Байсеңгіров М.Қ. аға оқытушы
Ы.Алтынсарин
атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Мектепте бейнелеу
өнерін оқытудың мақсаты және
оқушылардың жаңа технологияға деген түсінігін
арттыру
Бүгінгі таңдағы
мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды
дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне
қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын
арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға
қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке
тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Жас ұрпақтың
білім алуының бірден-бір шарты – мұғалімнің
жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас
ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан
сабақты жаңаша құрып, инновациялық
әдіс-тәсілдерін, педагогикалық білімдерін жетілдіре отырып,
оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана
білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. Қазіргі
кездегі қоршаған ортадағы өзгерістер
ақпараттық - коммуникативтік технологиялар саласында болып
жатқаны белгілі. Бұл саладағы маңызды өзгерістер
білім беру саласына да оң ықпалын тигізіп отырғаны
бүгінгі білім ордасындағы ұстаздар қауымына
кеңінен таныс [1, 3 б].
Жаңа ақпараттық
- коммуникативтік технологиялардың адам, қоғам
өміріндегі орны туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында білім
ордаларын жаңа технологиялармен қамтамасыз етуді одан әрі
жетілдіретіндігін атап өткен болатын. Ақпараттық -
коммуникативтік технологиялар бүгінгі күні біздің
қоғамымызға кеңінен енді. Компьютерлік технология мен
мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің
осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде.
Ақпараттық технологиялар
әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып,
оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін
арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына
жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске
асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін
ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар
оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіріп, оларды
жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға
айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс
жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің
барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру
технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны
белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.
Тәжірибе
көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар
мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен
оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым
мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді.
Оқушылардың жеке тұлғасын, оның рухани
әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі
таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі
оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше
алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды
үйренбеген. Сол үшін де оқшының өзіне сенімін
арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында
мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан -
жақты болуы қажет. Сабақ мазмұнының
теориялық - практикалық құндылығы жоғары
болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте
тиімді жүргізіледі. Оқушыларға білім негізін
меңгерудің әдіс - тәсілдері сан алуан. Оны таңдап
алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің
өз еңбегін ұтымды
ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен
оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру,
оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік
тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар
ұйымдастыру арқылы іске асады [2, 8 б].
Мұғалім өз іс -
тәжірибесінде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға
сүйенеді: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге
үйрету; Оқушылармен жекелей, топпен жұмыстар
жүргізу; Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын
арттыру;
Оқушылардың
шығармашылық қызметін дамыту.
Ø АКТ - ны сабақтарының келесі
кезеңдерінде іске асырады:
Ø Үй жұмысын тексеруде;
Ø Жаңа сабақты түсіндіргенде;
Ø Қайталау, бекіту сабақтарында;
Ø Сабақ барысында оқушылардың
білімдерін тексеруде.
Ақпараттық -
коммуникативтік технологиялар сабаққа дайындалуда қосымша
ақпаратты іздеуді кеңейтеді. АКТ - ны бейнелеу өнері
және сызу сабақтарында қолдану көрнекіліктің
және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың
болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге
мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін
тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның
барлық потенциалын, танымдық, моральды - адамгершілік,
шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық
мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың
зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер
етеді [3, 15 б].
Жаңа материалды игеру
кезеңінде графиктерді, суреттерді, шеберлік сыныптарынан үзінділер
көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық
презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді. Бейнелеу
өнері сабағында түстік байланыс тақырыбында paint, сызу
сабағында графикалық жұмыс кезінде Kompas-3D
бағдарламасымен, сонымен қатар презентацияларды түрлі
бағдарламаларда жасауға тырысады. Ол үшін арнайы интернет
беттерінен қосымша мағлұматтар алып, өз беттерімен
жаңа бағдарламаларда жұмыс жасауды үйренеді. Тақырып
бойынша оқу дағдысын игеру кезеңінде бейнелеу өнері
сабақтарында интерактивті тақтаны сонымен қатар ноутбук,
планшеттерді қолданған дұрыс. Бұл оқушының
сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазіргі педагогикалық технологиялар:
оқу - әдістемелік құрал. Алматы.
2. Е.С. Сарманов, С.К. Сапаров. Сабақта жаңа
технологияларды қолдану. Шымкент. 2006 ж.
3. Б.Р.Айтмамбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары
мен тәжірибелері. Алматы,1991ж.