Педагогические
науки/5.Современные методы преподавания.
Ғылыми
жетекшісі проф. Н.Б.Аужанова
ЖГУ
им. И.Жансугурова
Техникалық
құралдарын пайдаланудың кейбір
мәселелері
Мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру
инновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал
инновациялық педагогикалық технологияның түрі,
қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі
таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген
дүние.
Компьютерлiк техниканың барлық салаға
екпiндi енуi, соның iшiнде бiлiм беру саласына енуi компьютерлiк
оқыту технологиясын және компьютердi бiлiм беру саласында
колданудың психологиялық-педагогикалық негiзiн iргелi
зерттеудi талап етедi. Компьютермен сұхбаттасудың интерактивтiк
процессiн және компьютердiң көрнекiлiк мүмкiндiктерiн
жоғары деңгейге көтеретiн жаңа ақпараттық
технологиялардың бiрi мультимедиа (multimedia) құралы
екеңдiгi белгiлi.
Оқытушы бағдарламалардың iшiнде имитациалық-моделдеушi
бағдарламаларды өмiрде, табиғатта болатын кұбылыстар
мен үрдістерді көрнектi бейнелей алатындығы белгiлi.
Оқыту үрдісінде компьютерлiк
оқыту бағдарламалары, ақпаратты iздеу және
ақпаратты анықтамалық, оку үрдісіне арналған
оқытушы орта-эксперттiк жүйелерi колданылады.
Осы күнде белгiлi компьютерлiк
бағдарламаларды зерттей келе компьютерлiк окыту жүйесi
оқытушы бағдарламалардың жеке дара түрiнен ғана
емес, комплекстi, көп функционалды болу қажеттiгi, сонымен катар,
компьютерлiк оқытушы жүйеге қойылатын негiзгi талаптар
анықтайды.
Психология көзқарасы тұрғысынан
қарағанда компьютерлiк оқытушы жүйелерге
қойылатын ең негiзгi талаптарға: кері байланысты
ұйымдастыру; оқудың мотивациясын қалыптастыру;
компьютерлiк оқыту жуйесi негiзiнде жеке оқыту; сұхбаттасуды
жүргiзу жатады.
Оқытудың техникалық құралдарын кешенді қолдануда мына
төмендегі мәселеге басты назар аударылады:
1. Өтілетін
тақырыпқа қатысты оқыту мен тәрбиелеу
мәселелерін
анықтап алу;
2. Оқушылардың
оқулықтағы игеретін материал
көлемін анықтап алу;
3. Оқушылардың
танымдық тәжірибелерін есепке алу;
4. Білім
мазмұнына элементарлық талдау жасау (оқулық
қолданылады);
5. Білімнің тізбектей
берілуін анықтаумен қатар, дағдылары мен
ебдейліктерін де біртіндеп қалыптастыру;
6. Білуге
қарай біртіндеп қадам жасау;
7. Әрбір
қадамның әдістемелік жүйесін жасау:
а)
Оқушылардың танымдық қызметін
модельдеу;
ә)
Оқыту әдістерін жобалау;
б)
Кері байланыс жасау тәсілдерін жобалау;
в)
Оқыту құралдарының құрамы
мен қолданылу мүмкіндігін
анықтап алу;
Қазіргі
оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып
отырған көп нұсқалыққа байланысты
өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша
қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім
берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны,
құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялар бар. Сондықтан
әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай
таңдап, тәжірибеде сынап байқаудың маңызы зор.
Ақпараттық-коммуникативтік
технология өміріміздің барлық саласында, оның ішінде
білім беру ісінде өте маңызды орын алады. Кейінгі жылдары
оқыту үрдісінде кеңінен қолданыла бастаған
компьютерлік технология зор мүмкіндіктерге ие болып отыр. Ғылым мен
техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны
күшейген XXI ғасырда АКТ мүмкіндіктерін кеңінен
пайдаланбай, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін
емес.
Жаңа
ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап,оны білім алушыға беру үрдісіі.
Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі –
интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн
сабақтары.
Әр пәнді
оқытуда мультимедиа мүмкіншіліктерін қолдану, демонстрациялау
әдісін компьютер негізінде жабдықтау, оқу және жобалау
бағдарламаларын енгізу қажеттілігі туындады. Осылардың
негізінде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандырудың
жұмыстары басталды.
Интерактивті
тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы,
яғни оның көмегімен оқыту үдерісіндегі
өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.
Оның
маңыздылығы:
-
оқу-тәрбиелік үрдістің сапасын
арттыру; оны ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы
деңгейіне көтеру;
-
оқыту үрдісіндегі жекелеп, саралап
оқыту идеяларын дамыту;
-
білім, билік, дағды деңгейін
қалыптастыру;
-
білімнің тереңдігі; сабақта
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды
қолдану тиімділігі;
-
оқытушының педтехнологияны игеруі, сонымен
қатар оқушылардың білімін шындалуы;
-
тексеру түрлері, бағалауы;
оқушының пәнге деген қызығушылығын
арттыруы;
-
практикалық дағдыларды игеруін арттыруы;
Заңғар
жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен
теңестіретін - білім» - деп, атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп
өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму
жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке
жараған білім-ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген
ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады.
Ал сол білімді шәкірт санасына себуші - ұстаз.
Ендеше, оқытушылар жаңалықтардан қалмай, жасы мен
қызметіне қарамай үнемі білім алып, ақпараттық
дәуірдің белсенді мүшесі болуы керек. Бұл орайда мемлекетіміздің білім
беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі
тұжырымдамасында көрсетілген «Өмірлік білімнен - баршаға
өмір бойы игерілетін білім» қағидасы оқу-тәрбие
процесінде ақпараттық технологияларды қолдану ісіне өз
көрінісін табуда.
Білім беруді
технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты - жаңа
бағыттағы оқытушының кәсіби шеберлігін
шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін
шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілік арттыру
тәжірибесін рефлексиялауға үйретеді. Әрбір
жаңашыл оқытушы ақпараттық технологиялардың
ғылыми-теориялық негізін меңгеріп, әрбір баламен
ғылымның жаңалықтарымен ой бөлісіп,
жұмысында қолдануға тырысуы керек.
Технологиялық
оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның
субьектілігін қалыптастырады және шығармашылықты
тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде
технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату,
оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық
технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық
құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес.
Оқытушылар мен
оқушылардың интернетке енуі олардың қажеттіліктері мен
іскерліктерін жұмсау аймағын анықтауда мүмкіндік
береді.
Интерактивті
оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір
педагогикалық мәселені шешуде өзінің білетінін есіне
түсіреді, білімін басқалардың идеяларымен толықтырады,
жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің
стратегиялық бағытын
анықтайды. Субьектілер арасындағы
бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі
бір мерзімде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық, коммуникативтік,
дамытушылық, интеллектуалдық, сонымен бірге әлеуметтендіру,
демократиялау, гумандандыру. Бұл қазір құзырлылық
деп аталатып жүрген жаңа басымдылықтар.
Тәжірибеде
интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді жиі қолдану
қажет. Егер интерактивті тақта интернет жүйесіне қосылса,
жаңа сабақты бекітуде және сабақ үстінде
тақырып бойынша көптеген жаңа ақпараттар алуға да
болады.
Әрбір
оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру
үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол
жаңа озық әдістемелік технологиялармен
қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа
әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген
педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік
жасайды.
Қорыта келе,
жаңа технологияны меңгеру
оқытушының оқу-тәрбие үрдісін жүйелі
ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық
технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне
байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша
жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда
Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй
ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп тұжырым
жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне
психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік
шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды
қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал
оқушылардың білім алу әрекетін мәнді,
қызықты, пайдалы етеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Білім
технологиялары. - 2010.- № 2.
2.
Қазақстан мектебі. - 2009. - №7.
3.Ашық
сабақ факультативті сабақтар.- 2011.- № 4.
4.Қазақстан
кәсіпкері. – 2011. - № 9.