ӘОЖ:94(48).02
Қазақстанның
жұмысшы табы мен индустриялдық
даму тарихына жаңа
көзқарас
п.ғ.к., профессор
Б.У. Курбаналиев,
А. Байтұрсынов
атындағы №1 жалпы орта мектеп КММ-нің директоры Г.А. Шеримкулова
Резюме
Суверенное,
независимое государство Республики Казахстан в качестве основных социально -
экономических и политических реформ, проводимых сегодня будет достигнута за
счет развития цивилизованного рыночного хозяйства.
Summary
The
sovereign, independent state of Republic of Kazakhstan as basic is social - the
economic and political reforms conducted today will be attained due to
development of the civilized market economy.
Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет
ретінде күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси
қайта құруларды жүзеге асырып, бүгінгі
таңда өркениетті дамуға нарықтық экономика
арқылы жетуді көздеп отыр. Осы орайда еліміздің өткен
тарихына көз жеткізу, жинаған тәжірибеден сабақ
алудың маңызы зор. Әсіресе республикамыздың
индустриалдық дамуы мен жұмысшы табының қалыптасуына
баса назар аударған абзал.
Көтеріп отырған мәселенің тарихнамасы өткен
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының орта шенінен бастау алады. Осы
тұста жалпы елді социалистік жолмен индустрияландырудағы
республикалардың орны мен маңызы, Қазақстанда
көлік шаруашылығын, өнеркәсіпті дамыту мәселесі
күн тәртібіне қойылған-ды. Сол кезеңде
Қазақстанды социалистік жолмен индустрияландыру және
ұлттық жұмысшы табын қалыптастыру
мәселелерінің төңірегінде қым-қиғаш
айтыс-тартыстар өршігенді. Барша пікірлердің ішінен, әсіресе,
екеуі, «ұлы державалық шовинистер» мен «ұлтшыл-уклонистер» көзқарасы
айқындалып, ерекше көзге түседі. Қазақстан
өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощекин
бастаған ұлы державалық шовинистер күрделі
өнеркәсіпті дамыту, жұмысшы табын өсіру
Қазақстан үшін «ақылға сыймайды», «артта
қалған көшпелі халық» индустрияландыру
қарқынына төтеп бере алмайды, «өнеркәсіпті
қазақыландыру қымбатқа түседі» , өйткені
«қазақ бәрібір жұмыс істемей, далаға
қашатын болады» деп тұжырымдайды. Голощекин индустрияландыруды
барынша тежеп, оны тек «шикізат көзіне» айналдыруды қоштайды.
Сондықтан ол республикада «өндірістік алып құрылыстар
салуда емес, жергілікті ұсақ және орташа өндірістік
дамытуға тырысады. Ал көрнекті мемлекет қайраткері
«ұлтшыл-уклонист» С.Сәдуақасов өндіріс орны шикізат
көзіне жақын болуы керектігін индустрияландыруды өлкенің
жергілікті ерекшелігін ескере отырып жүргізу қажеттігін
дәлелдейді. Ол көп салалы экономиканы, қазақтарды
өндіріске кеңінен тартуды, республиканың экономикалық
тәуелсіздігін, сондай-ақ өндірістің барлық
түрін дамытуды жақтайды. Өз кезінде С.Сәдуақасов
ұлтшылдығы үшін айыпталған еді. Бірақ тарих
тағлымы бүгінгі таңда С.Сәдуақасовтың
алысты болжай білгендігін расқа шығарып отыр.
Сол тарихи кезеңдегі
еңбектердің ішінен, әсіресе, П.М.
Алампиевтің еңбегі ерекшеледі. Ол индустрияландыру
кезіндегі «ұлы державалық шовинистер мен жергілікті
ұлтшылдар» аралығындағы идеялық күресті
өзінше таразылайды. Индустрияландыру науқанын
жүргізудің тәсілі мен қарқыны туралы
идеялық тартысты партиялық тар шеңберде
қарастырғанымен, П. М Алампиев республикадағы
индустрияландыу кезеңін шындыққа сәйкес
көрсетеді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық
көрген еңбектердің ішінде Т. Жұмабаев пен Ш.
Шафироның еңбегі мен А.Т. Лучковтың
«Қазақстандағы халық шаруашылығының
мамандары туралы» атты мақаласында ғана республикамыздағы
жұмысшы табы, әсіресе, ұлттық мамандардың
қалыптасуы арнайы зерттелген. Бұл еңбектер
қоғамдағы идеялогиялық талаптарға сай
жазылғанымен, жұмысшы табының саны, кәсіби
деңгейі, мамандығының құрамы туралы аса
құнды деректер келтіруімен көңіл аударады.
Мәселенің екінші кезеңінің тарихнамасы өткен
ғасырдағы 30-жылдарының аяқ шені мен 50-ші жылдарының соңына
дейін жалғасады. Ол кезде ғылыми зерттеу ісінің аясы
кеңейіп, индустрияландыру тарихы бойынша негізгі еңбектер
бұрынғы шектеушілер мен қағидалардан айырыла
бастағанды. Архив құжаттары мен статистикалық
материалдар ғылыми айналымға еніп, кеңінен пайдаланыла
түсті. Бірақ әлі де ғылыми іріктеу, талдау, нақты
материалдарды мәнін ұғыну ғылыми талапқа сай емес
еді. Бұл кездің ғылымдары «КСРО-ны индустрияландыру» мен
«республиканы индустрияландыру» деген екі алшақ ұғымды
алмастыра беретін, біріншісінің мағынасы қолма-қол
екіншісіне ауыстырылды. Бүкіл елге қатысты жағдай ешбір
түсіндірмесіз жеке республикаға қатысты деп есептеледі.
Бұрынғы барлық ұлттық аймақтарда ауыр
индустрияны жедел әрі жан-жақты дамыту мақсаты
қойылғандай етіп көрсету дағдыға айналды.
Индустрияландырудың маңызды құбылыстарының
бірі болып табылатын экономикалық теңсіздікті жою 50-жылдардан
бастап қолға алынды. Осы жерде П.М. Алампиевтің еңбегін
айрықша атау орынды. Автор өндірісті социалистік жолмен
реттеудегі шындықты айтып, ең бірінші рет
кеңестік Шығыс республикаларын индустрияландыру мерзімін
кезең-кезеңге бөліп зерттейді және
республикалардағы негізгі өндірістік аудандардың
сипаттамасын береді.
Индустрияландыру әр аймақта дамуы, іргелі
кәсіпорындардың тарихы, өндірістің жекелеген салалары
мен көлік шаруашылығын С. Бәйішев, Г.Ф.
Дахшлейгер, А.Хавин және тағы басқалар зерттеген.
Қазақстан ғалымдары бірінші кезекте көбінесе
республиканы индустрияландырудың дамуын зерттейді, ал
республикадағы жұмысшы табының өсуі туралы
индустрияландыру мәселесіне қоса жол-жөнекей атап
өтумен ғана тынады. Бұл жылдар жұмысшы
кадрларының тарихын шын мәнінде тереңірек зерттеу
енді ғана қолға алынып еді. Оған А.А. Байшиннің,
А.Р. Ахметовтың А.С. Рахимовтың жұмысшы табы туралы
жарық көрген еңбектері дәлел. Мәселені
зерттеудің ХХ ғасырдың 60-жылдарынан басталатын үшінші
кезеңінде айтарлықтай табыстарға қол жете бастады,
индустриялық дамудың тарихы мен жұмысшы табы туралы тереңдете зерттеген
алғашқы еңбек А. Нүсіпбектің монографиясы.
Бұл еңбек кеңес үкіметтің алғашқы
жылдарынан бастап екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі
аралықта республика жұмысшы табының қалыптасуы мен
дамуын ғылыми негізде жан-жақты зерттеу болды.
Республика өндірісінің жекелеген салалары мен кейбір
экономикалық аудандарда ауыр өнеркәсіптің дамуына
қатысты еңбектер бұл тақырыпты жергілікті материалдар
негізінде толық ашып көрсетуге тырысады. Жұмысшы мамандар мен
индустрияландыру тарихының кейінгі жиырма жылдық кезеңі М.Х.
Асылбеков, С.Нұрмұхамедов, Н.Пан монографияларында
қарастырылды. Осы кезеңде жұмысшылардың
мәдени-техникалық деңгейін көтеру жөнінде
жеткілікті дәрежеде жазылды. Бұл ретте Б.Н. Әбішованы
ерекше атап көрсетуге болады. Сол тұстағы еңбектерде
жұмысшы табын даярлау, жұмысшылар арасындағы социалистік
жарыс, жұмысшылардың қоғамдық-саяси белсенділігі
туралы мәселелерге де көп көңіл бөлінді.
Кеңестік дәуірде жұмысшы табының тарихын
зерттеудің нақтылы қорытындысы 1987-1988 жылдары
«Кеңестік Қазақстанның жұмысшы табы
тарихының» екі томы жарық көруі болды.
Халық шаруашылығының бүгінгі күнгі негізгі
мазмұны бұрынғы өндіріс потенциалын экстенсивті
түрде үдететін индустрияландыруды енді өндірісті интенсивті
өсуге ауыстырумен, оны ғылыми-техникалық прогресс негізінде
реконструкциялау және қайта құрумен анықталу
тиіс. Тек осындай жағдайда ғана Қазақстан нақтылы
тәуелсіздік пен толық егемендікке жете алады. Елімізде болса,
70-жылдардан бастап ғылыми-техникалық прогрестің дамуы
тежеліп қалды. Бұл қолданылып жүрген технологиялар мен
техникалар үлгілерінің экономикалық және
экологиялық жағынан тиімсіздігінен көрінді. Оларды жасау
(құру) мен игерудің орташа ұзақтығы
моральдық тозу мерзіміне жақындады, яғни жаңа деген
өнімнің өзі бәсекеге түсе алмады. Қазақстан
экономикасының ғылыми-техникалық прогресс
жаңалықтарын қабылдамауының астарын тоталитарлық
жүйе тұсында қалыптасқан қайшылықтан іздеу
керек. Кеңестік дәуірде мекемелер мен тұтас шаруашылық
өндірістің техникалық деңгейін көтеруге ынталы
болмады олардың үстінен жоспарлар, көлемді
көрсеткіштер төніп тұрды. Қорлық
бөлініс кез-келген техникалық-экономикалық дәрежедегі
өнімді өткізуді қамтамасыз етті. Өкінішке орай,
ғылыми-техникалық прогрестің Қазақстанда
жұмысшы табының дамуына әсері туралы ғылыми
зерттеу жұмыстары әлі күнге жүргізілмей келуде.
Өнеркәсіптің дамуы мен ғылыми-техникалық прогрес
жетістіктерінің өндіріске енгізу проблемалары өзара
тығыз байланысты. Алайда бұл проблемалар жұмысшы
табының өмір деңгейі мен сапасы өзі
қоршаған орта жағдайы мен байланысты екендігіне ал
оның базисінің, тұрғындарының әлеуметтік
аман-саулығының негізі екендігіне қарамай,
Қазақстанның жұмысшы табы мен индустриялды дамуы
тарихында бұл мәселелер орын алмады. Отандық тарих
ғылымында осы уақытқа шейін жұмысшылардың даму
қарқынын асыра көрсетушілік байқалып келуде. Бұл
процеске зор үмітпен қарау зерттеушілердің көбін 60-жылдардан
бастап жұмысшы табы дамуының айқындаушы бағыты
оның сапа жағынан жетілуі болуы деген ойдан
шығарылған қорытындыға әкелді. Мұндай
қорытынды «кемелденген социализм» атанған
дәуірдегі басты нұсқауға сайма-сай келеді.
Дегенмен осы жерде 1990-жылдан бастап отандық тарих
ғылымында мәселеге обьективті баға беру бағытында
алғашқы қадамдар жасала бастағанын да айта кеткен
жөн. Мұндай еңбектер қатарына С.Б. Нұрмұхамедовтың
академик А. Қошановтың редакторлығымен жарық
көрген еңбектерді жатқызуға болады. Бірақ
ғылыми-техникалық прогрестің жұмысшылардың
әлеуметтік дамуына тигізген ықпалы,
жұмыссыздықтың өріс алуы мен күрес,
өнертапқыштық жетістіктердің өндіріске енгізілуі
және өндіріспен байланысы, оның жүзеге асырылуы,
табиғат қорын пайдалану және экология мәселесі
жөніндегі арнайы зерттеулер жариаланған жоқ. Бұл мәселелердің барлығы өз зерттеушісін
күтуде.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Яркое В.Н.
Риддерское месторождение. 1934; Обленский и Березкий (без иниц.)
Прибалхашстрой. М. — А.-А.,
2.
Енукидзе Д.Е. Социалистическая
индустрия Казахстана. А., 1941; Турксиб. Сб. статей, 1940; Тимофеев Н., Брайнин
С. Казахская краевая организация ВКП (б) в борьбе за социалистическую
индустриализацию страны и советизацию аула (1926-1929 жж.); Коммунистическая
партия (большевиков) Казахстана в борьбе за завершение строительства
социалистического общества и проведение в жизнь новой Конституции // Большевик
Казахстана. 1938; №12, 6; Двадцатилетие КазССР. А.-А., 1940; 20 лет Казахской
ССР (1920-1940), А.-А., 1940; Казахская ССР (Политико-экономический очерк),
А.-А., 1940
3.
Кийкбаев Н.К. История социалистической индустриализации
Казахстана в годы первой сталинской пятилетки. А.-А., 1940; Баишев С. Б.
Социалистическая индустриа-лизация Казахстана. А.-А., 1949; Краткий очерк
истории КП(б) Казахстана. Проект. Труды. А.-А., 1949
4.
Алампиев П.М. Ликвидация экономического неравенства народов
Советского Востока и социалистическое размещение промышленности (исторический
опыт Казахской ССР). М„ 1958
5. Асылбеков
М.Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917 — 1970
жж.) А.-А., 1973; Романов Ю.И. Осуществление ленинских идей электрификации в
Казахстане. А.-А., 1977; Абишева Б.И. Рост культурно-технического уровня
рабочих угольной промышленности (1946—1963 жж.). А.-А., 1965;