Педагогические науки/3.Методические основы
воспитательного
процесса
Бердишева
А.О.,Бимурзаев Е.Т
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Республикасы
Иcлам
және білім мен ғылым
XXI ғасыр жаһандану
тұсында Ислам діні мен құндылықтары
трансформациялық кезеңін бастан кешіп отыр. Еліміздегі діни
құбылыстардың үлес салмағы Ислам діні
төңірегінде өріс алып отыр. Исламның әлемдік
көрінісіне баға берсек, Исламды ескі евроцентристік,
біржақтылық көзқараспен қарау
қалдықтары әлі бар екендігіне көзіміз жетеді. Исламға
деген тұрпайы көзқарас, яғни, Исламофобия деген
көзқарас әлемдік деңгейде белең алды.
Жалпы,
"фобия" деген сөз қандай да бір
құбылысқа үрей мен қорқыныш дегенді
білдіреді. Ал, "Исламофобия" деген түсінік Ислам діні мен
құндылықтарына және мұсылмандарға теріс
көзқарастан, қорқыныштан туған ұғым. [3.5 б.]
Белгілі европалық шығыстанушы ғалым Этьен Дине 1992 жылы
жазған "Батыстың көзімен қарағандағы
Шығыс" деген эссесінде "Исламофобия" ұғымын
алғаш айналымға енгізді. Алғашқы бұйрығы "Оқы"
деп келген Ислам діні ең әуелі адамзатты білімге, оқуға
үндеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ә.у) ғылым
үйренуді әйел-еркек деп бөлмей, әрбір мұсылман
баласына парыз етіп қойды. [1.19б.]
Ислам әлемінің қалаларында кітапханалар мен медреселер
көптеп бой көтерген. Европаның түбіндегі Андалуссия мәдениеттің
бай орталығы еді. X ғасырдың
басында-ақ Кордовада бір
каталогының өзі 44 томға баратын алты жүз мың
қолжазба еңбектерге толы кітапханалар болған. Мұндай
бай білім қазынасы батыс ғалымдарын да, шіркеу мамандарын да
Андалуссияға барып білім алуға асықтырды.VIII-XII
ғасырларда ғылымның дамуы тұрғысынан мұсылмандарға
жетер ешкім болмаған. [4.7 б.]
Ислам діні Европаның мәдени өрлеуіне өте
жақсы ықпал еткен.Европалықтар ислам мәдениетін
үйрену арқылы антикалық мәдениетті бойларына
сіңірді және "Исламдық ренессанс" Европадағы
қайта өрлеу дәуірінің ұйытқысы болды. Себебі, математика, философия, астрономия,
физика секілді ғылымдар арабтық Андалуссия арқылы
Европаға жетті.Тіпті қазіргі арабтық цифрлардың
Европаға таралуын айтсақ та болады.[5.11б.]
Ислам діні ғалымдарға ерекше құрмет
қалыптастырған. Мұсылман үмбеті қай ғасырда
да ғалымдарды құрметтеп, әр сөзін алтынға
балаған.
Тарихқа үңілсек, батыстықтардан бұрын
көптеген ғылыми жаңалықтарды мұсылман
ғалымдардың ашқанына куә боламыз. Айталық,
алғаш күн сағатын ойлап тапқан Жабир ибн
Әфлаһ, атом бомбасы жайлы алғаш түсінік берген Жабир
ибн Хайян, автоматтық жүйені алғаш ойлап тапқан
Жәзари, тригонометрияға тангенс, котангенс, синус және
косинус заңдылықтарын қосқан Абул Уәфа, алгебра
кітабын жазған әл-Хорезми, агрономия саласында тұңғыш еңбек
жазған Ибн Аууам, ішек, құрт микробын тапқан Камбур
Уасим, жер шарының диаметрін алғаш өлшеген Мұхаммед ибн
Мұса, алгебрадағы "Бином" формуласын тапқан Омар
Хайям, тарих ғылымын алғаш жүйелеген Ибн Халдун, химия
саласында Кантитаф тәсілін ашқан Әбул-Қасым
әл-Каши, 1000 жыл бұрын майда тамырларды тауып, алғаш рет рак
ауруына операция жасаған Әли ибн Аббас секілді жүздеген
ғалымдар мұсылмандар еді. [1.17б.]
Европа Ислам мәдениетін синтездей отырып, ғылымда, өнерде
үлкен табыстарға қол жеткізді. XII ғасырдағы
арабша аудармалардың ықпалы өте зор болды. Мисе Либиридің
айтқанындай, «XV ғасырға дейін арабтардың кітаптарынан
пайдаланбаған және оларды аудармаған европалық ғалым
некен саяқ болатын. Олардың қатарында Р.Бэкон, А.Мангустар да бар».
X ғасырда Ислам мәдениеті бүкіл мұсылман
әлеміне тарады. Бұл кезеңде әдебиеттің
дамығаны сонша, ғылым мен өнерге де ықпал еткен. Ислам дінінің кең таралуының
арқасында, сондай-ақ Құранның тілі,
құлшылықтардың да сол тілде жасалуының
ықпалымен сөздік қоры бай араб тілі ортақ тілге
айналды. [2.9б.]
Қасиетті Құранда білімсіздерге қарағанда
ғалымдардың Аллаға әлдеқайда сүйкімді
және жақын екендігі аз айтылмайды. Құранда Алла
тағала зейінділер мен білімділердің дәрежесін
әлдеқайда жоғары бағалайды. Сен айт: "Білімділер
мен білмейтіндер тең бола ма? - мұны тек ақыл иелері
ғана ғибрат етеді" - дейді.( Зумар сүресі 39, 9 аят)
Ә.Дербісәлиевтің "Араб әдебиеті" атты
оқу құралында Әзірет Әлінің білімділігі, шешендігі
туралы айтылады.[1.23б.]
Ислам
дінінің келуімен ислам әлеміне ортақ бірегей мәдениет,
өнер, өркениет қалыптасты. Ислам өркениеті аясында
араб, парсы, түркі тілді ойшылдар мен ғалымдар адамзат
мәдениетінде өшпес із қалдырды. Оған мұсылман
шығысындағы Мауараннаһр, яғни Орта Азиялық,
сонымен қатар қазақ елінің 30-дан астам Фарабилері,
40-қа жуық Таразилері, сандаған Сайрамилер,
Сығанақилер, Жендилер, Кердерилер, Мұхаммед Хайдар Дулати,
Жалайырилер және т.б. атақты ғұламалары да үлес
қосты.
Европаны ауылшаруашылық
өнімдерінің түр
түрімен алғаш таныстырған
да мұсылман әлемі болатын. Мәселен, 8-ғасырда Испанияда күрішті, анар ағашын,
жидек пальмасын, жібек құртын және мақтаны
өсірген де мұсылмандар болатын. Суармалы жерлерге егін егіп, каналдар
тартуды да алғаш рет қолға алған арабтар.
Қағазды бірінші болып пайдаланып, астрономиялық
обсерваториялар мен алғашқы кітапханаларды ашқан да солар.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Ә.Дербісәлиев "Араб әдебиеті" Классикалық дәуір. – Алматы: Мектеп, 2013
2. А.Айталы «Дін және
ұлттық дәстүр» Ақиқат 3 / 2014
3. М.Бұлұтай « Дін және ұлт» Алматы, «Арыс» баспасы, 2006
4. Е.Малғажыұлы «Иманмен
өрілген өмір құнды»
Парасат 1/ 2014
5. Е.Малғажыұлы «Дін мен дәстүр» Алматы 2014
6. Ә. Ахметов «Ислам діні» Түркістан 17/ 2014