Айтақын Үміт

Университет Нархоз, Алматы қ., Қазақстан

ҰЙЫМ МИССИЯСЫ МЕН МАҚСАТЫ

 

Ұйымның ішкі ортасын құрайтын факторларының аса маңыздылары ұйым миссия және мақсаттары.  Жалпы ұйым дегеніміз – бір ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. Әр ұйым өзі миссиясын қалыптастырады және мақсат, міндеттерін анықтайды. Мұның барлығы бірінші кезекте дұрыс ұйымның өмір сүру филосиофиясын айқындайтын миссияны қалыптастырудан басталады.

         Миссия дегеніміз -  ұйымның өмір сүру философиясы мен  мәні. Сонымен қатар, миссия – өзгелерде белгілі бір ұйым жайлы, оның философиясы, таңдаулары, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі , кадрлары, бағыты, құндылықтары, қызметінің анағұрлым көрікті түрлері болып көзге елестетіледі, ұйымның сыртқы және ішкі ортамен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын іздейді. Миссия ұйымның тауарлар мен қызметтерді өндірудегі мақсаттарын көрсетеді, нарықты жаулауды, жаңа технологиялар  енгізуді, бәсекелестік қабілетін, табыстылығын, экономикалық өсуін, нақты мақсаттарға жетуде негізін салады, ресурстарды жіктеуді, стратегияны таңдауды қамтамасыз етеді. Миссия - ұйым туралы жалпы, кешенді мағлұмат болып табылады, ол ең біріншіден сыртқы ортаға бағытталады. Миссияны нақтылаудың формасы – мақсат болып табылады. Кейде миссия мағынасы бойынша мақсатқа сәйкес келеді. Ондай жағдайда мақсат бұтағы келесідей болады: миссия – ортақ мақсаттар – спецификалық (локальдық) мақсат.

Егер де ұйымның өмір сүру философиясы миссия болатын болса, ұйымның түпкілікті қажетті және жеткілікті нәтижесін ұйым мақсаттары анықтайды. Басқа сөзбен айтқанда мақсат – ұйым мүшелерінің барлық күш-жігері бағытталған мүмкін дерлік нәтиже. Ұйым мақсаттарының келесідей сипаттары бар: уақыт шектеулілігі, нақтылық және өушеулілік, ресурстардың жеткілікті болуы және бақылаулылығы.

 

1-сурет. Миссияның құрылымына әсер ететін факторлар

 

         Мақсат – нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі. Мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.

Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету. Ұйымның мақсаты жан-жақты болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорынның басты міндетті белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал осы бастапқы міндеттің, өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді.

Мақсаттарды жүйелі түрде топтастыру басқару деңгейлері және маманданған бағыттары бойынша басқарушылық әрекеттердің әр түрлігін көрсетеді. Мақсаттар арасындағы айырмашылық топтастыру белгілері қызметін атқарып, олардың сипаттарын алдын ала анықтайды. Өмірлік циклдің (гр. – құбылыстар жиынтығы) фазаларына байланысты мақсаттар жүйелері төмендегідей ажыратылады:

1) жүйені құру. Ол үшін ғылыми-зерттеу, жобалау, монтаждау жұмыстарын жүргізу;

2) орныққан, қызмет атқарып тұрған жүйені пайдалану немесе оны жұмысқа қосу. Бұл жағдайда жасалған келісімдердің, кіріс нормаларының, қауіпсіздік техникасының әдеттегі жұмыс тәртібі сақталады және қамтамасыз етіледі;

3) технологияны жетілдіру;

4) еңбекті ұйымдастыру, сатудан кейін қызмет көрсету мақсаттарының дамуы.

Мақсат категориясы ұйымның ішкі ортасына қатысты берілгендіктен, оның қойылу шеңбері тарылтылып қарастырылады. Мәселені бұлай қою ұйымның анықтамасынан туындайды. Ұйымға өздерінің мақсаттарын жете түсініскен бірлескен адамдар тобы деп анықтама беруге де болады. Ұйымды жеке адамдар өз бетінше жете алмайтын мақсатқа жету үшін адамдардың бірлескен тобы деп те айтуға болады. Мақсат бірігіп жұмыс істейтін адамдардың нақтылы алға қойған міндетін орындайды. Жалпы мақсаттың диапазоны мен ұйымдардың мақсаттары да жан-жақты. Бизнеспен шұғылданатын ұйымдар шығынлы аз шығарып, мол өнім алумен айналысады. Олардың мақсаты – рентабельділік пен еңбектің өнімділігі. Мемлекеттік органдар, оқу орындары және коммерциялық емес ұйымдар негізінен кіріс алуға ұмтылмайды. Бірақ оларды да шығындардың деңгейі мазалайды. Олардың мақсаты – бюджеттен босатылған қаржы көлемімен шектелген нақтылы қызмет көрсету.

Пайдаланған әдебиет:

1.  П. Друкер. Задачи менеджмента в  XXI веке/ пер. С анг. - М.: изд. Дом «Вильямс», 2004. – 272 с.

2.  Гибслн Дж. Иванцевич Д. Донелли Дж. Х.-мл Организации: поведение, структура, процессы- М.: ИНФРА-М, 2000. – 662 с.