Сельское хозяйство /3.Земледелие, грунтоведение и агрохимия.
Курбанбаева Д.,
Малимбаева А.Д., Шибикеева А.М.
Казахский
национальный аграрный университет, Казахстан
Топырақ пен өсімдіктің
химиялық құрамына
тыңайтқыштардың әсері
Кіріспе. Көп жағдайда
өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеп,
өсімдік тектес өнімнің сапасын анықтайды.
Өсімдіктердің химиялық
құрамына тыңайтқыштардың әсерін зерттей
отырып өсімдіктің сапасын жақсартуға, бағытын
өзгертуге, топырақ құнарлығын
арттыруға болады.
Алға қойылған міндеттердің
шешімі Қазақ картоп
және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
стационарында 4 алқаптық қарқынды көкөніс
ауыспалы егістік жағдайында жүзеге
асырылған. Күңгірт қара қоңыр
топыраққа 1992 жылы салынған 4 алқаптық
қарқынды көкөніс ауыспалы егістікте дақылдарды кезектестіру
келесідей:
1. Ақ қауданды
қырыққабат; 2. Қияр; 3. Қызанақ; 4.
Тамыр-жемістер (сәбіз, асхана қызылшасы). Тәжірибе
мөлтегіне бөлінген орын ауданы
67,2 м2 (4,2 м х 16 м) құраған,
қайталануы 4 еселік.
Зерттеу нысаны: кеш пісетін
қырыққабат –Белоснежка сұрыпы. Тәжірибе
сызба-нұсқасы: 1. Бақылау (тыңайтқышсыз), 2. N60P30K30
, 3. N120P60K60 , 4. N180P90K90. Қарқынды көкөніс ауыспалы егістікте
енгізілген тыңайтқыштар түрлері: аммиакты селитра (34% ә. з.), қос суперфосфат (40% ә. з. ), хлорлы калий
(60 % ә. з.).
Өсімдіктердің
химиялық құрамына әсер ететін мынадай факторлар
белгілі: топырақтағы қоректік заттардың мөлшері,
өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, температура,
топырақ ылғалдылығы, аэрация, рН, тыңайтқыш енгізу.
Аққауданды кеш пісетін қырыққабат қоректік элементтерді,
оның ішінде азотты көп тұтынады. Сақтауға жарамды
оның сұрыптары азотпен
қатар калий мен фосфорға да
мұқтаж. Қырыққабат қаудан түзе
бастағанға дейін азотты көп тұтынады, қаудандар қарқынды
өсе бастағанда калийге аса мұқтаж болады, ал фосфорды
қаудан өскенде және вегетация соңында қажет
етеді.
Айтбаев Т.Е. зерттеулеріндегі [1] тыңайтқыш
қолданбай өсірілген қырыққабаттың кеш
пісетін сұрыпында қауданның құрғақ
затында 2,84 % азот және 47,6 %
қоректік күл элементтері болған. Күңгірт-қара
қоңыр топырақтың вегетациялық кезеңде
қоректік элементтермен жақсы қамтамасыз етілуі кеш пісетін қырыққабаттың
химиялық құрамына оң әсерін береді (сурет 1).
Суарылатын қара қоңыр топырақ
жағдайында кеш пісетін қырыққабатқа вегетация барысында минералдық
қоректік элементтердің біркелкі түспейтіндігі зерттеулер
нәтижесінде белгілі болды. Зерттелетін дақылдардың ерте
өсу фазаларында қоректік элементтер пайызы жоғары болса,
кейін ол азая береді. Өсімдік қартайған сайын
құрамындағы қоректік элементтердің абсолютті
мөлшері артады.
Сурет 1 – Тыңайтқыш қолдануға
байланысты қырыққабат өсімдігінің
химиялық құрамы
Ескерту - 1-
бастапқы мерзімде (4-5 қырыққабат жапырақтары фазасы); 2 – қаудан түзіле бастауы (тұтас
өсімдік)
Минералдық тыңайтқыштарды
қолданғанда азот, фосфор мен
калий соншалықты көп
мөлшерде өсімдікке өтеді. Өсімдік мүшелеріндегі
қоректік элементтердің мөлшері тыңайтқыш
нормаларына тәуелді болады. Кеш
пісетін қырыққабаттың өсу кезеңі
басында және даму кезеңінде азот, фосфор мен калий мөлшері көп болса, ал вегетация соңына қарай
вегетативті мүшелерінде азот пен фосфор мөлшері азаяды.
Қырыққабат қауданында бұл элементтердің
керісінше арта түсу себебі, қоректік заттардың генеративті
мүшелерге қарай өтуімен байланысты. Вегетативті
мүшелерге қарағанда генеративті мүшелерде калий
көбірек жинақталады [2].
Кеш пісетін қырыққабат
өсімдігінің химиялық құрамы әр жылда шамалы
ғана өзгерген, бақылауға қатысты енгізілген
тыңайтқыш нормасына тәуелді қоректік заттардың
мөлшері жоғары болды. Өсімдіктерді талдау
көрсеткеніндей, анықтаудың бастапқы мерзімінде (4-5
және 8-9
қырыққабат жапырақтары) толық
тыңайтқыштың (N1Р1К1) бір
есе нормасын енгізу азот мөлшерін 4,4%, фосфорды 0,32% және калийді
4,4%-ға жоғарылатты. Осы уақытта бақылау
нұсқасындағы азот
мөлшері 3,6%, фосфор -0,28% және калий -2,9% құрады.
Толық тыңайтқышты 2 есе нормада енгізу
өсімдіктегі элементтердің мөлшерін жоғарылатты: азотты
5,0 %, фосфорды 0,49% және калийді 4,7 %- ға, ал 3 еселік нормасы
сәйкесінше 5,9, 0,53 және 5,8 %-ға арттырады.
Қырыққабат қауданы түзіле бастаған фазада қоректік
элементтердің мөлшері тәжірибеде қолданылған
тыңайтқыштарға тәуелді болды. Тыңайтқыш
қолданған нұсқаларда азот мөлшері 3,9-4,9%, фосфор- 0,32-0,53 % және калий- 3,9-5,5% құраса,
бақылау нұсқасында олар сәйкесінше 2,9, 0,29
және 3,3% аспады (сурет 1).
Зерттелген дақылға жүргізілген
(қырыққабат) химиялық талдау мәліметтері, қоректік
заттардың мөлшері дақылдың биологиялық
ерекшеліктерінен ғана емес, сонымен қатар тыңайтқыштар
енгізуге, олардың нормаларына және үйлесіміне де
тәуелді болатындығын айқындады.
Әдебиеттер
1
Айтпаев
Т.Е. Повышение плодородия темно-каштановых почв и продуктивности овощных
севооборотов на юго-востоке Казахстана: дис.
... д-ра с.-х. наук. - Алматы, 2010. - С. 260-264.
2
Елешев Р.Е., Малимбаева А.Д., Шибикеева А.М.
Влияние длительного применения минеральных
удобрений в интенсивном овощном севообороте на урожайность культуры капусты и
размеры потребления элементов питания // Материалы международной научно-практической конференции «Актуальные
научные разработки». – Болгария; София, 2014. - Т. 27. - С. 14-19.