Тарихи суреттерге арналған суретші Ж.Қайрамбаевтың шығармалары

Ұлан Даубай

Т.Жургенов ат.ҚҰӨ академиясының оқытушысы

Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени даму тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазаөстан  әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз,ең алдымен,азамат қазыналарына баса назар аудару,погресші халық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының моральдық байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындату» деп атап көрсетті. Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі-халықтық өнерді сақтап қалу. Дәл осы еліміз егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізген тұста сақталған өнерді кескіндемеші  Жұмақын Қайрамбаев өзінің кереметтей тарихи тұлғаларымен қайта жаңғыртты. Жұмақын Қайрамбаев шыңармашылығының алғашқы сатысында портрет жаныры орын алды. Суретшінің қылқаламынан туындаған алғашқы портреттер топтамасы қазақ халқының белді де беделді тұлғаларын сомдауға  бағытталды. Ол еркіндік жолында күрескен соңғы хандардың бірі «Кенесары ханның» (1991), ел тыныштығын күн демей,түн демей қорыған батыр бабамыз «Райымбектің» (1991), қазақтың ұлы ақыны «Абайдың» (1992), қазақ хандығының бірлігін паш еткен  «Абылай ханның» (1994) және т.б. портреттік образдарын жасады. Бұл тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттың алғашқы  жылдарында жазылған кереметтей  тарихи тұлғалар елдің рухы мен жанын көтеруге маңызды роль атқарды. Ж.Қайрамбаевтың көрнекті туындыларының бірі плакаттық негізде салынған «Абылай ханның» портреті. Аталмыш жұмысын көгілдір түсті тік форматта үйлестіре отырып сомдаған. Сол өткен заманның ақ сүйек хандарына тән ақ түсті айыр қалпақ кигізіп кеудеге дейін бейнелеген. Бұл плакаттық негізінде салынған портретте ел басшысының түлғасынан батылдықты, сенімділікті сонымен қатар еліне деген үлкен үмітті көре аламыз. Сондай-ақ ханның қатулы қабағынан, маңдайындағы әжімінен, бет пішінінен, келістіре отырып өойған сақалымен қияқтай мұртынан және қатқыл тартқан суық өңінен қаталдық сезімін аңғартамыз. Хан мойындағы алтын алқа  мен бас киім маңдайшасындағы көк түсті көзі бар  алтыннан жасалған  маңдайлығы бір-бірімен өзара үйлесімін тапқан. Оның қатқыл  тартқан суық өңі фонның көгілдір туспен бейнеленген табиғатта аныкталып жарыкпен  көлеңкенің ойнауында мәнерленеды.

Жұмакын Қайрамбаев жумысы еліміздың тәуелсіздікке қол жеткізген уакытының алғашқы жылдары салынып, еліміздің рухы мен жанын көтеруде маңызды ролъ ойнады. Бұдан өзге Жумакын Қайрамбаевтың шыгармашылығында Абылай ханның портреттік  образын сомдауға негізделген тағ да бірнеше ізденістегі туындылары бар. Олар «Ат устіндегі адам» (2001) «Абылай хан портреті» (2003). Сол сияқты тарихи тұлғаларға  арналған  суретшінің  шығармаларынын бірі: «Райымбек батыр» портреті, Тік форматта жасыл мен сары түс аясында үйлескен Райымбек батырдың портретін шебер 1991 жылы сомдап шықты. Батырдың бет сүйектері барынша анық бейнеленген. Шытулы қабағы мен ойланақараған мұңлы жанары арқылы халқының жай күйі мен тыныштығының толғаныс сезімін көрсеткен. Батыр бабамыздың маңдайы мен екі қабағының арасындағы қатқыл әжімдер де талай халықтың тағдыры, сонау халықтың арман-мұраты және өткен қиыншылықтары жатқан сыңайлы. Көкше жерінде билік жүргізген, алғашында орта жүздің ханы, одан соң бүкіл қазақ халқының соңғы ханы сайланған Кенесары Ж.Қайрамбаевтың тұлғалық портреттерінен орын алды. Суық түсте шешім тапқан жұмыстың алдыңғы фонында кешқұрым уақытта қолына найза ұстап, дулыға-сауытын киінген хан образынан батырлық пен ел тыныштығын көксеген лепті сеземіз. Кенесары хан бейнесі ел сақшысы, ел қорғаушысы, ел біріктіруші ретінде көрінеді. Ж.Қайрамбаев хан өмір сүрген заманның жаугершілігін, ат үстіндегі тіршілігін бейнелеуі арқылы портретті батальдық жанрдың мазмұнымен біріктіреді. Қайрамбаев порттертер қорынан қазақтың керегесін нығайтып, уығын көтерген тұлғалардан басқа қазақ ақындарының ішіндегі кемеңгерлігінің бірі, ұзақ ғұмыр жасаған алып тұлға «Жамбыл» бейнесін салды. 1996 жылы жазылған бұл портрет арқылы өткен күннің көрініс тізбегі көз алдымызға елестейді. Ақынның ақшыл түстегі бет-әлпеті, қияқтай ғана қастары, ағарған сақал-мұрты үйлестіре отырып орналастырылған. Сондай-ақ, бір нүктеге тесіле қараған ойлы да мұңлы көздерінен бір үміттің нышаны байқалады. Бұл үміт бәлкім қасыретті қан майданның тоқтауы болар, мүмкін сол соғысқа аттанған ұлының амандығы болар. Өзіне жарасымды етіп қойылған келбетті ақынның аппақ сақалы талай жылдар тоғысынан өткен сыңайлы. Кең иықты қарияға бөрігі жарасымды етіп кигізілген. Бұл күнде, қылқалам шебері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, профессор Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер академиясында шәкірттер тәрбиелеуде.