а.ш.ғ.к. Сейтбаев Қ.Ж.
в.ғ.к. Абдибеков Б.Т.
а.ш.ғ.к Даулетбекова А.Т.
Тараз инновациялық гуманитарлық университеті,
Қазақстан
Қазақстанда көкөніс және жылыжай
шаруашылығының жағдайы
Тұрғындарды
азық-түлікпен қамтамасыз етуде мемлекет саясатының бір
бағыты – өңірлерде ауыл шаруашылығының салаларын,
әсіресе көкөніс шаруашылығы саласын дамыту. Ішкі
базарды жеміс-көкөніспен толтырудағы негізгі
мәселенің бірі – көкөністер мен жеміс-жидектердің
маусымдық жеткізіліміне байланысты. Ал қолданыстағы
жылыжайлардың жетіспеушілігі мен
олардың технологиялық мешеулігі жағдайды одан әрі
қиындатады. Қазақстанның әр түрлі
аудандарындағы қорғалған топырақ
аймақтарының жетіспеушілігі 4-тен 35 га дейін құрайды,
Қазақстанның жылыжай рыногының әуелеті
көкөністерді пайдаланудың ағымдағы
көлемінен әлдеқайда жоғары. Қазір отандық
өндіруші жаңа піскен көкөніс өнімдеріне деген сұраныстың
30% ғана қанағаттандыруда. Қалғаны – импорт.
Нәтижесінде елде жыл сайын жаңа піскен
көкөністердің жетіспеушілігі байқалады, демек маусым
аралығында олардың бағасы өседі. Туындаған
жағдайдан шығудың бір жолы – жылыжай өндірісі, ол
тұрғындарды жыл бойы дәрумендік өніммен қамтамасыз
етуге қабілетті. Тек ғылыми-техникалық прогресті енгізу мен
қарқындату (интенсивтендіру) саланы
өндірістік-экономикалық жоғары көрсеткіштерге
жеткізеді. Жылыжай өндірісі дамуының әлемдік тенденциясы – ол
жер-жерде қарқынды технологияларға көшу және
өсімдіктерді жабық топырақта өсіру, оның бірі
кіші көлемді технология, яғни, тамшылап суару жүйесін
пайдалана отырып, өсімдіктерді топырақсыз субстратта өндіру.
Қазіргі уақытта жабық топырақта көкөніс
шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері Республикамызда толық пайдаланылмай
отыр. Жылыжай көкөніс шаруашылығына қарқынды
технологияларды енгізу мен олардың тиімділік бағасы толық
зерттелмеген. Жабық топырақтың көкөніс
шаруашылығының тиімділігіне, өндірістің
қарқындауына, яғни, нарықтық экономика жағдайларындағы
жоғары рентабельді (пайдалылығы) жұмыс атқаруына
әсер ететін кешенді себепшарттарын анықтау талабы тұр.
Қазақстанның
ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына
көкөніс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік
шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған
салалары. Аграрлық
экономиканың өзекті мәселелерінің бірі
көкөніс өнімдерінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Бұл мақсатқа, осы өнімдерге деген шексіз
қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыруға жеткілікті
мөлшердегі өнімдердің тапшылығы арасындағы қайшылықтарды
жою және өндірістің ең тиімді тәсілін
таңдау арқылы қол жеткізуге болады.
Қазақстанның басым
аумағында көкөніс өнімдерін өндіру
табиғи-климаттық шарттарына байланысты маусымдық сипатты. Ерте пісетін көкөніс,
әсіресе республиканың солтүстік өңірлерінде аз
өсіріледі. Ерте пісетін өнімге деген қажеттілік 35-40%
қанағаттандырылады.
Ашық жерде өсірілетін
өнімдерді жаппай жинау маусымның ортасынан бастап қазан
айының екінші жартысына дейін жалғасады. Қараша айы мен мамыр
айының аралығында көкөністердің тапшылығы
сезіліп, белгілі бір бөлігі импорттық өнімдермен
алмастырылады.
Қазіргі уақытта
көкөністерді ашық және жабық жерде өсіру
өндірісінің қуаттылығы мен өнімділігін
тұрақты түрде арттыру үрдісі байқалады. Жабық жерде өсірілетін
өнімнің өндіріс көлемін арттыру аталған
өнімге деген маусым арасындағы сұраныстың артуымен
тікелей байланысты. 2010 -2012 жылдары ашық жерде өсірілген қызанақ мен
қияр өндірісі тиісінше 9,7% және 21,4% артылған.
Жабық жерде өсірілген қызанақ мен қияр
өндірісі айтарлықтай артып, тиісінше 302,9% және 170,1%
құраған.
Қолданыстағы қызанақ пен қиярды ашық жерде
өсіру көлемі (шілде мен қыркүйек айлары)
Қазақстан тұрғындарының қажеттілігін
толығымен қамтамасыз етеді.
ҚР Статистика агенттігінің
мәліметтері бойынша, жабық жерде өсірілетін
қызанақ мен қияр көлемі 2012 жылы 58,9 мың тоннаны құраған
(2008 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 3,6 мың тоннаны құраған).
Алайда, көкөністердің, атап
айтқанда, қияр мен қызанақтың айтарлықтай
көлемі жазғы маусымда Оңтүстік Қазақстан
облысынан, ал маусым арасында және де жыл бойы Қытай,
Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркменстан сияқты
көршілес елдерден тасымалданады.
Қазақстан
жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша бүгінде
елде 56 гектар ғана жабық топырақ алқабы бар, бұл
көлемге өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын
жылыжайлар да кіреді. Салыстыру үшін, Польшада жылыжай
шаруашылықтары алқабы 6000 га астамды, Голландияда – 10 000,
Түркияда – 41 000, ал Қытайда – шамамен 1,5 млн. га
құрайды. Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және
ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі
түрлерін өсіру барынша пайдалы сала. Сауда желілері де қоғамдық
тамақтандыру орындары да жас және сапалы өнімдерді аса
қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай
шаруашылықтары жыл бойы жақсы өнім алуға
мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары, өзін тез
ақтайды, рентабельділігі жақсы, жылыжай шаруашылығының
басымдығы осымен шектелмейді. Негізінен, жылыжай шаруашылығы
қазіргі уақытта елдің оңтүстік
өңірлерінде дамуда. Өйткені нарыққа
қатысушылар солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына
шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен
солтүстікке тасыған пайдалы деп санайды. Алайда тасудың
ұзақтығы салдарынан тауар бұзылады, сондықтан
қосымша шығыс туындайды, ол өнімнің өзіндік
құнын ұлғайтады.
Әдебиеттер:
1.
Айтбаев Т.Е,Лукьянец В.Н.
Қазақстанда көкөніс және бақша
дақылдарының тектік қорын қалыптастыру. 2005 №11. Б.96.
2.
Бабаев. С.А. Құсайынова.
Г.С. Қазақстанның қысқы жылыжайларында
өсірілетін қызанақ өнімділігі. //Жаршы//-2007. №1.
Б.96.
3.
Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М
Қазақстанда жылыжай құрылымының
жағдайы.Вестник таразского государственного педагогического института №17
2014
а.ш.ғ.к. Сейтбаев Қ.Ж.
в.ғ.к. Абдибеков Б.Т.
а.ш.ғ.к Даулетбекова А.Т.
Тараз инновациялық гуманитарлық университеті,
Қазақстан
Қазақстанның
жылыжай шаруашылығында кеңінен таралған көкөніс
дақылдарының зиянкестері
Жабық қорғалған
топырақта көкөніс өсімдіктер жыл бойы өсіріледі
және сол себептен зиянды ағзалардың жаппай көбеюі мен
тез таралуына қолайлы
жағдайлар орын алады. Осыған, сонымен қатар, бір
дақылдарға ауысымсыз
топырақты қолдану, жоғары ылғалдылық, ауа мен
топырақтың температурасы, жеткіліксіз жарықтылық,
өсімдіктерді күту барысында адамдардың жиі араласуы жатады
(шырмауықтарды кесу, балақтау, асып байлау, астыңғы
жапырақтарды жұлып тастау). Сонымен бірге, зиянды патогендер
жылыжайларға ұрық және көшет жадығаттары, топырақ, қөң және
ыдыспен де таралады.
Зиянды жәндіктер мен жабық
қорғалған топырақтағы көкөніс
дақылдары ауруларын қоздырушыларының құрамы
республиканың әртүрлі облыстарында іс жүзінде бірдей. Тек
қана кейбір түрлерінің таралуы жергілікті, ол жабық
қорғалған топырақтың аумағы мен түріне байланысты. Қыстық жылыжайларда
тәртіп тұрақты, бұл
жерде жиі жалған
ақ ұнтақ, кәдімгі өрмекші кене, жылыжай аққанатты
таралған. Температура мен
ылғалдылық реттелінбейтін жылытылмайтын үлдірлі
жылыжайларда күндізгі
және түнгі температураның кенет ауытқуы
байқалынады. Осы үрдіс тамшымалы-
сұйық ылғалдылықтың пайда болуына әкеледі.
Осындай жағдайлар, бірінші кезекте, зең аурларының дамуына
әсерін тигізеді - ақ және сұр шірікке,
қиярдың қоңыр бөртесіне, пероноспорозына
және зиянды жәндектер – бітелерге таралады.
Кеңінен кездеседі: өрмекші кене, бақша бітесі,
темекі бітесі, жылыжайлық аққанат, беріш нематодалары, жалған ақ ұнтақ,
пероноспороз, ақ шірік, аскохитоз,
вирус мозаикасы, қызанақтардың аурулары – жылыжайлық
(шабдалы) біте, үлкен картоп бітесі, қоңыр немесе
тоттанған кене, аққанат, беріш нематодалары (галлалық
нематода), жапырақтардың коңыр бөртесі (кладоспориоз),
фитофтороз, септориоз, темекі өрнектің вирусы (ТӨВ) (вирус
табачной мозаики).
Қазақстан территориясында көкөніс-бақша
өсімдіктерінде зиянды жәндектер түрлерінің 300 астам
түрлері тіркелген. Көкөніс өнімдерін, олар
ауруларға шалдыққаны және зиянды жәндектермен
зақымдану салдарынан
деңгейіне толтыра алмауы орташа 25-30% құрады.
Көкөніс дақылдардың
ең таралған зиянды жәндектері - ауыз органдарының
кеміргіш және сорушы типтері болып табылады. Кеміргіш ауыз органдары бар
бунақденелер қатты тамақты жеуге бейімделген. Ол
қоңыз бен оның дернәсілдері, көбелектердің
жұлдызқұрттары. Сорушы ауыз органдары бар бунақденелер
сұйық тамақ жеуге бейімделген. Ол біте, қандала,
бүргешіркей.
Өсімдіктерге негізгі зақымдарды көбінесе
дернәсілдер әкеледі. Даму барысының басында олар өте
кішкентай болады. Тамақтанып, дернәсілдер өседі және
өсіп бара жатқанда түлейді, тар болып қалған
хитин қабыршағын тастайды. Түлеу саны
дернәсілдердің алуан түрлерінде әртүрлі.
Түлеу арасындағы арақашықтықты жасы деп атайды.
Солай, бірінші түлеуден бұрын жұмыртқадан
шыққан дернәсіл – ол бірінші жастың дернәсілі
және т.б. Бірінші жастағы дернәсілдердің химиялық
және биологиялық дәрі-дәрмектерге
тұрақтылығы төмен, сол себептен зиянды бунақденелермен күресті бірінші жастағы
дернәсілдер пайда болған уақытта өткізу жөн
болады. Соңғы түлеуден соң бунақденелердің
дернәсілдері толық өзгеріп көбелекке, содан кейін
ересек дараға айналады.
Жұмыртқадан ересек бунақденеге
толық даму үрдісін (цикл) ұрпақ деп атайды.
Бунақденелердің алуан түрлерінің ұрпақ саны
әртүрлі болады. Кейбірлері
жаз бойы бір ұрпақ береді, басқалары екі және одан да
көп береді.
Көкөніс дақылдарын зиянды ағзалардан
қорғауының біріктірілген жүйесіне алдын ала,
агротехникалық, биологиялық және химиялық
іс-шараларының кешені кіреді. Алдын ала қолданатын
шараларының ішінде ең маңыздысы
агротехниканың барлық ережелерін сақтау,
өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін ең
оңтайлы жағдайларды жасау болып табылады. Сау көшеттер мен
ұрықтарды пайдалану, сонымен қатар ұрықтарды
зарарсыздандыру өсімдіктер ауруларының көп
қоздырушыларының және
зиянды жәндіктердің жаппай пайда болуына жол бермейді.
Солармен күресу бойынша
іс-шаралар жүйесін жабық қорғалған топырақтың
түрі және зиянды
жәндіктердің құрамына қарай құру
қажет болады. Зиянды жәндектер және аурулармен
күресудің дұрыс жүйесін жүргізу өнімділікті
жоғарылату мен көкөніс өнімдердің өзіндік
құнын төмендетудің маңызды қоры болып
табылады.
Қазіргі таңда ұрықтарды
улағыштар көбіне-көп белгілі болып келе жатыр, себебі олар
өсімдікті ең ерте даму кезеңінде қорғайды.
Ұрықтарды, топырақты
және ерте жапырақтардың зиянды жәндектеріне
қарсы ұрықтарды
өңдеуге арналған препараттар бар, ұрықтарды,
көктеулерді және жас өсімдіктерді ауру кешенінен
қорғайтын препараттар, сонымен қатар, зиянды
жәндектерден де, аурулардан да қорғайтын біріктірлген препараттар
бар.
Фермерлер алдында өсімдіктерді қорғау бойынша
іс-шаралар өткізудің жөнділігі туралы мәселе жиі
тұрады. Бірақ, егерде зиянды жәндік өткен жылы
өсімдіктерге елеулі зақымдаса, олармен міндетті түрде
күресу қажет. Өйткені, өсімдіктерді қорғау
құралдарын уақытылы және шебер пайдалану зиянды ағзалардың дамуын
тоқтатып, өнімді сақтауға мүмкіншіліктер береді.
Препараттарды қолданудың негізгі
мақсаты - бунақденелердің тамақтандыруын тоқтату.
Бұл бунақденелерден тиетін зиянды айтарлықтай
қысқартады, ал кейбір кезде одан толық
құтылуға
мүмкіншіліктер береді. Бірақ, дұрыс емес
өңдеу - жәндіктерді жойғылар өте жиі, аса
үлкен көлемінде тозаңдатылса немесе
дәрі-дәрмектер айналысы болмаса, ол соңында
дәрі-дәрмектерге тұрақтылығы өндірілген
зиянды жәндіктердің жаңа түрлерінің дамуына
әкелуі мүмкін. Өте маңызды препараттардың
мөлшерін немесе оларды
пайдалануының жиілігін көбейту емес, бунақденелердің
аман қалуының себебін немесе өндеуден кейінгі
қанағаттанғысыз нәтижесін мұқият
қадағалау болып табылады. Тек қана керекті препараттарды
іріктеп алып және оны пайдаланудың барлық
ережелерін қатаң сақтап, нәтижеге қол жеткізуге
болады.
Күзде, өнімді жинап болған соң, келесі жылда
аурулар қоздырушы және
зиянды жәндектердің қыстау орны болатын өсідіктің
қалдықтарын міндетті
түрде жағып тастау керек. Көп зиянды жәндектер мен
ауруларды қоздырушылардың қалыпты қыстауы
жағдайларын бұзатын топырақтың терең күздік жыртуын
өткізу жөн болады.
Әдебиеттер
1.Айтбаев Т.Е,Лукьянец В.Н. Қазақстанда
көкөніс және бақша дақылдарының тектік
қорын қалыптастыру. 2005 №11. Б.96.
2.Ашықбаев Н.,
Дүйсенбеков Б., Ағыбаев А., Карбозова Р. Өсімдік
қорғау. Оқулық.
2011 ж
3. Зуев В.И. Овощеводство защищенного грунта Ташкент, 1982 г
4. Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә.
және т.б. Көкөніс шаруашылығы. Астана, 1998 ж.
а.ш.ғ.к. Сейтбаев Қ.Ж.
в.ғ.к. Абдибеков Б.Т.
а.ш.ғ.к Даулетбекова А.Т.
Тараз инновациялық гуманитарлық университеті,
Қазақстан
Қазақстанда
кеңінен таралған қорғаулы топырақ құрылымдарында
кездесетін көкөніс дақылдарының аурулары
Жылыжайда аурулар өсімдіктердің
өсуін және егілген дақылдардың дамуын тоқтатады, ол
өнімнің төмендеуіне, жемістердің сапасына әсер
етеді. Егерде жылыжайларда
өсімдіктер үшін қолайлы жағдайлар тиісті күтім
болмаса, өсімдіктер зең ауруларымен зақымданады.
Жылыжайлы
көкөністердің аурулары арасында ең тараған
жалған
ақ ұнтақ, тамыр шірігі, бактериялық ісік
және вирусты аурулар болып табылады [1,2,3].
Жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз. Жалған
ақ ұнтақ қоздырушысы – облигатты паразиттер. Ауру қоздырғышы-Peronospora brassicae
Gaeum. Саңырауқұлағы. Оның бір жасушалы
жіпшумағы жасуша аралығында таралып, жапырақ сыртына устьица
арқылы конидиялы спора тасушылары шығып, түсі ақ,
жеңіл өңез түзеді. Конидия тасушылар дихотомиялы
тармақталып, сәл иілген соңғы тармақтың
ұшында бір жасушалы, пішіні сопақша, көлемі 12-28х11-23 мкм
конидиялар пайда болады. Ұлпа ішінде түзілген диаметрі 25-30 мкм
ооспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып,
көктемде өсімдікті алғаш залалдайды, ал қайта залалдану
конидиялармен жұреді.
Аурудың белгісі
жапырақтың жоғарғы бетінде ашық сары,
жайылған дақ, ал оның төменгі бетінде ақшыл
сұр, селдір өңез түзілуімен білінеді. Залалданған
жапырақтар сарғайып, жансызданып, өсімдік қурайды.
Тұқымдық
өсімдіктердің жапырағында, сабағында, гүл
сағағында, бұршаққабында түсі қара,
көлемі әр түрлі дақтар түзіледі.
Бұршаққаптағы басылған дақтардың
бетінде селдір, түсі ақ өңез пайда болып, онда
түзілген тұқымда ауруға шалдығады. Мұндай
тұқымды сепкенде ауру өскін дамып,
саңырауқұлақ диффузды таралып, кеселдің белгісі
тұқым жарнағы жапырақтарында білінеді. Қоймада
сақталу кезінде залалданған қауданның сыртқы жапырақтарында
ақ өңезді, жайылған сұрғылт дақтар
пайда болады.
Залалданған
көшеттерді егістікке отырғызғанда, аурудың дамуы
тежеледі. Ылғал мол жағдайда кесел қайта өрбіп, белгісі
төменгі жасыл жапырақтарда білінеді.
Күндізгі және түндегі температураның кенет
ауытқу кезінде, төмен жарықтылықта
өсімдіктердің ауруларға тұрақтылығы
төмендейді. Осы деректі
қорғау іс-шараларын жоспарлау барысында есепке алу қажет.
Күрес шаралары. Алдын
ала өткізетін шаралардың кешені: өсімдік
қалдықтарынан
мұқият тазалау, ауыспалы егіс өткізу.
Асқабақ дақылдарының егістерін жазықтық
оқшаулау. Өсімдік ауруының бастапқы белгілері пайда
болғанда, оларды Топаз ®, бордос қоспасы деген фунгицидтермен
бүріктіреді. Құрамында күкірті бар препараттарды ауру дамуының тек
қана ерте кезеңдерінде пайдалануға болады, кеш
кезеңдерінде оны қолдану жапырақтардың тез кеуіп
қалуына әкеледі.
Пероноспороз. Қоздырушылар
– Peronoplasmopara (Pseudoperonospora) cubensis. Зооспоралар
тамшылаған-сұйық ылғал болған
жапырақтың тініне
жапырақ саңылауынан және мехникалық
зақымданған жерлерден кіреді. Зең өсімдік тіндерінің жасушаларына еніп, гаусторий
арқылы қоректенеді.
Зооспорангиялар сопақ немесе жұмыртқа тәрізді,
сұрлау немесе ашық-күлгін түсті, 20-25 ×16-20
мкм. Зақымдалған ұрықтарды қолданған кезде
қоздырушы көп уақытта білінбейді, ол өсімдіктің
ішінде дамиды және ақырындап үстіге шыға бастайды.
Жемістену басталысымен және сыртқы ортаның қолайлы
жағдайлар болған кезде аурудың ерекше белгілері дами
бастайды. Күзде қияр
жапырағының зақымданған тінінде ауру
қоздырушысының домалақ, сарғыштау, тегіс емес
қабақшада ооспоралары пайда болады. Ұрықтардың ішінде қоздырушылар
жіпшумақ түрінде, ал зақымдалған өсімдік
қалдықтарында зооспора ретінде сақталуы мүмкін.
Көктемде температура 15-20ºС
болғанда ооспоралар бастапқы зооспорангияларға енеді
және олардан ооспоралар шығады. Соңғылары
өсімдіктерге 3-4 жапырақтар фазасынан бастап вегетацияның
соңына дейін ауруды жұқтыра алады.
Жапырақтың жоғарғы бетінде майда
сарғыштау-жасыл дақтар пайда болады. Жиі олардың формасы
бұрышталған және талшықпен шектелген, сирек
дөңгелек болады. Кешігірек дақтардың бетінде жапырақтың
астыңғы жағынан зооспорангий тасығыш пен
зооспорангиялардын құрылған нашар көрінетін
сұрғыштау-күлгін жұғыны пайда болады.
Дақтар қосылады, және көп кешікпей жапырақ
толық қурап қалады. Жиі өсімдік өте
қысқа кезеңде толық қурап болады. Төзімді
сұрыптар мен будандар өнімді қалыптастыруға
үлгереді, ал тұрақтыларда ауру белгілері іс жүзінде
көрінбейді. Жапырақтардан айрылуы жемістердің қалыпты
өсуін, дамуын тоқтатады. Піскен
жемістердің түсі нашар дәмсіз болады.
Күрес шаралары. Ұрықтарды
фунгицидтті препараттармен (Максим ®) дәрілеу. Квадрис ® (стробилуриндер)
препаратпен өсімдіктерді алдын ала бүркеу. Стробилуриндер ауру қоздырушысын
толық жоймайды, ол 2-3 аптадан кейін қайтадан шығады. Осыны
есепке алу қажет. Сол себептен пероноспороздың бастапқы белгілері пайда болса
өсімдіктерді басқа фунгицидтермен өңдейді.
Қызанақ фитофторозы (Phytophthora infestans). Фитофтороз - Phythophtora
infestans d. By. Жапырақ шетінде
қоңыр дақтар пайда болады, ылғалды ауа-райында
астыңғы бөлігінде ақ өңездер қалыптасады.
Сабақтарында қоңыр-қара жолақтар пайда болып,
жемістерінде тереңдеген қоңыр, бұлдыр дақтар
пайда болады. Саңырауқұлақ мицелиилері көп
ядролы, жасушасыз, зооспорганиилері жұмыртқа тәрізді,
25-30х15-20 мкм. Ооспоралары шар тәрізді, түссіз, диаметрі 25-30
мкм. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында
сақталып, тұқымдарымен бірге тасымалданады. Ауруға
себеп болатын факторлар. Қалыпты ауа температурасы (15-20˚С)
және жауын-шашынды болған жағдайда аурудың
дамып-таралуына қолайлы жағдай туғызады. Инфекцияның дамуына қолайлы
жағдай жаз айларының екінші жартысында жиі жауған
өткінші жаңбыр кезінде пайда болды. Аурудың
алғашқы белгілері жапырақта қара қоңыр
дақтар түрінде шілде айының бірінші – үшінші
онкүндіктерінде анықталады. Фитофтроз ауруы Атырау, Ақтөбе,
Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан
және Қостанай облыстарында байқалды. Ең
қарқында дамуы Алматы облысының таулы аймақтарында
күндізгі ауа температурасы 20-22°С, түнде 10-12°С болғанда
көрінеді. Республика бойынша таралуы 1-6%-ды, дамуы 0,5-12%-ды
құрайды. Жапырақтар,
сабақтар, содан кейін жемістер қараяды. Жемістер ылғалды
шірік типті тек қана далада емес, сақтау кезеңінде де шіриді.
Күрес шаралары.
Картоп пен қызанақ егістерін кеңістік оқшаулау.
Қызанақтың зақымдалған өсімдіктерін
уақтылы жою. Фиотофторозға
тұрақты қызанақ будандары егу. Вегетация кезінде өсімдіктерді 0,5-1%
бактофиттің жұмыс
ерітіндісімен өңдеу, ал алдына алу үшін және
аурудың бастапқы белгілері көріне бастағанда – 8
күн арақашықтықты сақтап бүркеу
жұмыстары жасалынады. Мөлшері – 7-12кг/га.
Қызанақтағы осу ауруымен күресу барысында белгілі
дәрежеде Алирин-Б, Агат-25 және Планризбен өңдеу тиімді
болып табылады.
Өсімдіктерді
алдына ала стробилуриндармен, мысалы, Ревус® препаратымен немесе жүйелі
препараттармен өңдейді. Аурудың даму барысында
өсімдіктерді фунгицид Ридомил® Голд
препараты жоғары мөлшерлі бүріктіру ұсынылады.
Фунгицидпен өңдеу ауа-райы жағдайларына байланысты 7-10
күн арақашықтықты сақтап өткізу керек.
Тамыр шірігі. Ауру қоздырғыштары - Pythium, Fusarium, Rhizoctonia
және т.б. туыстарға жататын
саңырауқұлақтар. Олар сапрофитті паразиттер,
өсімдікті әлсіреген жағдайда залалдап, тамыр шірігін
қоздырады. Инфекция қоры-өсімдік қалдықтары мен
топырақ. Кеселдің әсерінен өнім төмендеп, кейде
өсімдік қурап, шіриді. Тамыр шірік ауруы жылыжайларда және
егістікте кездеседі. Өскіннің тамыры шіріп, өсімдік
жапырылады. Сабақтың тұқым жарнақтан төмен
бөлігі жіңішкереді де, өскін кенеттен жапырылады. Ересек 1-2
нағыз жапырақты өскіндердің сабағы жапырақ
астынан жіңішкеріп, шіриді.
Өсіп - өнеген өсімдіктердің
жапырақтары астыңғысынан бастап сарғайып, өсімдік
солады. Сабақ негізі мен тамырлары қоңырланып,
талшықтанып, жас тамырлардың шашақтары түзілмейді. Ауру
өсімдіктің түтіктерінде паренхималық жасуша
қабықшасынан көптеген өскіндер түзіліп,
өсімдік бойымен судың жүруіне кедергі жасайды. Бұл
кеселге көбінесе қолайсыз жағдайлардан әлсіреген
өсімдіктер шалдығады.
Биопрепараттарды алдын ала қолданатын препарат ретінде
( егістен бұрын ұрықтар мен топырақты өңдеу
үшін) және де ауру ошақтарын тапқан жағдайда да
қолданылады. Соңғы жағдайда биопрепараттардың біреуінің жұмыс ерітіндісін
өсімдік пен топыраққа бүркейді. Өңдеу
арасындағы арақашықтық 7-10 күнді
құрайды. Патогендерге
тікелей әсерін тигізуден басқа, биопрепараттар
өсімдіктердің өсуі
мен дамуын ынталандырады, топырақ құрамын жақсартады,
ол, өз кезегінде, өнімділікті жоғарылатады.
Аурудың бастапқы белгілері
көрінгенді ұрықтарды дәрілеу үшін (Максим XL)
препараттары қолданылады.
Бактериялы
ісік. Ауру қоздырғышы –Corynebacterium
michiganense Jensen бактериясы.
Инфекция қоры тұқым мен өсімдік
қалдықтарында сақталады. Вегетация кезенінде бактерия
насекомдар, жаңбыр тамшысы, суарған су, қолданылған
құралдар арқылы таралады. Өсімдік кез-келген
вегетациялық кезенде ауруға шалдығады. Кеселдің
диффузды және жергілікті түрлері болады. Диффузды түрінде
көшеттер солып, қурап, ал өсіп-өркендеген
өсімдіктің жапырақтары мен өркендері солады. Өсімдік
кейде бір жақты, яғни жапырақтың бір
жағының жеке бөліктері солып, кейін түгел қурап,
түтіктері қоңырланады. Сабақ залалданғанда, осы
мүшені бойлаған қоңыр жолақтар түзіліп,
кейін олар жарылады. Көлденең кесіндіде сабақ
түтіктерінің қарайғаны байқалады.
Залалданған жеміс пішіні бұзылып, тұқымы қарайып,
өңгіштігі жойылады. Өсіп –өркендеген өсімдік
қайта залалданғанда кесел жергілікті болып, барлық
мүшелері ауруға шалдығады. Жапырақтарда,
сағақтарда, сабақта майда, қоңыр, ойық
жаралар түзіледі. Жемістегі дақтар тегіс, ортасы қоңыр,
шеті ашық түспен жиектелген. Көк жемістер ортасы қара, шытынаған,
майда дақтардың шеті ақ түсті болады. Піскен
жемістердегі қоңыр дақтар ақ түспен жиектеліп,
көз пішінін алады, ауруды сол үшін құс көзі
дейді.
Өсімдікке қоздырғыш
жарақаттар арқылы еніп, түтік жүйесін залалдайды.
Бактерияның дамуына қолайлы температура -25-27˚С, ал ол
жоғарылағанда (50-53˚С) тірішілігі жойылады. Инфекция
қоры тұқым мен өсімдік қалдықтарында
сақталады. Вегетация кезінде бактерия бунақденелілер, жаңбыр тамшысы,
суғарған су, қолданылатын құралдармен таралады.
Бұл ауру өте зиянды, оның салдарынан өсімдіктің
дамуы саябырлап, диффузды түрінде жеміс пен тұқымның
сапасы төмендейді.
Қызанақ жемістері сыртқы жағынан да
инфекцияның екінші қайтара
таралуының нәтижесінде зақымдалуы да мүмкін.
Аурудың дамуына ауаның жоғары температурасы және
ылғалдылығы әкеледі. Ауру дала жағдайларда сирек кездеседі, көбінесе жылыжайларда
таралған.
Күрес шаралары. Егіс үшін сау
ұрықтарды қолдану. Вегетация кезінде
фитосанитарлық іс-шаралар
кешенін сақтау. Ауру белгілері бар өсімдіктерді жою.
Көшеттерді, 1-3 кәдімгі
жапырақтар фазасынан бастап, фитолавин 0,2 % жұмыс ерітіндісімен 15
күн арақашықтығын сақтап алдын ала 2-3 рет
бүркеу.
Әдебиеттер
1.Ашықбаев Н.,
Дүйсенбеков Б., Ағыбаев А., Карбозова Р. Өсімдік
қорғау. Оқулық.
2011 ж.
2. Зуев В.И. Овощеводство защищенного грунта Ташкент, 1982 г.
3.Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә.
және т.б. Көкөніс шаруашылығы. Астана, 1998 ж.