ҚҰЛЖАЕВА РАЙКҮЛ АХМЕТХАНҚЫЗЫ
№ 30 МЕКТЕп-гимназия,
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ҚАЗАҚСТАН
БІлім беру үдерісінде Іс-әрекеттегі зерттеуДІң
мәні
Қазіргі жиырма бірінші ғасыр елбасымыз атап
айтқандай білім заманы. Басқа елмен тереземіз тең біліміміз
теңесу үшін, білім жолына өте көп назар аударылып
жатыр. Болашақта өсіп келе
жатқан ұрпағымызды көшбасшылыққа өз
ойын ашық түрде айта білуге, еліміздің туын көкке
желбіретіп, оның өсіп өнуіне өз ықпалын тигізетін
ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол ұрпақты
тәрбиелейтін мұғалім.
Заман талабына сай білім беру – бұл білім
алушыларды адамгершілік,
интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы
деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған
тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек,
оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу
процесінің ғылыми теорияға негізделген және білім алушының
қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы,
белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы
негізгі мақсат білім алушының барлығын және әр
біреуін жақсы оқыту болып табылады. Білім беру
жүйесінің негізгі бөлшегі – білім алушы, білім алушылар тобы,
топ, білім беру ордасы болса білім сапасы баспалдақтардың әр
бір буынына байланысты біз білім беру сапасын жақсартудың жолдарын
анықтауға тырысамыз.
Математика – ерекше құдіретті ғылым. Математиканы
оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа
технологияларды тиімді пайдалану қажет. Қазіргі
ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика
сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-
әрекеттерін ұйымдастыра отырып, білім алушылардың
құзіреттілігін дамытуға болады.
Жаңа технологиялар мұғалімнің
жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты
оқыту технологиясының бүгінгі күні интерактивті
тақта ерекше орын алып отыр. Білім алушы интерактивті тақтамен жаңа
материалдарды арнаулы бағдарламамен мүмкіндігінше пайдалана алады.
Ондағы мақсат – білім алушының өзінше ойлау
қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті
тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар білім
алушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік
танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Математиканы оқытудағы негізгі талап – білім
алушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін
үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде
мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен
қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына
үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің
құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен білім
алушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға
үйретемін. Сонан соң білім алушы кейінгі және бүгінгі
өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Математика сабағында білім алушылар өз бетінше
жұмыс жасай дағыдыларын дамыту - баға жетпес
құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз
бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға
қалыптастыру.
Қазіргі уақытта заман талабына сай
күрделірек мәселелерді шешу үшін білім алушыларға
классикалық білім берумен қатар, олардың сыни ойлау
қабілеттерін, қарым-қатынас құру дағдыларын
және топтық жұмысқа бейімділіктерін дамыту. Білім
алушының бойында білімпаздық, ынталылық,
қажырлылық, көшбасшылық қасиеттерін дамытып,
әлеуметтік және мәдени мәселелерден хабардар ету.
Математика сабағында сыни тұрғыдан
ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын, жаңа
ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны)
қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді
шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағыларын
ұйымдастыра отырып, білім алушылардың құзыреттілігін
арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Білім беруді ақпараттандыру – бұл
ақпараттық-коммуникациялық технологияның
құралдарын білім беру саласына қолданудың әдістемелік
және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп,
оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және
педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету
процесі. Білім беруді ақпараттандыру процесі жағдайында жеке
тұлғаның интеллектуальдық, қоғамдық,
экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық
сияқты іс-әрекеттерін түрлі салаларға қолдану
арқылы құзырлықтарын қалыптастыру негізгі
талаптардың біріне айналады.
Менің мақсатым – баланың сабақ
үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты
болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау,
бағалау және соның нәтижесінде алдағы
жұмыстарды жоспарлау болып табылады.
Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни
тұрғысынан ойлау, АКТ модульдерін жиі қолданамын.
Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме
өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, білім алушыларды да
өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа
тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа
тәсілдің бірі – тренинг. Тренинг білім алушы назарын жаңа сабаққа
аударуда, қызығушылықтарын арттыруда,
ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызды тәсіл.
Сабақтарымда осындай тренингтерді өткізу білім алушыларға
жағымды, оң әсер берді және ең бастысы,
оларға ұнады. Мысалы, сыныпта ынтымақтастық
атмосферасын орнату мақсатында «Шаттық шеңбері» тренингісін
ұйымдастырғанда білім алушылар бір-біріне жақсы тілектер
айтып, сыйластық танытты. Сабақ басталарда білім алушылар тарапынан
«бүгін қандай тренинг өткізесіз?», «бүгін топқа
қалай бөлінеміз?» деген сұрақтарды есту маған
жақсы көңіл-күй сыйлап, өз жұмысыма деген
сенімімді арттыра түсті.
Топтық жұмыс – бұрын-соңды
көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі. Топтық
жұмыс, біріншіден, білім алушыларға бірігіп жұмыс істеу
мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа
тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге
жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға
мүмкіндік береді.
Ал сыни тұрғысынан ойлау – креативті
тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. СТО-ды дамыту бағдарламасы –
әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің
бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Әрине, маған сабаққа
тиянақты дайындалуға көп уақыт қажет болды
және тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен
байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым. Соның
нәтижесінде білім алушыларда қызығушылық арта
түсті. Әр сабақ соңында білім алушылардың жеткен
жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, түсіндіріп отыруға тырыстым.
Бұл – менің тәжірибемде енгізген ең басты
жаңалық болды.
Әр сабаққа мақсат
құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың
сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп
отырдым. Сабақтарымның кіріспе, тұсаукесер, негізгі
және қорытынды бөлімдерінде мұғалім және білім
алушының іс-әрекеттерін толық жазу арқылы сабақ
барысында мұғалім – нұсқаушы, білім алушы – ізденуші
екендігі айқындалды.
Сабақтарда жұппен жұмыс, топпен
жұмыс және жеке жұмыстар жасалса, сынып бөлмесінде топ
ережесі және рефлексия жазатын бұрыштар жасақталып,
парталардың орналасуында өзгерістер болды және білім алушылардың
өз сөздерін «Менің пікірім былай», «Менің ойымша...»
деп бастауларын талап еттім.
Жоғарыдағы талаптардың орындалуын
ескере отырып, сабақтың төрт кезеңінде білім алушылардың
мәселені шешу құзіреттілігі, ақпараттық
құзіреттілігі және коммуникативтік
құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі
стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім.
Мысалы, бір сабағымның кіріспе бөлімінде үй тапсырмасын
«Сұрақ-жауап» әдісімен қайталау, тұсаукесер
бөлімінде «Бұл мәлімет шындық па немесе жалған
ба?» әдісімен ой қозғау, негізгі бөлімде топтарға
тапсырма беру (постер, слайд арқылы түсіндіру), компьютерде
маршруттық карта арқылы, «Қай жұп жылдам» ойыны
арқылы есептер шығарту, қорытынды бөлімінде (Тест
А-3,В-2, С-1) стратегияларды қолданудың тиімділігін анықтадым.
Сонымен қатар, диалог арқылы сыни ойлауды дамыту іске асты. Себебі
мәтін есептерді шығаруда білім алушылардың жүйелі
ойлауы, түсінуі, талдауы әңгімелесуі диалог арқылы
орындалды.
Құзырлы оқытудың негізгі идеясы білім
алушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі,
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Қорыта келгенде,
сабақтарды осындай әдіс – тәсілдермен өткізу
арқылы мен білім алушылардың білімді өз бетімен
оқып-үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін
өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары
оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі
дамитындығына көзім жетті.