Ибрагимова
М.А. техн.ғ.к., доцент м.а. Исаев Ғ.И.
Абай
атындағы 31 мектеп, Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІКТЕРДІ
БИОТЕСТТЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ
Қазіргі
кезде улы заттардың су көздерінің гидробионттарына
әсері арзандағанымен және жылдам жүргізілетіндігімен
ерекшеленетін биотестілеу әдісімен жүзеге асыру аса өзекті
мәселе болып табылады. Бұл жұмыс Кентау қаласының
қалдық суларының құрамында болатын ингридиенттердің
улылық әсерін биотестілеу әдісімен зерттеуге және суды
ауыр металдар қоспасынан сорбциялау арқылы тазалауға
арналған.
Бұл
әдісте заттың химиялық табиғаты қарастырылмайды.
Олар су ортасындағы гидробионттарға қоспалардың зиянды
әсерін, әсіресе, улылық дәрежесін көрсетеді.
Сондықтан, бұл ғылыми жұмыста кейбір жеке
заттардың немесе улы заттардың әсер ету дәрежесін
биологиялық әдістер арқылы анықтау жолдары және
қалдық суларды жергілікті жердегі өндіріс
қалдықтарын сорбент ретінде пайдалану арқылы
қорғасын мен мырыштан тазалау қарастырылған.
Қоршаған
ортаның және ауыл шаруашылығын өнеркәсіп
өндірісі қалдықтарымен ластануы көбінесе тірі
ағзалардың жаппай өліміне әкеліп соқтырады.
Өз кезегінде мұндай бүкіл бір ағза тобының
өлуіне сыртқы ортаның физика-химиялық
параметрінің аса бір қатты өзгерісі себеп болады да,
мұндай жағдай суда өмірсүретін ағзалардың
толығымен құрып кетуіне әкеліп соқтыруыда
мүмкін. Осыған орай, экожүйеде жүріп жататын
өзгерістерді дәл болжау үшін табиғи су көздеріне
биотестілеу жұмыстарын жүргізу экологиялық мониторинг
жүргізу және оларды пайдаланып қоршаған табиғи
ортаны қорғау маңызды болып табылады.
Себебі, басқа әдістер суаттар мен су
қоймасының ластануының биологиялық тиімділігін
бағалауға мүмкіндік бермейді және олар суға түсетін
улы заттар әсерінің
нәтижесін анықтай алмайтындықтан, табиғи және
ағызынды су сапасын
гидрохимиялық әдіс
көмегімен бақылау тиімді
болмайды. Елімізде судың ластану деңгейі химиялық және
бактериялық көрсеткіштермен анықталады. Оның арасында
бірқатар елдерде (АҚШ, Америка, Японияда) табиғи және
ағызынды су сапасын бақылау
әдісі ретінде биотесттік әдіс қолданылады. Ол су
ортасының мониторингтік әдісінің құрамдас
бөлігі және ағызынды судың улылығының
негізгі көрсеткіші болып та табылады.
Қазіргі
кезде биологиялық индикация әдісі өте дәл әдіс
болып есептеледі және
суаттардың ластану сатысын және т.б. ерекшеліктерін
бағалауға мүмкіндік береді [1].
Табиғи гидробионттардың тіршілік
әрекетін табиғи қалыпқа жақынырақ етіп
зерттеу арқылы су сапасын бағалауда биологиялық
әдістің беретін мәліметінің дәлділігін
арттыруға болады [2]. Бірақ тәжірибеде табиғи
және ағызынды суды
биотестілеу арқылы бақылауды су ортасының сапасының
көрсеткіші ретінде тек қана жеке бір жағдайларда ғана
пайдаланылады. Ал іс жүзінде ол, тек кейбір тест- обьекттің
тіршілік әрекетіне айналуына негізделген жай бір әдістерде ғана шешімін тапқан.
Бұның себебі, бізге белгілі биотест әдісі әлі де болса
улағыш заттарды бақылауда
нормативтік құжат ретінде ендіруге қажетті талаптарға
сай еместігінде [3,4].
Сондықтан табиғи және ағызынды суды
биотест көмегі арқылы бақылау және мұндай
бақылаудың тиімділігін көтеру маңызды мәселелердің
бірі болып табылады.
Жаңадан
жасалатын биотестке мынадай негізгі
талаптар қойылады:
а) тест-обьектіні өсіруге
қолайлы орта болуы
керек;
б) реагенттердің улылық
тиімділігі жоғары және
үнемді болуы керек;
в) тәжірибие нәтижиелерін
өте дәл етіп тіркеуге алу мүмкіндігінің болуы
қажет;
г) биотестті орындау техникасының
қарапайымдылығы мәнерлілігі,
айқындылығы;
д) дәлділігі, нәтиженің анықтылығы және
қайталануы;
е) барынша жоғарғы сезімталдылығы.
Мысалы, экожүйе
биоиндикациясының жай-күйін пайдаланғанда, клетканың
қолайсыз физика-химиялық шарт әсерінен, оның
энергетикалық аппаратының өзгірісі байқалуы
мүмкін [5].
Зиянды
жәндіктер мен аурулардан өнімдерді жоғалту бүкіл
әлем бойынша ондаған миллиард долларды құрайды. Ауыл
шаруашылық өнімдерін
сақтау, зиянды жәндіктерден келетін аурулардың алдын-алу
және арам шөптермен күрес сапасын жақсарту үшін
пестицидтер қолданылады. Бүкіл әлемде 1000- нан аса
пестицидтер мен 10000-нан аса басқада химиялық қоспалар
шығарылады.
Өсімдіктерді
қорғауға химиялық тәсілдің аса
экономикалық тиімділігіне байланысты жыл сайын оларды өндіру
артуда. Пестициттерді пайдаланудың өте ауқымды
қарқыны биосфераның ластануына әкеліп соғады.
Бұл құрам әртүрлі жолдармен су жүйесіне де
түсуде. Пестицидтердің тірі ағзалар үшін аса
қауіптілігі және әр түрлі зардап салдары көптеген
әдебиеттерде келтірілген. Бірақ
бұл сұрақ әлі күнге дейін толығымен
шешілмей келуде. Су көздеріне келіп түсетін пестицидтердің
әр түрлі биотикалық және абиотикалық факторлармен
байланыстылығы әдебиет беттерінде айтылған. Әр
түрлі биогенді ықпал ететін химиялық
қосылыстардың гидробионттарға әсері ғалымдар
тарапынан эскпериментальды зертеу
түрінде жүргізілген. Ол жұмыстарда лабораториялық
жағдайда өскен Daphnia magna Straus-қа семирон пестициді мен
азот және фосфор қосылған қосылысының әсері
зертелген және тәжірибе
нәтижелері келтірілген.
Ондағы концентрация шегін таңдау кезінде суататағы
заттар құрамы және тасталынатын қалдық
түрлері ескерілген.
Дафнияны
өсіру және биотестілеу 20 + 2º C (градуста) қолайлы
температурада және күндізгі жарықта 10-12 сағат
арасында, қосымша шам жарығын үзбей отырып өткізіледі.
Шаяндарды өсіруге суды арнайы ластанбаған табиғи
суаттардан жинап алады немесе 7-10
күн аралығында хлорлау арқылы тазаланған,
тұндырылған су құбырынан алынған суды пайдаланады.
Азықтық
жем ретінде жасыл балдыр (хлорелла) қолданылады. Балдырларды жетілдіру
үшін келесі шарттарды сақтау керек: қоректік орта Тасмийя (1
кесте) күндізгі жарықпен қоса күндіз-түні шам жарығы және
тұрақты атмосфералық ауамен желдетіліп тұруы
қажет.
Kесте 1- Жасыл балдырларды жетілдіру
үшін қоректік орта құрамы
|
Тұздар |
Тасмийя
ортасы,г\л дистилденген су |
Успенский ортасы N 1 |
|
KNO3 |
5,000 |
0,025 |
|
KН2РО4 |
1,250 |
0,025 |
|
MgSO4 •7H2O |
2,500 |
0,025 |
|
Fe SO4 •7H2 O |
0,003 |
- |
|
СaCl2 |
- |
0,100 |
|
K2CO3 |
- |
0,034 |
|
Микроэлементтер |
1,0 |
1,0 |
Аналық дафния дақылы шыны аквариумда 1 л
ортада тығыз орналасқан 20-30 дафния көшетінен тұрады.
Аквариум суы 7-10 күн сайын бір рет жартысына дейін жаңарып тұру керек. Эксперимент үшін
шаянды бір жеке түрден жеттілдіреді. Дафния мұндай жағдайда
біртекті, бір жасты және бірдей
уақытта жетілдіріледі, яғни эксперимент
нәтижесінің шашыранды болмауына мүмкіндік жасайды. Осы мақсатта жетілген дафнияларды жеке 100
мл суы бар стакандарға бөліп отырғызады. Тазалаудың соңғы
этаптарындағы суатқа тасталынар
алдында ағызынды су улылығын тексеру немесе
қаладағы жалпы ағатын суды тексеру аптасына бір рет
жүргізіліп отырады. Ал судың әр этаптағы улылығын
әлсін-әлсін тексеру жиілігі
соңғы этапта байқалатын өткір улылық
көрсеткішіне байланысты. Техникалық қондырғыларын
ауыстыру барысында жаңа құрамдағы ағызынды су
улылығын тексеруді сол
ластанған су нұсқасын дайындаған мезеттен бастап
жүргізу керек. Бұл тәжірибеде ластанған сумен таза
судың 1:5-7 қатынасында араластырылған нұсқасы
зерттеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Айвазова Л.Е., Гроздов
А.О., Соколова С.А., Старцева А.И. Закономерности токсического действия
промышленных стоков на гидробионтов разных грофических уровней. //
Экспериментальная водная токсикология. Рига: Знание, 1986, вып. ІІ. - С. 23-28.
2.
Айвазова Л.Е., Соколова С.А., Ткаченко В.Н. Исследование токсичности
сточных вод иодбромного производства. // Биотестирование природных и сточных
вод. М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981. - С. 51-57.
3.
Алекин О.А., Семенов А.Д., Скопинцев Б.А. Руководство по химическому
анализу вод суши. Л.: Гидрометеоиздат, 1973. - 269 с.
4.
Александрова Л.П.,
Каныгина А.В. Методики определения токсического влияния промышленных сточных
вод и их отдельных компонентов на микроорганизмы, ведущие биохимическую
очистку. // Методики биологических исследований по водной токсикологии. М.:
Наука, 1971.
- С. 61-69.
5.
Алексеев В.А.
Биологическая индикация качества вод – географический аспект. // Водные
ресурсы. М.: Наука, 1982, №1. - С. 140-146.