Педагогика. Современные  методы  преподавания

Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы

                         №57 жалпы  білім  беретін  мектебі,Алматы, Қазақстан

Жаңащыл  мазмұндағы  оқытудың  нәтижелігі

   Әлемдік бәсекелестік зама­нында әрбір адамның білім са­пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе­лелері күн тәртібіне өткір қой­ылып, адамның білімі мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интел­лектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңда­луы үшін өткізілетін кон­ференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олим­пиа­далар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұл­ғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып­тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.

         Оқу мақсаты басымдылығының өзге­руі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жа­ңар­тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндет­тер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәти­желілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсе­кеге қабілетті тұлғаны қалыптас­тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер­лігін талап етері сөзсіз.Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу – біздің міндетіміз.

         «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,- деген бүгінгі тәуелсіз  мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың  меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.

          Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі егізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

          Қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.

Өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

          Интербелсенді оқыту   технологиясының  (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.

          Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының  алдында  шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

        Интербелсенді  оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

       «Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай? Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсенді оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

         Инновациялық технология оқу мен үйренудің негізін ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрайды.

        Ағылшын тілінен  келген «interactiv» cөзі «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау»дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.

         Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқыту, диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші»« үйренуші- үйренуші»« үйренуші-өзімен өзі» тұрғысынан жасалған қарым-қатынас: әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен әрекеттер болып табылады.

        Интербелсенді оқытудың мақсаттары:

1.   Орта қалыптастыру.

-     Оқушы тіл үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін

     жағдайлар жасау;

-    Оқушылар  арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас

     орнату;

     - Оқушыларға  білімді дайын бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу,

2.  Әрекет арқылы үйрету

     -    Оқушылаврға бөлімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде

     меңгерілетіндігін дәлелдеу;

-      Оқушыларды  белсенді әрекеттерге баулап, олардың білім игеру

      әрекеттерін ұйымдастыру

3.   Өмірмен байланыстыру 

 Интербелсенді оқыту әдістемесіндегі білім игеру үдерісін ұйымдастыру жолдары :  

-    барлық оқушыларға бірлескен таным үдерісіне белсенді араласуға

      мүмкіндік жасау;

-     әрбір оқушының өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға

       салып, бірлесе талқылап, олар туралы өзара пікірлесу, ой толғауына мүмкіндік жасау;

-     оқушылар  білімді өздігімен құрастыратын тілдік орта құру;

       Интербелсенді оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту тіл үйренушілердің оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.

       Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

- бірлескен жұмыс;

- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.

         Интербелсенді оқыту барысында тіл үйренушілер белсенді болуы, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз қөзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.

Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:

- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),   

- рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,

- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,

  құжаттар, мұражай т.б.)

- презентациялар,

- тренингтер,

- интервью,

- сауалнама т.б.

         Интербелсенді әдістің ерекшеліктерін ескерсек, құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушылар оқытылып отырған тілдің тәжірибелік  тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және қазақ тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда бұл интербелсенді әдісті өздерінің педагогикалық жұмысында барлық  мектеп мұғалімдер тиімді қолданып жүр.

        Қорыта келгенде, қазіргі әлем бойынша индустриялық қоғамнан интербелсенді қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын ақпараттық қоғамға көшу үрдісі жүріп жатқанда, интербелсенді әдістерді тиімді қолдана білсек, оқушыларымызды жаңа ғасырдың білікті, бәсекеге қабілетті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматы етіп даярлай аламыз.