ӘОЖ  343. 121. 5(574)

 

ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛ ЕТУ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ

 МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

п.ғ.к., профессор Б.У. Курбаналиев,

магистр А.А. Мусабекова, магистр Г.А. Дуйсенбиева

Kurban1977@mail.ru

 

Резюме

В данной статье рассматриваются причины совершения преступлений несовершеннолетних, а также воспитательные и принудительные меры, воздействующие на несовершеннолетних. Раскрыта основная значимость и сущность этих мер.

Summary

This article discusses the problem of reasons of committing crime minor, and also educator and force measures affecting minor, are examined in this article. Basic meaningfulness and essence of these measures are exposed.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктің жалғыз негізі ретінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімімен қарастырылған, қылмыс құрамының барлық белгілері кіретін, қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасауды таңиды. Қылмыс жасаған тұлға оның жеке немесе мүліктік құқықтары бойынша мемлекетпен құқықтық қатынастарға кіреді. Басқаша айтқанда, қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық қатынастары туындайды. Көбінесе қылмыстық жауапкершілік кінәлі тұлғаға нақты қылмыстық жазалау шарасы тағайындау түрінде ісі келтіріледі. Сонымен қатар, заңмен арнайы қарастырылған жағдайларда қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатыла алады, себебі жазалау мақсаттары мемлекеттік мәжбүрлеудің қолдауынсыз іске асырылады. Субьектінің қылмыстық міңез-құлықтың фактісінде анықталған әдістің мақсатқа лайықтылығы туралы сұрақ, қылмыстық жауапкершіліктің дифференциациясы мен индивидуализация аралығында жатады.

Қылмыстық құқықпен қарастырылған қылсмыстық жауапкершіліктен босату туралы жалпы ережелер кәмелетке толмағандарға да қолданылады. Бірақ бұл ережелерді кәмелетке толмағандарға қолдану кезінде бірқатар ерекшеліктер қарастырылады. Бұл ерекшеліктер қылмыстық жауапкершіліктен  босатуды қолданудың мақсатқа лайықтылығы туралы сұрақтарды шешу кезінде назар ортасына кәмелетке толмаған тұлға, оның әлеуметтік жасы, құқыққа қайшы, қылмыстық міңез-құлықты анықтайтын объективті факторлардың жиынтығы есепке алынады.

Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың (сонымен қатар басқа тұлғалардың) қылмыстық жауапкершіліктен босатуды реттейтін құқықтық нормалар бір қылмыстық-құқықтық институтты құрайды. Берілген институттың бірлестігі кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктен босатудың негізін, заңдық табиғатын және алдын-алу мазмұның ашу алдында, қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы кейбір жалпы сұрақтарында тоқталып кету керек.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату қылмыстық жауапкершіліктің іске асырылуының арнайы нысаны болып табылады. Қылмыстық жауапкершіліктің іске асыру, берілген нысанның бастапқы мәні, оны қолданған кезде жоғары сатыдағы қоғамдық қауіптілігі жоқ, қылмыс жасаған тұлғаға қатысты жазалауды қолдану мен келтірудің мақсатқа лайықтылығы туралы сұрақ шешіледі. Осы сұрақты шешу құқығы мемлекеттің құзіретті органдарына беріледі (алдын-ала анықтау, алдын-ала тергеу органдарына, прокурорға, сотқа). Қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы сұрақты дұрыс шешу, мемлекеттің кінәлі тұлғаға қылмыстық-құқықтық санкцияларды толықтай қолданбауды білдіреді. Қылмыстық жауапкершіліктен босату, бұл қылмыстық іс жүргізуден бас тарту, қылмыстық істі тоқтату және айыптау үкімі шығару кезінде анықталады. Бұл жағдайда, қылмыс жасаған тұлға мемлекеттің алдында жасалған қылмыс үшін жауапкершіліктен босатылады, бірақ іс-әрекет  оның жасалу кезінде сияқты қылмыстық іс-әрекет болып саналады.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату тұлғаны ақтауға, оны қылмыс жасауда кінәсіз болуын мойындауға тең емес. Керісінше, заң тұлғаның қылмыстық-жазалаушылық іс-әрекет жасаудың фактісінен шығады, сондықтан заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы негіздер ақтау деп есептелмейді.

Бұл қылмыстық жауапкершіліктен босату институтының жалпы міңездемесіне қатысты бастапқы ескертпелер, қылмыстық жауапкершіліктен босату қылмыс жасалғаннан кейін қалыптасқан қылмыстық қатынастарды тоқтатады.

Қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық-қатынастарының тоқталуы мемлекеттің құзіретті органдарының ресми шешімінен  кейін іске асады. Олар заңды негіздерден шығып, мұндай шешімді қабылдаған кезде мақсатқа лайықтылық принципімен басқарушылық етеді. Сол уақытта бұл шешімді қабылдау – көп жағдайларда берілген органдардың міндеті емес, құқығы. «Оның іске асуы мемлекеттің құзіретті органдарының қарастырылуымен факультативті түрде іске келтіріледі» - деп С.Г. Келина дұрыс айтады.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату берілген қылмыстық қатынастардың тоқталуына әкелетіндігі туралы шешімдер көп жұмыстарда қарастырылады. Ол қылмыстық жауапкершіліктен босатудың соңғы шешуін көрсетеді,бірақ берілген институттың табиғатын және оның іске асуының міңезін ашпайды.

Қылмыстық жазадан босату  институтының табиғатын, біздің ойымызша, оның мазмұны мен шығу нысанында қарастыру керек.

Қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мәні, бұл босату қылмыстық саясаттың ізгілігін, әсер етудің қылмыстық-құқықтық құралдардың экономиясын көрсете тұрып, сонымен қатар қылмыс жасаған тұлғаны түзеуді іске асыру кезіндегі жазалау қолданудың мақсатқа лайықсыздығы туралы ресми мойындауды көрсетеді. Сонымен қоса қылмыстық жауапкершіліктен босату алдын-алатын әсер етеді және қылмыстық құқықтың алдында тұрған мақсаттардың орындалуына әкеледі.

Мақсатқа лайықтылығының заңды шектерінде, фактілік мән-жайының есебімен құзіретті органдар бұл мақсатқа лайықтылықты іске асырады, оны нақты тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы нақты шешімге келтіреді.

Қылмыстық жауапкершіліктен босатудың әлеуметтік мәні мен мазмұны оны анықтайтын белгілері арқылы толықтай ашылады. Бұл белгілер  берілген институтты құрайтын нормалармен жеткілікті толық және анық құрастырылған. Олар осы институт міңездемесіне қатысты авторлардың жұмыстарында кең түрде көрсетілді.

Қарастырылып жатқан институтты құрайтын құқықтық нормалардың ғылымдық түсінік беру арқылы біз: қылмыстық жауапкершіліктен босату тек тұлға қылмыс жасағанда және оның істерінде барлық қылмыстық белгілер болғанда ғана қолданылады. Ол қылмыстық жауаптылықтан босатудың маңыздысы болып табылады. Ол қылмыстық жауаптылықты түсінігімен ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу негізімен логикалық байланысты. Мұндай негіз болып қылмыстың өзі саналады. Осыдан – егер бұл босату қылмыстың жасалуымен байланысты болса, онда қатысты сұрақты шешу кезінде берілген қылмыстың міңезі мен жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптігінің дәрежесі есептеледі. Әрине, мұндай іс-әрекеттерге барлық қылмыс жатпайды, тек олардың жасалу кезінде үлкен қоғамдық қауіп көрсетпеген және жағдайдың өзгеруінен кейін қоғамға қауіпті іс-әрекеттің міңезін жоғалтқан қылмыс.

Жасалған қылмыстың орташа ауырлығы мүмкін болған ауырлықтардың бірі болып саналады, бірақ қылмыстық жауаптылықтан босатудың міндетті басты себебі емес.

Былайша, қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде қылмыс жасаған тұлғаның қоғамдық қаупінің дәрежесі есептеледі. Тұлғаның қоғамдық қауіптігінің дәрежесі, нақты тұлғаның бағасы тек қылмыстық іс-әрекеттің жасалуымен байланысты анықталады. Адамның ойлары мен сезімдері, басқаша айтқанда, әртүрлі құқыққа қарсы іс-әрекеттерде мәнін таппаған оның ішкі дүниесінде қылмыстылық белгілері болады. Бұл жағдай тұлғаның қоғамдық қауіптігінің дәрежесі, оның жасалған қылмыстың қоғамдық қауіпі дәрежесіне тәуелділігі туралы негізін құрайды. Осы тәуелділіктің міңезі, тұлғаның қоғамға қауіпті анықталған дәрежесі көрсетіліп, тек нақты тұлға, қылмыстық заңмен қарастырылған, қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған кезде ашылады.

Қылмыс болмаса, нақты тұлғаның қоғамдық қауіптілігі туралы сұрақ туылмас еді. Егер қылмыс, қылмыстық заңмен қарастырылған, қоғамдық қауіпті іс-әрекет болып табылса, онда оны жасаған тұлға қоғамға қауіпті болып саналады. Бұл жағдай сонша анық және қылмыстың қоғамға қауіпті дәрежесі оны жасаған тұлғаның қоғамға қауіпті дәрежесін анықтайтыны туралы ешқандай сұрақ тумайды. Бірақ бұл тәуелділік жүйені абсолютті түсіну, міндетті тәуелділік рангіне шығару керек емес. Бұл (осы тәуелділік) өзін тік міңезде көрсетпеуі де мүмкін. Бір жақтан қарағанда, егер қылмыс жүйелі және қайта жасалып, қоғамға  үлкен  қауіпті қылмыс жасаған тұлғаның қоғамдық қауіпті дәрежесі тез артады, ал басқа жақтан егер қылмыс абайсыздықтан немесе оның субъектімен жасы кәмелетке толмаған шықса, онда тұлғаның қоғамға қауіптігі дәрежесі кеми түседі.

Осыдан басқа, тұлға қоғамға қауіпті болмауы мүмкін: егер қылмысты жасалуынан кейін жағдайдың өзгеруі немесе қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі шыққан соң.

Қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сәйкес шешім қабылдау, тұлғаға, оның әлеуметтік кейпіне, іс-әрекетіне міңездеме беретін жағдайлар қатарының есебімен жүргізіледі.

Бұл жағдайда тұлғаның қылмысты жасауға дейінгі міңез-құлқын сипаттайтын фактілер, қылмысты жасау кезіндегі және қылмыс жасалғаннан кейін мінез-құлқын сипаттайтын фактілер есепке алынады.

Тұлғаға қылмыстың жасалуына дейін, сол уақытта, кейін мінездеме беретін басты (заңдық мәні бар) жағдайлар қылмыстық заңда анықталған. Қылмыстық жауатылықтан босату туралы сұрақты шешетін құзіретті орган сол жағдайларды зерттеуі керек.

Қылмыстың жасалуына дейін тұлғаға мінездеме беретін факторлар қатарына заң шығарушы біріншіден оның, қылмыстық заңмен қарастырылған, қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің жасамауын жатқызады. Заң шығарушы, сонымен қатар, қылмыстың жасалуына дейін тұлғаға мінездеме беретін басқа факторларды да анықтайды.

Көбінесе, ҚР ҚІЖК 481 бабы бойынша, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша істерде мынадай жағдайлар анықталуға жатады: кәмелетке томағанның жасы (туылған күні, айы, жылы); кәмелетке толмағанның өмір сүруінің  және тәрбиеленген жағдайлары; интеллектуалды, еріктілік және психикалық даму дәрежесі, мінез бен темпераменттің ерекшеліктері, қажеттіліктері мен қызығушылықтары; кәмелетке толмағанға ересек тұлғалардың және басқа кәмелетке толмағандардың әсер етуі.

Тұлғаға, оның қоғамға қауіпті дәрежесіне мінездеме беретін факторлар қатарына - тұлғаның жасалған факт туралы терең ойлауы, өзінің кінәсін өз ниетімен тузеуі, жасалған қылмыстың зиянды зардаптарын алдын-алу немесе келтірген зиянды жоюды анықтайтын жағдайлар жатады. Бұл жағдайлардың барлық  алынған тізбесі заңда жоқ, бірақ олардың негізгі түрлерін заң тік көрсетеді (мысалы, кінәсін мойындап келу, қылмысты ашу үшін көмек ету, жәбірленушімен келісу және т.б.). Қылмыстық жауапершіліктен босату институты оның міңездемесінде де жеткілікті толық ашылады. Осы түрде, біз  қылмыстық жауаптылықтан босатуды іске асырудың  сыртқы нысанын айтамыз.

Ескі нормаға сай белгісіздік Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің  жаңа нормасымен жойылды. Оның нақты мазмұны кішігірім ауыр немесе орта ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелеу әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданумен жазалаудан босату мүмкіндігі берілді. Одан басқа белгісіздік Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі бойынша тек сотта кәмелетке толмағандарға тәрбиелік әсері бар шараларды қолдану құқығы бар.

Бұл ережелер белгісіздік Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 81 бабында тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары көрсетіледі. Кәмелетке толмағанға сотпен келесі тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдана алынады:

а) ескерту;

б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандырылған мемлекеттік органның қадағалынуына беру;

в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмағанның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д) кәмелетке толмағанға арналған арнаулы тәрбиелік немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Кәмелетке толмағанға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкін.

Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының жеке ерекшеліктерін қарастырайық.

Ескерту кәмелетке толмағанға оның әрекеті мен келтірілген зиянды түсіндіруден және кодекспен көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зарадаптарын түсіндіруден тұратын, бір реттік акт болып табылады және ол сотпен шығарылады.

Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандырылған мемлекеттік органдарға кәмелетке толмағанға тәрбиелік әсер ету және оның міңез-қылығын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.

Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмағанның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құралын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін.

Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралар мазмұнының ерекшелігі кәмелетке толмағанға индивидуалды келу болып табылады. Кәмелетке толмағанға тәрбиелеу әсері арнайы сөйлесулер, қоғамға пайдалы еңбекке баулу, заңдарды, этикалық және моральді нормаларды түсіндіру барысында іске асырылады. Нақты тәрбиелеу әсері бар мәжбүрлеу шараларын таңдаудың маңызды шарты – ата-аналардың, олардың орнындағы адамдардың немесе мамандырылған мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағанға тәрбиелік әсер көрсетудің нақты мүмкіншілігін соттың білуі. Егер кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс туралы iс бойынша осы қылмысты жасаған кәмелетке толмаған қылмыстық жаза шарасын қолданусыз түзелуi мүмкiн деп танылса, сот айыптау үкiмiн шығара отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған Қазаєстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

Заңда мынаны қарастыру қажет: егер кәмелетке толмаған оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде, өзін жақсы жақтан көрсетіп, және келесіде оған осы шараны қолдану қажеттілігі болмаса, онда арнайы мемлекеттік орган сот алдында оны қолданудың алдын-ала тоқтатылуы туралы қолдаухат етуге құқылы. Біздің ойымызша, мұнын барлығы кәмелетке толмағандардағы тәрбиелік әсерін күшейте түсіреді.

Сол уақытта  ҚР Қылмыстық кодексі, егер тәрбиеләк әсері бар мәжбүрлеу шарасын қолдану өз мақсатына жетпеген кезде, мүмкін болатын құқықтық зардаптарын анықтамайды.

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазалаудан тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданумен босату мемлекеттің қылмысқа әсер етуінің бір нысаны болып табылады. Ол – қылмыстық саясаттың ізгілік бағытталудан шығып, тұлғаның түзелуі мен тәрбиеленуі қылмыстық жазалаусыз да іске асырылу туралы сенім. Қоғамға өте қауіпті емес қылмыс жасаған, кәмелетке толмағандарға қатысты ерекше тәрбиелеушілік мәні тәрбие әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қадағалау кезінде қылмыстық істерді, сотпен дайындық пен қарастыру процессінде жатыр. Осы процедура кезінде сотпен кінәлі адамға, сонымен қатар соттық процессуалды әрекеттерде қатысқандарға, сот залында болғандарға максималды тәрбиелік әсер көрсетілу қажет. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларына душар болған тұлға, осы сеніммен намыстану керек, өзінің жауаптылығын  мен борышын сезу керек, сотпен іске келтірілген мемлекет сенімін ақтау керек. Және егер қылмыс жасаған тұлға, басқа тұлғалар сияқты, осыны түсінсе, онда нақты тәрбиелік әсері бар мәжбүрлік шарасы өзінің жеке және жалпы алдын-алу мен тәрбиелеу функциясын жүзеге асырды деп санауға болады.    

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1      Келина С.Г. Теоретические вопросы освобождения от уголовной ответственности. – М., 1974. – 232 с.

2      Келина С.Г. Теоретические вопросы освобождения от уголовной ответственности. – М., 1974. – 232 с.

3      Келина С.Г. Теоретические вопросы освобождения от уголовной ответственности. – М., 1974. – 232 с.

4      Атжанов Т.Ж. Теория и практика освобождения несовершеннолетних от уголовной ответственности: учебное пособие. – Костанай, 1998. – 112 с.

5      Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2007. – 200 б.

6      Скрябин М.А. Общие начала назначения наказания и их применение к несовершеннолетним. – Казань: Изд-во Казанского ун-та, 1980. – 124 с.

7      Чугаев А.П. Индивидуализация ответственности за преступления и её особенности по делеам несовершеннолетних. – Краснодар: Кубанский ун-т, 1979. – 96 с.

8      Курляндский В.И. Уголовная ответственность и меры общественного воздействия. – М.,  1965. – 142 с.

9      Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 2003. – 254 с.

10  Виттенберг Г.Б. Вопросы освобождения от уголовной ответственности и наказания с применением мер общественного воздействия. – Иркутск, 1970. – 223 с.