Қазақстан.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті
Садулова Ж.К.аға
оқытушы, филология магистрі
Оқу
үрдісінде инновациялық технологияларды
қолданудағы
негізгі міндеттер
Қазіргі
таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа талпыныс, жаңа
ашылған оқыту жолдарының бірі-білім берудің
инновациялық жүйесінің жасалуы. Бұл
педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі
және оқыту технологиялары әдістемесін өзгертулермен
тығыз байланысты.
«Инновациялық
технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада,
оқу-тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын
ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.Поташник «Инновация –
оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің
оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді
игеруі» деген анықтама берсе, Н.Талызина «Инновациялық
технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ
үрдісінде
белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді
таңдай білу» деп анықтайды. [1.47]
Ұстаз
үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс
таңдау. Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері
мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық
технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей
қорытынды жасауға болады:
*
оқытудың міндеттері мен мақсаттарының айқын,
нақтылы анықталуы;
* нәтижелердің
жетістігіне бағытталуы;
* тәрбиелеу мен
оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір
кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының
анықталуы;
* мониторинг,
аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
*
тәжірибенің қайталануы мен алмасуы.
Қазақ
тілі мұғалімі оқушының іс-әрекеті жоспарлауда оны
дамыту мен қалыптастыру үрдісінде құрылымдык
тұрғыда іске асыру іс-әрекетінің міндеттерін шешу
үшін, оқу-тәрбие жұмысының бастауыш білім
берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемелік
бірлігін сақтауға ұмтылуға тиіс;
Ол үшін
оқушы іс-әрекетінің кұрлысын жоспарлау және
оған педагогикалық жетекшілік жасау, негізделген инновациялық
іс- әрекетерді таңдау, анықтау, ұжымдағы
оқушыларды жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды
ұйымдастыруы қажет.
Бұл
кұрылымдылық тұрғыны іске асыруда мұғалім
ғылымның, әдістеменің соңғы
жаңалықтарын, инновациялық іс-әрекетті пайдаланып
кұрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтын
әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы
іс-әрекетін ұйымдастыруда әдістемелік іс-әрекетті
тиімді қолдану жоспарын жасайды.
Ұйымдастырушылық
іс-әрекет міндеттерін шешу үшін:
• оқушы мен
мұғалім арасындағы қарым- қатынасын
ұйымдастыру;
•
оқушының оқудағы психологиялық және
практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау;
• оқушыларды
әртүрі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;
•
шығармашылықтарын дамытуға бағытталған
жұмыстары ұйымдастыру;
• сабақты
тыңдауға бағытталған жұмыстарды
ұйымдастыру;
• сабақты
тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай
білуі.
Қарым-
қатынас тұрғысындағы әрекеті іске асыру:
• оқушы мен
мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;
• оқу
үрдісіндегі үжымдағы оқушылар
қарым-қатынасын жақсарту;
Дамытушы
тұрғыдағы іске асыру қызметі:
•
жаңашылдық іс-әрекетті оқушының жас өспірім
физиологиясына, педагогикалық, психологиялық ерекшелігіне
сәйкес қолдану;
• оқу
үрдісіне оқушының ақыл- ой еңбегін
ұйымдастыру;
• оқу
үрдісінде педагогикалық жағдай тудыру арқылы,
оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын пәнмен
шындық болмыс арасындағы байланысты білу;
•
оқушының білімге қызығушылығын арттыру;
• алдынғы қатарлы
озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы
әдіс-тәсілдерін қолдану.
Әдіскер-ғалым
М.М.Жанпейсова: «Мұғалімнің
жаңашылдық іс-әрекетін нәтижелі атқаруға
қажетті қасиеттеріне білім, дағды мен іскерлікті жатқызуға болады»-дейді. [2.41]
Қазақ тілі мұғалімінің
білім сферасына идеалогиялық әдістемелік,
психология-педагогикалық және ақпараттық
мағлұматтар жатады.
Идеалогиялық
мағлұматтарға: қоғам дамуының
тенденцияларын айқындау, бастауыш білім беруді жетілдіру,
философиялық, педагогикалық-психологиялық көзқарастарының
болуы;
Психалогиялық-педагогикалық
көрсеткішке:
педагогикалық этика, инновациялық іс- әрекетті
меңгеруге мұғалімнің психалогиялық
даярлығын, жаңалыққа сенімінің болуы, озық
және жан-жақты әдістемелік білімінің болуы,
жаңашылдық іс-әрекет өлшемдерін, алдыңғы
қатарлы озық тәжірибе туралы білімінің болуы;
Ақпараттық білімге:
жаңашылдық іс-әрекет туралы ақпарат материалдарын
жинақтауда, мұғалімнің монографиялық,
педагогикалық, анықтамалық әдебиеттерімен жұмыс жүргізе
білуі.
Бүгінгі күнде мемлекеттік
тілді жан-жақты меңгерту үрдісінде жаңашыл
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып білім беру, ол әрбір
ұстаздың міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бұзаубақова К.Ж..
Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,
2003ж.
2. Жанпейісова М.М.
Модульдік оқыту технологиясы- оқушыны дамыту құралы
ретінде. –Алматы, 2002.75-бет
3. Әлімов
А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану
мәселелері. Оқу құралы/ Әлімов А.Қ.-Алматы,
2013.-448 бет.