ӘОЖ
«Көбіктібетон өндірісіні технологияларын
жетілдіру»
«Совершенствование технологий производства пенобетона»
"Improvement of foam concrete production technology"
Тенькебаев Есіл Қайролдаұлы
esl994.t@gmail.com
Л.Н.Гумилев
атындағы ЕҰУ «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын
және құрастырмаларын өндіру» мамандығының
2-курс магистранты, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – Есенгабулов С.К.
Бұл мақалада порталандцемент, көбіктендіргіштің
сұйық концентраты, толықтырғыш пен суды
төмендететін реагенттерден тұратын қоспаның алдын ала
кешендік механды белсендіруін қосатын, және кейінгі
құрғақ қоспаның сумен ерітілуі мен жылдам
араластырғыштағы араласуы жүзеге асатын көбікбетонды
дайындаудың жаңа технологиясы сипатталады.
Негізгі сөздер:: технология,
құрғақ механды белсендірілген қоспа, бейавтоклавты
көбікбетон.
This article depicts the new technology of producing the foam concrete
which includes the preliminary complex mechanoactivation of the mixture,
consisting of portland cement, a liquid concentrate of a foaming agent and the
dewatering reagent, following dry water mixing and shifting in the high-speed
mixer
Keywords: non-autoclave
foamed concrete, dry mechanical activated mixture, technology
Кеуекті бетонды бұйымдар Қазақстанның күрделі
экономикалық және климаттық жағдайларына жақсы
бейімделген [1,2]. Бұл ретте, түрлі масштабта кеуекті
бетонның 2 түрі қолданылады: автоклавты қатқылды
газды бетон мен бейавтоклавты қатқылды көбікбетон.
Көбікбетон қасиеті жағынан газды бетоннан төмен
тұрады, соның ішінде, оның құрылымдық
беріктілігі 2-3 классқа төмен, ал ылғалды отыруы 2-4 есеге
жоғары [3]. Ылғалдың жоғарғы отыруы
көбікбетонды қоспаның үлкен ылғалдылық
мөлшерімен (В/Т>0,7)
шартталатын бастапқы жоғары ылғалдылық - бейавтоклав
көбікбетонның «генетитикалық» кемшілігімен белгіленеді. Атап
өтілген кемшіліктер өте маңызды болып келеді және
қазіргі уақытқа дейін оның бәсекеге
қабілеттілігін азайтады, өндіріс пен құрылыста
қолдануын тоқтатады.
Алайда бұл материалдың автоклавты газды бетонмен
салыстырғанда бірнеше артықшылықтары бар - көбікбетон
айрықша тұйық қуыстылығымен ерекшеленеді.
Бейавтоклав көбікбетонның кеуекті құрылымы қуыс
арасындағы қоршау материалының тең шамалас
беріктілігіне жету барысында газды бетонның беріктілігіне тең немесе
жоғары беріктілігін қамтамасыз ете алады. Мұндай беріктілікті
алу тәсілінің бірі - тұтқырдың механды
белсенділігі мен түрлендіруші қоспаларды қолдану болуы
мүмкін.
Кең қолданыс тапқан көбікбетонды бұйымдарды
дайындаудың технологиялық сызбасының дәстүрлі нұсқалары,
келесідей:
1)классикалық (екі сатылы), мұнда сулы көпіршік пен сулы
цементті қалыпты (немесе цементті-құмды ерітінді) жеке
дайындайды, кейін оларды механикалық араластырғышта араластырады;
2) көпіршіктің құрғаз минерализациясы
тәсілі [4]; 3) баротехнология тәсілі [5].
Барлық аталған технологиялар алынған кеуекті
құрылымдардың тұрақсыздығымен де, материал
қасиетімен де ерекшеленеді, себебі көбікбетонды қоспа ,бір
жағынан, тұтқыр мен толықтырғыштың, екінші
жағынан, қоспалардың заттық және минералдық
құрамына өте сезімтал. Бұл сызбалардү ың
жалпы кемшілігі - жоғарыда айтылып кеткен көбікбетонның
жоғары ылғалдылығы (бастапқы В/Т жоғарғы
мәндеріне байланысты) мен кейінгі ұзақ мерзімдік
қатқылдату мен пайдалануы кезіндегі
сызаттануы болып табылады:
Осыған сәйкес, көбікбетонды қоспаның
құрылымдық тұрақсыздығын жоққа
шығаратын және қуысаралық қоршаудың берік
материалын және, сәйкесінше, бейавтоклав көбікбетонның
аязға төзімді, сызатқа берікті, жоғары беріктілік
қасиеттерін алуға мүмкіндік беретін өндірістің
басқа да технологиялары қажет.
Қойылған мақсаттың шешімі көбікбетондарды
алуға арналған құрғақ құрылыс
қоспалары өндірісінде заманауи идеологияны қолдану болып
табылады. Олардың мінсіз артықшылығы -
мөлшерлеудің жоғары нақтылығы мен
компоненттердің гомогенизация деңгейі, бұл материалдың
технологиялық және эксплутационды-техникалық
қасиеттерінің беріктілігіне кепілдік береді.
Көбікбетон үшін құрғақ қоспаны
(КБҚҚ) алудың бір қиыншылығы
көбіктендіргіштің барлығы дерлік қоюланған
сұйық ерітінді болып келетінінде.
Осыған байланысты біз қасиеті жағынан автоклав
көбікбетонға жақын және өзіндік кемшіліктерінен
арылтатын бейавтоклав көбікбетонды алуға мүмкіндік беретін,
компоненттердің бірге жуылу арқылы тұтқырдың
механды белсенділігінен тұратын дайындау технологиясын жасап
шығардық. Біз ұсынған технология - портландцемент,
көбіктендіргіштің қоюланған ерітіндісі, белсенді
толықтырғыштар мен суды төмендеткіш реагенттерден
құралған құрғақ
қоспалардың механды белсендіру технологиясы су қажеттілігі
төмен цемент өндірісі технологиясымен ұқсас.
1 сурет. Құрғақ қоспадан 50 есе
үлкейтілген кезде алынған, D400 көбікбетонның кеуекті
құрылымы

Өндірісттің бұл тәсілінің
артықшылығы - ол бейавтоклав көбікбетонды аз С/Ц (0,4-ке
дейін) және, сәйкесінше, төменгі тартылу дәрежесімен
алу.
Құрғақ қоспа ұзақ мерзімдік
сақтауда (3 ай) өзінің қасиеттерін жоғалтпайды,
себебі ПАВ механ белсендіру процесінде агломерат пен цемент
гидрадациясының құрылуына кедергі келтіреді.
Көбікбетонның құрғақ қоспа мен
автоклавты газды бетоннан салыстырмалы көрсеткіштері кестеде
көрсетілген.
Кестеден құрғақ қоспаның
көбікбетоны қалыпты мәннен асып түсетінін және
қасиеті жағынан автоклавты газды бетонға жақындайтынын
көрсетеді.
Құрғақ қсопалы көбікбетонның
қуысты құрылымы (суретті қараңыз)
дәстүрлі сызбамен дайындалған көбікбетонның
құрылымынан еш айырмашылығы жоқ. Келешектегі зерттеулер
көбікбетонның қасиеттері мен құрылымдарын
жаңа технологияда тез жүзеге асыратын оның рецептуалды-
технологиялық модификациясы жолымен жүзеге асыруға
бағытталатын болады.
1 кесте. Автоклав газды бетон қасиеттері мен стандарт талаптарына сай
жаңа технология бойынша көбікбетонның қасиеттері

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1)
ҚР ҚН
2.04-21 Азаматтық ғимараттарды жылулық қорғау
және энергия тұтыну
2)
Кудряшев И.Т., Куприянов В.П.
Ячеистые бетоны. Учебник для ВУЗов. М., Госстройиздат, 1959, 182с.
3)
Горлов Ю.П. Технология
теплоизоляционных и акустических материалов и изделий. - М.: Высш. шк., 1989. -
384 с.
4)
Ружинский, С.А.
Все о пенобетоне / С.А. Ру- жинский, А.Б. Портик, А.В. Савиных. - СПб.: ООО
«Стройбетон», 2006. - 630 с.
5)
Сахаров, Г.П.
Альтернативные технологии ячеистого бетона / Г.П. Сахаров // Технология
бетонов. - 2007. -№ 5. - С. 51-60.