Педагогические науки/3.Методические основы

 воспитательного процесса

Сураншиева Р.К., аға оқытушы

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

Әлемдік мәні бар құбылыс-рухани жаңғыру

 

Барша халқымыздың ең басты  құндылығы  Тәуелсіздік! Біз  көшпенділердің ұрпағымыз, ат үстінде жүрген елміз.  Ержүрек халықтың жалғасымыз.  Естеріңде болсын, тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ.Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салды.Бүгінгі тәуелсіз елімізде қазақтың ішкі бірлігі сақталуға тиіс. Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір. Сыртта жүрсек те, іште жүрсек те, барлық мәселені бірлесіп шешуге тиіспіз.      Н.Ә.Назарбаев.

Егемен еліміздің жаңалығының бастысы тұңғыш президентіміздің  «Болашаққа бағдар жаңғыру» атты еңбегінің басты мақсаты қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы. Бұл келешегі зор мәселе көпшілік қолдау табуда. Себебі бүгінде негізгі жазуымыз ұлттық сипат алып жазуға ыңғайлы болуы керек. Жаңа әліпби қосымша драйверлерсіз ақ қазақ сөзін теруге, қазақ тілін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Біздің дәуірімізге дейін 700-жылдары латын әліпби әлемге кең тарағаны белгілі. Біздің қазақ еліде латын қарпін қолданғаны (1929-1940)ж белгілі. Одан кейінгі жылдарда бұл латын қарпі жоғалып кеткен жоқ. Ғылым мен білім саласында, медицина саласында қолданылып келді. Шет елдік тауарлар мекеме, мәдени іс шара орындарының аттары латын әрпімен жазыла бастаған. Егемендік ел бола сала көпшілік латын қарпін үйренуге ұмтылды. Қ.Р. мемлекеттік тілінің жаңа әліпбиінің бірыңғай стандартымен бекіту жауапкершілігі мол, аса ауқымды шара. Жаңа әліпби бойынша ғылыми әдістемелік база дайындап, мұғалімдер мен тіл мамандарын оқыту, оқулықтар, орфографиялық сөз жазу күтпеуі керек. Президент жанындағы рухани жаңғыру туралы құрылған комиссияның пікірі өте орынды. Кезек күттірмейтін шара жұртшылықтың ой пікірін кеңінен талдап ортақ шешім керек. Басты мәселе латын жазуына көшу әлемдегі қазақтардың ұлт ретіндегі бірегейлігін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Ортақ жазу шетелдік қазақтар өз ұлтының тілінде күнделікті ақпарат және латын қарпімен жазылған әдеби туындылармен танысуға зор мүмкіндік туары сөзісіз жаңа әліпбиге көшу зор қызығушылық тудырып отыр. Жаңа әліпбиге көшу тарихымыздағы ең маңызды бетбұрыс. Латын графикасын үйреніп алу аса қиындық туғызбайтыны пешенеден белгілі. Әлем қабылдап отырған әліпбидің егемен еліміздің бүкіл тұрғындарына жаттығы байқалмауы керек. Он ойланып, жүз толғанып, бүкіл ғалымдар сарыптаудан өткізіп, тездеп іске кірісе құптарлық іс болары белгілі. Бұл шара мәңгілік қазақ тарихында қалары аян. Іске сәт тіл мамандары, құптарлық бастама жеңіске жетіп жас егемен еліміздің келешегі жастарға жарқын жол ашуды жазсын деп қуана қолдаймыз елдің ардагерлері мен алдыңғы буын аға-апайлары болашағымыз жарқын, еліміз күннен-күнге зор табысқа жетіп, жақын жылдары дамыған зор елдің ішінен орын алуын бүкіл ел болып қолдау көрсету.

         Тұңғыш президентіміздің соңғы халыққа жолдауында « Бүгін мен Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қылып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында бірге қалыптасқан әулетімізді жоғалтып алмауымыз керек»- деп атап көрсетті. Жергілікті жерде мәдениет ошақтарының ескілері жаңартылып, жаңадан мәдениет үйлері бой көтерілуде жұртшылық тарапынан оңды іс бағасын алғанын атап айту қажет. Түптеп келгенде бұл халықтың мәдениетінін көшіруге игі шара болып табылады. Мемлекетіміздің ішкі өміріндегі осындай оңды іс шара басқа көршілес елдер  мен басқа бүкіл қауымдастықтың тарапынан қолдау тауып жатқаны қуантады. Бұл ретте Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделін одан әрі көтерген Астанада өткен халықаралық  көрмені ерекше атап өту керек. Осынау маңызды халықаралық шараны ұтымды ұйымдастырып, оны елбасының тапсырмасына сәйкес үлгілі түрде өткізу мақсатында мәдениет және спорт министрлігі кешенді бағдарлама қабылдап, мұнда қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрін көрсететін іс шара ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта қазақ ұлтының дәстүрін паш ететін орталық «қазанатиподромының аумағындағы 2,5 мың шаршы метр жерде орналасқан «Этноауыл» бірегей жобасы қазақтың арғы» тегі көшпенділерді мәдениеті мен тұрмысын қайта жаңғыртумен қатар, Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру мақсатындағы мәдени туристік және имидждік жоба болуға, сондай-ақ еліміздің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталды. Этноауыл келушілерді қазақ халқының  бай тарихын, мәдениеті, өнері және салт-дәстүрімен таныстырып көшпелі өркениет пен өткен ғасырдың атмосферасын сезінуге мүмкіндік жасаған өнегелі орынға айналды. Бүгінгі таңда қоғамдық кеңістіктегі(музейлердегі, кітапханалардағы, бос уақыттағы және де басқа мәдени іс-қимылдағы жаңа формалар) ұдайы өзгеріп отырған жағдайда бейімдеу қоғамдық сананы жаңғыртуға және жаңғыруға бастайтын құбылыс. Бұл ретте осындай маңызды жұмыста мәдениет қызметкерлері халықтың неғұрлым көбірек бөлігін қамтуға, әсіресе жастармен жұмысқа баса көңіл бөлу қажет. Елбасы көтерген көкейтесті мәселе әрбірі Қазақстандық үшін маңызды. Барынша жігермен іске асыруға өз үлестерін қосу керек. Болашағымыз жарқын, Елбасының игі бастамасы жолында еңбек ету бәріміздің басты мақсатымыз келешегіміз жарқын жақсылыққа толы болсын.

                                   

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» .- Алматы,  2002

2. Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» .- Алматы,  2002

3. Н.Ә.Назарбаев «Еуразия жүрегінде» .- Алматы,  2005

4. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» .- Алматы,  2012

5. Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік белестері» .- Алматы,  2012