Жулибаева Жаннат Толеукадировна
Ергалиева Амангуль Жумагазиновна
Казахстан. г.Караганда.
Академик Е.А.Букетов атындағы № 52 ЖББОМ
Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына,
әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор
көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар
қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды
өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру.
Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту
жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке
тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып,
нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты
тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп
оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының
дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың
жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта
тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына
жол ашу.
Тәрбие процесінің барлық
кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр
жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші
сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға
сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы
мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және
түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер,
жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек
бастама ғана. Жекелік және тұлғалық
түзетулер қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше
әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін
дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің
сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет
– егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта
отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын
күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас
аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ.
Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас
ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты
жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін
жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы –
оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс –
тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл
ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет.
Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді
меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы
қабілеттілік.
Педагогтің өз еңбегіне, сапалы
көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай
шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді:
1.
Ақпараттық – өндірушілік: педагог басқаның
тәжірибесін ескере отырып , нәтижеге жету жолындағы
педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты стуацияларды шешудің
тиімділігін талдауды біледі. Бұл педагогикалық
шығармашылықтың төменгі деңгейі болып табылады.
2.
Бейімділік- болжаушылық: педагог өзіне белгілі ақпараттан
оқушылардың потенциялық мүмкіндіктері мен өзіндік
жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін,
құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана
біледі.Бұл деңгейде пәнаралық байланыс, саралап
оқыту, білім, білік дағдыларын меңгертужұмыстары
жүреді. Бірақ әліде болса оқушының жеке басын
дамытуды оптималды болжау жағдайы жетіспейді.
Бұл
педагогикалық шығармашылықтың І деңгейі.
3.
Ұтымдылық: педагогтің құрастырушылық –
болжаушылық қабілеті байқалады, яғни
жаңашылдық, педагогикалық үрдісті
мақсатты,ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің
қалыптан тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл І І
деңгейі.
4.
Зерттеушілік: педагог өзінің ізденісінің
тұжырымдамалық негізін анықтай біледі, оларды еркін
қисындырады. Оның нәтижесінзерттеу негізінде
өзінің жүйесін дайындайды. Бұл деңгейде педагог
шығармашылықтың жоғары категориясына жақын.
Бұл педагог өзінің тәжірибесін жинақтай біледі.
Егер оны әріптестері мойындаса, оның идеясы басқа
мұғалімдердің жұмысында тиімді нәтиже беруі
мүмкін.
Бұл
педагогикалық шығармашылықтың « жоғары »
деңгейі.
5.
Креативтік. (шығармашылықты елестете білу) – болжаушылық:
педагог жоғары міндеттерді ұсыну және оларды шешудің
әдістерін негіздеу қабілеттерін көрсетеді. Мұндай
қызмет нәтижесінде өмірлік шығармашыл
инновациялық тұлға қалыптасады. Бұл
деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау
әдісі орын алады. Принцип бойынша бұл әдістерді оның
оқушылары да меңгереді. Олар тұрақты жағдайда
өз мүмкіндіктері бойынша өзіне – өзі іштей
жарысқа түсу үрдісінде нәтижеге жетуге тырысады.
Алғашқы екі деңгейде
шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзін
іздейді, яғни ол өзіне : Мен не істей аламын?, Қолымнан не
келеді? Деген сұрақтарын қойса ІІІ-деңгейде, Қалай
жақсы істеуге боладжы?, Қандай әдіс – тәсілдер ,
құралдар жоғары нәтиже береді? деген
сұрақтарды басшылыққа алса, ал ІV, V деңгейде
өз іс әрекетіне шығармашыл-педагог:Мен кімді
қалыптастырамын?Менің қызметімнің нәтижесі не?
Сұрақтарын басшылыққа алады.
Мұғалім сабағына қатысу
және талдау жасау, бағыт – бағдар беру мектеп
басшыларының қызметінің негізгі және маңызды
кезеңі болуы тиіс. Ол үшін бұл жұмысқа
уақытты аямау керек , өйткені сол арқылы мұғалім
еңбегінің сапасы және нәтижесі анықталады.
Оқыту сапасының негізгі критерийлері
оқыту үрдісінің нәтижесі мен оқушылардың
білім, білік дағдысының сапасы болып табылады. Ал,
бұның барлығы мұғалім кәсіптілігіне тікелей
байланысты екендігін шексіз қайталап айта беруге болады. Өйткені
сапалы, білімді, шығармашыл оқушы ( кіші ғылым академиясы
жанында ұйымдастырылатын ғылыми жұмыстар жоба жарыстары
жүлдегерлері мен пәндік олимпиада, «Дарын» бағдарламасы
бойынша өткізілетін байқау, жарыстарының жеңімпаздары
және т.б. ) шығармашылықпен жұмыс жүргізетін
мұғалім еңбегінің жемісі.
Мұғалім – өте нәзік инструмент,
ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға
ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты,
психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын
қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек
көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен
дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.
Мұғалімнің эмоциялық
жағдайы, оның дайындық дәрежесі және көбеюі
баламен жұмыс жүргізудегі басты одақтас болатындығын
әкімшілік білуі тиіс және мұғалімді соған
бағыттауға тілектес бола білуі керек. Сондай-ақ олардың
тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушыларға
сапалы білім беру және шығармашылдығын қалыптастыруда
жан – жан жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке
қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.
Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын
өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған
бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек
сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол
сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру
мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр.
Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты
тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз –
оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік
білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін
азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары
қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Психология ғылымының докторы, профессор Қ.
Жарықпаевтың пікірінше: «Әрекет дегеніміз түрлі
қасиеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған
процесс».
«Бір мақсатқа біріккен әрекеттердің жиынтығын
ғана іс-әрекет деп»,- анықтама берді психолог Ф.Н. Гоноболин.
Ол белгілі бір ұзақ уақытқа созылуымен сипатталады.
Педагогикалық іс-әрекет туралы айтқанда біз
мұғалімнің бір рет жасаған әрекетін емес,
ұзақ уақыт бойы педагогтік толып жатқан
қылықтары мен әрекеттерінен тұратын оның мектепке
жасаған күнделікті жүйелі еңбегін айтамыз.
Сонымен, оқушылардың білім деңгейін арттырудағы
мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының
білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты
белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Нағымжанова Қ.М.
Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, , 2005.
2. Мұқаметқали М.
Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық
іс-әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004.
3. Дарменова Қ. Көрнекілік
арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш
мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
4. Корпешова Г. Оқушылардың
қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің
рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21
бет.
5. Қаниева Г.
Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева //
Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.