Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу
ерекшелігі
Жаздықбаева Д.П.- Мирас университетінің аға
оқытушысы
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының
дамуы нарықтық қатынастар тетіктерінің қалыптасуымен
сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең
құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық
реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа
жағдайында, бірінші кезенде, елдің азық-түлік
қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ
өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік
жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға
қойылады. Алайда, тұрғындарды жоғарғы
дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен
қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы —
ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан
толық шыға қойған жоқ.
Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі жылдан
жылға кенейіп, оның себебінен, өңдеу өнеркәсібінде
өнделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары азайып, бұлардың
өндірістік қуаттылығы толық пайданылмай, тиімділігі төмендеді.
Соңғы жылдары республикада күрделі өндеу
кәсіпорындарының көбі өндірісін тоқтатып,
олардың орнына кіші өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды.
Бұлардың техникалық, қаржылық және
инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық шикізаттарын
толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары
қабілетті, үлкен аумақтарды қанағаттандыратын
өнім шығаруға мүмкіндіктері төмен болып отыр.
Бұл мәселелерді шешудің бірден — бір
жолы, агроөнеркәсіп кешенін нарық талаптарына сай қалыптастыру
және оны жан-жақты жетілдіру. Ғылыми-техникалық негізде
тиімді қызмет атқаратын агроөнеркәсіп кешені, ауыл
шаруашылық тауарын өндірушілері мен және оны дайындау,
сақтау, өңдеу және өткізу кәсіпорындары
арасындағы бұзылған байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік
береді.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін
құру экономикалық тұрақтылықты, тұрғындардың
материалдық әл ауқатын әрі қарай көтерудің
негізгі алғы шарты болып есептелінеді.
Ауыл шаруашылық кешені қиын
экономикалық құрылымдарына жатады. Ал оның
өндірістік құрылымы күрделі, өзгермелі және
өндіргіш күштер мен түпкілікті өнімге сұраныспен
анықталады.
Ауыл шаруашьшығында өсімдік дақылдар өндіру мен мал
шаруашлығы үлкен маңызға ие. Себебі, бұлардан
алынатын өнімдер тамақ, химия, медицина және т.б. салаларында
қолданылатыны белгілі. Дегенмен, кейінгі он жыл ішінде ауыл
шаруашлығы дақылдар кешенін дамыту жұмыстары жолға
қойылмай келеді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде ішкі кешенін дамытудың ең маңызды шарасы интеграциялық біріккен ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстар мен қатынастарды жетілдіру болып табылады. Біріккен құрылымдардың шаруашылық тетіктерін, олардың арасындағы өндірістік экономикалық байланыстарды тұрақты дамыту. Ауыл
шаруашылық кешендерін қалыптастырудың ғылыми негіздері.
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының
маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор
дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп
келді және мемлекеттің экономикалық және
қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын
анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.
Республиканың экономикалық дамуының
бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор
потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның
әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің
барлық мәдениетінің дамуына және мал
шаруашылығының дамуына әсер етеді.
Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның
ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 10-дығына
кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында
мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.
Республикадағы ауылшаруашылық жерінің
жалпы ауданы 222,6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн.га егістік
(10,8%), 5 млн. га шабындық жер (2,2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың
саны 7,3 млн адам немесе елдегі жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік және басқаларының ерекшеліктерінен туындайды. Бухгалтерлік есеп әр
ұйым мен әр кәсіпорында жүргізіледі. Бұл
жұмыспен барлық жұмысшы бухгалтерлер айналысады. Бухгалтерлік
есептің барлық мәліметтерін кәсіпорынның жоспарын
құру үшін басшылар, инвесторлар, несие берушілер,
жабдықтаушылар және басқалар да қолданады.
Олардың барлығына дұрыс қызмет атқарып және
көп пайда табу үшін бухгалтерлік есеп керек. Ауыл
шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп жалпы экономикалық
принциптер, бухгалтерлік стандарттар және халықаралық
қаржылық жоспарлау стандарттары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі
халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарын
қанағаттандырады. Осының арқасында кәсіпорындар
мен ұйымдар барлық тұтынушылар үшін еркін қызмет
атқара алады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің әр
кәсіпорында жүргізілуінің өзінің ерекшеліктері
болуы мүмкін. Көптеген ауыл шаруашылығындағы
кәсіпорындардың бухгалтерлері өздері шешім қабылдап
жатады, ол қабылдаған шешімдерін бухгалтерлік шотта көрсетіп
отырады. Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар
материалдық, еңбек және ақша ресурстарын бақылап,
дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның
өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау
мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп
беріп және оның мәліметтерінің жедел талдануын
қамтамасыз етуі тиіс. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік
есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды
жоспарлаудың үлкен маңызы зор. Бухгалтерлiк есеп
ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi
мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны
дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның
жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн
бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн
жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның
болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау
жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады.
Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы
есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп
көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi
күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының
«Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы
заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн
анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын
және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi
бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ
ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Қазақстан
Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық
кәсiпорын бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы
заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
Кез келген ұйымда
бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық
мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып
табылады. Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке
алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға және одан
түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп
жұмсауға, яғни кәсiпорындағы шаруашылық
әдерiстердiң барлығын басынан соңына дейiн есептеуге
болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы
экономикалық және технологиялық әдерiстердiң,
сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының
да есепке алынуы.
Кәсiпорындардағы
бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын негiзгi
кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ақпаратты пайдаланушыларға
уақтылы және дұрыс есептелген мәлiмет беру болып
табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей
дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан,
жалпы сипаттағы қаржылық есептi құру кезiнде
негiзгi қағидалар мен шектеулердi, усынылатын ақпарат
көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi
бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан
оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды
жеңуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.
ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы
«Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» Астана. 28
қаңтар, 2011 жыл.
2.
«Агроөнеркәсiптiк
кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
3. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. Алматы, 2005г.
4.
Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях.
Учебное пособие. – Алматы, 2010г.
5.
Сейдахметова
Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
6.
Әбдіманапов
Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері
Алматы 2006 жыл
7.
Миржакыпова
С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009
8.
ҚР
Статистикалық Агенттігі ресми сайты /www.stat.kz