Педагогические науки/3.Методические основы

 воспитательного процесса

Куненова П.С., аға оқытушы, 4 курс студенті Мұқтарова Ш

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

Мәдени – рухани құндылықтарымыздың негізі – Мәңгілік ел

 

Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің көп жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттердің бірі -  ауызбірлік пен ынтымақтастық. Ұлттық құндылықтарды жастар санасына қалыптастыру үшін біз ең алдымен ұлттық құндылықтарымыздың не екенін жастарға дәріптеп түсіндіруіміз керек. Нәтижесінде жастардың көбісі ұлттық құндылықтардың не екенін білмейді және мән бермейді.  Ең басты құндылық - елбасының ұсынған «Мәңгілік ел» жобасын іске асыруда, басты мақсат өркениетті, дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу жолында алға қойған барлық міндеттердің орындалуы үшін әрбір қазақстандық тұлғаның бойынан патриоттық сезім табылуы шарт. Қазіргі дағадарыс кезінде  бірлік, ынтымақ ұлттар арасындағы жарасымдылық бұрынғыдан да маңызды болып тұр. Өйткені, әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамлеясы құрылды. Көп ұлтты еліміз осы сындарлы саясаттың арқасында өзара тату-тәтті ғұмыр кешіп, өсіп-өркендеп жатырмыз. Біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда барлық мереке мен береке бәрімізге, барлық этнос өкілдеріне ортақ. Біз оны дәстүріміз бен салтымызға енгізіп те үлгердік. Өйткені, барлық қазақстандықтарды бір мақсат пен бір мүддеге топтастырып, бір кеменің басын мықтап ұстап, мызғымас бейбіт елдің бейбіт жырын шарықтайтын тағы да бір тамаша сәт келді. Ынтымағы жарасқан бір шаңырақтың астында өмір сүріп, бейбіт аспанның атында еңбек еткеннен асқан бақыт жоқ. Ұлттар арсындағы достық – елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай білудің таптырмас тетігі. Көп этносты тұрғындар арасындағы татулықты тереңдетудің қайнар көзі. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Этнос аралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол – отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана.

Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балалардың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.

 «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз, мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Бүгінгі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі мәні – өшпейтін мақсат – мұраттарымыз бен мәдени – рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын Қазақтың ұлттық  мемлекеті. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!

Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – елдің бірлігі. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек. Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениеттің негізгі қағидасы.  Қазіргі таңда жастарға халқымыздың тілін, ділін, мәдениетін, ежелден келе жатқан салт-дәстүрін, ұлттық өнерін үйретіп, оны өн бойына сіңіруге әрі дамытуға септігін тигізіп келе жатқан бұл қазақ мәдени орталығы басқа этностық қоғамдық бірлестіктердің көшбасшысы ретінде ұлттық құндылықтарымызды басқа ұлт өкілдеріне де насихаттауда зор үлес қосуда. Сондықтан облысымыздағы  достықтың мекені  – достық үйіміз - бүкіл облыс этнос өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін эстнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да тікелей атсалысуда. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқарып келеді. Бүгінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы теңдесі жоқ жоқ Еуразиялық үлгісіне айналды. Осы жылдары көпэтносты қоғамның мәдениеті мен тілдерін, әдет – ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйлесімді өркендетуге ат салысуда бай тәжірибе жинақтады. Қазіргі уақытта әрбір үйге, әрбір отбасына Қазақстандық келімі мәдениеті мен бейбітшіліктің негігі қағидаттарын жеткіз мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қыдыралиев Д.Қ. «Жерұйық» - Деловой мир Астана, 2014.11-15б

2. Жастар: тәрбие, жауапкершілік, парыз [Текст] / Ө. Нұрғалиев. - Алматы: Қазақстан, 1988. - 45 с. - Б. ц.

3. Әкімқұлов Е.  Білгенге маржан. Алматы «Өнер», 1988 ж. – 24 бет.

4. Байтұрсынов А. Ақ жол, Алматы «Жалын», 1991 ж., 404 бет.

5. Жұмағұлов  Кеш жарық , Алматы «Өнер», 232 бет