Қолғанатова
Ағила,
Абай
атындағы ҚазҰПУ
Филология
институты
Жалпы
тіл білімі кафедрасының
2 курс магистранты
ДИАЛЕКТІГЕ
ҚАТЫСТЫ ПІКІР ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ
Тіл білімінде диалект сөздерге қатысты екіұдай пікір
қалыптасқан: оның бірінде диалект сөздер тілді тіл
тазалығына зиянын тигізетін шұбарлаушы элементтер ретінде
бағаланып жатса, кейде диалект әдеби тілді толықтыруға
мүмкіндігі бар сөздер
екендігі айтылып, тіпті олардың халық тілінің өткен
тарихынан мол хабар бере алатын құнды дерек көздер екендігін
де жоққа шығарылмай жатады. Осыдан келіп, диалект сөздердің көркем шығарма тілінде қолданысы жайында да
түрлі пікір қайшылықтары орын алып отырғаны белгілі.
Оның сырын пайымдау үшін біз алдымен жалпы тіл біліміндегі
«диалект» ұғымына назар аударып көрейік.
Кеңестік дәуірге дейін
зерттеушілердің тәжірибесінде «диалект» ұғымы
жақын туыстас, бірін-бірі қиындықпен болса да
түсінісуге аздаған болса да мүмкіндіктері бар бір үлкен
тілдің «наречиелері» ұғымымен астастырғаны белгілі.
Бүгінде біз орыс ғалымдырының
қай-қайсысы да өз зерттеулерінде қазіргі жеке-жеке тіл
болып кеткен түркі тілдерінің бәрін де бір ғана
түркі тілінің наречиелері ретінде қарастырғанын
жақсы білеміз. Славян тіліне қатысты да украин, орыс, белорус
тілдерін көне орыс тілдерінің наречиелері ретінде
қарағаны белгілі. Мысалы, 1914 жылы орыс тілінің
диалектілерге бөлінуін көрсететін диалектологиялық картада
осылай көрсетілген [1, 32].
Бүгінде Біріккен Ұлттар ұйымынан орын алып отырған ірі
деген тілдердің дені аздаған болса да түсінісу
мүмкіндігін сақтай отырып, бір тілдің түрлі
диалектілері ретінде бірлігін жоғалтпай отырғаны қайран
қалдырады.
Диалект ұғымын терең
түсіну үшін солардың біразына тоқтала кетейік. Мысалы,
Қытай тілінің диалектілері бұл халықтың
үлкен бір құндылығына айналып отыр. Өзара
түсінісу қиындығы жойылмай отырғанына қарамастан,
қытай халқы өз тілдерінің диалектілік ерекшеліктерін
саналы түрде қытай мәдениетінің бір көрінісі
ретінде қабылдауға көндіккен. Әдетте қытай
тілінің ірі деген 7 диалектісі айтылады. Олар:
·
гань
диалектісі,
·
хакка
диалектісі,
·
мин
диалектісі,
·
у
диалектісі,
·
сян
диалектісі,
·
юэ
диалектісі,
·
солтүстік
диалектілері.
Бұл
диалектілердің өзі өз ішінен бірнеше поддиалектілерге
бөлініп жатады. Аталған ірі диалектілерден басқа әр
провинцияның толып жатқан өз диалектілері тағы бар,
мысалы, сычуань диалектісі, хэнань
диалектісі т.б. Аталған
диалектілерде сөйлеуші қытайлар бірін-бірі оңайлықпен
түсінбейтін көрінеді. Алайда осы барлық диалектілер
үшін ортақ жазу бар. Шамамен, осыдан бір ғасыр бұрын
қытайлықтар бірін-бірі түсінетін бір тіл, не диалект керек
екенін түсінді. Сонымен, қытайлықтар Пекин диалектісіне
негізделген «путунхуа» атты тілге
1955 жылы мемлекеттік тұрғыдан әдеби тіл статусын берді.
Содан бері қытайлықтар осы «путунхуа» тілінде түсініседі, осы
тілде теледидар, радио хабарлары таратылады, жоғары оқу
орындарында, мектептерде сабақтар осы тілде жүргізіледі.
Басқа диалектіде сөйлеушілерге түсінікті болу үшін
теледидарда «путунхуа» тілінде
иероглифпен жүгірме жазулар беріліп отырады. Мұның өзі
путунхуа тілін ауызша түсіне алмағандарға, ироглифпен
оқу арқылы түсінуге мүмкіндік беріп отыр.
Осындай ірі тілдің бірі – Италия тілі. Бұл
тілдің де диалектілік айырмашылықтары өте айқын.
Елдің жекелеген аймақтарында қалыптасқан диалектілерде
сөйлеушілер өзара еркін түсінісу мүмкіндігінен
айрылған. Қазіргі
күнде Италияның 20 облысына тән 20-дан астам диалектілер
белгілі.
XVIII-XIX ғасырларда тоскан диалектісінің негізінде италия
әдеби тілі ретінде
қалыптасты. Соған қарамастан Италия тілінің
диалектілері әлі де сақталып отыр. Олардың ең ірілері
италияның солтүстік тұрғындары қолданатын галло-роман диалектісі де,
оңтүстік Италия тұрғындары қолданатын итало-роман диалектілері. Сонымен
қатар итальян әдеби тілінің де бірнеше жергілікті
түрлері бар.
Испан тіліне
де қатысты осы жағдайды айтуымызға болады. Бұл тіл
әлемнің 21 елінде қолданылатынын, жарты миллионнан астам
адам осы тілді өзінің ана тілі деп есептейтінін ескерсек, атаулы тілдің
диалектілері де қаншалықты күрделі екенін аңғара
түсуімізге болады. Латын америкасының әр еліндегі испан
тілінде сөйлеушілер әр түрлі диалектілерге
шоғырланған.
Мысалы,
Мексикандықтар мен аргантиналықтар, кубалықтар мен
Перуандықтар, гваталемалецтіктер мен чилиліктер бір-бірін мүлде
түсінбейді. Ал, Испанияның өзінде бір-бірін түсіне
алмайтын диалектілер бар:
·
кастиль,
·
каталан,
·
галисий,
·
астурий диалектілері.
Олардың әрқайсысы өз аймағы
үшін ресми түрде еркін қолданылатын тіл ретінде
қабылданған. Соған қарамастан, испан тілінде
түсінісу үшін ортақ әдеби тіл ретінде 40 миллионнан
астам адам қолданылатын кастиль тілі әдеби тілдің негізі
ретінде бекітілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. История русской
диалектологии, М.: изд. АН СССР, 1961.
2. Э.В. Севортян.
Об ошибках казахских языковедов.// Вопросы языкознания, 1953, №2.
4. Қ.Жұбанов.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.А., 2010.
5. Ғ.Мұсабаев
Қазақ тіл білімінің мәселелері А., 2014.
6. М.Балақаев.
Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.