Қалыбаева Г.А.

«№122 ЖОМ» комуналдық мекемесі, Қазақстан,Жетісай қ.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т.б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс- қимыл жоспары ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді [1]

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [2]. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.

PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады. 6 Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы»

Математикалық сауаттылығы – өзі өмір сүріп жатқан әлемде математика рөлін анықтау және түсіну, жасампаз, мүдделі және ойшыл азаматқа тән дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алу қабілеті (математикалық сауаттылығы 2003, 2012 жылдары жүргізілді).

Халықаралық PISA зерттеулерінде барлық сұрақтар мен тапсырмалар жалпы үш топқа бөлінеді, олар: «Қалай білуге болады?» атты таным әдісін қолдануға арналған тапсырмалар. «Түсіндіріп көр» – құбылыстар мен фактілерді түсіндіруге арналған тапсырмалар. «Қорытынды жаса» – берілген деректер негізінде қорытынды құрастыруға арналған тапсырмаларды орындау. 7 Оны төменде берілген халықаралық зерттеулердің мектеп оқушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын тексеруге арналған, құрылымы жағынан бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалардың үлгісінен көруге болады.

 Оқушылардың функционалдық сауаттылығы орта мектеп оқушысының белгілі бір деңгейдегі білімінің жиынтығымен, соның негізгі құзыреттіліктерін білуімен, соны тиімді қолдана білетіндігімен қалыптасады. Пәндік білім, білік және дағдыларға (ББД) сүйене отырып, оқу пәндерінің мазмұны арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік ББД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі ББД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін, тиімді жұмыс жүйесін құру қажет: 1) әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық материалдарынан тапсырма даярлау керек, оның дұрыс орындалуы білім мазмұнының кіріктірілуін талап етеді; 2) әртүрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, графиктер) қажет; 3) шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануды арттыру керек. Сонымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша сыныптар мен білім беру деңгейлері арасында оқу пәндері мазмұнының сабақтастығын жүзеге асырудың жолдарын тұжырымдауға болады: − бастауыш сыныпта қалыптасқан функционалдық сауаттылықтар жүйесі келесі сыныптарда да қолданылатынын ескеріп, олардың өзара сабақтастығының сақталуын мұқият қадағалау қажет;

Сонымен бірге оқушылардың функционалдық сауаттылығы нәтижелі болу үшін мынадай шарттар қамтамасыз етілуі тиіс: 1. Әр түрлі оқу пәндерінің әр тақырыбы үшін Б.Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар жүйесін даярлау; 2. Оқу үрдісіне сыни турғыдан ойлау, нәтижеге бағдарланған технологияларды қолдану; 3. Білім мазмұны, оқу-әдістері мен формалары да осы технологиялардың талаптары негізінде анықтау (мысалы, И.Я. Лернердің 4-элементтік негіздегі мазмұн анықтау теориясы арқылы оқу мазмұнын іріктеу т.б.); 4. Білім мазмұнын анықтағанда қазіргі ақпараттық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін, әсіресе оқушыларды іздену-зерттеуге жетелейтін процесстерді модельдеу мүмкіндігін ескеру, негізге алу.

Мұғалім тарапынан қарағанда оқу жобалау және зерттеу – оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеті бойынша арнайы білімі мен дағдыларын қалыптастыратын және дамытатын оқыту және тәрбиелеудің интегративтік дидактикалық құралы болып табылады. Ол: − проблемалық мәселелерді (проблемалардан туындаған мәселелерді қоя білу); − мақсатты тұжырымдау және оқушының мазмұнды іс-әрекетін жоспарлауды; − өзін-өзі талдауды және рефлексияны; − өз іс-әрекетінің нәтижесін және жұмыс барысын көрсетуді; − арнайы дайындалған жобалаудың өнімін әртүрлі жағдайда көрсетуді; − маңызды ақпараттты іздеу және жинауды, қажетті білімді меңгеруді; − мектептегі білімді әртүрлі жағдайда, оның ішінде типтік емес жағдайда, практикалық тұрғыда қолдана білуді; − жобалау өнімін дайындаудың керекті технологиясын таңдай білу, қолдана білуді; − зерттеу жүргізуді (талдау, жинақтау, болжам ұсыну, нақтылау және жалпылау) көздейді. Тапсырмалар көбіне оқушылардан шыққан нәтижені талдап қорыту, түсіндіру немесе негіздеу заңдылықтарын білуді талап етеді. Оқыту мақсатының иерархиясы мәселелерін зерттеген американдық ғалым Б.С. Блум таксономиясы білімді меңгеру кезеңінде мақсат қоюдың мынадай алты деңгейлі тізбегін ұсынады: білу; түсіну; қолдану; анализ және синтез; бағалау. Оқытудың мақсаттар иерархиясына сәйкес академик В.П. Беспалько да оқушылардың білімді қабылдауының төрт деңгейлі педагогикалық кешенін ұсынып, белгілі бір шамада оқушы тәжірибесінің даму деңгейін көрсететін танымдық іс-әрекетті меңгерудің төрт деңгейін анықтағаны белгілі. PISA, TIMSS зерттеулері критерийлері мен Б.С.Блум таксономиясының білімді меңгеру деңгейлері арасындағы арақатынасты анықтауға болады (3- кесте).

Осы пайымдауларға сүйене отырып, профессор Ж.А.Қараев оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған білімді меңгеру деңгейлері мен ынталандыру, белсенділік және біліктік, білім сапалары арасындағы байланысты анықтаған (4-кесте). Ол дидактикалық матрица деп аталады. Дидактикалық матрица Б. Блумның мақсаттар таксономиясы, В.П. Беспальконың меңгеру деңгейлері (нәтижелер таксономиясы), олардың сәйкестік көрсеткіштерінен шығатын сапалар иерархиясы, ынта, белсенділік, біліктіліктер иерархияларының байланысын көрсететін, дамыта оқытудың квинтэссенциясы [12]. 30

Осы пайымдауларға сүйене отырып, Ж. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясының дидактикалық матрицасының әр деңгейінің сипаттамасына сай білімді меңгеру деңгейлерінің талаптарын тұжырымдаймыз: 1-деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтік деңгей: – жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, ережелер т.б. – алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар; – тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Жаратылыстану пәндерінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында орындалатын ұқсас тапсырмалар құру арқылы жүзеге асырылады және олар оқушының өзі қорытып шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. 2-деңгей: алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына негізделеді: – өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп, 31 тереңдете пайдалануды қажет етеді. Жаратылыстануда мұндай іс-әрекетке келтірілетін тапсырмалар: мәтінмен берілген есептер, тапсырмалар, сұрақтар, тәжірибелер т.с.с. – оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар. 3-деңгей: тапсырмалары – эвристикалық танымдық іздену түрінде орындалатын тапсырмалар: – танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұнадай жұмыс – анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс тәсілдермен есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар; – өздігімен мысалдар мен есептер, сұрақтар құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. 4-деңгей: шығармашылық деңгей: – оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген: теореманы дәлелдеу, заңдылықтарды мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару, олимпиадалық тапсырмаларды орындау, өздігінен тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау. Бұлардан басқа ең басты нәрсе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында математикалық есептер мен жаттығуларды халықаралық РІSА, TIMSS зерттеулері тапсырмалары негізінде дайындаудың маңызы зор болатыны сөзсіз. Осыған байланысты мысал ретінде бір тапсырманы ұсынып отырмыз [13]:

Тапсырма. Мазмұндық аймағы: сандар Дұрыс орындау пайызы: Қазақстан - 33,70% Егер сүтті бөлме температурасында қалдыратын болсақ (мысалы, 20o C), онда ол біраз уақыттан кейін ашып кетеді. Сонымен қатар, сүтте тығыз құрамдар пайда болады (негізінен, түйір түрінде). Дана осы тығыз құрамдардың неден тұратындығын анықтағысы келеді. Ол ақ қораптан 100 г және көгілдір қораптан 100 г. сүтті 20o C температурада ұстайды. 4 күннен кейін екі қораптағы сүт те ашып кетеді. Ол әрбір сүт сортындағы тығыз құрамдардың саны шамамен бірдей екендігін көреді. Зат Сиыр сүті (г) Қасқырдың сүті (г) Ананың сүті (г) Майлар 3,9 9,6 4,0 Ақуыздар 3,4 9,2 1,4 Көмірсутегілер 4,9 3,4 7,0 33 Сүт қораптарындағы ақпаратты пайдаланып, төмендегі пікірлердің қайсысы осы тәжірибедегі тығыз құрамдарға қатысты ең жақсы қорытынды болып табылатындығын көрсетіңіз? A Тығыз құрамдар тек қана майлардан тұрады. B Тығыз құрамдар тек қана ақуыздардан тұрады. C Тығыз құрамдар майлар мен ақуыздардан тұрады. D Тығыз құрамдардың майлардан немесе ақуыздардан тұратындығын анықтауға болмайды.

Халықаралық білім алушылардың оқу жетістіктерін зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту: – оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік береді; – оқушының адамгершілік және этикалық нормаларға қарсы келмейтін жетістікті шешім қабылдау үшін танымдық және практикалық біліктері мен дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын білім салалары аралығындағы қабілеттер болып табылады; – адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына, алғы шарт болады. Қортындылай келе, халқаралық зерттеулердің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»/Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

2.     Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы. PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал. – Астана. 2013, - 121 б.

3.     Басова Е.А. Формирование у подростков функциональной грамотности в сфере коммуникации (на материале гуманитарных предметов). диссер. -Санкт- Петербург., 2012. - 150 с.

4.     Нарикбаева Л.М., Калиева С.И. Подготовка будущего учителя к работе с одаренными детьми: Методическое пособие. – Алматы: Изд-во АГУ им. Абая, 2001г. – 45 с.

5.     Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. – Алматы, Жазушы, 2005г. – 200 с.

6.      Международное исследование TIMSS. Методическое пособие – Астана: НЦОСО, 2012г. - 75 с