның
биліктің әділдігі мен ақылға қонымдылығы
туралы, жеке тұлғаның бостандығы мен ырыс-берекесі
туралы идеяларына құқықтың басымдығы,
құқық пен занның бірлігі, мемлекеттік
биліктің әрқилы тармақтарының қызметін
құқықтық шектеу идеялары сәйкес келеді.
Азаматтық қоғам құқықтық
жолға мемелекетпен бірге дамиды. Құқықтық
мемлекетті азаматтық қоғамның дамуының нәтижесі және оның одан
әрі жетілдірілуінің шарты деп есептеуге болады.
Құқықтық мемлекет азаматтық
қоғамға қарама -
қарсы тұрмайды, керсінше, оның қалыпты жағдайда
дамуы мен қызмет етуіне неғұрлым қолайлы
жағдайларды туғызады. Мұндай өзара әрекеттесу
барысында пайда болған қарама қайшылықтарды
құқықтық өркениеттілік жолмен шешу кепілі,
әлеуметтік апаттарды жою кепілі, қоғам дамуының күштеу
мен зорлаусыз дамуының кепілі байқалады. Азаматтық
қоғам – бұл құқықтық
дәстүрлер мен заңдарға, жалпы ізгілік мұраттарына
құрмет атмосферасын қалыптастыратын, шығармашылық
және кәсіпкерлік қызмет бостандығын камтамасыз ететін,
адам және азаматтың құқықтарын жүзеге
асыру мен ырыс-берекеге қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын,
мемлекеттің қызметін бақылау мен оны шектеу механизмін
өндейтін нақты адамға бейімделеген ерікті, демократиялық,
құқықтық қоғам. Қазақстан
жағдайында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
қызмет етуі нарықтық мемлекетті құрумен тікелей
байланысты. Қоғамдық байланыстардың барлық
сфеараларын демократияландыруға байланысты мемлекет
құқықтық белгілеріне ие болады, ал
қоғам, азаматтық бола бастайды.
Біздің пікірімізше, құқық
және бірінші кезекте ҚР Конститутцисы Қазақстанда
азаматтық қоғамның қалыптасуы мен одан әрі
дамуы барысында қоғамдағы: жеке тұлға мен
мемлекет, билік тармақтары, мемлекеттік билік нысандары және
жергілікті өзін өзі басқару
органдары, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар
(әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, дін, мораль
нормаларынан басқа) нысандағы әр түрлі қарым
қатынастардың басым реттеушісі болуы тиіс. Қазақстанды
жалпыға танымал демократиялық
құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыру
идеясы 1995 ж. ҚР Конститутциясының 1 тарауының 1 бабында өзінің
заңды негіздемесін тапты, «Қазақстан
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
ретiнде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы –
адам және адамның өмiрi, құқықтары
мен бостандықтары», – делiнген ал
құқықтық мемлекеттің мақсаты
Қазақстанның конститутциялық
құрылысының маңызды қағидаларының
бірі болды. [1]
Бұл Қазақстан мен КСРО тарихында
ұзақ кеңестік кезең бойы
құқықтық мемлекет тұжырымдамасының
өзі жоққа шығарылмаса да, құқық
үстемдігі, саяси және идеолигиялық плюрализм, биліктің
тармақтарға бөлінуі, жеке тұлғаның
құқықтары мен мүдделерінің басымдығы
қағидаларының болмауымен және заңды түрде бектілмеуімен
түсіндіріледі.
Қазақстанда керісінше, конститутционализм және құқық «бір мезетте
пайда болмайды»: «Кеңестік тарихты зерттеу барысында
байқағанымыз, құқық жұмысшы, шаруа
және интелегенцияны бөліп қарағаны сияқты,
әділдік, озбырлық пен тирания ассоциациясын жеке қарастырады».
Қоғамдық қатынастардың
саяси сферасында елді, соның ішінде халық шаруашылығын
басқаруда, партиялық және мемлекеттік басшылықтың
тұтасуы процесі орын алады, бұл қалыптасқан
тоталитарлық саяси режимді одан
әрі күшейтті. Құқық болса осы
режимнің тиісті ережелерін бейнеледі және мемлекеттік органдар
арқылы сөз бостандығын, басқаша ойлауды жазалап отырды.
Сол кезеңдгі қоғамның
экономикалық сферасында өндіріс құралдары мен жерге
мемлекеттік меншік монополиясы үстем болды.
Білімнің, ғылымның,
мәдениеттің және басқа да әлеуметтік
сфералардың дамуы маркстік лениндік партиялық идеологияның
ықпалымен жүзеге асырылды. Алайда бұл кезеңде
жағымды мән жайлардың да болғандығын атап
өтпесе болмайды: әлеуметтік экономикалық
тұрақтылық, елдің жоғары халықаралық
беделінің болуы және т.б
Біздің ойымызша, кеңестік кезеңді,
оның барлық «артықшылығы мен кемшіліктерін» есепке ала
отырып, тұтас тарихи кезең ретінде немесе тіпті біздің
елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы сатысы
ретінде қарастыруға болады.
Осы мәселеге қатысты М.Т Баймахановтың
сөзін келтіруге болады: «... құқықтық
мемлекет идеясы сөздің толық мағынасында адамзатпен
қиыншылық көру арқылы қол жеткізіледі. Саяси
құқықтық ойдың және мемлекеттік
құқықтық тәжірбиенің әрбір
жаңа кезеңі, әдетте, мемлекеттілік проблемасына қандай
да бір жаңа қойылым қосып отырады және сол арқылы
оның құқықтық мемлекетке қайта
құрылуының уақытын жақындатты».[2,8 б.].
Алайда ҚР ның демократиялық
құрылысы бірқатар проблемаларды шешуді ұйғарады,
яғни «...демократияға өтудің шешуші проблемасы –
мемлекет пен қоғамның арақатынасы мәселесі.
Азаматтық қоғам
мүдделері бойынша дербес топтардың байқалуы мен әрекет
етуі үшін мүмкіндіктерді
күшейту, мемлекетпен тәуелсіз бірлестіктердің қызметін
кеңейту жолымен құрылады және қайта
өркендейді. Бұл демократияның іргесін қалап қана
қоймай, сонымен қатар азаматтардың саяси санасын,
ұйымдасуын қалыптастырады, тиісінше бұл демократиялық
өтуді қамтамасыз етеді. [3,108 б.].
Қазіргі Қазақстандағы
құқықтық мемлекет пен азаматтық
қоғамның қалыптасуы процестері, бір кезеңде
және қатар дамуы мүмкін, өйткені ол үшін белгілі
бір алғышарттары бар:
- жерге жеке меншікті қосқанда, меншік
нысанындарының көп түрлілігі және тең
құқылығы, кәсіпкерлік қызмет және
кәсіпкерлік бостандығы, мемлекеттік сектордың мемлекет
иелігіне алу процесінің жалғасуы;
- саяси көп түрлілік, идеологиялық
плюрализм;
- мемлекеттік билік реформасының жалғасуы,
сайлау процесінің демократиялануы, көпсанды үкіметтік емес
құрылымдардың: ассоциациялардың,
құқық қорғаушы және басқа да
ұйымдардың, одақтардың, мүдделері бойынша
клубтың, жергілікті өзін өзі басқардың
дамуының пайда болуы;
- жергілікті
өзін өзі басқарудың дамуы;
-
қоғамдағы мешіт пен шіркеудің ролінің
белсенденуі, мемлекеттің зайырлық сипаты, бұлар
қоғамдық санада бір біріне және өзге ұлттың
өкілдеріне шыдамдылықтың, адамға кешірімділік пен
жаңаршылықтың, әділдік пен мейірімділіктің,
адамды сүюдің және т.б бекітілуіне ықпал етеді.
Демократиялық қағидаттар мен
институттар 1995 ж. Конститутциясында және сайлау, жер, экология,
азаматтық, қылмыстық және т.б
құқық салалары
мен институттарында заңды түрде бекітіледі.
Саяси сферадағы
тұрақтылықтығы болмауына, Қазақстан
экономикасындағы және қоғам өмірінің сферасындағы
күрделі жағдайға қарамастан, қазіргі
жағдайда біздің мемлекеттіміздің болашақта бұдан
былай демократиялық бағдарлануына, демократиялық дамуына
бағытталған үрдіс байқалады. Сондықтан да
құқықтық мемлекет пен азаматтық
қоғамның қалыптасуы отандық заң
ғылымында күн тәртібіне қойып отырған дереу
шешуді талап ететін, өте өзекті проблема.
Алайда қандай мемлекеттің жерінде
азаматтық қоғам толық дамуы мүмкін деген
заңды сұрақтың туындауы сөзсіз.
Полициялық мемлекеттің, демократиялық
құқықтық мемлекеттен ерекшелігі, ол
азаматтық қоғамның қалыптасуына негіз бола
алмайды, өйткені олардың мақсаты мен міндеттері,
қағидалары мен қызметтері, басқару әдістері мен
жеке тұлғамен өзара қарым қатынасы,
құқық жүйесі әр қилы.
Полияциялық мемлекеттің мақсаты мен міндеттері,
құқықтық мемлекеттен ерекшелігі адам
құқықтары мен заңды тұлғалардың
мүдделерін қорғаумен халық билігі және
мемлекеттің құқыққа бағынуы
қағидалрын қамтамасыз етумен байланысты емес. Керісінше, олар
басқарушы топтардың мүддесін қорғауға
және оның ережелеріне әр түрлі қол
сұғушылармен күресуге, режимінің
қалыптасқан талаптарын және бекітілген мінез –
құлық ережелерін сақтау бойынша
қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары, баспасөз
үстінен қатаң бақылау орнату үшін, (мемлекеттік
мәжбүрлеу механизмін пайдалана отырып) қатаң режимді,
мүмкін әскери диктатураны орнатуға бағытталған.
Полициялық мемлекетте мемлекеттік басқару жүйесі
қоғаммен, барлық қоғамдық ұйымдармен,
одақтармен, қозғалыстармен тығыз байланыста
қызмет етпейді, ал керісінше, оларды ығыстырып, адамды басып –
жаншитын және жазалайтын әдіс – тәсілдерді қолдана
отырып, мемлекеттің немесе оны басқаратын элитаның
мүдделеріне бағындырады. Жеке тұлға мұндай
мемлекеттік ықпал етуде толық және жан жақты дамымайды,
қоғамдық құндылықтарды құра
алмайды, азаматтық қоғамның қалыптасуына
өз ықпалын тигізбейді.
Полициялық мемлекеттің құқықтық
жүйесі тиісті құрылысты оған тән
демократиялық құқықтық мемлекет шеңберінде болатын демократиялық
құқықтық жүйеге тікелей қарама
қарсы қағидалары және институттарымен бірге
қорғайды. Адам және азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына келетін
болсақ, онда полициялық (авторитарлық - тоталитарлық)
мемлекеттерде олар мемлекетпен оның азаматтарына «сыйға беріледі»,
азаматтар мемлекетпен жанжалға бармау үшін басқарушы режимге
өз келісімін білдіруден басқа амалы қалмайды.
Демократиялық
құқықтық мемлекетте, керісінше,
құқықтар мен бостандықтар адам мен
азаматтарға тумысынан тиісті
болады, адам қоғамдағы ең жоғарғы
құндылық деп жарияланады. Мемлекет мемлекеттік билік
органдары түрінде оларды сақтауы және қорғауы
тиіс. Жеке тұлға өзінің құқықтарын,
бостандықтарын ең алдымен, сайлау
құқығының демократиялық
қағидалалары негізінде, сонымен қатар халықаралық
құқықтың институттары мен қағидалары
негізінде тікелей халық қалыптастырған мемлекеттік
биліктің өкілді органдары және жергілікті басқару
органдары арқылы нақты қамтамасыз етуге талпынады. Бұл
тұлғаның материалдық және рухани мүдделері
мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай
туғызады, оның мүдделерін мен қажеттіліктерін
жүзеге асыру үшін жағдай туғызады оның
тұтас қоғам мен әрбір жеке адамның жақсы
өмірін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық
белсенділігін арттырады. Бұл мақсатқа, демократиялық
құқықтық мемлекет және сонымен қатар
қалыптасатын азаматтық қоғам жағдайында
ғана іс жүзінде қол жеткізу мүмкін болады.
Идеальды мемлекет, керісінше, азаматтарға лицензия,
квота беру арқылы белсенділігін арттырып, экономикаға және
қоғамның өзге де әкімшілік салаларына араласуына
жағдай жасауы керек. Ол тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарын жалпы игілік,
экономикалық мақсаттылыққа сәйкестілік,
адамгершілік, әлеуметтік әделеттік, қылмыстылықпен
күресу, мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау және т.б
мүдделерге сәйкес қабылданған
заңдар арқылы шектейді.
Шындығында, ойшыл А.К Четвернин жазғанындай,
идеалды құқықтық мемлекетте, идеальды
полициялық мемлекетте
бостандықты жоя отырып, тоталитарлық режимге оңай
айналып кеткен болар еді, өмір сүрмейді. Реалды мемлекеттер не
құқықтық мемлекетке (мысалы, АҚШ
қазіргі күні де) не полициялық мемлекетке (ХІХ ғ.
Германия посткеңестік Ресей) өте жақын.
Тұтастай алғанда осы көзқарасты
қолдай отырып, идеалды полициялық мемлекеттің өзінде
тек қана азаматтық қоғамның қалыптасуы
үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамның
өзін сапалы түрде өркениетті қоғамға
айналдыруға қабілетті жеке тұлғаның
шығармашылық тұрғыдан дамуы мен өзін өзі
көрсете алуы үшін қажетті жағдайларды жасау
мүмкін емес, деп тұжырымдаймыз.
Тіпті ежелгі кезеңнің өзінде сол
заманның атақты ойшылдары Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон
құқықтық мемлекеттің
қағидаттарын өңдеумен байланысты
құқықтық ойдың негізін қалады.
Осылайша, Платон «Заңдар» еңбегінде былай деп жазды: «Мен
заңдар күшке ие болмайтын және басқа біреудің
билігінде болатын мемлекеттің
жақында күйреуін көріп тұрмын. Ал заңдар
басқарушылардың билеушісі болатын, ал басқарушылар
заңдардың құлдары болатын мемлекетте, мен
мемлекеттің құтқарылуын және мемлекетке
құдайлардың беретін барлық
құндылықтарын көремін». [4, 71б.].
Немістің көрнекті ойшылы И.Канттың
пікірінше, «мемлекет – бұл құқықтық
заңдарға бағынған көптеген адамдардың
бірлестігі. Мемлекеттің құндылығы мемлекеттік
құрылымының құқықтық
нормалармен үйлесімділігінің жоғары деңгейінен
көрінеді, бұл жеке тұлғаның жауаптылығы мен
еркінің бостандығы проблемасының ерекше мәнін
болжайды». [5, 35 б.].
Мемлекет пен қоғамның
көпқырлы нысанын үйлестіру
жүйесіндегі оның ролі, ол әлеуметтік феномен ретінде
қоғамдағы жекелеген тұлғалардың, топтар мен
ұйымдардың қызметінің шегін анықтап отырады.
Қазіргі заң ғылымында, бұрын
болған мемлекеттік және саяси биліктің
ұқсастығы және тиісінше мемлекет пен азаматтық
қоғамның ұқсастығы туралы көзқарас,
азаматтық қоғам тұжырымдамасын мемлекеттен
тәуелсіз, бірақта онымен тығыз байланысыта болатын
қоғамдық институттардың кешені ретінде тануға
байланысты ескірген байланысты ескірген деп танылады және ол өзіне
мынадай белгілерді қамтиды:
- адамдардың ерікті түрде
құрылған бастапқы өзін өзі басқаратын
қауымдары: отбасы, бірлестіктер, ассоциациялар, шаруашылық
корпорациялары, қоғамдық ұйымдар, кәсіптік,
шығармашылық, этникалық, конфессионалдық және
т.б;
- мемлекеттік емес экономикалық, әлеуметтік,
рухани және тағы басқа қоғамдық
қатынастардың жиынтығы;
- адамдардың өндірістік және жеке
өмірі, олардың салт дәстүрлері, әдет
ғұрпы, мінез құлқы
- мемлекеттік
билік пен саясат тарапынан оған тікелей қол
сұғушылықтан заңмен қорғалатын ерікті жеке
тұлғалар мен олардың ұйымдарының өзін
өзі басқару сферасын. [6,101 б.].
Біздің ойымызша,
құқықтық мемлекетті құру үшін
де, сол сияқты азаматтық қоғамды қалыптастыру
үшін де қажетті алғышарттарды жасауға қабілетті
тағы да бір маңызды шарт бар. Ол мемлекет пен тұтас
қоғамның істерін басқару мен басшылық
жүргізуде әкімшіл – әміршіл әдісті барынша азайтудан,
жоюдан мемлекеттік билікті қоғамдық бақылаудың
тиімді механизмін құру барысында бюрократизмді,
жемқорлықты шектеуден, басқару процесіне мемлекеттік емес
құрылымдарды кеңінен еңгізуден тұрады.
Қазақстанда қазіргі жағдайда
құқықтық мемлекетті қалыптастыру туралы
мәселе өте өзекті болғандықтан, отандық
заң әдебиеттерінде жан жақты қарастырылуда.
Жаңа Қазақстандағы
құқықтық мемлекет тұжырымдамасы
отандық заңгер – ғалымдардың көптеген
жұмыстарында, мысалы Ғ.С Сапарғалиевтің, А.Т Ащеуловтың,
А.Матюхиннің, М.Т Баймахановтың, В.Малиновскийдің, К.К
Айтхожиннің, Ж.Х Жунусованың және тағы да
басқалардың еңбектерінде тұжырымдалған.
Құқықтанушы Ғ.С
Сапарғалиев атап көрсеткендей:
«құқықтық мемлекет – бұл тек қана
көптеген заңдар қабылданып, құқық
қалыптасатын мемлекет қана емес. Құқықтық
мемлекет сонымен қатар мемлекеттік органдар мен мекемелердің
қызметі тек қана қабылданған заңдарға
ғана негізделетін мемлекет болып табылады...». [7, 150б.].
А.Т. Ащеулов пен А.А Караевтің пікірінше,
конститутциялық мемлекеттің құрамдас бөлігі билікті
шектеу проблемасы болып табылады. Бұл проблема «азаматтық
қоғамның қалыптасуы және дамуымен тығыз
байланысты, яғни мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық
институттар жүйесімен, ал онда жеке тұлғалар мен
ұжымдардың жеке мүдделерінің және
қажеттіліктерін жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін
институттармен тығыз байланысты ». [8, 39б.].
Г.Н.Манов әлеуметтік
құқықтық мемлекетті қандай да бір
неғұрлым жетілген нәрсеге өтетін нысан ретінде емес, ал
тозығы жеткен киім сияқты лақтырып тастай алмайтын, демократиялық
және адамгершілікті қоғамның болмысының саяси
қабықшасы ретінде қарастырады.
Құқықтық
мемлекеттің қалыптасуы, оның теориялық моделі
сияқты, оның болмысының
тек ішкі ғана емес, сонымен
қатар сыртқы мән жайларының да жан жақты есепке
алынуын болжайды. Заңның үстемдігін, Г.Н. Манов,
құқықтық мемлекеттің басты
белгілерінің бірі деп есептейді және халықаралық
құқықтық нормалардың басымдығы
олардың ішкі құқық нормаларынан нақты
үстемдігіне автоматты түрде әкеп соқпайды деп ескереді.
[9, 12-76б.].
Заңдар құқықтық мазмұнға
ие болуы, азаматтардың бостандығы мен қорғалуына
кепілдік беруі, тұтас қоғамның мүддесін білдіруі
тиіс. Құқықтың үстемдігі немесе
жоғарлығы, ең алдымен оған мемлекеттің
бағынуын болжайды, бұл адамның мемлекеттік – билеуші
өндірістен қорғалуының заңды кепілі болып
табылады.
Мысалы, АҚШ – та үстемдік етуші
адамның табиғи және
бөлінбейтін құқықтары идеологиясы мынадан келіп
шығады, яғни адамдар конститутциялық мемлекеттік билікті
бекіте отырып, оның пайдасына өзінің табиғи
бостандығының бір бөлігін береді және осының
шегінде билікке бағынуға міндеттенеді (АҚШ – тың
Конститутциясы қабылданғаннан кейін дереу
құқық туралы Билльме толықтырылады).
Адамның (азаматтың) мемлекетке қатысты
бір ғана міндетінен, яғни Конститутция мен заңдарды
сақтау, яғни заңға құлдықты болудан,
заңды сыйлаудан басқа ешқандай міндеті болмайды,
өйткені заңдар адамдардың табиғи және
бөлінбейтін құқықтарын бұзбайды.
Құқықтық мемлекеттің
мұндай тұжырымдамасы, біздін пікірімізше, азаматтардың
озық дүниетанымын қалыптастырады, олардың
құқықты құрметтеуіне ықпал етеді,
құқықтық мәдениет деңгейін
көтереді, тиісінше, қоғамдағы қылмыстылық
деңгейін төмендетеді, азаматтық қоғамның
қалыптасуына қоллайлы жағдай жасайды.
С.Л. Серебряковтың пікірі бойынша,
құқықтық мемлекет азаматтық
қоғамның қызмет етуінің әлеуметтік
реттеушісі ролін атқарады, тиісінше
оның дербестігінің шегі мен нормаларын анықтайды.
Бұлбағытпен келіспеу мүмкін емес.
Алайда, қазіргі отанды заң ғылымында
құқықтық мемлекет және оның
белгілерінің тұжырымы жеткілікті деңгейде кеңінен
қарастырылғандықтан, біздің ойымызша,
«конститутциялық мемлекет» және
«құқықтық мемлекет» түсініктерінің
арақатынасы туралы және олардың одан әрі
теориялық негізделуі туралы мәселе зерттеушілердің қосымша назарын өзіне аударуы
тиіс. Ескеретін жағдай, «құқықтық мемлекет»
түсінігі «конститутциялық мемлекет» түсінігіне қарағанда неғұрлым
бай, кеңірек және көлемдірек. Олардың арасындағы
өзара қарым қатынасы» құқық»
және «конститутция» түсініктерінің арақатынасымен
анықталады. Алайда, ол құқықтық мемлекет
пен конститутциялық мемлекет түсініктері арасына қатал
айырмашылықтарды қоятын көзқарастарға сенуге
негіз болып табылмайды.
Конститутциялық қызмет – бұл негізгі
Заң өзіне тән функцияларды атқаратын және
құқықтық мемлекет үшін негіз болатын
мемлекет.
Құқықтық мемлекет –
бұл, ең алдымен мұнда құқықтық
мемлекет идеяларының іс жүзінде орындалуы жүзеге асатын
конститутциялық мемлекет. Конститутция
құқықтық жүйенің орталығы
қызметін атқарады.
«Құқықтық мемлекет»
түсінігі заңдылық мемлекеті немесе
құқықтық тәртіп мемлекеті сияқты
қалыптасқан санаттарды ығыстырмастан – ақ заң
ғылымында бектіледі. Құқықтық мемлекетке
тән өзіндік белгілерге мыналар жатады:
- қоғамдық өмірдің
барлық сфераларында заңның үстемдігі
- жеке тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарының
шынайлығы, оның еркін дамуының қамтамасыз етілуі
- мемлекет пен жеке тұлғаның
өзара жауаптылығы, заңдардың тек қана азаматтар
үшін ғана емес, сондай ақ мемлекеттің өзі
үшін де міндеттілігі
- заңдардың орындалуы, мемлекетте
заңдылық қағидатының үстемділігі
- заңдардың орындалуын бақылауды
мемлекеттің жүзеге асыруы.
А.П. Кочетков құқықтық
мемлекеттің белгілеріне мыналарды жатқызады:
құқықтың үстемдігі, заңның
үстемдігі, қоғамның барлық мүшелерінің
оған бағынуы, биліктің тармақтарға бөлінуі,
партиялар мен қозғалыстардың саяси жүйедегі
орнының анықталуы, олардың өздерінің мемлекеттен
ерекше функцияларының бекітілуі, орталық мемлекеттік
органдардың оның құрамдас бөліктерімен
арақатынастарыныңреттелген механизмі, азаматтық
қоғамның мемлекеттік басқару аппаратын
бақылануының әрекет ететін жүйесінің
құрылуы.
Тұрақты
құқықтық мемлекет «жеке тұлға
қоғам мемлекет» (триадасындағы) үш
тағанындағы қарым қатынасты анық
конститутциялық жолмен шешусіз болуы мүмкін емес. Оның
пікірінше, демократиялық мемлекет сондай ақ «конститутциялық
мемлекет» те болып табылады. [10, 6б.].
Конститутция
құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
үшін құқықтық база болатынын болжауға
болады, ал өз азаматтарының және олардың
бірлестіктерінің құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ, олардың жүзеге асырылуына белгілі
бір кедергілерді жасайтын мемлекет, конститутциялық деп те,
құқықтық деп те есептелуі мүмкін емес.
Осылайша, біздің көзқарасымыз бойынша,
«конститутциялық мемлекет» түсінігі
«құқықтық мемлекет» түсінігіне
қарағанда неғұрлым тар және ең алдымен Конститутцияның
қоғамдағы ролінің айқындалуының,
азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының қамтамасыз етілуі мен кепілдіктерінің
күшеюін, сонымен қатар мемлекеттік биліктің негізгі
Заңның шеңберімен шектелуін болжайды.
Құқықтық мемлекет түсінігі, керісінше,
«конститутциялық мемлекет» түсінігіне қарағанда
кең әрі көлемдірек және әр түрлі
қоғамдық қатынастарды реттеудегі
құқықтың басымдық жағдайын білдіреді.
Мемлекеттіктік билікті құқықпен
шектеудің мақсаты – конститутциялық мемлекеттің
ажырамас белгісі болып табылатын азаматтық қоғамның
қызмет етуі үшін оңтайлы жағдайларды қалыптастыру.
Осылайша, конститутциялық мемлекеттің
заң әдебиеттерінде берілген тұжырымдаман негізге ала отырып
мынадай түсінікті тұжырымдауға болады:
Конститутциялық мемлекет – демократиялық
саяси режимге, биліктің тармақтарға бөлінуі
қағидатына негізделген, елдің Конститутциясында бекітілген
жалпы азаматтық құндылықтардың басымдығын
қамтамасыз ететін, азаматтардың конститутциялық
құқықтарын, бостандықтарын және заңды
мүдделерін іс жүзінде жүзеге асыру үшін жасайтын,
азаматтық қоғамның саяси билік ұйымы.
Дәл осындай мемлекет қана өзінің
азаматтарын қорғауға, олардың жеке,
мүліктік,әлеуметтік, саяси және басқа да құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, өзін
құқыққа бағындыра отырып, олардың
жүзеге асырылуының берік конститутциялық кепілдіктерін
құруға қабілетті.
Конститутциялық мемлекеттің негізгі белгілері
мен мен мәні оның мынадай белгілерімен анықталады:
-қоғамда демократияның дамыған
нысандарының болуы
-мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді шешуге
халықты кеңінен қатыстыру, жергілікті өзін өзі
басқаруды, үкіметтік емес құқық
қорғау бірлестіктерін мемлекет тарапынан қолдау
- мемлекеттік биліктің монополизациясының
алдын алу мақсатында мемлекеттік билікті «тежемелік» пен тепе
теңдік жүйесіне негізделген заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөлу қағидатын қамтамасыз ету
- елдің аумақтық тұтастығын
сақтап қалу, шекараға, әуе және су
кеңістігіне қол сұқпаушылықты сақтап
қалу, мемлекеттің ішінде құқықтық
тәртіпті нығайту және халықаралық сахнада
оның беделін нығайтудан байқалатын Қазақстанның
мемлекеттік егемендігі
-меншік нысанының сан алуандылығы және
көпқырлы экономиканың болуы, азаматтар мен заңдыы
тұлғаның кәсіпкерлік қызметін дамыту
-мемлекеттің ҚР сы азаматтарының, шетел
азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың
конститутциялық құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асыру үшін берік заңды, экономикалық,
әлеуметтік, саяси және өзге де кепілдіктерді қамтамасыз
етуі
- азаматтардың қоғамдық
құқықтық санасы мен
құқықтық мәдениетінің
жоғарғы деңгейде болуы
- мемлекеттің халықаралық
құқық нормалары мен қағидаттарын, адам
және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын мойындауы және құрметтеуі, халықаралық
ынтымақтастықты одан әрі дамытуы, бейбіт сыртқы
саясатты жүргізуі.
Аталған белгілер конститутциялық мемлекетті
қалыптастыруда басым мәнге ие негізгі белгілер болып табылады.
Алайда бұл процесті жеделдетуге немесе баяулатуға қабілетті
факультативтік қосымша белгілер де бар. Оған мыналарды
жатқызуға болады:
1.
Әр
түрлі нысандарда (өнер, ғылым, техника, білім беру және
тәрбиелеу) байқалатын, ұлттық дәстүрлерді
қайта жаңғырту мен дамытудан көрінетін,
қоғамның рухани мәдениетінің жоғарғы
деңгейі
2.
Мораль
мен адамгершілік, отбасы нормаларын нығайту
3.
Халық
арасында руханиылықты бекітетін, қоғамдық
құбылыстар мен процестерді ынталандырушы тәсіл болып
табылатын дінді кедергісіз дамыту
Қазақстанда конститутциялық
мемлекеттің нақты қалыптасуы мүмкін болатын
жағдайларға, біздің пікірімізше, мыналар жатады:
- Қазақстан
Республикасы Конститутциясына қатысты
құқықтық минигализмді жою
-Конститутциялық құрылыстың
негізгі қағидаттарын жүзеге асырудың
құқықтық, экономикалық және
өзге де кепілдіктері мен мехназизмін құру және қамтамасыз ету
-Сот реформасын одан әрі жүргізу;
-өкілді демократия институтын жетілдіру, жергілікті
өзін өзі басқаруды одан әрі дамыту және
елдің халқын мемлекеттік істерді басқаруға
неғұрлым кеңінен тарту;
Тұтас алғанда, біз мынадай
қорытындыға келдік, яғни конститутциялық мемлекет
құқықтық, ал
құқықтық мемлекет әрқашан
конститутциялық болуы тиіс.
Конститутциялық
(құқықтық) мемлекеттің
қалыптасуы процесіне экономикалық факторлар да ықпалын да
тигізеді. Дамыған және тұрақты экономикасы болмаса, бір
де бір мемлекет іс жүзінде құқықтық
мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені дамыған экономика адам
құқығы саласындағы әр қилы
экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін
жағдай жасауға қабілетті.
Конститутциялық
құқықтық мемлекеттің тағы да бір
ерекшелігі, елдегі қылмыстылықтың ең төмен
әлеуметтік деңгейде болуы. «Криминогендік» мемлекет
конститутциялық деп танылуы мүмкін емес, өйткені
қылмыстылықтың себептері негізінен қоғамдық
қатынастардың құқықтық
реттелуінің жетілмегендігіменен, экономиканың даму деңгейінен,
әлеуметтік – саяси проблемалардан келіп шығады.
Қылмыстылық
көрсеткіштерінің жоғары болуы – Қазақстанда
азаматтық қоғамды қалыптастыру жолындағы
күрделі кедергі болып табылады. Тек қылмыстылық
деңгейін барынша төмендетуге,
құқықтық заңдардың үстемдігін
қамтамасыз етуге қабілетті күшті мемлекеттің
көмегімен ғана азаматтық қоғамды
қалыптастыру мен дамыту жағдайларын жасау мүмкін болады.
Ақырында, елдің ішінде
және сол сияқты сыртқы саяси қатынастарда да
ұлттық қауіпсіздікке кепілдікке кепілдік бере алатын
мемлекетті ғана конститутциялық мемлекет деп тани аламыз.
Қазіргі кезде
қазақстандық қоғамда және мемлекетте болып
жатқан үрдістер, өзінің мақсаттары, міндеттері
және қағидаттары бойынша негізінде Қазақстанда
азаматтық қоғамды қалыптастырудың алғы шарттары
болып табылады. Осыған байланысты азаматтық
қоғамның белгілері туралы мәселені
(құқықтық мемлекеттің белгілермен
арақатынастарында) қарастыру орынды болатын тәрізді.
Біздің пікіріміз бойынша,
азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекеттің сипаттамасы (белгілері) өзара тығыз байланысты
және бір-біріне тәуелді. Бұл, ең алдымен,
мемлекеттің қоғамсыз, сол сияқты
қоғамның да мемлекетсіз өмір сүруі мүмкін
еместігінен келіп шығады. Алайда кез келген мемлекет азаматтық
қоғамның қалыптасуына қажетті жағдайды жасай
алмайды.
Осылайша, біз,
Қазақстанға қатысты азаматтық
қоғамның белгілеріне мыналарды жатқызуға болады
деп есептейміз: 1) саяси демократиялық режим 2) басқарудың
республикалық нысаны; 3) мемлекеттік құрылымның
унитарлық (біртұтас) нысаны (Қазақстан үшін); 4)
саяси және идеологиялық көп түрлілікке негізделген
көп партиялық саяси жүйе; 5) бұқаралық
ақпарат құралдарының бостандығы; 6) сөз
бостандығы; 7) мемлекеттік емес қоғамдық
ұйымдарды, одақтарды, ассоциацияларды, қозғалыстарды,
клубтарды және т.б. құру және олардың
қызметін белсендіру; 8) мемлекеттің жергілікті өзін өзі
басқаруды қамтамасыз ететін конститутциялық
құрылыстың болуы; 10) биліктің барлық
деңгейлерінде адам және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруының тиімді механизмінің болуы; 11) қоғам
(мемлекеттік емес құрылымдар) тарапынан мемлекеттік білікті
бақылаудың тиімді тәсілінің болуы; 12)
мемлекеттің конститутциялық жауаптылығының болуы; 13)
әлеуметтік бағдарланған экономиканың болуы.
Мемлекеттік билік қоғам
алдын ала болжай алатындай және бақылай алатындай болуы тиіс. Тек
осы талапты сақтағанда ғана қоғам азаматтық
қоғам деп саналуы мүмкін.
Қазақстанның
нақты жағдайларына қатысты
құқықтық мемлекет пен азаматтық
қоғамның арақатынасы туралы мәселе әлі де
болса шешілген жоқ, өйткені олардың қалыптасу процесі
енді ғана басталып жатыр. Бұл мәселе көпқырлы
және қарама қайшылықты болып көрінеді, себебі
біріншіден, Қазақстанның тарихи дамуы процесінде
ұзақ уақыт бойы тоталитарлық саяси режим өмір
сүріп келді, екіншіден, қазіргі жағдайда құқықтық
нигилизм мен мемлекеттік билікке қатысты нигилизмнің сақталуы
мен кең таралуына байланысты.
Бұл проблеманың
орталық аспекті азаматтық қоғамның
қалыптасуының обьективтік қажеттілігі мен мемлекеттің
құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде тұрақты түрде қызмет ету міндеті
арасындағы қарама қайшылықты шешу болып табылады.
Құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы
процестерінің өзара байланысы мен өзара
бағыныштылығы тек олардың ортақ мақсаты – адам,
оның құқықтары мен бостандықтарын
жоғары құндылық ретінде тану ғана емес, сонымен
қатар, жеке тұлғаның қоғам алдындағы
азаматтық және конститутциялық жауапкершілігін көтеру
болып табылады. Сондықтан да құқықтық
мемлекеттің қалыптасу процесін заңдылық пен
құқықтық тәртіптің,
өздерінің құқықтары мен
бостандықтарының іс жүзінде қамтамасыз етілуіне
мүдделі қоғамның барлық мүшелерінің
мақсаттары мен талпынытарының көрінісі ретінде
қарастыруға болады.
Азаматтық қоғам
мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы –
бұл тек қоғамның экономикалық және саяси жүйесінің
өзгеруі ғана емес. Қазіргі Қазақстандық
билік қоғам өмірінің рухани факторларын дұрыс
бағаламай отырған сияқты. Қазақстан
жағдайында азаматтық қоғамның қалыптасуында
ең бастысы қазақстандық және
дүниежүзілік өркениеттің ең жоғарғы
жетістіктеріне арқа сүйетін қазақстандық
қоғамның жаңа дінінің қалыптасуы, рухани
тәртіп факторлары болуы тиіс.
Рухани дағдарысты құқықтық
мемлекеттің де, азаматтық қоғамның да
қалыптасуы жолындағы күрделі кедергілердің бірі ретінде
қарастыру қажет.
Алайда азаматтардың қоғамдық санасының көтерілуі елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейімен де
анықталады. «Пролетарлық» сана мен дүниетанымның
үстемдігі тарихта өшпес ізін қалдырды, кеңестік
Қазақстандық көптеген жылдар бойы
қалыптасқан, Қазақстан Республикасында азаматтық
қоғамның қалыптасуы мен дамуында белгілі бір
деңгейінде айтарлықтай роль атқарған интеллектуалдық әлеуетті іс
жүзінде жойып жібереді.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық
қоғамның ара қатынасын олардың функцияларын
талдау жолымен қарастыру өте маңызды болып табылады,
өйткені бұл мәселе отандық заң ғылымында
жеткілікті деңгейде зерттелмеген.
Құқықтық
мемлекетке, кез келген демократиялық мемлекетте кездесетін ішкі
және сыртқы функциялардың барлығы да тән болып
табылады.
Әлеуметтанушы ғалым В.В. Колбановский азаматтық
қоғамның фуекцияларына мыналарды жатқызады:
1) Гомеостазис – кейбір әлеуметтік топтар үшін
немқұрайды және қатысы жоқ процесс;
2)әлеуметтік
интеграция;
3) азаматтық қоғамның әлеуметтік
субъектілерінің (экономикалық және саяси субъектілер,
ең алдымен таптық және этникалық, соңынан жаппай
саяси және өзге де қозғалыстар, сондай-ақ
кәсіби бірлестіктер мен корпорациялар) өзін өзі дамытуы;
4) мемлекеттік және жағрафиялық шекаралардан
тәуелсіз әлеуметтік өмір жағдайының
гомогенизациясы (яғни, экономикалық, саяси, мәдени,
ақпараттық және т.б.). [11,
25-40б.].
С.Л. Серебряков Ресейде азаматтық қоғамның
қалыптасуының мынадай бағыттарын атап көрсетеді:
1) меншік нысандарының сан-алуандығы және
әлеуметтік бейімделген нарықтық экономика негізінде экономикалық
іргетасын қалау;
2) Әрқилы топтар мен қауымдардың
мүдделерінің нақты қалыптасқан жіктелуі жайында
әлеуметтік әріптестікке қабілетті,
құқықтын басымдылығына негізделген мемлекеттіліктің
жаңа типін қалыптастыру;
3) Қоғамда нақты көптүрлілікті қалыптастыру,
бұған дәстүрлі ықпалды партиялардың
ролінің төмендеуі және жаппай саяси қызметтің
жаңа нысандарының туылуы, сонымен қатар өзін-өзі
басқаратын құрылымдардың, ассоцияциялардың,
бейресми азаматтық қозғалысиардың пайда болуы;
дәстүрлі тайталасты азаматтық және саяси
мәдениетті жеңу, яғни бейбітшілік негізінде,
оған коститутциялық кепілдіктерді бере отырып
қоғамды тұрақтандыру ықпалын тигізеді.
Аталғандарды талдай отырып, азаматтық
қоғамның аталған функцияларының барлығы
«өмір сүруге құқықығы бар» екендігін мойындау қажет.
Алайда, Қазақстан жағдайына қатысты азаматтық
қоғамның функциялары
неғұрлым көпқырлы, жеке алғанда: а)
азаматтардың құқық шығармашылық
(нормашығармашылық) қызметке қатысуы; б)
азаматтық қоғам институттары тарпынан мемлекеттік билікті
бақылау функциясы; в) мемлекеттік саяси билікті жүзеге
асыруға қатысу; г) әділсоттылықты жүзеге
асыруға қатысу ( билер, алқа билер, аралық билер –
мамандар); д) мемлекдттік саяси билікті қолдау немесе оған
қарсы әрекет ету; и) мемлекеттік саяси билікке материалдық
көмек көрсету; к) тәрбиелік және білім беру функциясы;
л) денсаулық сақтау және халықтың ұдайы
өсуі; м) қоршаған табиғи ортаны қорғау; н)
азаматтарды және олардың бірлестіктерін
құқық бұзушылықтардан өзара тежеп
отыру; о) өзінің құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыру
барысында құқықтық белсенділік; п)
өзінің құқықтық мәртебесін
жүзеге асыру барысында мемлекетік саяси биліктің
қызығушылығының қалыптасуы.
1. Азаматтардың құқық
шығармашылық және нормашығармашылық қызметке
қатысуы мемлекеттік емес құрылымдардың
өзінің тікелей қызметіне қатысты актілерді
шығаруымен байланысты, мысалы олардың құрылуының
тәртібі, мақсаттары, міндеттері, функциялары, мемлекеттік билік
органдарымен өзара қарым-қатынасы және т.б. Мұнда
азаматтық қоғам институттарының кез келген порма
шығармашылық қызметі елдің Конститутциясына қайшы
келмеуі және оған дәлме-дәл сәйкестікпен
жүзеге асырылуы тиіс.
2. Азаматтық
қоғамның мемлекеттік саяси билікті және азаматтық
қоғамның жекелеген элементтерін бақылау функциясы
қазіргі кезде азаматтық қоғам институттарының
жеткілікті деңгейде дамығандығы салдарынан жүзеге
асырылмай отыр. Бұрын болған қоғамдық
бақылау механизмдерін жою, мысалы кеңестік дәуір кезіндегі
болған халықтық бақылау жүйесі жойды, бірақ
жаңа қазақстандың мемлекеттілік оның орнына
әлі ештене ойлап тапқан жоқ. Бұл жағынан
алғанда журналистік және депутаттық тергеу деп аталатын
функцияның өзектілігі өте маңызды болып табылады.
Дамыған азаматтық қоғам жағдайында оның
бұл функциясы – ең негізгі функциялардың бірі.
3. мемлекеттік саяси билікті
жүзеге асыруға қатысу, ең алдымен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарына сайлауға қатысу,
референдум өткізу жолымен жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу және
т.б. көрініс табады.
4. Азаматтық қоғамның құқық
қорғаушылық (соттық) функциясы сот төрелігін
бітімгершілік соты, алқалы сот, билер соты арқылы жүзеге
асырылуынан көрініс табады. Заңгер ғалымда мен
тәжірибелі қызметерлердің тарапынан билер сотына деген
әрқилы көзқарастардың болуына қарамастан,
билер соты сот өндірісінің баламалы нысаны ретінде нақты
жағдайларда өмір сүреді және сот тәжірибесіне,
жеке тұлға – мемлекет – қоғам арасындағы
өзара қарым – қатынас барысына белгілі бір ықпалын
тигізеді.
5. Мемлекеттік саяси билікті
қолдау немесе оған қарсы әрекет ету мемлекет
жүргізіп жатқан саяси бағытты (реформаларды) қолдау,
немесе керісінше, азаматтық бағынбаушылық актілері
арқылы байқалады.
6. Мемлекет саяси билікке
материалдық көмек (жәрдем) көрсету
(қоғамдық қорлардың жеке фирмалардың
және т.б. қайырымдылық қызметі, демеушілік).
7. Тәрбиелік және білім беру функциясы отбасылық
тәрбиелеу және білім беруден байқалады, сонамен қатар,
мемлекеттік емес коммерциялық оқу орындарында оқыту
процессінен көрінеді.
8. Денсаулық сақтау
және халықтың ұдайы өсу функциясы мемлекеттік
емес медициналық мекемелер және арнаулы қызметтердің
құрылуы мен қызмет етуі, азаматтық қоғам
институттарына көмек, әлеуметтік қызмет көрсету, аналар
мен балаларды, әкелікті қорғау функцияларынан көрінеді.
9. Азаматтық қоғамның экологиялық функциясы
қоғамдық институттардың (жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының және
қоғамдық бірлестіктердің) мемлекеттік экологиялық
бағдарламаларды жүзеге асыруға, экологиялық
қорларды құруға қатысуынан, олардың
халықаралық үкіметтік емес экологиялық
ұйымдармен, қозғалыстармен және т.б.
ынтымақтастығымен көрініс табады.
10. Азаматтарды және олардың бірлестіктерін
құқық бұзушылықтардан өзара тежеп
отыру құқық бұзушылықтардың алдын
алу, оларды ескерту мақсатымен халықтық дружиналарды
және азаматтардың өзге де ерікті қоғамдық
бірлестіктерін құрумен тығыз байланысты.
11. Өзінің құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асысу
барысындағы құқықтық белсенділік
құқық қорғайтын қоғамдық
бірлестіктерді құру, мелекеттік билік органдары мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарына ұжымдық және
жеке өтініштерді беру және т.б. көрінеді.
12. Өзінің құқықтық
мәртебесін жүзеге асыру барысында мемлекеттік саяси биліктің
қызығушылығының қалыптасуы
қоғамдық өмірдің әрқилы
мәселелерін шешуде мемлекеттік билік есепке алуы қажет болатын
қоғамдық пікірді ескеруі тиіс.
Осылайша, демократиялық
құқықтық мемлекетке идеалды
азаматтық қоғам сәйкес келеді, және осындай
жағдайда өзара әрекеттесудің (ынтымақтастықтың)
әртүрлі нысандары қалыптасуы мүмкін.
Нақты азаматтық қоғамның қалыптасуы
жағдайында мұндай баланс болмауы да мүмкін, өйткені,
азаматтық қоғамның көптеген институттары тек
құрылып қана қояды, ал басқаларының
әрекет етуі қандай да бір деңгейде конститутциялық
құрылымның қағидаттарына қайшы келеді, ал
мемлекет жеке тұлғалардың конститутциялық
құқықтары, бостандықтары және заңды
мүдделерін қамтамасыз етуге жеткілікті деңгейде дайын
болмайды.
Азаматтық қоғамның әрқашан
қалыптасқан және құрылып жатқан
институттарының тиімді әрекет етуі қандай да бір
деңгейде және шамада халықтың барлық топтары мен
таптарының адамгершілік санасы мен адамгершілік мәдениетін
көтеру жолымен, (формалды түрде емес, ал іс жүзінде)
құқықтық жалпы білім беру негізінде
құқықтық ингилизмді барынша жеңу жолымен
қамтамасыз етілуі мүмкін.
Жоғарыда айтылған ойларымызды Қазақстандық
ғалым А.К. Котоновтың сөзімен түйіндесек:
«Қоғамның тұтастығы мен көптүрлілігі
– Қазақстан мемлекетінің болмысының мәні.
Мұндай қоғам – азаматтық қоғам болып
табылады және ол күрделі саяси – құқықтық
феномен ретінде қалыптасады.....». [12, 137б].
Қазақстан әзірше құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы
сатысында тұр. Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конститутциясында құқықтық мемлекет
пен азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін
белгілі бір құқықтық негіздері
қаланған. Олар әрқашан құрылған
демократиялық институттарды дамыту бойынша, сонымен қатар,
олардың тиімді қызмет етуі мен қалыптасқан
конститутциялық құрылысты нығайту үшін
жағдайларды жасау және қамтамасыз ету бойынша мемлекет пен
қоғамның жаңа міндеттерін анықтайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
1995 жылғы 30
тамызда қабылданған, (соңғы
өзгерістер 10.03.2017 № 51-VI ҚР заңымен енгізілді). //online.zakon.kz
2. Баймаханов М.Т
Проблема этатизма и ориентация на приемущественное использование правовых
ценностей// Правовая реформа в казахстане, 2008, №3,8б.
3. Джунусова Ж.Х
Республика Казахстан; Президент
Институты демократии: Монография.1996, 108б.
4.
Өзбекұлы
С.,Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық
теориясы – Алматы: Жеті жарғы 2014 ж.
5.
Аристотель.
Афина политиясы.// Әлемдік
саясаттану антологиясы , Алматы: «Қазақстан», 1-том,
2008ж. 67б.
6. Серебряков С.Л Цивилизованные основы формирования
гражданского общества в России// социально – политический журнал, 2008, №2, 101
б.
7. Сапаргалиев Г.С Конститутционное право Республики
Казахстан . – Алматы, 1998, 150 б.
8. Ащеулов А.Т Караев А.А Конститутционное право Республики
Казахстан. Учебно методическое пособие.- Алматы: издательской дом КазГЮУ,
2008,39 б.
9. Манов Г.Н. Правовое государство и глобальные проблемы
современности// Гражданское общество и государство: предпосылки формирования. –
М., 2010,12 – 17б.
10. Сырых В.Т Основы конститутционного строя// Право и
экономика, 2010, №9-10,6б.
11. Колбанова
В.В Основные функций гражданского общества / Проблемы формирования гражданского
общества.-М., 2009, 25 – 40 б.
12. Котов А.К суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ –
Алматы, 2008,137.