ӘОЖ: 81.375.241

 

ОҚЫТУ ИДЕЯСЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

п.ғ.к., профессор Б.У. Курбаналиев, магистр А.А. Мусабекова, Т. Балтабаева

Kurban1977@mail.ru

 

Резюме

В настоящее время самая большая проблема в системе образования страны - уровень качества образования в аспирантуре приближения международном уровне Казахстана.

Summary

Presently the greatest problem in the system of formation of country is a level of quality of education in аспирантуре of approaching international level of Kazakhstan.

 

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - қазақ мектебі түлегінің білім сапасының денгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стаңдартын еңгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытка ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласына жүйелі жұмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.

Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.

Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктеріңде, олардың қарым-қатынас сипатыңда, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде.

Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні - Л.С.Высоцкийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Заньковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез-келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.

Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты нe, әлде мақсатқа жетудің амалы нe деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыгу деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуна қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, Сонымен қатар, болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жегілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.

Даму дегеніміз материалдық және идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі келбетінде тұрады деп тұжырымдайды З.Кариев.

Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін - өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан-жақты ізденудің нәтижесівде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асатындығын талай ғалымдар дәлелдеген.

Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр түрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық әрекет - репродуктивтік іс-әрекет деп аталады. Бұл іс-әрекет алдын-ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.

Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептеуір қолданыс атуып келеді. Қазіргі кезде Мэскеуде Дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті - академик В.П.Зинчеңко.

Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның менгерушісі - дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Даниил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.

Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі ғалымдар пікірлеріне назар аударайьщ.

Академик В.П.Зинчеңко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты - теориялық ойластыру деп санайды және бұл құрғақ дэмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған әлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін танып-білінуі тиіс.

Профессор Б.Д.Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендер көзге түседі, яғни, дүние және жерге тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдануы және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни, дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.

В.С. Лазарев ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.

Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громов қолдайды, бірақ оның пікірінше, белек сыныптарда ғана дамыта оқыту теорисын толық қолдануға мүмкіндік бар.

А.Б. Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне еңген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.

Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Заньковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай әлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі берген жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған “Қазақстан-2050”.

2.    Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы, 2007ж.

3.    Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.

4.    Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері, Алматы. 1991, 238 б.

5.    К.Ж.Бұзаубақова. «Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру»,Алматы, 2002ж

6.    Т.Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, 2000ж