Педагогика. Современные методы
педагогики
Нуриева
Шолпан Яяевна
№195 жалпы
білім беретін мектебінің
химия
пәнінің
мұғалімі
Алматы
қаласы, Қазақстан Республикасы
Химия пәнін
оқытуда жаңа технологияларды тиімді қолданудың
маңыздылығы
Қазіргі уақытта негізгі әдістемелік инновацияны қолдану интерактивті оқыту әдістеріне байланысты. Интерактивті («Inter» - бұл
өзара, «act» - әрекеттесу) дегеніміз біреулермен диалогқа түсу немесе
әңгімелесу режимінде болу, өзара әрекеттесу болып табылады.
Химия пәнін оқыту
үдерісінде интерактивті оқытуды енгізу оқушылар мен студентер
арасында химия ғылымын кеңінен танылуын, адам өмірінің
әртүрлі салалары мен оны қоршаған орта үшін
маңыздылығын көрсететін арнаулы формасы және
бағыты болып табылады. Сонымен қатар, химиялық дүниетаным арқылы оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті
қалыптастыру да жоғарыдағы тізімге кіреді.
Қазіргі кезде республикамызда білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік оқу кеңістігіне
өтуге дайындалуда . Интерактивті оқыту әдісі нақты
және болжамды мынадай мақсаттарды ескереді: оқушылардың
зияткерлік қабілеттерін және
өзіндік ойлауды дамыту және
оқу материалын берік сіңіруде жылдамдыққа жету, ақыл мен ойды қолданып
зерттелетін құбылыстарға тереңдеу,
шығармашылық әлеуетті немесе болатын мәселелерді «көре білуді» арттыру, икемділік,
диалектілік, шығармашылық идеяларды генерациялау, өзіндік іздеу
әрекетіне қабілеттілік, нақты өндірістік практикада
кәсіптік білімді қолдану, біліктілік пен
машықтықтың тиімділігін көрсетуді. Осы
әдістің тағы бір мақсаты жайлы оқу жағдайын
жасау, яғни, оқушы немесе тыңдаушы өзінің
табыстылығын, өзіндік интеллектуальды мүмкіншілігін сезінсе,
онда оқу үдерісін өнімді етеді.
Химия ғылымы –
эксперименттік ғылым. Сондықтан бұл пәннің сабақтарында
эксперименттік, демонстрациялық тәжірибелер, зертханалық
жұмыстар, сарамандық сабақтарға көп мән
беріледі.
Сабақ барысында әрбір оқушы осы
химиялық эксперименттерде заттарды көзбен көріп, қолмен
ұстайды. Жаңа заттардың қасиеттерін жаңаша
талдайды. Зертханалық сабақ мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру
барысында жүргізіледі, сарамандық сабақ – белгілі бір тарау немесе
оның бір бөлігі өтілгеннен кейін химиялық тәжірибелерді оқушылардың өздігінен орындауы үшін арнайы
бөлінген сабақ. Зертханалық тәжірибелер негізгі
ұғымдарды қалыптастыруға байланысты болса,
сарамандық сабақтарда оқушылардың
алған білімдері тереңдетіліп, іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдылары
қалыптасады.
Химия
пәнін оқытуда қолданылатын технологиялар:
1. Дамыта оқыту технологиялары;
2. Саралап және даралап оқытуға негізделген
педагогикалық технологиялар;
3. Тақырып бойынша тірек конспект жүйесін қолдана оқыту;
4. Ойын технологиялары.
Мультимедиа, электронды
оқулықтар мүмкіндіктерін қолдану химия сабақтарын
дәстүрлі емес сабақтар деңгейіне көтере алады,
оның ішінде кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыруда оқытушының
таптырмас көмекшісі бола алады.
Жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. Даралап, әрі саралап оқыту – оқушының физиологиялық, психологиялық
ерекшеліктері негізінде оқыту үрдісі барысында өз
мүмкіндігіне сай мәселелерді шешуге, дұрыс қорытындылар жасауға
мүмкіндік жасайды.
2. Танымдық ойындар, ділгірлік оқыту (мәселе қойып
оқыту) - бүгінгі талаптардың бірі. Оқыту барысында
бұл ұстаным сабақтың барысында, дәріс-диалог,
эксперимент жасау, зерттеу түрінде іске асады.
Қазіргі оқыту
үрдісіне жаңа педагогикалық технологияла, АКТ кеңінен
енуде. Оқушыларды пәнге қызықтырумен қатар,
саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық
көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар,
қоғамдағы болып жатқан түрлі
қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін
сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ
тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты
театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушылар
болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз
байсалды болмақ.
Әр мұғалім
алдындағы оқушыларға көпқырлы
сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына
сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына,
пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Ұстаз шеберлігі – ізденіс нәтижесі.
Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы
К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім - өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды,
ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” –
деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге
соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі
ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.
Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың
қызығушылығын арттыру
үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол
үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі
технологияның элементтерін пайдалу қажет.
Химия
сабағын жүргізгенде:
1) химия ғылымының негізін, маңызды деректерді,
заңдар мен заңдылықтарды, теорияларды
ұғындырамын. Ол үшін интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін
толық пайдалануға болады. Яғни, кітапхана қорын,
жылдарды немесе ғалымдардың аттарын шторлармен жасыру т.б.
2) табиғаттағы барлық құбылыстардағы
химиялық үрдістердің маңызды орынын түсіндіруде
электронды оқулықтарды қолдану.
3) практикалық дағдыларын қалыптастыруда «виртуальды
химиялық лаборатория» оқулығын қолдану.
АКТ-ны қолданудың
негізгі міндеті - білім беру сапасын арттырып, әрбір білім алушының біліктілігін дамыта отырып, білім алудың
жаңа деңгейіне қол жеткізуге
мұмкіндік береді.
Жалпы, осы айтылған
технологияларды жоспарлы, жүйелі түрде қолдану арқылы
ғана көздеген мақсатқа жетуге болады. Сондықтан,
мен өз жұмысымда химия пәнін электрондық
оқулықтарды қолдану арқылы оқытуды тиімді деп
есептеймін. Дұрыс ұйымдастырылған, талапқа сай
өткізілген сарамандық, зертханалық жұмыстар білім
алаушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, дарындылығын дамытуға
жағдай жасайды.
Сөзімді Ш.Амоношвилидің
нақыл сөзімен
қорытындылағым келеді: “Ұстаз болуды таңдаған әр адам алдына өте
биік, тіпті өзі орындай алмайтын мақсат қою керек. Оны орындау үшін, соған жетуге арналған әрекеті оны да,
оқушыларын да асқақтатады. Биік мақсат мұғалімнің
болашаққа сеніп оптимизммен жұмыс істеуіне, ізденіс әрекеттерінің
армандаған нәтижеге
әкеліп, мүмкін емес деген істің орындалуына жағдай
жасайды. Мұғалімнің биік мақсат қоюының
тағы бір себебі, ол – адам, тәңірдің өзіне берген уақыты
аралығында айналасына, барлық планетаға мейірімділік,
әділдік, адалдық, сүйіспеншілік, сыйластық,
еңбекқорлық нәрін сеуіп үлгеруі керек.”