Педагогика.  Современные  методы  педагогики

Ағаділова  Балжан  Ертайқызы 

Ақтоған  орта  мектебінің

ағылшын  тілі,  қазақ  тілі мен  әдебиеті  мұғалімі

Жамбыл  облысы, Рысқұлов ауданы,  Көгершін  ауылы

Қазақстан  Республикасы

Жаңа  инновациялық  технологияларды қазақ  тілінде  тиімді  қолдану 

        Қазіргі кездегі жаңалықтар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды әкелгені баршамызға белгілі. Оған білім стандарты, инновациялық технологиядан іздену, әлемдік  білім кеңістігіне ену жұмыстарын жатқызуға болады.

        Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны  ендіруді міндеттейді. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында  білім беру саласы қызметкерлерінен оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын, сондай-ақ қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын педагог-зерттеуші оқытушы болуын қажет етіп отыр.

       Қазіргі  таңда 80-нен астам педагогикалық технологиялар қолданылып жүр. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен «инновация», «технология» ұғымдарына  тоқталған жөн.

   «Инновация» ұғымы  туралы ғалымдар әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны  былай  түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, ал Майлс: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді .

       «Инновация» термині латын тілінен алынған, ол «жаңару», «жаңалық», «өзгеру»  дегенді білдіреді. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада жаңа саласы, жаңашылдық ғылым пайда болып, ал 50-жылы педагогикалық инновация қалыптасты .

        Ғалымдар  Т.И.Шамова,  П.И.Третьякова «Инновация» дегенді былай түсіндіреді: «Жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалықты енгізу, қалыптастыруды  анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің  әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылыс» делінген .

        Қазақстанда  ең  алғаш «Инновация» ұғымына  қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай  Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық  үрдіс деп  отырғанымыз – білім  беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдау және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы  ұсынады.

         Ендеше  «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.

         Қазіргі күні  инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, прцестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі  жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып  табылады.

         Қазір  «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің  негізінде тіл үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:

- тіл үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;

- оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;

- мұнда  тіл үйренушінің дербес қабілетін дамытуға көмек беру;

- тіл үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;

- көрнекі  құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезімін жоғарлату болып  табылады.

         Инновациялық  технологиялар  тілдік білім сапасын арттырып, қарым-қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады: әр сабақта қазақ тілін игертуге қатысты интерактивті әдістерін қолдану; әр оқушының  психологиялық ерекшеліктерін  ескеру, қазақ  тілді  үйренуге  деген ынтасы, зейіні, қызығушылығына көңіл аудару; міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыруға  болады.   

        Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары  жақсы нәтижелерімен белгілі бола  бастаған  жаңа педагогикалық  технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерді  атап  айтқымыз келеді:

- дамыта оқыту;

- деңгейлеп оқыту технологиясы;

- модульдік оқыту;

- проблемалық оқыту;

- қатысымдық технологиясы;

- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

- сатылай комплексті талдау;

- жобалау технологиясы;

- тірек сигналдары технологиясы;

 - саралап даралап оқыту.

       Тіл үйрету  жұмысы - өте күрделі үдеріс. Оқушылар  қазақ тілі сабағында тек тіл үйреніп қоймайды, олардың сабақ үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге  өзіндік  көзқарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейеді. Сондықтан да оқытушы әр студенттің қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі керек. Жоғарыда аталған инновациялық технологиялардың ішінде тіл үйретуде қайсысы тиімдірек екендігіне тоқталсақ. Қазіргі таңда қазақ тілін үйретуде  мұғалімдер  жаңа инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

       Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мазмұндық ерекшеліктері  мен  тиімділігі тоқталған жөн.

      Қазіргі жаңа технологиялардың алдарына қоятын мақсаты – тіл үйренушілердің дербес ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды көздейді.

       Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.

       Қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдіс-тәсілдері  оқушылардың тілге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз ізденістері мен шығармашылық деңгейлерін дамытуға жол ашу болып табылады. Қазақ тілін  оқыту үрдісінде жаңа технологияларды енгізу төрт кезеңнен тұрады:

І.  Тілге қатысты жаңа идеяны іздеу; Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

ІІ.    Жаңалықтарды ұйымдастыру;

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу, яғни жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану;

ІV.   Жаңалықтарды бекіту.

       Инновациялық технологияның  беретін нәтижелері:  түрлі әдістерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйренудің нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; оқушылардың  барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсының деңгейін анықтауға; бағалау мүмкіндіктері мол болуына; оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді; оқушылардың  қабілеттері, ұйымшылдықтары, шығармашылық белсенділігі, лексикалық қоры артады; жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, ең  негізгісі  пәнге қызығушылықтары арта түседі.

       Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану  арқылы  білім де, тәрбие де, оқушылардың  дүниеге  деген  көзқарастары  қалыптасып, орнығады. Қазақ тілін оқытуда аталған инновациялық технологиялар  сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай жасалса, ол оқыту үдерісін жетілдірудің бірден-бір тиімді жолы. барлығы да өз дәрежесінде тиімді әрі

     Қорыта айтқанда, жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Сол сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік  қорытындылау  қабілеттері  дамиды.