Педагогические науки/3.Методические основы

 воспитательного процесса

Утепова А.К.,Қосбергенов Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

Өнер білім бар жұртта

Көңілдің жатқан шексіз тереңінде,

Әуелеген саздарын,өлеңінде.

Жүрекке жетердей қып көрсетейік,

Өнегесі ұлы елдің Өнерінде!  

Берекет Қосберген

 

Өнер-адамның ішкі жан дүниесін,көңіл күйін халыққа жеткізетін,адамның танымдық формасы.

 Әр ұлттың өзіне тән мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлері болады.Біздің қазақ елімізде ежелгі дәуірлерден-ақ өнер қатты дамыған.Қазіргі əн өнері қарқынды дамып жатыр. Алайда,қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Фальклор сөзі ағылшын сөзінен алынған
Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.Əл-Фараби айтып кеткендей музыканың үш түрі бар. Біріншісі жай ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтықты білдіреді. үшіншісі біздің қиялымызға бағытталады. Жағымды сезімді оятататын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы танықтырады. Адамзат ән мен күйдің кереметіне, ләззатына бөленіп, кейінгі ұрпағын адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, парасаттылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын байытып келді. Адам шыр етіп дүниеге келген күннен бастап бесік жырымен басталған ән-күй өмірінің соңына дейін адаммен бірге өтетіні табиғи заңдылық.. Әнші болып жаратылу сол адамға «Алла-тағаланың мейірімі түсіп», табиғаттың берген үлкен сыйы деп түсінуіміз керек.

Әншінің ерекшелігі басқа музыканттардай емес, «әншілік аспабы» үнемі өзімен бірге болатындығында. Әнші болу үшін, ең алдымен, дауыс болу керек. Екінші, тыңдау кабілеті ерекше жетілген болуы керек. Әншінің ерекшелігі дауыс пен есту қабілеті музыкалық ерекшелігінде. Әнші кәсіби немесе әуесқой болуы мүмкін, бірақ екеуі-де тыңдаушы көңілінен шығу үшін табиғат берген таланттың сыртында ән айтудың қарапайым, оңай, алғашқы шарттарын білгені жөн. Ән айту физиологиялық құбылыс болғандықтан, ағза қызметіне, оның функционалдық қабілетіне байланысты құбылыс. Ән айтуда ми, жүйке жүйелері, дыбыс аппараттары, көмей, ауыз қуысы, тіл, таңдай, кеңірдек, кеуде, өкпе сияқты, ағзалар бір-бірімен өзара тығыз байланыста қызмет атқарады. Осы, ағзаларға жүйелі талдау жасамасақ та, әнші үшін келешекте «дауысты тәрбиелеу», баптау, дамыту, сақтау, аялау сияқты маңызды қадамдар кезінде жиі кезігетін болғандықтан кейбір қарапайым ерекшеліктері жайлы дыбыс аппаратының құрылымына қатысты айта кеткен жөн. Дауыс шығару органдарының орналасуы, олардың құрылымы мен қызметіне байланысты адамның дауысы әр түрлі үнді, реңкті болып келеді. Сол үнді «тембр» дейді. Тембр «тимпанс» деген грек сөзінен шыққан. Ол дегеніміз бір биіктіктегі естілетін әрбір дыбыстың өзіндік үні, өңі мен реңк өзгешелігін білдіреді. Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп айтқан: «Қазақтар адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады».

ХХ ғасырда да,қазақ елінің ән өнері қарқынды дамыды.Өмірге көптеген тың дүниелермен,халық жадында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан әндер қалыптасты.Вокалдық үйірмелер,өнер мектептері,өнер академиясы бой көтерді. Қазақ даласында озық ойлы,ұшқыр қиялды компазиторлар пайда болды.Жалпы өн бойына поэзия мен музыканы тұтастай ендірген бұл өнер түрі,өзінің нәзіктілігі мен,әдемілігі мен,сезімталдығы мен,жүректі баурап алар қасиетімен ерекше.

Әннің де естісі бар,есері бар,Тыңдаушының құлағын тесері бар» дейді,-қазақтың бас ақыны,ұлт мақтанышы Хәкім Абай. Қазақтың қай баласын алып қарасаң да,өнерге бір табан жақын келеді.Ән мен әнші бір-бірін дәл тапқанда,кез келген жанның жүрегіне жететін дүние пайда болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы, Ана тілі, 1992, 154 б.

2.     Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том, Алматы. Ғылым, 1999,301

3.      Жастар: Тәрбие, жауапкершілік, парыз  Ө. Нүрғалиев. -

4.     Идеологиялық күрес және жастар  Исмағүлов. - Алматы: Қазақстан, 1978. - 54 с. - Б. ц.