Филологические науки/8.
Родной язык и литература
Филология ғылымдарының
кандидаты Қабатаева Клара Тұрсынханқызы
Қарағанды қ.,
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті
Жаңа педагогикалық технологияны жоғарғы оқу
орындарында қолданудың тиімділігі
Бүгінгі
таңда ХХI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат
ұрпаққа тәлім- тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді
оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика
тәжірбиесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып
отырғаны анық.
Тіл тағдырын
жетілдіру көп ретте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені,
өскелең ұрпақтың балғын санасына бай
тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне
ұялатуға әр пән саласында істер атқаруы тиіс.
Осыған орай
жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени
жағдайларда Қазақстандық білім беру
жүйесінің алдында тұрған білім беру салаларын
арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған
түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске
жаңа талаптар жүктейді.
Елбасы бекіткен
Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық
дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық
теңсіздікті төмендетудің саласындағы
ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және
білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып
табылады.
Қазақстан
Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім
беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген.Соның
бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың
жаңа технологиясын енгізу,халықаралық коммуникациялық
желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін,
нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа
жүйесіне көшу үшін әр оқытушы ,жеке
тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық
жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық
жаңа тәжірибеге,жаңа ақпараттық
технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және
жеке құзреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар
күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі
түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға
бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып ,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату—бүгінгі күннің басты талабы.
Мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және
бастапқы, негізгі, орт адан жоғары деңгей бойынша
базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге
асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық
тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің
түрлеріне сай оқушыны тілдік білм негізінде әдеби тілде
сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара
тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен
сабақтас жүйелі тақырыптарды коммуникативтік
тұрғыдан ұсына отырып студенттерге тілдік қатынасты
игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу
үшін оқытудың ақпааттық технологияларын
пайдаланған орынды.
Қазақ
тілі сабағында оқу ақпараттық технология
жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің
түрлері;
1 )
эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде;
-монитор
экранындағы фонына назар аудару;
-фондағы жекелкенген жаттығуларға зейін
аудару;
-нақты
жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;
-нақты
сөйлемдерді кешенді бейнелеу;
2 ) жаттығуды
танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде;
- жаттығуды абстрактілі ойлау;
- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;
3) жаттығуды
түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған
репродуктивтік әрекет ретінде;
- таңдалған жаттығу
бойынша сөйлемді түрлендіру;
- таныс жаттығу түрлерін жасау;
- берілген жаттығуды бағалау;
4 ) дағдыны
қалыптастыруға арналған практикалық әрекет;
- дағдыны таныс жағдайда
қолдану;
- таныс емес жағдайда
дағды қалыптастыру;
- Осы кезеңдер бойынша студенттердің сабағында оқу
әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмытылады.
Бұл әр студенттің дербес компьютердің оқытушының көмегімен
өзара түсінісу ортасы енді қазақ тілі сабағында
жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына
айтарлықтай септігін тигізеді және студенттің танымын, тілдуік құзреттілігін
қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары
түрлеріне көтереді.
- Компьютерлер мен интерактивті тақтаны студенттердің тілдік
құзреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту
құралы ретінде пайдалану интелектуалдық,эстетикалық
және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі,
ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық
үрдіс тиімділігін арттырады.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология
арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге,
ақпаратты көруге,есте сақтауға, қатысымдық
тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік
қатынасты игеруге мүмкіндік береді.
- Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы
өмірлік жағдайлар келтіріліп,бірігіп шешу мәселелері
ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы
барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай
тудырады
Еліміздегі
жоғарғы оқу орындары инновациялық жаңаруымен
өркендейді.
Мамандарды дайындау
мәселені шешу үшін жоғарғы оқу
орындарындағы оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу
керек. Жоғарғы оқу орындарының негізгі мәселесі
оқытушылардың құзреттілігін көтеру
аумағында жоғарғы қарқынмен
ақпараттық, коммуникациялық және интерактивті технологияларды
әмбебап білім сферасында қолдану болып табылады.
Жоғарғы
оқу орындағы оқу үрдісінде жаңа педагогикалық
технологияларды қолдану дидактикалық принциптерді
нақтылаудың және оқуды дифференциялдаудың
мүмкіндіктері ретінде студенттердің даму қабілетіне,
шығармашылық белсенділігіне жақсы әсер етіп оның
өз бетінше білім алуына көмегін тигізеді.
Педагогикалық технологияны
білім беру үрдісінде тиімді қолдану бірнеше авторлардың
іздену жұмыстарында қарастырылған: Г.К. Селевко,
В.И.Андреева, В.П.Беспалько, В.И.Боголюбова, М.В.Питюкова, В.А. Сластенина
және т.б. Оқу үрдісінде жаңа технология жаңа
білім беру парадигмасының көмекші құралы болып
табылады.
Технология
ұғымының жалпы түсіндірмесі ол- адамның
қоршаған ортаның жаңаруында материалдық немесе
рухани байлықты өндіру мақсатында қолдануы,
ғылыми және практикалық қорытындыланған
әрекеттер жүйесі. В.П. Беспалько әрбір әрекетті
технология немесе шеберлік деп атап өтеді. Шеберлік ғылымдағы
технологияны игеруге негізделген. Жаңадан бәрі пайда болу
үшін өнермен басталып технологиямен аяқталады.Педагогикалық
қызметте жоспарлаусыз еш нәрсе болмайды.Педагогикалық ғылымда
және практикада педогогикалық технологияның
анықтамасына байланысты әртүрлі пікірлер айтылған. Г.К.
Селевко педагогикалық технологияны студент пен оқытушыға арналған қолайлы
жағдайға оқу үрдісінің ұйымдастырылуымен
және басқарылуымен педагогикалық қызмет бөліміндегі
модельдердің пайда болуын сипаттайды. В.П. Беспалько педогогикалық
технологияны білім беру мақсатында олқыту мен тәрбиелеу
үрдісінің әдістері мен құралдардың теориялық
өндірілуіне негізделген жиынның ұғымы деп біледі.
Студенттерді
кәсіптік тұрғыдан дайындауда педагогикалық
технологиялардың төмендегі түрлерін қарастырайық.
Әрбір оқылатын курста,
практикада қолданылатын жаңа педагогикалық технологияларда
әдістемелік жинақ ретінде төмеендегі
құралдар болуы
қажет:
- оқытушыға дәріс және семинар сабақтарын
өткізуге арналған компьютерлік бейне жүйелер.
-студенттердің
шығармашылығын дамытуға арналған сызбалар мен блоктардан тұратын «
скрин-шоп» арнайы таратылатын материалдар
- үйренуге арналған программалық жабдықтар мен
интерактивті техникалық құралдар
- Шет елдерде әртүрлі
аймақтарда жетістіктерге жету үшін студенттердің
жұмысының жинағы ретінде портфолио болып табылады. Портфолио
технологиясы дәстүрлі түрдегі бақылау және
бағалауды толықтыратын әдістемелік құрал.
Бұл технология студенттердің шығармашылық
жұмысында және оқуда үлкен жетістікке жетуіне көмегін тигізеді.Портфолио
бағалаудың жаңа бір түрі болып қоймай, сонымен
қатар ол әр түрлі педогогикалық мәселелерді
шешуге көмегін тигізеді: студенттердің жоғары оқу
мотивациясын ұстап тұрады; олардың өз бетінше
жұмыс істеуі мен белсенділігін ынталандырады; өз бетінщше оқу
мен білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді; болашақ
мамандардың рефлексивті ізденістерін дамытады.
Портфолионы талдауда
үш типіне көңіл аудару керек:
1. «Кәсіптік- әдістемелік портфелі»
мыналардан тұрады: сабаққа арналған
ақпараттық материал, ойын және қызықты
материалдар (ойындар, викториналар,кроссвордтар);дидактикалық материал (сабақ
жоспарлары, тапсырмалар жүйесі); сабақтан тыс жұмысқа
арналған материалдар (мейрамдар
мен кештердің жоспарлары).
«Кәсіптік-
әдістемелік портфелі» педагогикалық
практикада және студенттің болашақтағы кәсібіне
қажет болады.
2. «Робот
портфолиосы» - бұл партфолиода студенттердің әр түрлі
шығармашылық,жобалық,іздену жұмыстарына
қатысқан материалдары болады:
конференцияғы,конкеурсқа,қосымша курстар және
т.б. Студенттер жұмыстарын мәтін түрінде, электронды
түрде, суреттер және бейне материал түрінде жинайды.
Бұл портфолионы жинақтай келе студенттер шығармашылық
жұмыста жан-жақты ізденімпаз болады.
3. «Пікірлер портфолиосы» әр түрлі
жасаған жұмыстарының қорытындысы бойынша жазбаша
талдаулардан тұрады. Оның ішінде пікірлер, резюме, эссе,
алғыс хаттар және т.б. болады. Бұл портфолио
студенттердің өзін-өзі бағалауына көмекші
құрал болады.
Сонымен портфолио
технологиясына сүйеніп студенттердің өзінің
мамандығына деген қызығушылығы,ақпараттық
кеңістіктен хабардар болуы,сыни тұрғыдан ойлауы артады.
Білім беру
жүйесінің дамуы жағдайында жалпы білім беретін оқу
орындарындағы басқаруда инновациялық технологияларды
қолдану - бұл заман талабы.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде
оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық
жағдайын туғызу, оның әдістемелік базалық
қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Кәсіби даярлықтың сапасын және пәрменділігін арттыру
мәселесін оқу үрдісіне оқытудың жаңа
технологияларын тереңдете ендіру жолымен шеше алатындығымыз
сөзсіз. Педагогикалық
технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру
және оны өткізудің формасымен анықталады.
Педагогикалық өзіндік ерекшелігі -
қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік
беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны
жүзеге асыру. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына
қойылып отырған міндеттердің бірі- оқытудың
әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
қазіргі заманғы инновациялық технологияларды меңгеру.
Осы міндетті жүзеге асыруда Астана қаласындағы
гуманитарлық колледждің педагогикалық құрамы
жоғары білімді оқытушылар,жоғары және бірінші санатты
оқытушылар саны 70% пайызды құрайды,оқытушылар
инновациялық технологияларды қолдануда алты
шығармашылық топқа бөлінген.
Шығармашылық
топтар:





Білім
берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
жобасының мақсаты да
білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, білім беруге
айтарлықтай және тұрақты инвестиция тарту, оның
сапасын жақсарту және еуропалық деңгейге
көтеру болып табылады.
Кез
келген елдің даму деңгейі әлемдік жаңа технологияларды
қолдану деңгейімен өлшенеді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды
ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-
коммуникативтік технологияны қолдану саласы бойынша негізгі
міндеттердің біріне айналды.
Жоғары
білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік
қолдауды күшейту және педагог
қызметкерлердіғң еңбегін ынталандыру жұмыстары
педагог мәртебесін арттыра
түседі. Педагогтар құзретінде
ақпараттық-коммуникативтік технологияны қалыптастыру,
біліктілігін арттыру және даярлау сапасын қамтамасыз ету
олардың кәсіби шеберлігін шыңдай түсетіні анық.
Инновациялық
технологияның қай-қайсысын болса да жан-жақты
меңгермейінше сауатты,білгір маман болу мүмкін емес.
Жаңа
педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық,кәсіптік,рухани
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Просвещение, 1989.
2 .
Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе анализ зарубежного
опыта.-М: Педагогика, 1989.
3. Селевко
Г.К. Современные образовательные технологии М,: Педагогика, 1980.
4 .
Мейірманқұлова .А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Мәтін:
оқу құралы. ҚР Білім және ғылым министрлігі
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынады. –Астана:Фолиант,2010.-870б.
5.
Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
халқына жолдауы.-Астана 2008.
6.
Қазақ тілі мен әдебиеті
орыс мектебінде 12 басылым,2009 жыл.
7.
Қазақ тілі мен әдебиеті
орыс мектебінде 2 басылым,2007
жыл.
8.
Н.Қ. Мухамадиева, Н.Ә. Үстемір « Қазақ тілін
оқыту әдістемесі », Алматы,2002.
9. Иманқұлова С.М. Тілді
меңгертуді жетілдіру жолдары С.М. Иманқұлова Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ хабаршы Филология сериясы-Вестник КАЗНУ им.
Аль-Фараби Серия филологическая, 2014. с.174-54.
10
. Жаңа педагогикалық технология тренингі . Мәтін: оқу
–әдістемелік құрал.Бұзаубақова К.Ж.-А:
Жазушы,2005.-54 ст.