Утегенова К.А.
э.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы
ҚМУ
Ерболат А.Е.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің
магистранты
Әлеуметтік бағытта
жүйелі пошталық қызмет көрсетудің
қажеттілігі
Бүгiнде
пошта-жинақ жүйесiнің көрсету сапасын арттыру,
қалада және ауылды жерлерде инфрақұрылымды дамыту,
көрсетiлетiн қызметтiң бәсекелестiк қабiлетiн
арттыру, еңбек өнiмдiлiгiн өсiру, сауда-саттық
көлемiн, соған сәйкес, табыс көлемiн ұлғайту
негiзгi мақсаттардың бiрi болып саналады.
Аталған
шараларды жүзеге асыру арқылы пошта-жинақ жүйесiн
бұдан әрi өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында
тұрақты және тиiмдi дамытудың негiзiн
қалауға мүмкiндiк бередi. Байланыс
кәсіпорындарының қызметінен түсетін табыстарға
осы көрсетілген қызметтер төлемі мерзіміне қарамастан
есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметтері үшін
халықтан, кәсіпорындардан және ұйымдардан түскен
қаражаттар жатады.
Пошталық
қызметтің негізгі түрлері: жазбаша хат-хабарларды,
бандерольдер мен сәлемдемелерді тасымалдау және жеткізу;
ірігабаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау
және жеткізу; шабармандық почта қызметтері
(EMS-жөнелтімдер); арнайы байланыс қызметтері; гибридті
электрондық пошта (пошталық телеграмма); директ-мейл; жазбаша
хат-хабарларды, бандерольдер мен сәлемдемелер [1].
Қазақстан
Республикасы почталық индустрияны дамыту жөнінде
Дүниежүзілік почта одағының ұсыныстарын
ұстанып, почта-жинақ моделін негізге қабылдаған,
бұрынғы кеңестік елдер арасында бірінші ел болды. Почта
қызметінің ауқымды әртараптандырылуы почталық
қызметпен қатар қаржылық қызмет көрсету
арқылы оны коммерциялауды көздейді. Қызмет түрлерін
көбейтіп дамыту арқылы келесі нәтижелерге қол
жеткізілді: соңғы жеті жылда Қазақстан Республикасында
жазбаша хат-хабарлар көлемі 3 есе, сәлемдемелер – 75%, мерзімдік
баспасөз басылымдары – 2 есе, бюджеттік ұйымдардың
жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу – 600 есе,
зейнетақы және жәрдемақы – 5,2 есе,
қабылданған коммуналдық төлемдер мен салықтар
қабылдау – 47 есе, депозиттер – 50 есе, ақша аударымдары – 3 есе
өсті. Мысалы, еліміздің бір тұрғынына
шаққанда ақылы ақша аударымының саны жылына
6,4-тен 14,2 бірлікке дейін, қаржылық қызмет көлемі 8
есе өсті. Компанияның табысын көрсетілетін
қызметтердің көлемі 4 есе өсіруге септігін тигізді,
яғни 2006 жылы 12,8 млрд. теңгеден асты, таза табыс – 125 есе,
яғни 2,2 млн. теңгеден 275,7 млн. теңгеге дейін жетті.
Компанияның негізгі жетістіктері ретінде еңбек ресурстарын
күшейтуін атап өтуге болады. Еңбек өнімділігінің
3 есе өсуі соңғы 7 жылда жұмыскерлердің
еңбекақысын 5,7 рет көтеруге мүмкіндік берді.
Қосымша 5 865 жаңа жұмыс орны ашылды.
Почта-қаржы қызметтерінің
кең ауқымы еліміздің бүкіл аумағын
қамтитын, тармақталған почталық
бөлімшелердің желілері базасында олардың қолжетімді
болуымен қамтамасыз етіледі, оған қоса 3096
тұрақты бөлімшелердің 2 498-і немесе 80%-ы
ауылдық жерлерде орналасқан.
Тармақталған
почта желісі компанияның әлеуметтік маңызды қызметтер
рыногында басым болуына мүмкіндік туғызды. Мысалы, “Қазпочта”
АҚ-тың зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы
төлеу жөніндегі үлесі 50%, еңбекақы төлеу –
26%, төлемдерді қабылдау – 25%, оның ішінде
республиканың ауылдық елді мекендерінде – 100%-ды
құрайды. Мерзімдік басылымдарды тарату және жазылу
қызметінің рыногында “Қазпочта” АҚ үлесіне
республикада таратылатын және жазылатын мерзімдік баспа
басылымдарының 85%-ға жуық таралымы келеді. Біздің
компаниямыздың маңызды басымдылығы көрсетілетін
қызмет сапасын арттыру болып табылады, оған қол жеткізуге
барлық жұмыскерлер тартылған.
Бүгінгі
күні қала-аудан деңгейінде почталық жөнелтімдерді
тасымалдаудың орташа жиілігі аптасына 5,4 ретті, аудан-ауыл – 3,4 ретті
құрайды, жеткізу мерзімі барлық бағыттар бойынша 1
күнге қысқарды және таяу жылдары әр елді мекенге
хат-хабарлардың күнделікті жеткізілуіне қол жеткізуге ниетті.
Почталық
қызметтер бойынша еліміздің барлық облыс орталықтарында
орнатылған, ІPS Lіght халықаралық қадағалау
жүйесі базасында Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша ішкі және халықаралық жөнелтімдерді
қадағалаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу
арқылы ЕМS Kazpost курьерлік қызмет көрсету технологиясы
жетілдірілді. Бұл почталық жөнелтімдердің
тұрған орны туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді,
яғни оның жоғалып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Қоғам ЕМS-қызметін Қазақстан
Республикасының барлық аумағындағы 334 пунктте
көрсетеді. 2006 жылдың қорытындысы бойынша
Дүниежүзілік Почта одағының ЕМS кооперативімен “ЕМS
қызметін сертификаттау бойынша Қазпочта” АҚ-қа
“қола деңгейі” берілді (196 қатысушылардың ішінен 36-шы
орын).
2007
жылдың маусым айынан бастап “Қазпочта” АҚ “Сrіcket”
жүйесі бойынша Интернет базасында кіріс сәлемдемелерді іздестіру
жөнінде шетел почта әкімшіліктерінің салған
сұрауына электронды жауап беру жүйесіне қосылды.
Ұлттық
банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту
бағдарламасы шеңберінде қалалық жерлерде және ірі
ауылдық елді мекендерде орналасқан почталық байланыс
бөлімшелерінде банкоматтар мен POS-терминалдар орнату арқылы
почталық төлем карточкалары жүйесін енгізу жөнінде
жұмыс атқарылды. Барлығы 15 190 почталық төлем
карточкасы шығарылды. Халықаралық Vіsa және Master Card
жүйелеріне қосылу базасында төлемдер мен почталық
аударымдар қабылдауға үстеме қосымшаларды қолдану
технологиясы әзірлене бастады [2].
Салиқалы
да танымал компания мәртебесін ие болу қазақстандық
пошта операторына халықаралық аренада да өз атағын
елеулі түрде көтеруге мүмкіндік берді. «Казпочта» АҚ
әлемдік пошта қауымдастығы аясына абыроймен еніп,
әлемдегі жетекші пошта әкімшіліктерімен өзара тиімді
ынтымақтастық құруға жол ашты.
Мәселен,
2006 жылдың маусым айында Германия почтасымен және «Люфтганза»
авиакомпаниясының өкілдерімен халықаралық
поштаның мүлтіксіз сақталуы және тасымал ауқымын
арттыру жөнінде кездесу өткізілді.
Украина,
Тәжікстан және Қырғызстан елдерімен
халықаралық пошта нормативтері туралы келісімдер жасалды.
Қыркүйекте Қытаймен өзара ынтымақтастық
және әрекеттестік мәселелері туралы келіссөз
жүргізілді, Моңғолия, Словакия, корея пошта
әкімшіліктерімен ынтымақтастық туралы келісімдер мен
меморандумдарға қол қойылды. Финляндия поштасы және
Канада пошта әкімшіліктерімен пошта жүйесін дамыту, пошталық,
қаржылық және агенттік қызметтер көрсету,
ақпараттық логистика мәселелері бойынша белсенді түрде
келіссөздер өткізілуде.
Қазпочта
Украина, Тәжікстан және Қырғызстан елдерімен екеуара
келісімдер негізінде БПО Халықаралық бюросы өткізетін пошта
жолдамаларының нақты мерзімдерін тексеруге арналған
шараларға қатысуда. Қазіргі уақытта Ресеймен сапа
нормативтері туралы келісім дайындалуда. БПО Халықаралық
бюросының ұдайы қадағалау шаралары аясында Венгрия
пошта әкімшілігмен 2006 жылдың 1 мамыры мен 30 қарашасы
аралығында әуе-және хат корреспонденцияларының жету
мерзімін тексеруге арналған шаралар туралы келісім жасалып,
өткізілді.
Қоғам
өкілдері Бүкіләлемдік пошта одағының поштаны
пайдалану Кеңесінің Бернде (Швейцария) өтетін сессиясына,
PostEurope (БПО аймақтық одағы, Киев қ., Украина.)
пленарлық мәжілісіне және байланыс саласындағы
Аймақтық одақтастық комиссия отырыстарына
қатысты.
Казпочта
сондай-ақ ТМД елдері арасындағы Ресей мен Германияда өз
өкілдігін бар жалғыз оператор болып табылады.
Сонымен,
«Қазпочта» АҚ болжамы – үздік халықаралық
стандарттар негізінде және Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытына
сәйкес клиенттердің сұранысына сай келетін өзінің
жоғары сапалы қызметтерін ұсынатын, ел экономикасының маңызды
элементі болып табылатын, ел ішінде сонымен қатар
дүниежүзілік пошта индустриясында да нарықтық ортада
болып жатқан өзгерістер бойынша тез әрекет ететін
инновациялық – бейімделген бизнес-құрылым болып
қалыптасу.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1 Гербеков
Н.Б. Сущность и классификация почтовых услуг //МИТС-НАУКА:
международный научный вестник: сетевое электронное научное издание. 2015. №1 (0,9 п.л.).- www.roseis.ru
2 Ғаламтор ресурсы: www.kazpost
сайтының мәліметтері