«Өрлеу»
БАҰО» АҚ филиалы
Алматы облысы
бойынша ПҚБАИ
Басқару және білім сапасы
кафедрасының аға оқытушысы
Мухамадиева Мариямбуви
Нариманқызы
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
«ХХІ-ғасырда білімді
дамыта алмаған мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз... барлық
нәрсе мектептен басталады, сондықтан
мұғалімдердің кәсіби деңгейін,
оқулықтар мен оқыту
бағдарламаларының сапасын көтеруіміз қажет.»
Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан
Республикасы білім беру саласын жаңғыртудың басты міндеті
саналы тәрбие, сапалы біліммен қамтамасыз ету, бәсекеге
қабілетті жеке тұлғаның, қоғам мен
мемлекеттің өзекті болашақ талабы мен сәйкестендіру
болып табылады.
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақстандық
педагогтардың біліктілігін ең мықты әлемдік
тәжірибеге негізделген жаңа форматта арттыру ынтасын білдірді.
Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің
біліктілігін жаңа сапалы әдіспен арттыруға негізделген
Бағдарлама мұғалімдердің сабақ беру мен оқытудағы
жаңа әдістерді, және үзіліссіз өзін-өзі
жетілдіру мен кәсіби дамуды қамтамасыз ететін өз
тәжірибесімен ойлауындағы өзгертулерді түсінуін
дамытуға бағытталған.
Заманауи
технологиялар - қазақстандық мұғалімдерге білім
саласында инновациялық белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана
отырып жоғары жетістіктерге жету,тәжірибелерін жетілдіру мен
бағалауға көмектесу.
Атап
айтсақ сын тұрғысынан
ойлау технологиясы – әлемнің түпкір- түпкірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның
негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген
мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі
ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы
шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.
Жаңартылған
білім беру бағдарламасы оқулықтарының талаптарын
жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін
көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға,
ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға
көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын
пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде,
оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –
қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем
өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама бойынша
қысқа мерзімді жоспар өзінің құрылымы мен
ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш
кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің
қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 – ден асады.
СТО технологиясының сабақ кезеңдері:
Қызығушылығын
ояту – Эвокация
Мағынаны
тану - Реализация.
Ой толғаныс- - Рефлексия.
Эвокация –
қызу оқу жұмысымен шұғылдануға
қызығушылықтың оянуы.
Реализация –
оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Рефлексия –
тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Қызығушылығын ояту. Мағынаны
тану. Ой толғаныс
Бұл
кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін
жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды.
Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар
арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады.
Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады.
Бұл
кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.
Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді. Таңдап
алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім
алуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі
кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың
қажеттілігін түсіндіреді. Бұл бағдарламаның
қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап,
салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы
кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады.
Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды.
Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
СТО - дамыту
сабақтарының мақсаты біреу(нақты сабаққа
байланысты) Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға
байланысты, СТО ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа
байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен
тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса
береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол
себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
Сабақ кезеңдері.
Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар.
Қызығушылығын ояту кезең. Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т
кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл,
Топтастыру, Мағынаны тану кезеңі, Т кестесі, Пікірталас, Аквариум,
İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым
сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау,
Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру.
Ой толғаныс кезеңі. Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т
кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін
сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым
сұхбат,
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің
шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір
проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы
шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны
қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі.
Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап,
дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл
ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының
қағидасы қиын емес. Мұғалім топ
құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды
өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта
бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта
алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден
байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни
шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі
мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз
болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды,
сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына
бағытталған (неғұрлым пікір көп болса,
соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау
болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны
жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
Инновациялық
белсенді әдіс-тәсілдерді ықпалдастырып
жүргізілген сабақтар оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын арттырады. Себебі сабақтар
шаттық шеңбері, мерейлі доға жаттығулырын орындатудан
басталып, сабақ тақырыптарына лайықталған топқа
бөлу әдістері, ойындар, сергіту сәттері, кері байланыстар
ұйымдастырылады. Мысалы: оқушыларға суреттерді тарату
арқылы («Жемістер», «Көкөністер», «Тәттілер», «Өсімдіктер» суреттері) оларды біріктіру арқылы
шағын топтарға бөлу.
Әрбір сабақта топтық, жұптық жұмыс
арқылы бірлесе әрекеттенген жұмыстар жүргізіледі.
Бұл ұстаным құрастырылған (конструктивтік)
білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытта ұстанған
оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен
әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды. Дәстүрлі сабақта
оқушы тек дайын мағлумат алып отырады, дайын білім есте
сақталмайды, оқушы есте сақтамаған білімді өмірде
пайдалана алмайды. Белсенді әдістер ықпалдастырған
сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтып, толық жеткізеді, тапсырмаларды топтасып орындайды.
Топтық жұмыс оқушылар арасындағы сыйластықты,
ұйымшылдықты, өзгенің ой-пікірін
құрметтеуді, достық қарым-қатынасты
нығайтады. Оқушылар тапсырмаларды дербес, жұппен, топпен
орындайды. Бағалау кезінде бағалау критерийлері бойынша
оқушылар бағаланады. Бағалау критерийлерін
мұғалім оқушылармен бірге дайындайды. Сабақта
мұғалім оқушыларды (қалыптастырушы бағалаумен бағалайды) фишкалар, жұлдызшалар
арқылы да бағалайды. Оқушылар өзін, бір-бірлерін
және топтар бірін-бірі
бағалайды. Тапсырмалыр оқушыларға жас ерекшелігіне сай, сыни
тұрғыдан ойлуына ықпал ететіндей, ойын түрінде
беріледі.
Инновациялық
әдістер оқушылардың сөйлеу дағдыларын
қалыптастырып, тіл мәдениетін дамытып, ана тіліне деген
қызығушылығын арттыруына,
ой-пікірлерін қалыптастыруына, оны
айналасындағыларға жеткізе алуына көмектесті, демек табысты білім беруге болады.
«Жеті
жұрттың тілін біл, жеті
түрлі білім біл» деген халық
мақалдары
Қазақстан халқының білімге,
ғылымға деген көзқарасының
қаншалықты жоғары екенін
көрсетеді.
Жаһандану
жағдайында білім беру саласында инновациялық
әдістерді тиімді қолдану арқылы, өткізілетін сабақтар
барысында ұсаздардың
болашақ ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім
беретіні сөзсіз.