Мусаева А.Я., Шалқар Ж.Ш.

М.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ СУБЬЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтарына сәйкес жұмысқа жарамды жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары, азаматтық алмаған тұлғалар, шетелдік ұйымдар кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы. ҚР Конституциясына сәйкес әрбір кәсіпкер өз қабілеті мен білімін заңмен тыйым салынбаған мүмкін кәсіпкерлік іс-әрекеттерде толық пайдалануына құқықтары бар. Бұл конституциялық қағида алғашқы рет еліміздің негізгі заңында бекітіліп, экономикалық еркіндіктің және азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен шұғылдануының кепілдігі бола алады. Сонымен, жасы он сегізге толған жеке тұлға бекітілген заңға байланысты жеке өзі немесе заңды тұлға арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Азаматтық заңдылыққа сәйкес кейбір азаматтарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат берілмеуі мүмкін. Заңды тұлға ұйымдастырылмаған жағдайда тәртіп бойынша жеке азамат кәсіпкерлік іспен шұғылдану үшін жеке кәсіпкердің куәлігін алуға міндетті. ҚР МК сәйкес заңды тұлға дегеніміз - өз жеке меншігінде мүлкі бар, өз атынан мүлік басқа да, міндеттері мен хұқы бар сот алдында, жауапты ұйымдар. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай мемлекеттік реестрде тіркелгеннен бастап, өзінің статусына (атағына) ие. Кәсіпкерлердің хұқына байланысты жеке және ұжымдық кәсіпкерлер (кәсіпкерлік ұйымдар)болады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары бар: заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады; кез келген ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады; кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады; мүлік саны мен көлемі шектелмеген. Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі, сонымен бірге өз ісін жоспарлап, бизнес – жоспар дайындауға да құқылы; өз бетімен тұтынушыларды таңдауға, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға, заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға; өз бетімен жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі қосымша ақыларды белгілеуге құқылы, тек қана бұл жағдайлар құжаттарда көрсетілуі тиіс; жалдаған жұмысшыларға қосымша демалыс беруге; еңбек заңына сәйкес жұмысшыларды келісім шарт арқылы жалдауға, жұмысқа алуға; белгіленген тәртіпке сай сыртқы экономикалық, сыртқы сауда қызметімен айналысуға, кез келгенбанктен өз есеп шотын ашуға; ҚР билік ұйымдары қабылдаған заңдарға сай қаржылық – несиелік, мүліктік – материалдық, басқа да мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға; өнім өндіруге, қызмет көрсету, басқа да жұмыстар орындау үшін мемлекеттен тапсырыс алуға, зейнеткерлік, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыруға, өз құқықтарын қорғауға. Жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлер сияқты жоғарыда айтылғандармен бірге, басқа да құқықтары бар: өздері сенім білдірген серіктермен бірге толық серіктестікке қатыса алады; белгіленген тәртіпке сай арбитражды басқарушы (ішкі, сыртқы, конкурс бойынша) бола алады; бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады; аудиторлық қызметпен шұғылдана алады. Кәсіпкерлердің міндеті: белгіленген уақытта салық органына, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды тіркелу; бекітілген заңдылықтарға байланысты белгіленген мөлшерде және уақытында салық төлеу; салық органына табыс туралы декларацияны және басқа да мәліметтерді мезгілінде тапсырып отыру; белгілі заңдылықтар мен нормативті актілерге байланысты бухгалтерлік есеп – қисап жүргізіп отыру және қаржылық – шаруашылық есеп дайындау және оның төрт жыл бойы сақтауын қамтамасыз ету; бухгалтерлік есепте салық органдарының тексеруімен анықталған төмендетіп төленген немесе жасырылған салықтар бойынша түзетулер енгізу; салық туралы заңдар бұзылған жағдайда салық органының талаптарын бұлжытпай орындау; ҚР Салық кодексіне сәйкес басқа да салықтық міндеттемелерді орындау; Заңдарға скес лицензия алғанда тек қана орындалуы мүмкін істерге рұқсат алу; өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтер белгіленген стандарттарға сай сертификатталған болуы керек; өндіріс және іс-әрекеттер қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне, тұтынушыларға ешқандай зиян келтірмеуі тиіс; қажетті санитарлық – гигиеналық, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі жағдайлары сақталуы тиіс; кәсіби жұмысшылармен немесе ұйымдармен келісімшарт жасап, оны белгіленген уақытында орныдау; тарау нарығында жасанды монополияға, бәсекелестікке жол бермеу, нарықта үстемдігін көрсетпеу, бәсекелестікті шектейтін келісімдер жасамау; монополиялық баға белгілеу, мемлекет тарапынан баға реттеу заңдылықтарын сақтау; белгіленген тәртіп бойынша шығындар мен табысьарды есептеп отыру; келісімдер мен кәсіпкерлік келісім шарттарды заңдылықтарға сәйкес жүргізу; өз тауарларына ғана тән қасиеттерін жарнамалау; әдептілікке жатпайтын, жалған, өтірік, жасырын жарнамаларға жол бермеу; қаржылық – шаруашылық қызметі туралы мемлекеттік огандарға белгіленген мерзімде және толық статистикалық есеп беріп отыру. Табысты, алдағы қатарлы кәсіпкер болу үшін қандай қасиеттер болуы қажет деген сұраққа бірден ешкім де жауап бермейді. Бірақ, табысты кәсіпкерлердің даму тарихы арқылы белгілі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, табысты, өркендеуші кәсіпкерлердің мынандай қасиеттері болуы тиіс: өз ісін адал жүргізуі, білімді болуы, мақсаткер, ынталы болуы, басшылық ісіне икемді болу, басқалардың пікірін сыйлау, үнемі оқып, өзін әруақытта жетілдіру, тәуекел етуге дайын болу, сыртқы орталық кедергілерін жеңе білу, көздеген мақсатына жету жолында табанды болу, жоғары жауапкершілік, еңбекқор болу, қажетті әріптестерді өзіне тарта білу, ақыл – ойының коммерциялық қаржылық қорының болуы, заңды түрде өзіне қажеттіні ала білу. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады. Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді. Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:

1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан әрекет етеді, келісім дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін.Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы көзделеді.Жай серіктестік нысанын пайдаланатын дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады.Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады.Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.Дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру кезінде іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.Кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілік құқығының субъектілері болып табылады. Олар қоғам мен мемлекет азаматтарының материалдық, рухани және өзге де қажеттерін қанағаттандыру мақсатында экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері жоқ және басшылық жасамайды.Кәсіпорындар — бұл дербес шаруашылық жүргізуші субъект, олар өнімдер шығару үшін құрылады, шаруашылық-коммерциялық қызметті және пайда табуды жүзеге асырады. Мекемелер — пайда таппай әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси, ғылыми қызметтер атқарады. Олар өндірістік емес сипаттағы әлеуметтік құндылықтар жасайды, бұлар — біліммәдениетспорт және басқа мекемелер. Кәсіпорындары мен мекемелер меншігіне қарай мемлекеттік және жекеменшік болып бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпорындарының мақсаты — мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қоғам мүдделерін қорғауды материалдық жағынан қамтамасыз ету; экономиканың жекеменшік секторы қамтымайтын не жеткіліксіз қамтитын қоғамдық өндіріс салаларында күнделікті аса қажет тауарлар (жұмысқызмет) шығару болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындардың мекемелері мемлекеттік органдар қарамағына жатады, өйткені мұндай кәсіпорындар мемлекет меншігі болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындар барлық кәсіпорындары үшін белгіленген әкімшілік-құкықтық тәртіп шегінде әрекет етеді. Ұйымдардың басқару органы әкімшілік болып табылады. Әкімшілік — меншік нысаны және шаруашылық жүргізу түріне қарамастан кәсіпорындары мен мекемелердің жұмысына жедел басшылық жасау міндеті жүктелген орган. Әкімшіліктің өкілеттігі кәсіпорындары мен мекемелердің өз ішінде жүреді. Әкімшілікті жеке билік жүргізуші басшы басқарады (директорректор). Әкімшілік әрі кәсіпорынның, әрі мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Басшыны тағайындау мемлекеттің деңгейіндегі іс, ал мемлекеттік емес құрылымдардың басшыларын тағайындау — бұл құрылтайшылардың немесе олар өкілдік берген органдардың деңгейіндегі іс. Кәсіпорындарының, мекемелердің жарғылары, сондай-ақ оны құру туралы шешім немесе құрылтайшылар шарты, құрылтайшы құжаттар болып табылады.            кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу, нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін іскерлік топ, кәсіпкерлік қауымдастық және одақтарды шоғырландыру, халық ұжымымен бірлесіп жұмыс атқару;кәсіпкерлік саласында маңызды мемлекеттік проблемаларды шешу үшін ұсынымдарды әзірлеу ;Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.Қорытындылай келе, жоғарыдағы ұсыныстарды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметтің субьектілерін дамыту мәселелерін қолға ел болып алатын болсақ, біздің кәсіпкерлік қызмет жанданауы мүмкіндігі мол болар еді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қ.Р. Азаматтық кодексі 2010ж

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.

 4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңы

5. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қ.Р. Заңы

6. Мемлекеттiк кәсiпорын туралы Қ.Р.1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңы

7. Өндiрiстiк кооператив туралы Қ.Р.1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы

8. И.ВДвойников  «Предпринимательское право» Алматы 1995г

9. М.К. Сулейменов «Право и предпринимательство в РК» Алматы 1994г