а.ш.ғ.к. Сейтбаев Қ.Ж.

в.ғ.к. Абдибеков Б.Т.

а.ш.ғ.к Даулетбекова А.Т.

 

Тараз инновациялық гуманитарлық университеті, Қазақстан

 

Қазақстанның жылыжай шаруашылығында кеңінен таралған көкөніс дақылдарының зиянкестері

 

 

Жабық қорғалған топырақта көкөніс өсімдіктер жыл бойы өсіріледі және сол себептен зиянды ағзалардың жаппай көбеюі мен тез таралуына   қолайлы жағдайлар орын алады. Осыған, сонымен қатар, бір дақылдарға   ауысымсыз топырақты қолдану, жоғары ылғалдылық, ауа мен топырақтың температурасы, жеткіліксіз жарықтылық, өсімдіктерді күту барысында адамдардың жиі араласуы жатады (шырмауықтарды кесу, балақтау, асып байлау, астыңғы жапырақтарды жұлып тастау). Сонымен бірге, зиянды патогендер жылыжайларға ұрық және көшет жадығаттары, топырақ, қөң және ыдыспен де таралады.

Зиянды жәндіктер мен жабық қорғалған топырақтағы көкөніс дақылдары ауруларын қоздырушыларының құрамы республиканың әртүрлі облыстарында іс жүзінде бірдей. Тек қана кейбір түрлерінің таралуы жергілікті, ол жабық қорғалған топырақтың аумағы мен түріне байланысты.   Қыстық жылыжайларда тәртіп тұрақты, бұл жерде жиі жалған ақ ұнтақ, кәдімгі өрмекші кене, жылыжай аққанатты таралған. Температура мен   ылғалдылық реттелінбейтін жылытылмайтын үлдірлі жылыжайларда    күндізгі және түнгі температураның кенет ауытқуы байқалынады. Осы үрдіс   тамшымалы- сұйық ылғалдылықтың пайда болуына әкеледі. Осындай жағдайлар, бірінші кезекте, зең аурларының дамуына әсерін тигізеді - ақ және сұр шірікке, қиярдың қоңыр бөртесіне, пероноспорозына және зиянды жәндектер – бітелерге таралады.

Кеңінен кездеседі: өрмекші кене, бақша бітесі, темекі бітесі, жылыжайлық аққанат, беріш нематодалары,  жалған ақ ұнтақ, пероноспороз,  ақ шірік, аскохитоз, вирус мозаикасы, қызанақтардың аурулары – жылыжайлық (шабдалы) біте, үлкен картоп бітесі, қоңыр немесе тоттанған кене, аққанат, беріш нематодалары (галлалық нематода), жапырақтардың коңыр бөртесі (кладоспориоз), фитофтороз, септориоз, темекі өрнектің вирусы (ТӨВ) (вирус табачной мозаики).

Қазақстан территориясында көкөніс-бақша өсімдіктерінде зиянды жәндектер түрлерінің 300 астам түрлері тіркелген. Көкөніс өнімдерін, олар ауруларға шалдыққаны және зиянды жәндектермен зақымдану салдарынан  деңгейіне толтыра алмауы орташа 25-30% құрады.

Көкөніс дақылдардың ең таралған зиянды жәндектері - ауыз органдарының кеміргіш және сорушы типтері болып табылады. Кеміргіш ауыз органдары бар бунақденелер қатты тамақты жеуге бейімделген. Ол қоңыз бен оның дернәсілдері, көбелектердің жұлдызқұрттары. Сорушы ауыз органдары бар бунақденелер сұйық тамақ жеуге бейімделген. Ол біте, қандала, бүргешіркей.

Өсімдіктерге негізгі зақымдарды көбінесе дернәсілдер әкеледі. Даму барысының басында олар өте кішкентай болады. Тамақтанып, дернәсілдер өседі және өсіп бара жатқанда түлейді, тар болып қалған хитин қабыршағын тастайды. Түлеу саны дернәсілдердің алуан түрлерінде әртүрлі. Түлеу арасындағы арақашықтықты жасы деп атайды. Солай, бірінші түлеуден бұрын жұмыртқадан шыққан дернәсіл – ол бірінші жастың дернәсілі және т.б. Бірінші жастағы дернәсілдердің химиялық және биологиялық дәрі-дәрмектерге тұрақтылығы төмен, сол себептен зиянды бунақденелермен  күресті бірінші жастағы дернәсілдер пайда болған уақытта өткізу жөн болады. Соңғы түлеуден соң бунақденелердің дернәсілдері толық өзгеріп көбелекке, содан кейін ересек дараға айналады.

Жұмыртқадан ересек бунақденеге толық даму үрдісін (цикл) ұрпақ деп атайды. Бунақденелердің алуан түрлерінің ұрпақ саны әртүрлі болады.   Кейбірлері жаз бойы бір ұрпақ береді, басқалары екі және одан да көп береді.

Көкөніс дақылдарын зиянды ағзалардан қорғауының біріктірілген жүйесіне алдын ала, агротехникалық, биологиялық және химиялық іс-шараларының кешені кіреді. Алдын ала қолданатын шараларының ішінде    ең маңыздысы агротехниканың барлық ережелерін сақтау, өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін ең оңтайлы жағдайларды жасау болып табылады. Сау көшеттер мен ұрықтарды пайдалану, сонымен қатар ұрықтарды зарарсыздандыру өсімдіктер ауруларының көп қоздырушыларының және  зиянды жәндіктердің жаппай пайда болуына жол бермейді. Солармен   күресу бойынша іс-шаралар жүйесін жабық қорғалған топырақтың түрі және   зиянды жәндіктердің құрамына қарай құру қажет болады. Зиянды жәндектер және аурулармен күресудің дұрыс жүйесін жүргізу өнімділікті жоғарылату мен көкөніс өнімдердің өзіндік құнын төмендетудің маңызды қоры болып табылады.

Қазіргі таңда ұрықтарды улағыштар көбіне-көп белгілі болып келе жатыр, себебі олар өсімдікті ең ерте даму кезеңінде қорғайды. Ұрықтарды,  топырақты және ерте жапырақтардың зиянды жәндектеріне қарсы  ұрықтарды өңдеуге арналған препараттар бар, ұрықтарды, көктеулерді және жас өсімдіктерді ауру кешенінен қорғайтын препараттар, сонымен қатар, зиянды жәндектерден де, аурулардан да қорғайтын біріктірлген препараттар бар.

Фермерлер алдында өсімдіктерді қорғау бойынша іс-шаралар өткізудің жөнділігі туралы мәселе жиі тұрады. Бірақ, егерде зиянды жәндік өткен жылы өсімдіктерге елеулі зақымдаса, олармен міндетті түрде күресу қажет. Өйткені, өсімдіктерді қорғау құралдарын уақытылы және шебер пайдалану    зиянды ағзалардың дамуын тоқтатып, өнімді сақтауға мүмкіншіліктер береді.

Препараттарды қолданудың негізгі мақсаты - бунақденелердің тамақтандыруын тоқтату. Бұл бунақденелерден тиетін зиянды айтарлықтай қысқартады, ал кейбір кезде одан толық құтылуға  мүмкіншіліктер береді. Бірақ, дұрыс емес өңдеу - жәндіктерді жойғылар өте жиі, аса үлкен көлемінде тозаңдатылса немесе дәрі-дәрмектер айналысы болмаса, ол соңында дәрі-дәрмектерге тұрақтылығы өндірілген зиянды жәндіктердің жаңа түрлерінің дамуына әкелуі мүмкін. Өте маңызды препараттардың мөлшерін немесе оларды  пайдалануының жиілігін көбейту емес, бунақденелердің аман қалуының себебін немесе өндеуден кейінгі қанағаттанғысыз нәтижесін мұқият қадағалау болып табылады. Тек қана керекті препараттарды іріктеп алып  және  оны пайдаланудың барлық ережелерін қатаң сақтап, нәтижеге қол жеткізуге болады.

Күзде, өнімді жинап болған соң, келесі жылда аурулар қоздырушы  және зиянды жәндектердің қыстау орны болатын өсідіктің қалдықтарын   міндетті түрде жағып тастау керек. Көп зиянды жәндектер мен ауруларды қоздырушылардың қалыпты қыстауы жағдайларын бұзатын топырақтың  терең күздік жыртуын өткізу жөн болады.

 

Әдебиеттер

1.Айтбаев Т.Е,Лукьянец В.Н. Қазақстанда көкөніс және бақша дақылдарының тектік қорын қалыптастыру. 2005 №11. Б.96.

2.Ашықбаев Н., Дүйсенбеков Б., Ағыбаев А., Карбозова Р. Өсімдік қорғау. Оқулық.  2011 ж

3. Зуев В.И. Овощеводство защищенного грунта  Ташкент, 1982 г

4. Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә. және т.б. Көкөніс шаруашылығы. Астана, 1998 ж.